Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері

Қазақ тіліндегі басқа категорияларға қарағанда, қимылдың өту сипаты категориясы-мағынаға бай категория. Ол қимылдың жасалуындағы әр түрлі ерекшеліктерді білдіреді. Бірақ бұл оның жалпы мағынасы жоқ, түрлі мағыналардан тұрады деген сөз емес. Біріне – бірі байланыспайтын, әр түрлі мағыналарды білдірсе, оны бір категория деп тануға болмайды. Бұл категорияның жалпы мағынасы бар, ол мағына - қимылдың жасалуының сипаттамасы. Ал оның ішкі мағыналарының бәрі де қимылдың қалай жасалғанын және қимылдың қандай дәрежеде екенін көрсетеді. Сондықтан да қимылдың өту сипаты категориясы іштей екіге бөлінеді:

1) қимылдың тәсілі;

2) қимылдың даму сатысы (кезеңі).

Қимылдың тәсілі бірнеше мағыналық топтардан тұрады. Олардың ең негізгілері ретінде мыналарды атауға болады:

1. Жетімсіз қимыл тәсілі (қимылдың жартылай жасалып, аяғына жетпей тоқталуы).Мысалы, Құдды ит арқасы қияннан сарғая тосқан қонақтары үзілтіп жеткендей: -Ал, ал төрлетіңдер! – деп Құрмаш қауқылдап ұшып кете жаздады (Ш.Жиенқұлова).

2. Қимылдың немқұрайды жасалуы тәсілі. Мысалы, Шынашақтай құтыны алдық та әуелі Күләш, одан мен басымыздан төмен құя салдық (Ш.Жиенқұлова).

3. Қимылдың кенеттен, күтпеген жерден жасалу тәсілі. Мысалы, Әлгі ілмиген сары жігіт тағы ұшыраса кетті (С.Сейфуллин). Коридор бойымен бұрыштағы өз бөлмесіне өтіп бара жатқанда, қарсы алдынан кенет Нұрғайша жолыға кетті (Р.Тоқтаров).

4. Қимылдың тездік тәсілі. Мысалы, Өзі жер таянып әрең тұрды да, солқылдап жылап қоя берді (К.Тоқмырзин). Аздан соң үйге шешесі кіріп еді, оған өткір көзін жарқ еткізіп аударып, қабақ қатпастан қатып қалды (Қ.Исабаев). Кет жөніңмен… -деп мені отырған орнымнан жұлып ала желкемнен итеріп-итеріп жіберді (Ш.Құмарова). Тімсініп жүріп біріне қол созған бір шеті көріктің шоғында жатқан қызған темірді ұстап алғандай баж етіп тартып ала қойды (А.Мекебаев).

5. Созылыңқы қимыл тәсілі. Мысалы,

Шыда, шыда.

Шыдай түс шыда тағы!

Шыдымдыны мына өмір ұнатады

Үміттің құлан иек құла таңы

Әйтеуір бір атады, бір атады.

(М.Мақатаев)

6. Жайбарақат қимыл тәсілі (қимылдың асығыссыздығы). Мысалы, "Мақұл, келісе жатармыз" дегендей, басын сәл изеді де, әңгіме төркінін басқаға бұрды (Ш.Жиенқұлова).

7. Қимылдың батыл жасалу тәсілі. Мысалы, "Соңымнан қаласың ба, жоқпысың!" – деп қамшысымен бастан тартып жіберді (М.Әуезов). Бар естігенін жұрт көзінше айтып салды (Қ.Исабаев).

8. Қимылдың жасалуға бейімділігі. Мысалы, Жүргелі отыр, барғалы отыр, кеткелі жатыр, білгелі жүр, сұрағалы тұр, көргелі жүр т.б.

9. Қимылдың бір қалыптан екінші бір тұрақты қалыпқа көшуі. Мысалы, Күләш ойланып қалды (Ш.Жиенқұлова).

10. Қимылдың жасандылығы. Мысалы, Көрсе де көрмеген болып жүре береді (Т.Ахтанов).

Қимылдың даму сатысы, кезеңі үшке бөлінеді. Олар:

  1. Қимылдың басталу кезеңі. Мысалы, Бала сәл уақыт екеумізге алма кезек қарап, үнсіз тұрды да, шешесін жұлқылай бастады (Б.Мұқаев). Қалтырауы басылған жүрек бұрынғыдан да бетер тітіреп сала берді (Б.Майлин).

  2. Қимылдың жалғасу кезеңі. Мысалы, Жұмағұл, Ерболдар үй ішіне түгел жететін қалжың, әзіл айтпай, тек өзді-өз қасындағы қыздармен ғана ақырын, сыпайы түрде тіл қатысып отыр (М.Әуезов). Екінді әметінде , Тасыбай шоқысынан асып, өзендегі елге бет алып үш салт атты келе жатты (Б.Майлин). Адырдан шұбап түсіп сиыр келе жатыр: жер қайыстырып жайылған мыңдаған қой жатыр, тай-құлыны еркелеген балаша ойнақтап, ауылдың үстін шаңмен бүркеп, жауға аттанған қалың әскердің қосынындай болып, өзеннен су ішіп шыққан жылқы, үйір-үйір болып топтанып қабаққа қарай беттеп жайылып барады (Б.Майлин).

  3. Қимылдың аяқталу кезеңі. Мысалы, Не керек, Құрекең со жолы атаммен бірге келесі поезды күтіп қалып қойды, мен емшектегі баламмен вагонға кірсем – аяқ басар жер жоқ (Ш.Жиенқұлова).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]