
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Хі модуль
О Д А Ғ А Й
Жалпы сипаттама
Одағай - сөз таптары категориясының бірі. Одағай сөз табына жататын сөздер адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін және де адамның көңіл-күйіне байланысты айтылатын ишараттар мен төрт түлік малға, үй хайуанаттарына арнайы шақыра айтылатын сөздер тобы. Қазақ тіліндегі одағай категориясы – басқа сөз таптарымен салыстырғанда, фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтарымен ерекшеленіп көрінетін, сонымен бірге әуезділікке, арнайы ырғаққа, эмоциялы құбылысқа, интонацияға бай сөз табы. Одағай сөздердің көркем әдебиетте ойды әсерлі жеткізу жағынан мәні зор. Одағай сөздер тілге көркемдік сипат беретін, көркем шығармада көп қолданатын сөздер. Мысалы: - Ойбай-ау, онда саудагер сұмды біржола туралатып кетесің ғой!.. (Ғ.Мүс.); –Япырай, қаншалық қайран қаларлық сергектік, сезгіштік бар. Михайловта» (М.Ә.). Ал, публицистика мен ғылыми зерттеулерде одағай сөздерді қолдану сирек кездеседі.
Одағай тобына жататын сөздердің мағына жағынан заттың өзі, сыны, саны, қимылы не қимылдың жай-күйі туралы ұғымдардың бірін де білдірмейтін, басқа ешбір сөз табына ұқсамайтын сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшенің қызметін атқармайтын, сөйлемдегі басқа мүшелермен синтаксистік қатынасқа тікелей түспейтін, не шылау сөздер сияқты сөйлемдегі басқа мағыналы сөздермен селбесіп, оларды өзара байланыстырып тұратын дәнекерлік қызметі жоқ, семантикалық, морфологиялық белгілері мен синтаксистік қызметі жағынан өзіне тән ерекшелігі мол сөз табы екендігі тіл білімінде толық дәлелденген.
Одағай туралы мәліметтер революцияға дейін шыққан еңбектерде кездеседі. Ондағы мәліметтер одағайды сөз табы деп тануда авторлар пікірі әр түрлі болғанын көрсетеді.Кей авторлар оны «частицаға» қосып, морфология қарамағында қарастырса, кейбірі синтаксис ішінде берген. Әрі одағай сөздің мағынасы толық классификацияға түспеген, авторлар негізінен одағайдың көңіл-күй түріне ғана тоқталған. Атап айтқанда, Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия», А. Архангельскийдің «Грамматика народно –татарского языка», П.М. Мелионарскийдің «Краткая грамматика казахского языка» атты грамматикаларында одағай сөздер бірінде жеке сөз табы ретінде аталса, бірінде басқа сөз таптарымен бірге аралас берілген.
Түрік тілдерінде одағайды жеке сөз табы ретінде беру және оның мағыналық топтарын көрсету А.Н Кононов пен Н.А.Баскаковтың грамматикаларынан бастау алған, дегенмен бұл авторлардың одағайды мағыналық топтарға бөлуінде шатастырушылық бары көрінеді. Кононов А.Н. одағайды еңбегінде жеке сөз табы деп дұрыс көрсеткенмен, оның мағыналық түрлерінің қатарына «звукоподражательные слова» түрін қосып атаған. Бұдан автордың өзбек тіліндегі одағай мен еліктеу сөздердің мағыналары арасындағы ара жікті ажырата алмағаны байқалады. Н.А.Баскаков та одағайларды еліктеу сөздерден бөлек қарамайды. Оны атауыш сөздердің қатарына қоса отырып, оның «междоиметия, выражающие чувства, эмоции, настроения, ощущени» и пр.; «междометия, выражающие призывы»; междометия, выражающие недовольство» деген түрлері барын көрсетеді (48.).
Одағай сөздің табиғаты туралы нақты ғылыми пікір айтқан қазақ тіл білімі әлеміндегі феномен атанған Құдайберген Жұбанов. Адамның сезімін білдіретін одағай сөзде заттың өзін, ісін, сынын айыра атайтын мән жоқ, ол тұтас күйде тұрып, кейде бір сөзді немесе бір сөйлемді білдіруі мүмкін, «бір нәрсені жақсы істеген екенсің» десек те, «жаман істеген екенсің» десек те бәрекелде! деуге болады. Оның қай мағынада айтылғандығын сөйлемдегі тұрған орнына қарап және дауыс ырғағына қарап айырамыз. Өйткені одағай жіктелмеген сөз табы. Одағай сезім үшін айтылмайды, оны әлдекім қуанған боп айтып, ішінен жылап тұруы мүмкін. Одағай әрі зат атауына, әрі іс-қимыл атауына жақын сараланбаған сөз. Әй! Мә! одағайларының кімге айтылғандығы, кімді шақыратыны белгісіз. Қап, әттеген-ай дегендер нағыз одағай, «ә, деген-айдан» қалыптасқан. «тт» екі дыбыс емес, айтуға оңай болу үшін созылған бір «т» дыбысы. «Мә саған» дегенді одағай ретінде айтқанда «мәссаған» деп бір «с» ны бөліп екі буынға жіберу де осы созам дегендік екенін нақты мысалдар арқылы дәлелдейді. Ғалым одағайлардың хабарлаушы сөздер, құрылысы жағынан жеке сөз, атқаратын қызметі жағынан сөйлем, не сөйлемдер жинағы, бұлар таптасқан сөзді (атауыш сөзді) сөйлемдерде одағайланып тұратынын айта келе, оларды мағынасына қарай «шаруашылық одағайлары, қатынас одағайлары, көңіл одағайлары» деп үш түрге бөліп, әр мағыналық түрдің қалыптасу тарихына, ерекшелігіне, жасалу жолына талдау жасайды (17. 91-101).
1959 жылы жарық көрген орыс тілінің энциклопедиясында одағайға берілген түсінікте одағай ішкі сезімді, адамның экспрессивтік жан-күйін білдіргенмен, бірақ оны атамайтыны, баяндамайтыны, оның басқа сөз таптары сияқты түрлену қасиетінің жоқтығы, негізінен өзгеріске ұшырамайтын сөздердің класы (сөз табы) ретінде беріліп, ол мағыналы сөздерге де, көмекші сөздерге де жатқызылмаған (36. 40.).
Қазақ тіл білімінде тіліміздегі одағай сөздерді жан-жақты зерттеген ғалым Ш Ш. Сарыбаев. Ш. Сарыбаевтың орыс тілінде жазған кандидаттық диссертациясының бірінші тарауы одағайдың тіл білімінде жеке сөз табы ретінде танылуының тарихына арналған. Екінші тарауда одағайға жалпы сипаттама беріліп, үшінші тарауда оған классификация жасалған. Төртінші тарауда бір мағыналы одағайлар мен көп мағыналы одағайлар талданып, бесінші тарауда одағайлардың интонациясы мен дыбыстық құрамы қарастырылып, соңғы алтыншы тарауда одағайдың грамматикалық ерекшелігі сөз етіледі. Кейіннен бұл зерттеу қазақ тілінде жеке монография (30.) болып шықты. Бұрынғы оқулықтарда еліктеу сөзбен аралас беріліп ара жігі ашылмай жүрген одағай сөздер кейінгі шыққан мектеп оқулықтары мен ғылыми грамматикаларға енгізілгенде, оның анықтама - ережелері нақтыланып, мағыналары, түрлері, ерекшеліктері дұрыс көрсетіліп берілді (31. 248; 7.357; 21. 564.).
Адамдар арасында сөйлеу құралы ретінде жұмсалатын тілге сөйлесу, түсінісу үшін керек атауыш сөздер сияқты, бір нәрсенің дәлдігін, өткірлігін, әсерін білдіруде өте-мөте қажет одағай сөздері де тілдің қалыптасу, даму жолдарынан өтіп, бүгінгі қолданылу дәрежесіне жеткен, тілдің өз материалынан жасалған сөздер. Одағайлар басқа сөз таптары сияқты әр түрлі жолмен қалыптасқан. Мәселен, әуел бастағы «иә, пірім-ай, ау, пірім-ай, ой, пірім-ай» деген бөлшектерден көнілдің түрлі жайына, райына, күйінің әуеніне орай дыбыстарының түрленуінен, соңғы қосымшалар мен сөз басындағы қаратпалар түбірмен тұтасып кетуінен «япырмай, апырмай, апырмой, ойпырмой» секілді одағайлар жасалып, осы кірігу барысында әр одағайдың айтылу әуеніне қарай соңғы дауысты дыбыстары бірде «а», бірде «о» болып түрленген. Тіліміздегі «ойбай» мен «ойбой» одағайларының қалыптасуы да солай. Көңіл-күй одағайларының бірқатары арап, парсы тілдерінен енген сөздер: Мысалы, ой-пір-ім-ай (ой, ай – қазақтың шақыру одағайы, пір – ұстаз, ійе - парсы; м (ім: пір-ім) – тәуелдеу қосымшасы (17. 97-99.).
Одағай мағынасында жұмсалатын сөздер тұлға жағынан әр түрлі. Оның құрамындағы сөздер негізінен мына сияқты түлғадағы сөздер болып келеді: Ойбай! Япырмай! әттең! тәйт! Тек! жә! сап-сап! ырит соқ! шәуім-шәуім! шек-шек! шөре-шөре! құру-құру! Хош! Хайыр! Рахмет! Ассаламағалайкум! Алла! Дариға! Айналайын-ай! Опырым-ай! Шіркін-ай! Ойбай-ау! Бәрекелді-ай! Па деген! Я деген! Тәйірі деген! Жағың қарысқыр! Айналып кетейін! Садағаң кетейін! Топалаң келгір! т.б. Одағайға жататын сөздердің құрамында бір фонемадан тұратын сөз де болады. Одағай сөз ретінде қазақ тілінде а, ә, е, о, ы дауыстылары жиі қолданылады, әрі олар семантикасы жағынан мағынаға бай келеді.
Тілде тұтас ойға қатысты адамның әр түрлі сезімдерін білдіретін одағайлар құрылысы жағынан жеке сөз болғанымен, жалпы ойға қатысты мағына жағынан бір тұтас сөйлемге де ұқсайды. Мысалы, «қап» одағай сөзінің «опыну» мағынасы - «байқамай қалған екем!», «ишша» одағайының жиіркену, тітіркену мәні - «ишша, күннің суығын ай!» сөйлемінде айтылатын оймен тең. «Алақай, бәрекелде» сөздерінің мағынасы да хабарлау жағынан сөйлем сияқты.
Одағайлардың адамның көңіл-күйі, сезімімен байланысты эмоциональдық мағынада жұмсалатын заттық ұғымдар мен түсініктердің аттары емес, адамның ішкі дүниесі арқылы берілетін ишараттарды білдіруі және өзі жарыса қатысқан сөздермен грамматикалық байланысқа түспеуі, белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмауы, басқа атауыш сөздер сияқты түрленетін грамматикалық формасының жоқтығы оны сөйлемде басқа сөздерден оқшауландырып ерекшелендіріп тұрады, сондықтан ол оқшау сөздерге жатады және басқа сөздерге қарағанда интонацияға бай келеді.