Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать
  1. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер

Қазақ тілінде морфологиялық тәсіл арқылы жасалған сөздер сын есім синонимдердің дамуына ең өнімді жолы болып есептелінеді. Сын есім синонимдер бірде синонимдес жұрнақтардың әр түрлі түбірлерге қосылу нәтижесінде жасалса, кейде бір аффикстің әр түрлі түбірлерге жалғануы арасында пайда болады.

а) Синонимдес аффикстер арқылы жасалған синонимдер: -шақ /-шек/, қақ/-кек/, ғыш/-гіш, -қыр/-кір/,-шыл-шіл/ шаң-шең/ т.б.

Бұлардың ішінде –шақ/-шек пен –ғыш/гіш (тырысқақ-тырысқыш) аффикстері мағыналары жағынан өзара синонимдес болып келсе, -қыш/кіш/ пен –қыр/кір/ білгіш/білгір/ -ғыш/-гіш/ пен –шаң /шең/-шақ/шек (ашуланғыш-ашушаң-ашуланшақ) жұрнақтары да білдіретін мағыналары тарапынан синонимдес болып табылады.

ә) Бірыңғай аффикстер арқылы жасалған синонимдер.

Бірде өзара мәндес түбірлерге жалғанып, бірде мағыналары алшақ түбірлерге қосылып, сын есім синонимдерді туғызатын біркелкі аффикстердің қатарына жататындар:- ды,-ді,-ты,-ті, -лы,-лі; -сыз,-сіз;-шыл,-шіл; -лас,-лес; -паз,-қой,-ғой т.б. Мысалы: қадірлі-құрметті-ардақты-қымбатты; екпінді-қарқынды; болжағыш-байқағыш-сезгіш т.б.

  1. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер

Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған сын есімдерге сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы нәтижесінде пайда болған күрделі сөздер жатады.

а) Біріккен сөздер арқылы пайда болған синонимдер: ашқарақ-қомағай-мешкей-тойымпаз; көнетоз-ескі-көне-баяғы; көкбақа-арық; қысылтаяң-қысылшаң-ауыр деген синонимдік қатарлардағы ашқарақ, көнетоз, көкбақа, қысылтаяң деген күрделі сөздер мағыналық жағынан жеке дербес сөздердің мағынасымен сәйкес келіп, олармен (жеке сөздермен) синонимдік қарым-қатынаста жұмсалған.

ә) Қос сөздер арқылы жасалған синонимдер. Қосарлану тәсілі арқылы жасалған сын есімдер негізгі түбірлердің қайталанып келуі арқылы да (биік-биік), туынды түбірлердің қосарланып келуі нәтижесінде де (сырлас-мұңдас, күйлі-қуатты) жасалады.

Кез-келген тілді алсақ, синонимдер – сол тілдің сөздік құрамы мен сөз байлығының дәрежесін байқатар көрсеткіш. Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес жалпы көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне, күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына тигізер әсері мол 56.3;56.24-72.

Сонымен, тілдегі синонимдер – сөз қорының асыл қазынасы. Мағжан: «Қазақтың сары даласы да кең, тілі де бай. Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ!»- дейді. Ендеше қазақ тіліміздің байлығы мен оралымдығы синонимдердің молдығы арқылы көрінсе керек.

III блок сөз варианттары

Сөздің лексикалық бірлігінде өзгешелігі жоқ, бірақ морфемдік құрамы ұқсас сөздерді сөз варианттары дейміз. Мысалы; ұқсау- ұсау, гөрі-көрі, түңлік-түндік, азар-әзер, қазір-кәзір, сайтан-шайтан, мысық-мышық т.б. Бұл сияқты сөздердің түрленуінен оның мағынасы өзгермейді. Сондықтан да бұлар әр басқа сөздер емес, әр түрлі варианттағы бір сөз.

Сөздің әр алуан варианттары – тұлғаларында айырмашылығы бар, бірақ мағыналары тепе-теңдікті білдіргендіктен, сырттай синонимдерге ұқсас, омонимдерге қарама-қарсы тілдік құбылыс. Синонимдік қатардағы сөздердің мағыналарында аз да болса реңктік, не стильдік, не эмоционалдық ерекшеліктері болады. Ал сөз варианттарында мұндай ерекшеліктер болмайды. Сөз варианттарының өзінше белгілері болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]