
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
Гөрі септеулігі зат есіммен, есімдікпен және -қан (-ған) -кен (-ген) формалы есімшелермен тіркесіп таңдау, талғау мәнінде жұмсалады. Мысалы, Желі бойындағы жылқылардың биелерінен гөрі жарау семіз, саяқ аттары көп (М.Әуезов). Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты (Бұл да).
Бері септеулігі есімдіктерге, -қан (-ған, -кен, -ген) формалы өткен шақ есімшеге тіркесіп, мезгілдің басталу шегін білдіреді. Мысалы, Аңнан Абай қайтып келгеннен бері Баймағамбет қалаға үш рет барып қоржын толтыра кітап апарып, толтыра ала қайтып, Абайдың ендігі ой-азығын жиі-жиі ауыстырумен жүр (М.Әуезов). Түннен бері, дәл таң атып, ел тұрғанша тыныш таппаған (Сонда).
Кейін, соң септеуліктер зат есімдерге, есімдіктерге, қимыл атауына және есімшеге тіркесіп, мезгілдік мағынаны білдіргенде бір істің не нәрсенің орындалу шегінен соңғы жағдайды нақтылайды. Мысалы, Осыдан кейін тағы үш күндей Салиқа дауының, Керей-Найман ылаңының тынымсыз тергеуі өтті (М.Әуезов). Алты күннен соң, осы Құнанбай ауылдары көшкен жолмен тағы бір мол көштер келе жатты (Сонда).
Соң септеулігі кейде мезгілдік мағынадан басқа реттік, яғни, бір нәрседен немесе біреуден кейін деген мағына да береді. Мысалы, Жаңағы шешелерден басқа: жеңгелер, көрші үйлердің қатындары, бірен-саран тыста жүрген шал-кемпір, онан соң ауылдың барлық үйлерінен шығып, жүгірісіп келе жатқан балалар бар (М.Әуезов).
Бұрын септеулік шылауы зат есімдермен, тұйық етістіктермен тіркесіп, іс-әрекеттің істелген мезгілін басқа бір іс-қимылдың алдында болғандығын білдіреді. Мысалы, Ол Абайдан бұрын үйленіп, сол жылы енші алып, бөлініп шыққан (М.Әуезов). Оған кетуден бұрын, әуелі өзімде бармен сенде барды ортаға шығарып, үлеске салып кетемін (Бұл да).
Бетер септеулік шылауы іс-әрекеттің бұрын істелген іс-әрекеттен неғұрлым күшті болғанын білдіреді. Мысалы, менен бетер, одан бетер.
Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
Көмектес септікті меңгеретін септеуліктерге қатар, бірге септеуліктері жатады. Бұл септеуліктер іс-әрекетті бірнеше субъектінің бірігіп жасағанын білдіру үшін қолданылады. Мысалы, Сол жаймен қатар Мырзахандар айтып келген ерлік ертегісі де бұл өңірдің жас баласына дейін түгел жетті (М.Әуезов). Ол тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі жора тапқан емес (Абай).
Ііі блок Демеуліктер
Демеуліктер – шылаулардың құрамына енетін көмекші сөз таптары. Өздері тіркескен сөздерге әр алуан грамматикалық мағына қосатын сөздерді демеулік шылаулар деп атаймыз. Демеуліктер – грамматикаланудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, тек көмекші қызметке көшкен сөздер.
Ғалым Ы.Шақаман демеуліктердің морфологиялық ерекшелігінің бірі ретінде олардың сөзге жалпылама тіркесе беретін қасиетін айта келіп, оларды үш топқа бөледі: «1) еліктеуіш, одағай сөздерден басқа барлық сөз табына тіркесетін демеулік шылаулар: да/де, ма/ме, ғана/қана, қой/ғой, -ақ, -ды/-ді, -тын/-тін және одағайға да тіркесетін демеуліктер: -ай, -ау; 2) есім сөздер таптарына, есімдерше түрленетін етістіктерге тіркесетін демеулік шылаулар: екеш, түгіл, тұрсын, тұрмақ; 3) жіктелеген етістікке ғана тіркесетін демеулік шылау: -мыс/-міс» [59, 17]. Демеулік шылаулардың мағыналары тек сөйлемде, контексте көрінеді. Мысалы, Қой асығы демеңдер, қолына жақсы сақа қой, жасы кіші демеңдер, ақылы асса аға ғой (Қазақтың би-шешендері). Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгінгі де тағдыры (Б.Момышұлы). Берілген мысалдардағы қой, ғой шылаулары нақтылау, тұжырымдау мәндерін білдірсе, ғана демеулігі шектеу мәнін білдіру мақсатында қолданылған. Демеулік шылаулардың білдіретін мағыналары алуан түрлі. Олардың тілдік жүйедегі қалыптасқан негізгі мағыналары мынадай:
1. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ай, -ау, да/де, та/те;
2. Сұраулық демеуліктер: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше;
3. Нақтылау демеуліктері: ды/ді, ты/ті, тын/тін, қой/ғой;
4. Шектеу демеуліктері: ғана/қана, тек;
5. Болжалдық демеуліктері: мыс/міс;
6. Қомсыну демеулігі: екеш;
7. Салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын, тұрмақ;
1. Күшейткіш демеуліктердің қатарына -ақ, -ай, -ау, да/де, та/те шылаулары жатады. Бұл топтағы демеуліктер сөйлемде айтылған ойға күшейту реңін қосу үшін қолданылады. Да/де, та/те демеуліктері күшейткіш мәндерін үнемі сақтайды. Мысалы, Қызметін істесе де қарайласқысы келмегені ғой! (М.Әуезов). Көше сондай қараңғы да емес қой (Н.Ғабдуллин). Сөйлемдерде демеуліктер етістікпен, сын есіммен келіп, оларға күшейту мәнін үстеген. Бұл демеуліктер жалғаулық, септеуліктермен тіркесе береді және өзінің күшейту мағынасынан айырылмайды. Мәселен, Егер де маған сенбесеңіздер ояздың өзінен сұраңыздар (Ә.Әбішов).
-ақ демеулік шылауы өзі тіркескен сөздерге күшейткіш реңін қосады. Мысалы, Амантай өз ойын Қайырға әлдеқашан-ақ айтып қойған ғой (Ғ.Мүсірепов). Қаланың адамдарын қысылтпайын-ақ дейсің, бірақ амал жоқ (Б.Нұржекеев). Ахмет Қуанұлының семьясы үлкен еді, бірақ ол нан-тұзын ұсынып, қонақжайлық білдіру парызын адал-ақ атқарды (Е.Брусиловский). Мұнда -ақ демеулігі есімдік, етістік және сын есіммен тіркесіп күшейткіш мәнін беріп тұр.
-ау демеулігі көбінесе сөйлемге эмоциялық реңк береді. Мысалы, Көп күн жүріп жеттік-ау (Ш.Жиенқұлова). -Айтыңыздаршы, Жұртым-ау, Құрманбек тірі ме?- дедім үнім дірілдеп (Ш.Жиенқұлова).
-ай демеулік шылауы толық мағыналық сөздерге тіркескенде оның күшейткіш мәні басымырақ болады. Ал -ай шылауы зат есімнен болған сөздерге тіркескенде ол сөздерге ой екпінін түсіріп ерекшелеп тұрады. Мысалы, Қайран ер көңілді аналар-ай!-дедім менде ішімнен (Ш.Жиенқұлова). Жарықтық-ай, бұл күнді де жұрттың көретін күні бар екен-ау (Б.Майлин). Мұнда әрі таңдану, әрі таңырқау мәні бар.
2. Сұраулық демеуліктері ма/ме, ба/бе, па/пе қандай сөз табымен келгеніне, қандай тұлғада тұрғанына қарамастан үнемі сұрау мәнінде жұмсалады. Олар үнемі баяндауышпен қатар жүреді. Мысалы, Құлын тайға өтпей ме? Тай құнанға жетпей ме? Құнан ат боп құлдырап, Қырдан асып кетпей ме? (Д.Әлімжанов). «Гәккудің» авторы Ыбырай ма, Құлмағамбет пе, әлде Иса ма? (Е.Брусиловский). Сағынып, аңсап барғанда, сағына күткен жан бар ма? (М.Мақатаев).
Ше демеулігі зат есім, етістік, үстеу сөздерге тіркесіп, ойды толықтыру үшін қайталай сұрау мақсатында сөйлемнің соңында қолданылады. Мысалы, Ей, әлгі Мәскеуде Мұқаңның бізді ұялтатыны ше?...(Ш.Жиенқұлова).
3. Нақтылау демеуліктері -ды/ді, -ты/ті өткен шақтағы сөздерді нақтылайды. Мәселен, Осының алдында Құрманбек екеуіміздің басымызға күн туып жас шаңырақтың уықтарын солқылдатқандай ауыр жағдай өткен-ді (Ш.Жиенқұлова).
-Тын/тін демеулігі -ды/ді демеулігімен мағыналас өткен уақыттағы ойды нақтылау мағынасын береді. Мысалы, Болымсыз нәрседен шатақ шығаратын жайсыздау кісі-тін (Б.Нұржекеев). Үрия мінезге бай әйел еді, тек жалғыз ғана осал жері - ерке-тін (Е.Брусиловский).
4. Шектеу демеуліктері ғана/қана үнемі шектеу мағынасын үстейді. Мысалы, Кімде-кім өзін билеп, ілім мен өнер үйренген жағдайда ғана баянды бақытқа қолы жетеді (У.Кайкавус). Халық тәжірибесі тек бізге ғана емес, біздің келер ұрпақтарымыз үшін де қымбат қасиет (Б.Момышұлы). Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады (М.Әуезов). Ғана/қана демеуліктері тек демеулігімен қатар айтылып, сөздерге күшейту, шектеу мағынасын қосады. Мәселен, Тек қана оқуменен өнер білмек (С.Торайғыров).
5. Болжалдық демеуліктері -мыс/міс өзі тіркескен сөзге тек болжалдық мағына жамайды. Ол көбінесе етістіктермен тіркесіп, болжалдық мәнді береді. Мысалы, Ойратқа сонау дүрбіт, торғауыт, төлеуіт тайпалары жатады-мыс (Ә.Кекілбаев).
6. Қомсыну демеулігіне тек қана екеш демеулігі жатады. Екеш демеулігі үнемі қомсыну мәнінде жұмсалады. Мысалы, Жан рахатын құс екеш құс та біледі (Ш.Мұртаза).
7. Салыстыру демеуліктеріне жататын түгел, тұрсын, тұрмақ демеуліктері сөз таптарына қалай бірдей тіркессе, сөзге үстейтін мағыналары да сондай ұқсас. Мысалы, Мұны естігенде, Күләштің қалтырағаны былай тұрсын, зәрем зәр түбіне жеткендей жүректен жүрек қалмады (Ш.Жиенқұлова).
СООЖ
1. Шылаулардың қалыптасу және зерттелу тарихы
2. Жалғаулықтар қызметінде жұмсалатын басқа сөздер
3. Демеуліктердің қалыптасқан тілдік жүйедегі мағыналары
СӨЖ
1. Шылаулардың лексика-грамматикалық сипаты
2. Септеулік шылаулардың қолданылу аясы
3. Аналитикалық форма жасаушы бірлік ретіндегі септеуліктердің қызметі
4. Демеулік шылаулардың морфологиялық өзгешеліктері мен синтаксистік ерекшеліктері
5. Демеулік шылаулардың жұмсалымдағы (қолданыстағы) мағыналары
1-тапсырма. а) Мәтіннен шылауларды тауып, оларды түрлеріне қарай ажыратыңыздар; ә) Мәтіндегі шылау сөздердің басқа сөздерден айырмасын түсіндіріңіздер.
1. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? 2. Біріңе-бірің қонақ екенсің, дүниеге де қонақ екенсің біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық көз алартыспақ лайық па? 3. Тілеуді құдайдан тілеймін, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? 4. Ұлттық сезім дегеніміз адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін білдіруі ғой. 5. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның тек сол ұлт өкіліне тартқан ерекше сыйы ғана. 6. Ұлттық сезім тек қана ұлттық эстетика, әдеп, парасаттылық және күнделікті өмірдегі талғам мен сезімнің жиынтығы-көркем шығармалар арқылы арқылы көрініс береді ғой.
2-тапсырма. Септеулік шылаулардың сол тұлғалас үстеулерден айырмасын дәлелдейтін мысалдарды өз беттеріңізбен көркем шығармадан теріп жазыңыз (7-8 сөйлем), оларды салыстырып түсіндіріңіздер.
3-тапсырма. Шылауларды омоним қосымшалармен салыстырып, айырмасын түсіндіріңіздер. Сөйлеммен мысалдар жазыңыздар.