Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері

Есімше

Етістіктің функциялық формаларының бірі – есімше. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әр етістік, әрі сын есім орнына жүре береді.

Есімше –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды.

Есімше жұрнақтарының қызметі - өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау.

Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.

Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері:

а) есімше формалары сын есім сияқты заттың белгісін аңғартып, сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап береді, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл жағынан есімшенің сын есімнен айырмашылығы байқалмайды. Бірақ сын есім мен есімшенің заттың белгісін білдіруі анықтап аңғарған кісіге бірдей емес.

ә) Есімшелер сын есім сияқты көптеліп, тәуелденіп, септеліп заттанады. Сөйлемде бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады.

б) Етістіктің болымсыз формасына есімше жұрнағы жалғанғанда да есімшенің болымсыз мағынасы аңғарылады. Бірақ есім сөздер сияқты есімшелерде жоқ, емес сөздері арқылы болымсыз форма жасайды. Есімшелер болымсыздық форманы етістіктерше синтетикалық жолмен де, есімдер ше аналитикалық формамен де жасайды.

Есімшелердің етістікке жақын белгілері:

а) Есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгеруі себеп болады.

ә) Есімшелердің шақтық мағынаны беруде қызметі ерекше. –ған қосымшалы есімше жіктеліп, өткен шақ мағынасын берумен қатар атрибуттық қызметте тұрып та сол өткен шақтық мағынаны сақтайды.

б) Есімшенің етістікке тән басты белгісі – қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды. Сондықтан да есімше етістіктер ше болымды және болымсыз, салт және сабақты болып бөлінеді.

Аталған үш белгісі есімшені етістіктің бір түрі, оның ішінде функционалды етістік формасы деп есептеуге мүмкіндік береді.

Есімшенің түрлері

Есімше жасайтын қосымшалар жоғарыда аталды. Осы қосымшалардың әрқайсысы қолданылу аясымен де, жалғанған етістіктерге үстейтін грамматикалық мағынасымен де айрықшаланып, есімше түрлерін жасайды.

Қазіргі қазақ тілінде есімше түрлері жұрнақтарынң мағыналарына сәйкес шақ категориясымен бөлінеді.

Бұрынғы өткен шақ есімше. Есімшенің бұл түрі –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағымен жүзеге асады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімше формалары мейлі атрибуттық, мейлі предикаттық қолданыста болсын өте жиі әрі кеңінен қолданылады. –ған, -ген, -қан, -кен қосымшалы формалар қимыл-әрекеттің бұрын болып өткенін білдіретіндіктен өткен шақ есімше деп аталады. Есімшенің бұл түрінің бұрынғы өткен шақ мағынасын тұрақты аңғартуы жіктеліп, предикаттық мағынада қолданылуына байланысты.

Өткен шақ есімше жұрнағы отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктеріне жалғанғанда да өткен шақ мағынасын береді.

Дағдылы өткен шақ есімше атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнағы арқылы жасалады. Есімшенің бұл түрі сөйлемде жіктеліп, бұрын болған әрекеттің бірнеше қайталанып, дағдылы қалыпта орындалып тұрғанын білдіреді. Сондықтан болар, есімшенің бұл түрі ауыспалы өткен шақ деп те аталады.

Ал дағдылы өткен шақ деп аталуы есімшенің бұл түрінің жіктеліп, баяндауыш қызметін атқаруына байланысты.

Болжалды келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі –ар, -ер, -р, -с жұрнақтары арқылы жасалады. –ар, -ер, -р, -с болымды етістіктерге жалғанса, жұрнағы болымсыз етістіктерге жалғанады. Болжалды есімше де атрибуттық және жіктеліп предикаттық мағынада қолданылады.

Есімшенің бұл түрі басқаларындай тәуелденіп, септеліп қолданылғанымен көптік жалғауды қабылдамайды. Бұл есімшенің осы түрінің өзіндік ерекшелігін білдіреді. Дегенмен өткен шақ есімшелерге қарағанда –ар, -ер, -р, -с тұлғалы есімше ситек тәуелденіп, сирек септеледі.

Есімшенің бұл түрінен конверсия жолымен зат есімдер қалыптасқан. Мысалы: ат байлар, шаш сипар, алтыатар.

Бұл есімшенің болымды, болымсыз түрі қосарланып, әрі қарай түрлі септік жалғауы арқылы қолданылады да болымшы, шұғыл әрекетті аңғартады.

Мақсат мәнді келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі –мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Бірақ –мақ, -мек жұрнағы жалғанған сөздің барлығынан мақсат мәнді келер шақ есімше жасала бермейді. Есімшенің бұл түрі есімшенің барлық түрінен де өзгеше. Мәселен, атрибуттық мағынада қолданылмайды. Осы жағынан келіп не көптік, не септік, не тәуелдік жалғауын қабылдамайды. Тек жіктеліп барып баяндауыш қызметін атқарады. Бұл ерекшелігі – бұл форманың есімшеге қатысын да жоққа шығаратын сияқты. –мақ формалы есімшеге қолданылыс барысында –шы, -ші қосымшасы қосылып та айтылады. Бірақ бұл қосымша морфема емес, өйткені есімшеге жалғанғанмен не лексикалық мағына үстемейді. Сондықтан да –мақ формалы есімше мен –мақшы формалы есімше бір мағынада жарыса қолданыла береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]