Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)

  1. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері.

  2. Еліктеу сөздердің дыбыстық және морфемдік құрамы.

3. Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарымен тіркесу қабілеті.

4. Еліктеу сөздердің айтылу ырғағы.

Студенттің өздік жұмысы (сөж)

1. Еліктеу сөздерге библиография жасау.

2. Бір жазушының шығармасынан жиналған еліктеу сөздерге

фонетика- морфологиялық және семантикалық талдау жасау.

3. Синтетикалық тәсілмен жасалған еліктеу сөздерді сөздіктерден жинап,

классификация жасау.

Тапсырма.

Мәтіндерден еліктеу сөздерді тауып, мағынасына, құрамына және синтаксистік қызметіне қарай талдаңыздар.

1-жұмыс. Мәтінді оқып шығып, еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерді бөлек-бөлек баған етіп топтап жазып шығыңыздар.

Ыр етіп дауысы шыққан арлан тұрған орныны қайта құлады. Үшеуінен басқа бейнебір төртінші жан иесі бар сияқты қара кемпір де жан-жағына алақ-жүлақ етіп, қарай берді. Дереу үстіндегі қара тонын шешіп артқа қарай лақтырған қара кемпір аз уақытта тонының дырт-дырт етіп айрылғанын естіді. Қос құлағы тарс бітіп көзінің алды тұманданып кеткен. Алға қарай ентіге басып біраз жер жүрген кезде қара кемпірдің құлағына Шәмілдің ақырғы мәрте шыр етіп шырқыраған дауысы шалынды ...

Кенеттен қарқылдап күліп жіберген қызына қара кемпір жалт қарады.

Бұл кезде аттың дүбірінен жалт етіп басын көтерген қаншық Зуыл екі аттының өзіне қарай шауып келе жатқанын көрді. Гүрс етіп атылған қос мылтықтың үні тып-тыныш тұрған кең даланы жаңғырта естілді. Денесі селк ете түскен Жаныс алдында бойы ұзарып кеткен өлі денені көрді (Д.Бейс.).

2-жұмыс. Еліктеу сөздерге морфемдік және дыбыстық құрамы жағынан талдау жасаңыз.

Сүттей ұйыған от басымыз осылайша аяқ астынан дай-дай болып бүлінді. Есік ашылғанда Бошай селк ете қалды.

Жанарына жалт қарап едім, ол шірене ширатыла қалыпты(«Қ.Ә.»).

Папа, неге аспан сонша гүрсілдеп жатыр?- деп сұрайды. Абай ең алдымен селт етіп, Әйгерімге қарап ес жия бергенде, өзі де күліп жіберді. Күлген демі де дірілдеп шығады.(М.Ә.).

Тар бөлменің іші бұрқ етіп, шаң-тозаңға толып кетті. (Б.Т.).Маңы ығы-жығы адам (Б.Т.). Ол әуелі сылқ-сылқ күлді.(Ә.О.). Тайынша тайғанақтап барып, тыраң ете түсті.(Б.Т.). Таңдайын тақ-тақ еткізеді.(Б.Т.). Сырт-сырт соғады, уақыт озады (Сағат); Көк көйлекті жеңешем көлбең-көлбең етеді, жер түбіне жетеді (Түтін).

3-жұмыс. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметін анықтаңыз.

Үзеңгіге аяғы тиер-тиместен лып етіп өзі де ат үстіне қона кетті (М.М.). Ол жүрісін кілт доғарып, жалт қарады (Р.С.). Алыстан тарс-тарс атылған мылтық даусы естілді (Қ.Қ.). Ауыл оттары жылт-жылт етеді (Ж.М.). Түйелер маң-маң басып, өріске өрді (Ә. Нұрп.). Үйдегілер тегіс есік жаққа қарап, елең ете қалысты (Б.Т.). Шегебай да қанын ішіне тартып, қалш-қалш етеді (Б.Т.). Жүрегім зу ете түсті, суық тер бұрқ етті. Ол әуелі сылқ-сылқ күлді (Ә.О.)

10-модуль

Шылаулар

Шылауларды»

зерттелу

тарихы

Шылауларды»

жалпы

сипаттамасы,

ò¾ðëåði

1-áëîê

2-áëîê

3-áëîê

Æàë¹àóëûºòàð

Септеулiктер

Демеулiктер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]