
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Келер шақ
Келер шақ қимыл, іс-әрекеттің әрі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді.
Келер шақтың түрлері
Мағыналық ерекшеліктеріне қарай келер шақ үшке бөлінеді:
болжалды келер шақ
мақсатты келер шақ
ауыспалы келер шақ
Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің –ар, -ер, -р болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі арқылы жасалады.
Болжалды келер шақ –с жұрнағы арқылы жасалған болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс-әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі, жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады.
Болжалды келер шақтың жіктелуі:
жақ |
жекеше |
көпше |
І |
Бар-ар-мын, бар-ма-с-пын |
Бар-ар-мыз, бар-ма-с-пыз |
ІІ |
Бар-ар-сың, бар-ма-с-сыз |
Бар-ар-сың-дар, бар-ма-с-сың-дар Бар-ар-сыз-дар, бар-ма-с-сыз-дар |
ІІІ |
Бар-ар, бар-ма-с (нөлдік тұлға) |
|
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбірінен –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғанып, одан кейін жіктік жалғауларының үстелуі арқылы жасалады.
Етістіктің –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының үстіне –шы, -ші жұрнағы жалғанып, жіктелуі арқылы да жасалады.
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек –шы, -ші тұлғалы етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады.
Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі:
жақ |
жекеше |
көпше |
І |
Бармақ-пын |
Бармақ-пыз |
ІІ |
Бармақ-сың Бармақ-сыз |
Бармақ-сыңдар Бармақ-сыз-дар |
ІІІ |
Бармақ |
(нөлдік тұлға) |
Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты –а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқылы жасалады.
Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірімен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Ауыспалы келер шақтың болымсыз түрі етістіктің ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнді басқа сөздерден де байқалып отырады.
Жақ категориясы
Әрине жақ пен жіктелу ұғымы бір-біріне толық балама емес. Әдетте мектеп оқулықтары мен грамматикаларда жақ ұғымы таза морфологиялық қан тұрғыдан жіктік жалғау я жіктелу деген парадигмалық жүйенің шеңберінде көрсетіліп келді. Бірақ одан жіктік жалғаудың табиғаты толық ашыла алмайды, әсіресе оның жақтық сипаты мен сөйлеу процесіндегі қызметі айқындалмай қалады.
Рас, оқулықтар мен грамматикаларда беріліп жүрген жіктік жалғау жүйесінде оған жақтық сипат та берілген. Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жақтың әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп, сол арқылы, бір жағынан, тұтас біртектес грамматикалық (жіктік) мағынаны білдіріп, екінші жағынан, әр жақты (жекеше-көпше де) әр түрлі грамматикалық формалар арқылы бір-біріне қайшы грамматикалық мағына білдіріп, морфологиялық түрлену жүйесінің, яғни парадигмалық жүйенің жиынтығын құрау арқылы грамматикалық (морфологиялық) категория болып танылады.
Сөздердің жіктелу жүйесі, бір жағынан, морфологиялық түрлену тұлғаларының жүйесі, екінші жағынан, сол арқылы берілетін грамматикалық мағыналар жиынтығы арқылы грамматикалық категория болып танылатыны рас. Сонымен бірге осыған негіз болып отырған жіктік жалғаулардың синтаксистік қызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше екенін естен шығаруға болмайды. Әрине, барлық жалғаулардың да (септік, тәуелдік, жіктік), кейде көптік жалғаудың сөз байланыстырудағы қызметі ерекше екені белгілі. Сондықтан да олар басқа қосымша түрлерінен бөлініп, жалғау деп аталады. Ал жіктік жалғаудың сонымен бірге сөйлем құрауға сөйлемді тиянақтап, ой білдіруге тікелей қатысы бар, өйткені сөйлемнің діңгегі, ойдың көрінісі, негізі болып есептелетін сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғау арқылы, бір жағынан ойдың қазығы, қимыл, іс-әрекеттің иесі бастауыш пен (субъектімен) қиыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды тұжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады. Сондықтан да түркологияда жіктік жалғауын баяндауыш (предикат) қосымшасы немесе баяндауыш категориясының тұлғасы деп атайды.
Қазақ тіл білімінде жіктелуді, жіктік жалғауды бірде тек жақтық мағынамен байланысты қарап, оны, жақтық мағынаны, предикативті мәнімен барабар деп түсінушілік те бар. «Жіктік жалғауы өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына үстейді, яғни предикативтік реңк береді»(М.И. ҚҚТ,85). Бірақ сол арқылы грамматикалық жүйе ретінде жіктік жалғау тек жақтық мағынамен ғана шектеліп қалмайды, онда жіктік жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалық категория боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылықтары болмас та еді. Жақтық мән жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар. Оның үстіне жақтық мағынаны тек предикативтік реңк деп түсінуге де болмайды. Бұлар, жақтық мағына, предикативтік реңк (дұрысында қатынас я қызмет), бір жағынан, бір-бірінен бөлек, екінші жағынан, әр тілдік қабаттың жүйесінен шығатын әр түрлі ұғымдар, сөйтіп, олар бірінің орнына екіншісі жүрмейді, бір тілдік құбылыстың шеңберінде бір-бірін әр жақтан (бірі морфологиялық, сөздің бір құрамды бөлшегі және оның білдіретін грамматикалық мағынасы ретінде, екіншісі басқа бір сөз бен қатынасты негізінде ) толықтырып отырады.
Төрт жалғаудың үшеуі (көптік, тәуелдік, септік жалғаулар), әдетте, сөз табы жағынан зат есімге тән, зат есімнің түрлену жүйесі деп анықталады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек етістік ғана емес. Әдетте жіктік жалғауы етістіктің түбіріне тікелей жалғанбайды, белгілі бір формаларының үстіне ған жалғанады, соған байланысты жіктік жалғаулардың тұлғалары да біркелкі болып келмейді, ал есім сөздерге жіктік жалғау тікелей түбірге және бір қалыппен жалғана береді. Бұның сыры неде? Ең алдымен, бұл – жіктік жалғаудың ауқымы өте кең екенін көрсетеді. Екіншіден, ол жіктік жалғаудың тек семантикалық мәнінен ғана емес, функциялық сипатының, синтаксистік қызметінің ерекшелігінен туындаса керек. Яғни жіктік жалғаудың предикаттық мәні сөйлемді тиянақтап, аяқтап тұру қасиетінде жатса керек. Ал предикат қызметін тек етістіктер ғана емес, есімдер де атқара алады.
Рас, қазақ тілінде адамға байланысты есім сөздер тікелей жіктеледі де, жіктік жалғау тікелей сол түбірге жалғана алады. Ал етістік түбіріне тікелей жіктік жалғау жалғана алмайды. Тек «функциялық етістік» деп аталатын ерекше грамматикалық формалары ғана жіктеле алады, яғни осы формалардың үстіне ғана жіктік жалғаулар үстеле алады. Екіншіден, қазақ тілінде қалып етістігі деп аталып жүрген отыр, тұр, жатыр, жүр деген төрт етістік те тікелей жіктеледі.
Үшіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзіне жіктік жалғау біркелкі жалғанбайды. Әрине, бұлай болуы тегін емес. Бір жағынан, жеке сөз табы ретінде етістіктің өзі сан-салалы, күрделі екенін көрсетсе, екінші жағынан, жіктік жалғаудың грамматикалық мағынасы, әр жаққа байланысты түрлену жүйесі, сөйлемде атқаратын қызметі, синтаксистік қатынасты білдіруі бір кезде, бір түрлі, бір ыңғайда қалыптаса қоймағанын көрсетеді. Жіктік жалғаудың осындай әр жақтылық сипатының себебін бір сөзбен дәлелді түсіндіру өте қиын. Етістіктің қай түрін жіктесек те, яғни жіктелу үлгісінің қай түрін сөз етсек те, жіктік жалғауының сөзге жалғануы жағынан да, сыртқы тұлғасы жағынан да, басқа сөзбен байланысы жағынан да, бірінші және екінші жақ бір түрлі, ал үшінші жақ өзінше бөлек екені байқалып тұрады. Бұл – тек 1,2-жақтың сөйлеуші мен тыңдаушы, ал 3-жақтың бөгде болуымен ғана емес, сонымен бірге шығу, қалыптасу тарихымен, қолданылу ерекшеліктерімен де байланысты.
Сөйтіп, кейбір етістік тұлғаларының баяндауыш қызметінің өзінде жіктелмей қолданылуының сондай ерекшеліктері бар екен. Жіктік жалғауы есім сөз таптарынан гөрі етістікке тән десек те, оның мынадай ерекшеліктерін көрсетпеуге болмайды. Біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, етістік түбір тұлғасында тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктің кейбір түрлері) тікелей түбір тұлғада жіктеледі және 1-2-жақтарда тек адамға байланысты есімдер ғана жіктеледі. Екіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Атап айтқанда, қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғанады.
1) Етістіктің есімше тұлғалы түрі (-ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -итын,-итін, -ар, -ер, -р болымсыз түрі –с, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) және отыр, тұр, жүр, жатыр деген 4 қалып етістігі –уға, -уде, тұлғалық тұйық етістік есім сөздерше жіктеледі: 1-жақ жекеше –мын, -мін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз; 2-жақ анайы, жекеше -сың, -сің, көпше -сыңдар, -сіңдер, сыпайы жекеше -сыз, -сіз, көпше -сыздар, -сіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ.
2) Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е, -и және -ып, -іп, -п) 1-және 2-жақтарда есімдерше жіктеледі де, 3-жақта арнайы -ды, -ді, -ты, -ті деген жалғау болады. Жіктелудің (жіктік жалғауларының көсемше тұлғасына жалғанудың) нәтижесінде көсемшенің осы тиянақсыз тұлғасы тиянақтылық сипатқа, аяқталғандық мәнге ие болады.
Етістіктің көсемше тұлғасы ма, ме сұраулық шылаумен тіркескенде, 3-жақта жіктік жалғаусыз қолданылады. Сондай-ақ сөйлеу тілде 1-жақта -мын, -мін жалғау тек -м түрінде де кездеседі: барамын – барам.
Етістіктің шартты райы (-са, -се) және жедел өткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) тұлғалы түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі: 1-жақ жекеше -м, көпше -қ, -к; 2-жақ анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, -ңдер, сыпайы -ңыз, -ңіз көпше -ңыздар, -ңіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ.
Сөйлеу тілінде -а, -е, -й тұлғалы көсемшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғау (-мын, -мін) -м болып, 3-жақ жіктік жалғауы -ды, -ді, тболып, -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғауы (-мын, -мін) -м болып та айтылады: бара-мын, келе-мін, сөйлей-мін деудің орнына бара-м, келе-м, сөйлей-м болып айтыла береді. Әрине, соңғы нұсқа толық әдеби форма болып саналмайды.
Сонымен бірге 1-жақ жекеше мәнде тілімізде -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен тұлғалы етістіктер де жиі қолданылады. Зерттеушілер -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен формасын ауыспалы осы (келер) шақтық (ма-й-мын, ме-й-мін, ба-й-мын, бе-й-мін, па-й-мын, пе-й-мін) болымсыз тұлғасының 1-жақ түрінің қысқарған нұсқасы деп анықтайды. Және әдеттегідей салыстырғанда бұл тұлғаның семантикасында үзілді-кесілді реңк бары, ол тұлғаның өлең сөзде көбірек ұшырасуы стильдік мән үстеп, өлеңге батылдық, жігерлілік сипат беретіні де көрсетіледі.
4) Етістіктің бұйрық рай тұлғасы ерекше жіктеледі, ол етістік тұлғасының жіктелуінің төртінші түрі болып саналады. Ол ерекшелік, біріншіден, бұйрық райда жіктік жалғаудың бүтіндей өзгеше болуында болса, екіншіден, етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық рай тұлғаларының сырттай ұқсас, бірақ екеуі бір емес екендігін де, яғни түбір сөз формаларына негіз болатын сөздің статикалық күйіндегі тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасы – түбірден бөлек сөз формасы, грамматикалық түрлену парадигмасының бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да етістіктің түбірі мен бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрі омоним формалар болады. Сөйтіп, бұйрық райдың жіктелуінде 1-жақ жекеше -айын, -ейін, -йын, -йін, көпше -айық, -ейік, -йық, -йік 2-жақтық анайы жекеше арнайы тұлғасы жоқ нөлдік форма көпше -ыңдар, -іңдер, -ңдар, -ңдер сыпайы жекеше -ыңыз, -іңіз, -ңіз, -ңыз, көпше -ыңыздар, -іңіздер, -ңыздар, -ңіздер, 3-жақта -сын, -сін жалғаулары жалғанады.
Бұйрық рай тұлғасының жіктелуіндегі тағы бір ерекшелік – бұйрық рай формасының 3 жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып та қолданылады. Ондайда етістікте таза бұйрық мәнінен гөрі тілек, ниет мәні басым байқалады.
5) Етістіктің ерекше жіктелетін түрі – қалау рай тұлғасы. Қалау рай тұлғасын (негізгі етістік -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғасына тәуелдік жалғауы жалғанып келеді немесе келді көмекші етістікпен тіркескен күрделі етістік) тәуелдік жалғау арқылы жаққа жіктеледі, қимыл, іс-әрекет иесі, жақ иесі атау тұлғада емес, ілік септігінде тұрады.
Бұл түрленудің ерекшелігі сол қалау рай тұлғалы күрделі етістік негізгі тәуелдік жалғау тұлғасында тұрады да, көмекші етістік кел жедел өткен шақ немесе ауыспалы келер осы шақ келеді тұлғасында келіп, жіктік жалғаудың 3-жағында айтылады: келді дегенде нөлдік форма, келеді дегенде -ді жалғауы 3-жақ жіктік жалғауы.
Сондай-ақ -у тұлғалы тұйық етістікке тәуелдік жалғауы үстеліп, керек, қажет, мүмкін, тиіс сияқты модаль сөздердің тіркесуінен жасалған баяндауыштар да осы тәріздес түрде жіктеледі.
Сөйтіп, қазақ тілінде жіктелу тұлғаларын төмендегідей топтап беруге болады.
Сөздер |
1-жақ жекеше, көпше |
2-жақ жекеше, көпше |
3-жақ |
Есімдер, есімше, қалып етістіктері |
-мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін, -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз |
-сың, -сің, -сыз, -сіз, -сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер |
|
Көсемше -а, -е, -и, (-ып, -іп, -п) |
-мын, -мін, -пын, -пін, -мыз, -міз, -пыз, -піз |
-сың, -сің, -сыз, -сіз, -сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер |
-ды, -ді, -ты, -ті |
Жедел өткен шақ, шартты рай |
-м, -қ, -к |
-ң, -ңыз, -ңіз, -ңдер, -ңдар, -ңыздар, -ңіздер |
-ды, -ді, -ты, -ті |
Бұйрық рай |
-айын, -ейін, -айық, -ейік |
-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, -ыңдар, -іңдер, -ңдар, -ңдер, -ыңыздар, -іңіздер, -ыңдар, -іңдер |
-сын, -сін |
Қалау рай Модаль мәнді тіркес |
-ғы-мыз кел(е)ді -у-ым, -ымыз қажет |
-ғы-ң-ңыз кел(е)ді -ғы-лар-ың, -ыңыз, -у-ың, -у-ларың, -ларыңыз қажет |
-ғы-сы кел(е)ді, -у,-ы-ла-ры қажет |
СООЖ
Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері.
Болымды және болымсыздық категориясы.
Рай, шақ, жақ категориялары.
Тұйық етістік. Көсемше. Есімше.
СӨЖ
Етістік түбірінің лексика-грамматикалық қасиеттерін түсіндір.
Болымды және болымсыз етістіктердің тілдегі алатын орны.
Рай категориясының негізгі ерекшеліктерін, тілдегі алатын орнын көрсетіңіз.
Шақ категориясы, оның морфологиялық белгілері және мағыналық түрлері. Әрқайсысын жеке мысалдармен түсіндір.
Жақ категориясының тілдегі алатын орны.
Тұйық етістік, көсемше және есімше етістіктің функциялық топтары. Олардың негізгі қызметі, тілдегі алатын орны. Есімшенің түрлері.
1-тапсырма. Үзіндіден етістікті табыңыздар. Олардың өзіндік ерекшелітерін түсіндіріп, семантикалық топтарға бөліңіздер.
Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім – сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері жүрегімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі. Ерінім күбірлейді. Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді. Мен судың бүлкіл қаққан дыбысын сүйем. Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем. Осының бәрі менің тілімде бар. Сондай-ақ махаббат сыбырын да жақсы көреді.
Уа, менің ана тілім, сені де жұртқа білгізу маған өте қиын, сенің алуан түрлі үнің неткен әсем еді, авар боп тумаған кісіге үйрену де қиын оларды, о, егер біле қалсаң, оларды айту дүниенің рақаты емес пе, шіркін! (Р.Ғам.).
Кейін немересімен екеуі қалған кезінде де аңшылықтан қол үзген жоқ. Рас, соңғы жылдары жасы ұлғайып, қайғы қажытты ма, мылтық ұстағанда қолы сәл қалтырап, көзі жасаурайтынды шығарды. Сілтегені тие бермей, мүлт кететін де боп жүрді. Бірақ, Төлеутайын тарықтырған емес. Түз несібесі – тәңірден. Ертемен мылтық асынып кетеді де, кешке жақын талшық етер бірдеңе алып қайтады. Сөйтіп, ол қоғам өмірінен, саясаттан тысқары, табиғат аясында оқшау өмір сүріп жатты. Түзге шықса қара мылтығын, үйге келсе қара домбырасы мен немересін ермек етті (Қ.Ж.).
2-тапсырма. Болымсыз етістіктерді тауып, олардың жасалу жолын сипаттаңыздар.
а) Нанарын да, набасын да білмей, аңырып қалды бәрі (Ғ.Мұст.). Күздігүні жыртып тастауға қол босамады (Ғ.Мұст.). Еріншектің ертеңі таусылмайды (Мақал).
Не пайда бір орнынан қозғалмайтын,
Тазармас қара су да жатқан ақпай.
Арықтан тағлым алып, кемге үйретпей,
Жүруің лайық па ғақыл таппай (М.Дул.).
Бірақ әлі талған жоқ (М.Ә.). – Абайжан, осы сен түні бойы ұйықтамағанбысың? – деп, баласының бетіне қарады (М.Ә.). Астыңғы үйдегі бапты аспазшы пісірген ыстық самсаны да жеген жоқ (М.Ә.). Бірақ Қараша қалатын емес (М.Ә.). Бет қаратар емес (М.Ә.). Енді топтың ішін көрмек емес (М.Ә.).
ә) Еденін қи аралас балшықпен майдалап сылаған үйдің тап ортасына келіп, сұлық тұрып қалған Балзия үн қатпады. Атымтайдың көзі қалыңдығының ашулы, әрі қайғылы жүзіне түспесе де, жасырынбай шалқақ ұстаған ішіне түсті. Трашпанның талдан тоқылған қорабына қатар отырған екі құрбы орта жолға дейін бір-біріне тіл қатыспады. Балзия, мен әкейді қойысуда бола алмаймын. Сендердің алдарыңа енді ешкім кесе көлденең тұра алмайды. Біздің шешелеріміз ғой, біз көргеннің, біз білгеннің бірін де көре алмай, бірін біле алмай, көрбала боп өтті (С.Ж.)
3-тапсырма. Есімшелерді тауып, жұрнақтың мағынасын түсіндіріңіз.
Көкшенің көлеміндегі сұлу жерден оның араламағаны болған жоқ (С.М.). Көкшені анасындай сағынатын еді (С.М.). Қайт, шырағым, ауылға ренжіткенімнің алды-арты осы болар... (С.М.). – Тартыңдар қолдарыңды! – деді Бүркітбай, айнала адырая қарап, сендерсіз менің өзім де жететінмін (С.М.). Көп жасаған емес, көп көрген білер (Мақал). Жөн бергенде талай қиын жерден қаралған кісіні ақтап, алып шығатынмын (С.М.). – Істің арты не болатын? (С.М.). Ботакөз араларына келгенге шейін, олардың көпшілігі қала ішінде жөнін тауып жүре алмайтын да еді (С.М.). Жерді көп жыртамыз, тарыны көп алармыз, таласпаймын (Ғ.Мұст.). Еңбегің жанса, оған да көнерсің (Ғ.Мұст.). Бүгінгісін аз көріп, елемей шыққан (Ғ.Мұст.). Көзінің аласы үлкейіп, өңі күрең тартқан (Ғ.Мұст.).
4-тапсырма. Көсемшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі (Х.Е.). Тәжімұраттың ес білгелі етегінен ұстап келе жатқан бір қағидасы бар еді (Х.Е.). Нағима тамақ асып, табаны жерге тимей жүгіріп жүр (Т.Ахт.). Жанар орнынан тұрып, төр жақтағы бөлменің есігін ашып еді, Шынтас шешініп жатып қалыпты (Т.Ахт.). Торушы тосқауылдың ізін суытқалы екі жылдан асты (М.Ә.).
Тарантас зырлап келеді (Х.Е.). – Тәке, сіздің ауылға барамын (Х.Е.). Бұл сөздің мағынасын Таңқыбай жақсы түсінеді (Х.Е.). Шынтас демін жұтып, тынып қалыпты (Т.Ахт.). Дайындалыңдар, ертең ертелете Сырдарияға жүреміз (Т.Ахт.). Абай өзін де, айнала жұртты да тегіс ұмытыпты (М.Ә.).
5-тапсыра. Тұйық етістіктерді тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын, өздеріне тән ерекшеліктерін көрсетіңіздер.
Қарғитын бала қарама-қарсы отырған балалардың арасынан секіріп-секіріп өтуге тырысады. Қарғитын бала ұстатпай жылдам секіріп өтуге тырысады, отырғандар ұстап алуға тырысады (С.М.). Сол ойы Игіліктің осы үйге келіп түсуімен де келіп шиеленісіп еді (Ғ.М.). Жүріп-тұруға өте құмар (С.С.). Екеуі жол қысқаруына бір-біріне ермек, серік болды (С.С.).
6-тапсырма. Етістіктерді райдың түріне қарай ажыратыңыздар.
Амантайдың жігітке көмектескісі келеді (С.М.). Ұзақ түн аңдысаң, алмай қоймассың (С.М.). Көңіл тойса, тамақ тоятын (С.М.).
- Атқа, атқа қоныңыздар! – дескен үндер естілді (М.Ә.). Менің аралап қайтқым келеді (С.М.). Асқардан келген жұмыс болса, оның соңына Итбайдың жарық ап түскісі келді (С.М.). Тырнадан әкім қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес деп, қиқудың зорын бұлар әлі шығарыңқырар (Х.Е.). Жүке, сіз оларды айдадып алуға асықпаңыз (Х.Е.). – Кәне, жол беріңдер, - деді ойын ағасы (Х.Е.).
өзгелік етіс: бақ+тыр+т, тура+т+қыз т.б.
СООЖ
1. Етістіктің салт-сабақтылық категорясына сипаттама.
2. Сабақты және салт етiстiктің мағыналық түрлері.
3. Салт етiстiктiң сабақтыға, сабақты етiстiктiң салтқа айналуы.
4. Етiс түрлерi, жасалу жолдары.
СӨЖ
1. Салт және сабақты етістіктердің зерттелуіне библиография жасау.
2. Әдеби шығармадан етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылуына мысал теру.
Етістіктерді тауып, оларды етістік категорияларына қалай түрленіп тұрғанын түсіндіріңіз. Әр категорияның ерекшеліктеріне байланысты етістікке сипаттама бере отырып, мысалдағы сөздерді категориялық топтарға ажыратыңыз.
1-жұмыс.Салт етістіктерге мағыналық және тұлғалық талдау жасаңыз.
Аздан соң орнынан тұрды да, аяғын селқостау басып, үйге қарай тартты. Бірақ кешке ымырт үйірле бергнг шақта Серғазынікіне барды.(Б.Т.)Сол елің мен өзіңнің қамыңды шын ойласаң, білім жарығына ұмтыл!- деді.(С.М.). Қазақстан егеменді ел атанғанда, отандастарымыз да шын қуанды, шетелдік қандастарымыз да риза болды.(Газеттен). Менің бөлмеме келіпсің, бірақ уақытың аз болғандықтан, мені көп тоспай, қағаз қалдырып кетіпсің. (Ә.Нұрп.). Кеше тоқтап қалған сағат, бүгін жақсы жүріп тұр.
Ұстаз болу өте қиын, сондықтан әр сөзіңе, әр қадамыңа сақ болып, ар таразысына салып әрекет еткенің жөн. Еламан ауыр ойға шомып, қараңғы үйде көзі ашық жатыр еді (Ә.Нұрп.).
2-жұмыс. Сабақты етістіктерді мағанасына қарай ажыратып, қандай грамматикалық категорияға түрленгенін түсіндіріңіз.
Немістер барлық күшін жинап, таң ата 35 ұшағымен бізді бес рет бомбалады. Барлық зеңбірек, минометтері күні бойы оғын біздің үстімізге жаудырып, айналамыздағы жерді қопарып жатыр. Түске дейінгі төрт шабуылын біздің жігіттер тойтарды. Шабуыл үсті-үстіне өршіп тынар емес. (Б.Момышұлы). Әйел ауыр күрсінді де, екі қолын жерге тіреп, орнынан көтеріле берді.(Ә.О.). Бейсауат біреудің ішке ұрланып кіріп келе жатқанын сезіп, басын көтеріп алды )Ә.Нұрп.).
3-жұмыс. Етістіктерді тауып, салт етістіктен сабақтыға, сабақты етістіктен салтқа айналдырып тұрған қосымшаларды түсіндіріңіз.
-Келер жылы төл алудан ырғып, бір көтерілсең.. – деп, абыройдан дәмелендіріп қойды. (Т.Ахт.). Барша байлықтардың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда. Мен рахметімді алдымен жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан, о, қасиетті Жер-ана. Сенсің менің ардақтым! (Ы.Ж.).