
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
Етістік заттың амалын, іс-әрекетін білдіреді, түбір етістіктер қимылды білдіргенімен, ол қимылдың қалай, қандай тәсілдер арқылы жүзеге асатынын білдіре алмайды.
Сөйлемде етістік қолданылғанда, тек қимылды ғана білдіру жеткіліксіз. Өйткені объективті өмірде қимылдың жасалуы түрліше. Соған орай ол қимылдың жасалуындағы әр қилы ерекшеліктерді білдіретін әдіс-тәсілдер, түрлі көрсеткіштер бар. Мысалы, Олжас Алматыда оқып жүр. ("Жалын"). Жастар тегіс жазып жатыр (Х.Есенжанов). Бұл сөйлемдегі оқу, жазу қимылдарының осы қолданыста ұзаққа созылған қимыл екені білдірілген. Оқу, жазу етістіктерінің лексикалық мағынасына қосылған қимылдың созылыңқылығын мұнда –ып жүр, -ып жатыр деген аналитикалық форманттар білдіріп тұр. Сонан кейін столға отырып жаза бастады (Х.Есенжанов). Жұрттың көбі бостандықты енді өз еркімен, өзінше түсіне бастады (С.Сейфуллин) Мұндағы сөйлемдерде жазу, түсіну қимылдарының лексикалық мағынасына ол қимылдардың басталу мағынасы қосылған.
Қимылдың жасалуындағы әр алуан ерекшеліктерді білдіретін, тілде арнайы категория бары белгілі. Ол - қимылдың өту сипаты категориясы.
Қимылдың өту сипаты категориясының жалпы мағынасы қимылдың қалай жасалғандығын суреттеу және қимылдың қандай сатыда екенін көрсету болып табылады.
Қимылдың түрліше жасалу ерекшеліктерін білдіретін өзінің арнаулы көрсеткіштері бар лексика-граматикалық категория қимылдың өту сипаты категориясы деп аталады.
Қазақ тіл білімінде қимылдың өту сипаты категориясымен байланысты семантикалық ерекшеліктер ертерек аңғарылған.
Қимылдың өту сипатын нақты атамаса да көмекші етістіктердің қимылдың жасалуын анықтайтынын байқап, ол славян тілдеріндегі вид емес деген пікірді алғаш рет 1936 жылы профессор Қ.Жұбанов айтқан болатын. Қ.Жұбанов көмекші етістіктер қимылдың жүзеге асуында болатын түрлі мағыналық реңктерді білідреді деп түсіндіреді. Ғылымда көп уақытқа дейін көрініс категориясы бар деп танылды. Көрініс категориясы үнемі талас туғызып келді, оны дәлелдеушілер пікірлері біріне-бірі қарама-қарсы болды. Ол пікір қайшылықтарының негізгілері мынадай:
- Етістіктің түбірінде көрініс мағынасы бар деген пікірлер болды. Мәселен, қырғыз тілінің маманы И.А.Батманов кір етістігін аяқталған көрініске, оқы етістігін аяқталмаған көрініске жатқызған. Бірақ А.И.Батмановтың өзі кір, оқы деген түбір етістіктерді белгілі бір көрініс мағынасына телгенімен, оның контексте өзгеретін де айтады.
- Бір етістіктің контекске қарай бірде аяқталған, бірде аяқталмаған қимылды білдіруінің өзі тілде көрініс категориясының жоқтығын дәлелдейді.
- Қазақ тіліндегі етістіктерді орысшаға аударғанда әрі аяқталған, әрі аяқталмаған көріністе екі түрлі сөзбен аударылады (жүгіру-бегать, бежать).
- Ғалымдардың біразы көрініс категориясы көбінесе аналитикалық тәсілмен жасалады десе, біразы синтетикалық және аналитикалық тәсілмен беріледі деп санайды. Демек оның берілу жолы туралы да пікірлер әртүрлі.
Сөйтіп, түркітануда көрініске қатысты зерттеулер біріне-бірі қайшы келіп жатты.
Түркітануда қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуына негіз болған-көрініс категориясы. Түркі тілдерінде көрініс категориясы бар деген пікір 1956 жылы Алматыда өткен көрініс категориясы мен сабақтас сөйлем проблемаларына арналған кеңестен соң саябырлады. Бұл кеңесте көрініс категориясы туралы бірізді пікір болмады.
Тюркологиялық кеңесте Б.А.Серебренников, С.Аманжолов, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Х.Махмұтовтар қимылдың түрліше жасалуын көрсететін категорияның көрініс деп танылып жүргенін, оның көріністен басқа құбылыс екенін дәлелдеді.
Осы кеңестен кейін қимылдың өту сипаты категориясы ғылыми еңбектерден орын ала бастады, ал керісінше көрініс категориясы қалып қойды. Кейінгі уақыттарда осы мәселе жөніндегі зертеуші мамандардың көзқарасы өзгерді. Көрініс категориясын танушы ғалымдар, шындығында, қимылдың өту смпаты категориясын таныды.
Қимылдың жасалуындағы алуан түрлі ерекшеліктерді білдіретін қазақ тілінде арнайы категория барын профессор Н.Оралбаева дәлелдеген. Бұл категорияны ол қимылдың өту сипаты категориясы деп атаса, А.Ысқақов амалдың өту сипаты деп атаған.
Профессор Н.Оралбаева қимылдың өту сипаты категориясына былай деп анықтама береді: "Бұл грамматикалық категория қимылдың жасалуына байланысты түрлі мағыналарды қимылдың қалай жасалғанын және сөйлеуші хабарлап отырған қимылдың қандай сатыда, дәрежеде екенін білдіреді. …Біз бұл категорияны қимылдың өту сипаты деген терминмен атадық"(42,74).
Ғалым Н.Оралбаева қимылдың өту сипаты категориясының ерекшеліктермен байланысты оны қимыл тәсілі және қимылдың даму сатысы екіге бөліп қарастырады.
Н.Оралбаева қимылдың жасалуына байланысты төмендегідей мағыналарды көрсетеді: қимылдың жасандылығы, жетімсіздігі, ерекше ынтамен жасалуы, немқұрайды жасалуы, күтпеген жерден жасалуы, ерекше қарқынмен жасалуы, қысқа, батыл жасалуы, қимылға шек қойылу, қимылдың асығыссыздығы, жасалуға бейімділігі. Бұдан басқа қимылдың жасалу фазалары да (сатысы) тілде берілетіндігін айтқан.
Н.Оралбаева: "Қимылдың даму сатысы деп оның басталуынан аяқталуына дейінгі қалпы саналады. Қимылдың басталуы қандай заңды болса, қимылдың аяқталуы да сондай заңды болуға тиіс. Басталған қимыл өзінің аяқталу сатысына жетпесе, онда қимыл жасалу үстінде болады. Қимылдың дамуына байланысты бұл ерекшеліктер қимылдың бірінші, екінші, үшінші сатысы аталады" – деп көрсетеді (42,103).
Ғалым қимылдың дамуының бірінші сатысы қимылдың басталуын білдіреді дейді. Оған мынадай мысалдар келтіреді: Дауыс шыға бастады (З.Ш.). Зәреміз енді қатты ұша бастады (С.М.). Дәмелінің жүрегі айни жөнелді (І.Е.).
Қимылдың екінші сатысы қимылдың жасалу үстінде екендігін білдіреді деп түсіндіреді. Мысалы, Әне көзінің астынан қулана қарап қояды, сынап отыр (З.Ш.).
Қимылдың үшінші сатысы қимылдың аяқталу кезін білдіреді деп, мынадай мысалдар келтіреді: Анау кемпірдің өзіне де зекіп бітеді (Ә.С.). Сол түні кабинетінде түнеп шықты (К.И.). Ол жүдеп бітті (С.М.).
Профессор А.Ысқақов 1974 жылы шыққан "Қазіргі қазақ тілі" атты оқулықта етістіктің аналитикалық форманттарын кіргізген болатын. Онда амалдың өту сипаты категориясы да енгізілген.
Қимылдың өту сипаты категориясы А.Ысқақовтың 1991 жылы шыққан "Қазіргі қазақ тілі" оқулығында "Амалдаң өту сипаты" деген тақырыппен берілген дедік. Онда амалдың жүзеге асқандығын білдіретін арнаулы грамматикалық формалардың болатындығын, ол формалардың бір саласы аналитикалық форманттар және олардың тілімізде аса көп екендігі айтылады. Профессор А.Ысқақов: "Аналитикалық форманттар сан жағынан қаншалықты мол әр қилы болса, олардың мағыналары да, сол форманттардың ерекшелігіне қарай, соншалықты бай және әр алуан болады"-деп қорытады (63,290).
Профессор М.Оразов қимылдың өту сипаты категориясына қатысты ойларын кең түрде "Етістік" деген атпен жарық көрген еңбегінде баяндайды. М.Оразов амалдың (қимылдың) өту фазасын 4 түрге бөліп қарайды, ал қимылдың тәсілдерін 17 топқа бөледі.
Қимылдың өту сипаты категориясының жекелеген мәселелері зерттеліп келеді. Осы ретте профессор З.К.Ахметжанова қимылдың өту сипаты категориясын екі тілде салыстырмалы түрде қарастырғандығын айта кетуге болады.
Сол сияқты қимылдың созылыңқы тәсілі жайындағы С.Маралбаеваның, қимылдың бірінші сатысы (қимылдың басталу сатысы) туралы А.Шарапиденованың, қимылдың тездігі турасындағы Қ.Мұхамадидің, қимылдың аяқталу кезеңі (сатысы) жайындағы Қ.Бибековтың кандидаттық диссертациялары жоғарыдағы сөзіміздің айғағы.
Алайда қимылдың өту сипаты категориясынын теориялық тұрғыда толық зерттелді деуге болмайды. Бұл семантикалық ерекшелікке бай, күрделі категорияны зерттеу - тілтаным ғылымының алдында тұрған мәселелердің бірі.