
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
Еліктеу сөздер синтаксистік қызметi жағынан қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, оның сөйлем ішінде қолданылу орнына және олардың өзге сөздермен өзара тiркесіне байланысты болады. Еліктеу сөздер көп жағдайда зат есім сөздің алдында атау тұлғада тұрып, қандай? қай? сұрағына жауап беріп, анықталушы сөздің анықтауышы сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы, Шаңқ-шұңқ айқай естілді. Қандай айқай естілді? - Шаңқ-шұңқ. Бұл - бастауышты анықтап тұрған сөз, анықтауыш мүше. - Не естілді? – Айқай. Зат есімнен болған бастауыш. Еліктеу сөз атау тұлғада зат есім сөздің орнына қолданылғанда сөйлемнің бастауыш мүшесі де бола алады. Мысалы, Төңіректі шаңқ-шұнқ басты. –Не басты? –Шаңқ-шұңқ. Мұнда еліктеу сөз заттық ұғымдағы сөздің орнына жүріп, сөйлемнің бастауышы болып тұр. Етістіктен болған баяндауыштың алдында тұрып, сөйлемнің пысықтауышы қызметін де атқара алады. Мысалы, Үй іші де ду күліпті. - Не істеді? – Күлді. –Қалай күлді? – Ду. Күлу қимылының қалай болғаны «ду» еліктеу сөзі арқылы білініп тұр.
Сөйлемде еліктеу сөздер көбіне жеке қолданылмайды, негізінен басқа сөздермен тіркесіп, күрделі сөздің құрамында келеді. Көбіне «ет» етістігімен тіркесте келіп күрделі сөйлем мүшенің қызметін атқарады. Мұндайда аналитикалық формадағы етістік сөйлемнің күрделі баяндауышы болады. Мысалы, «тарс ете қалды, арс-арс етіп, арс етті, жарқ ете қалды, жарқ-жұрқ ете қалды»-деген тіркестерде, «арс, тарс, жарқ» еліктеу сөздері атау тұлғада «ет» етістігімен тіркесіп келіп жаңа туынды сөз - күрделі етістіктің бір түрі – құранды етістіктер жасап, олардың бірі - көсемше формада, екіншісі –шақтық формада, үшінші-төртінші – аналитикалық формаларда түрленіп тұр. Мұнда грамматикалық формаларға түсіп тұрған еліктеу сөз емес, еліктеу сөзге «ет» етістігінің тіркесі арқылы жасалынған құранды етістіктің грамматикалық формаларға түрленуі, етістіктің грамматикалық категориясында жұмсалуы. Еліктеу сөздердің кейбіреуі «бер, қақ» сияқты етістіктермен тіркесіп келіп, құранды етістік тұлғасын жасайтындары бар. Мысалы, «лап берді, шап берді, сылаң қақты, бүрсең қақты» деген құранды етістік құрамында қолдану кездеседі. Профессор А.Ысқақовтың еліктеу сөздерді «жеке-дара қолданылмайтын формалар», «түрленбейтін сөздер» (63. 366.) – деп атауы, осы ерекшелігіне байланысты болса керек. Еліктеу сөздер сөйлемде басқа сөздермен ішкі тіркес құрып, күрделі мүшенің құрамында айтылады, бірен-саран жағдайда болмаса еліктеу сөздер көбіне етістіктермен тіркеседі. Көмекші етістікпен тіркес келгенде грамматикалық формалар еліктеу сөзге емес, көмекші етістікке жалғанады.
Еліктеуіш сөздерде заттану процесі жиі кездеседі. Мұндай жағдайда олар зат есімдерше түрленеді. Мысалы. Осы абыр-сабыр, даң-дұңын тыста тұрып есітті. Мұнда «даң-дұң» еліктеу сөзіне әуелі «-ы» тәуелдік, онан соң «-н» септік жалғаулары жалғанып келіп несін? деген зат есімнің тәуелдеулі септік формасының сұрағына жауап беріп тұрған заттанған сөз. Еліктеу сөздерге әдетте жалғаулар бірден тікелей жалғанбайды, тек заттанған жағдайда ғана зат есімнің категориялық көрсеткіштері жалғанып сөйлемде бастауыш, толықтауыш мүшелерінің қызметін атқарады.
Еліктеу сөздер толық мәнді етістіктермен де көмекші мәнді етістіктермен де тіркесіп келеді. Осы тіркесу сипатына қарай олардың синтаксистік қызметі де әр түрлі болады. Еліктеуіш сөз әр уақытта етістік алдында тұрады. Еліктеуіш сөздер негізгі мағыналы етістіктермен тіркесіп оның алдында келгенде, әрдайым күрделі пысықтауыштың қызметін атқарады. «Ет» көмекші етістігімен тіркесіп қолданылғанда, күрделі баяндауыш не күрделі пысықтауыш болдады.
Еліктеу сөздер сөйлемде зат есім сөздің орнына жүріп заттанып қолданылғанда, оларға зат есімнің көптік, септік, тәуелдік категорияларының формаларына түрленеді.
Елiктеу сөздердiң жалаң түрi мен күрделi (қосарланған) түрiнiң қай-қайсысы болса да, көбiне «ет» етiстiгiмен еркін тіркеседі. Кейде толық мағыналы дербес етiстiктердiң iшiнен тек өздерiнiң мағыналарына орайластарымен ғана тiркес құрайды. Еліктеу сөздер барлық сөз таптарымен тіркесе бермейді. Сөз таптарының кейбір сөздерімен некен-саяқ тiркескенімен, сын есiм, үстеу, шылау сияқты сөз таптарымен мүлде тiркеске түспейді.
Елiктеу сөздер атау тұлғада зат есiмдерден бұрын тұрса, анықтауыш (шаң-шұң дауыс естілді), шығыс септігі формасында (шаң-шұңнан бас қатты) келсе, толықтауыш, етiстiкпен тiркескенде сын-қимыл пысықтауыш (маң басты, жалт қарады) болады. Ал, «ет» көмекшi етiстiгiмен тiркесетiн елiктеу сөздер құранды мүшенiң құрамына енедi де, тұтас бiр күрделi мүшенің не күрделі баяндауыш, не күрделі пысықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы, Қиралаң етіп, артқа қарап Сұңқардың құлақ шекесіне азу тістерін қадамақшы болған Зуылдың сақ еткен тістері ауа қармады. Қара кемпірдің бетінен бұрқ ете түскен қызыл қан төмен қарай жылжып түсе берді. Зырқ еткен жүрегі бұлқынып барып тынышталды. Денесі селк еткен Жаныс алдында бойы ұзарып, кеткен өлі денені көрді (Д.Бейс.).
Қорыта келгенде, еліктеу сөздердің негізгі сипаты мынадай:
1. Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан белгілі бір заңдылыққа бағынған жалаң түбір күйінде екі, үш, төрт, кейде бес, алты дыбыстардан тұратын сөздер. Қосарланып келгенде еліктеу сөздердің сыңарларының дыбыстық құрамы екіден бес-алты дыбысқа дейін жетеді. Мысалы, зу, пыр, саңқ, ербең, жалбаң, зу-зу, пыр-пыр, сарт-сұрт,сатыр-сұтыр, қорбаң-қорбаң т.б.
2. Еліктеу сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке және ашық, қысаң болуы сол сөздердің мағынасына әсер етеді Мысалы, «сарт етіп түсті» мен «селк ете түсті», «шиық етті» мен «шіңк етті» мағыналары бірдей емес. Сөз құрамында жіңішке дауысты дыбысы бар сөздер жуан дауысты барына сөздерге қарағанда, қимылдың әлсіз, жай, қысқа болғанын білдіреді.
3. Еліктеу сөздердің соңғы дыбыстары қос дауыссызға аяқталады. Оның алдыңғысы міндетті түрде үнді, кейінгісі қатаң дыбыс болады.
4. Еліктеу сөздер түбір күйінде тұрғанда нақты қандай мағынаны білдіретіні білінбейді. Олардың мағыналары көбіне дыбысқа, көрініске, құбылысқа тәуелді болып келетіндіктен, еліктеудің дәл мағынасы оның басқа сөздермен тіркеске түскенінде анық білінеді. Мысалы, «сылқ, жылп, сылп» еліктеу сөздерінің мағынасы жеке тұрғанда түсініксіз. Егер бұларды «Рақима сылқ-сылқ күлді» (Б.Майлин); «Малта аузына жылп етті, екі ерні сылп етті (С.Сейфулин) сияқты сөйлемдердегідей «күл, ет» етістіктерімен тіркесте қолданғанда олардың мағынасының анықтығы мен толықтығы байқалады. Өйткені «сылқ, жылп, сылп» еліктеулері адамның күлуімен, құрт-малтаның ауыздан түсу қимылы мен еріннің қозғалу қалпына қатысты бейнеден пайда болған сөздер. Егер ондай қимылдар болмаса, «сылқ, жылп, сылп» сөздері де тумас еді.
5. Еліктеу сөздер «ет» көмекші етістігімен тіркес келгенде, негізінен сөйлемнің пысықтауыш, баяндауыш мүшелерінің қызметін атқарады.
6.Заттанғанда болмаса, еліктеу сөздерге көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулары жалғанбайды.
7. Есім сөздер мен етістіктерден еліктеу сөздер жасалмайды, керісінше еліктеу сөздерден есім мен етістіктер жасалады.
8. Қосарлы түбір еліктеу сөздер құлаққа естілетін дыбыстың не көзге көрінетін елестің және адам организмінде болатын сезім, күйдің үсті-үстіне бірнеше рет қайталанғанын білдіреді. Мысалы: Арқа арбадан қорбаң-қорбаң етіп түсті. Ол жайнамаз үстінен түспей, шоқаң-шоқаң етті де отырды.
9. Еліктеу сөздер ерекше логикалық екпінге ие.