
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
Үстеу – морфологиялық жағынан алғанда аз түрленетін сөз табы. Бұл оның морфологиялық ерекшелігі болып табылады десек те, үстеулер қандай сөзге тіркессе де өз формасын өзгертпейді.
Тілдік құрылыстағы болып жатқан өзгерістер үстеулерге де әсерін тигізбей қалған жоқ. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдап заттанып, кейде жіктік жалғауын қабылдап, предикаттық қызмет атқаратынын кездестіруге болады. Бұл айтылғандардан үстеулер өзінің үстеулік мағынасынан мүлде алшақтап кетеді деген ұғым тумауға тиіс. Үстеулер өзінің семантикалық мағынасын сақтайды, олар белгілі бір контексте ғана заттық немесе предикаттық мағына береді.
Ғылымда үстеудің түрленуі туралы пікірлер әр түрлі. Мәселен, ғалым Ә.Төлеуов үстеулердің көпшілігін түрленбейді деп, оның себебін былайша түсіндіреді: «Үстеулердің көбі түрленбейді, өйткені олар көне септік формалар қосылуынан жасалған сөздер: бірге, босқа, текке, абайсыздан, лажысыздан, түнде, қырынан, кенеттен т.б.» [52, 108].
Соңғы уақыттардағы зерттеулерге қарағанда үстеулер барынша молынан түрленетін сөз табын құрап отыр. Мәселен, ғалым Ә.Ыбырайым: «Морфологиялық жағынан еш түрленбейді деп келінген үстеу сөздер қазіргі қазақ тілі мен түркі тілдерінде коммунакативтік қызметі мен мағынасына қарай түрлі формаларға ие болып қолданылып жүр. Мәселен, кейбір үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қабылдап заттанып, жіктік жалғауын қабылдап предикаттық қызмет атқаруы көркем әдебиет пен баспасөз беттеріндегі тілдік сөз қолданыстарда жиі кездесетін процесс болып отыр» - деп жазады [61, 137].
Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
Үстеудің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің ең негізгі синтаксистік қызметі - сөйлемде пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулер қашанда өздерінің пысықтайтын сөздерінен бұрын тұрады. Үстеулердің ішінде орын талғамайтындары да бар. Сондай орын талғамайтын үстеулердің бірі – мезгіл үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан басқа мүшелерді пысықтаса, онда пысықтайтын мүшенің алдынан келеді. Ал баяндауышты пысықтаса одан алшақ тұра береді.
Үстеу қимылдың, амал-әрекеттің әр алуан сын бейнесін, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола береді. Үстеу мен үстеу, я үстеу мен зат есім тіркесіп келіп күрделі пысықтауыш болады. Мысалы, Құр кимелеудің зардабын тартқан жұрт енді еппен өтіп жатыр (Ғ.Мүсірепов). Таң қараңғысында еркек атаулы жұмысқа кетеді (С.Мұқанов). Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Алынған сөйлемдерде еппен сын-қимыл пысықтауыш болып тұрса, таң қараңғысында мезгіл пысықтауыш болып, жоғары-төмен мекен пысықтауыш ретінде жұмсалып тұр.
Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер субстантивтеніп бастауыш қызметінде жұмсала береді. Нөлдік тұлғада көптік жалғаулары арқылы субстантивтеніп бастауыш болады. Кей жағдайда көмекші сөздермен тіркесіп бастауыш қызметін атқарады. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). Бүгін деген қорқыныш пен үміттің екіұдай аралығы (Ә.Кекілбаев).
Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер сөйлем соңында жіктеліп баяндауыштың қызметін де атқарады. Мысалы, Киім формасы өзгешелеу екен өзінің (К.Тоқаев). Мен сенімен біргемін (Ғ.Сланов).
Үстеудің толықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер заттанып тура толықтауыш та, жанама толықтауыш та бола алады. Тура толықтауыш қызметінде жай септікпен бірге тәуелдеулі септік формасында да жұмсала береді. Мысалы, Азын-аулақ қазақшаны да далбарлайтын болған (М.Әуезов). Жанама толықтауыш болып барыс, шығыс және көмектес септіктерінде келе береді. Мысалы, Соншаны көріп, біліп келіп, ішке тығып тастағандай едіңіз (Бұл да).
Үстеудің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп, анықтауыш та болады. Мысалы, Осынша орысшаны қайдан үйреніп жүрсіз (Т.Ахтанов).
СООЖ
1. Үстеулердің зерттелу тарихы
2. Үстеудің синтаксистік ерекшеліктері мен сөйлемдегі атқаратын қызметі
3. Мезгіл үстеулері, олардың сөйлемдегі орны
СӨЖ
1. Үстеулердің қабыса байланысуының грамматикалық табиғаты
2. Күшейткіш үстеулер туралы пікірлер, көзқарастар
3. Үстеудің грамматикалық ерекшеліктері
1-тапсырма. а) Негізгі, туынды үстеулерді ажыратып, туынды үстеулердің қалай жасалғанын талдаңыздар. ә) Үстеудің аналитикалық не синтетикалық тәсіл арқылы жасалғанын ажыратыңыздар.
1-жұмыс. 1. Ертеңгі құйрықтан, бүгінгі өкпе артық. 2. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығар, кештеу шықсаң, алдыңнан түн шығар. 3. Баяғыда атқа міну тойы баланың мейлінше әжетке жарап, тысқары еңбекке араласуы азаматтықтың басы деп ұққан. 4. Осылай балаға да үлкен ой туғызып, тіпті тез есейуіне әсер еткен. 5. Шақыру мен Оспанның жылын беруді Абайдың жалғастыра айтқанын Дәрмен өзінше түйді. Жал-құйрығы сүзілген бәйгелер де киікше басып, ойқастап шықты. Орысша оқуға сахара елінің балаларын беруге ата-аналарның санасында өзгеріс қандай, жаңғыру қаншалық, осыны да білгісі келеді (М.Ә.). 6. Өлімнен ұят күшті дегенді кейінірек естісем де, осы арада өз басымнан бір өткіздім-ау деймін (Ғ.М.).
2-жұмыс. 1. Бобровтың осы қазір сыныққа сылтау іздеп, сәл бірдеңе болса, шалқасынан құлағалы отырғанын көрді (Ә.Нұрп.). 2.Ол бүгін күндегіден ерекше боп, соншалық жақындай түскен (М.Ә.). 3. Үргеніштегі құлдар көтерілісі сатыр-сұтыр найзағай ойнап, күн күркірегендей кенет басталды (І.Е.). 4. Енді қалың шепті емес, біртіндеп жүгірген жеке солдатты көздеп ату керек (Т.А.). 5. Мен солай ойлаймын (Ш.Айт.). 6. Анда-санда жалпақ танаулар жалпы түрде жабыла бір пысқырып қойып, бұрынғы дұшпан еліне тәуекел етіп тартып келеді. 7. Әуелі Арқаның шалғыны бірте-бірте селдіріп, үзілді (С.С.). 8. Кейде ұрлық жасауға әзірленіп тұрған кісіше қай-қайдағыға бола өлердей қысылатының да содан шығар (Қ.Н.). Ішкері енуге тырысатын сияқты (Қ.Н.).
2-тапсырма. Септеліп, көптеліп тұрған үстеулерге мысалдар теріп (6-7 сөйлем), олардың түрлену себебін түсіндіріңіз.
3-тапсырма. Үстеудің мағыналық топтарын жіктеп кестеге түсіріңіз.
4-тапсырма. «Үстеудің сөзөзгерім қосымшаларына түрленуі» деген тақырыпта баяндама жазыңыз.