Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_adebiet_zhane_folklor1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.5 Mб
Скачать

Қимайтұғын миллион сомды тіріге.

Дорбасымен көміп салды Құрман шал,

Құжынаған құм төбенің біріне.

Құрман қайтып таба алмады дорбасын,

Мәңгі көмді өмір серік жолдасын,

Дорба артынан көз жұмыпты өзі де.

Өмір сүру онсыз қиын болғасын,

Одан кейін не болғанын білмедім.

Ақын баллада түйінінде: адам жаратылысынан қалмайтын сараңдық мінезді өлмейтін бейне түрінде алып, қызықты байлам жасайды. Бұл өлгеннен кейінгі жаны да жай таппай, көмген ақшасын іздеген сараң шал бейнесіндегі елес түрінде беріледі.

Танитын жұрт сағымды сол деседі.

Күрек алып дорба іздеген құл кезіп.

Ә.Қайранның “Тігілмеген тымақ туралы аңыз” балладасында қазақ мінезіндегі құр қиялға малданушылықтың кесірі сыналып, ащы мысқылмен әжуаланады. Тымақ – қазақтың кәделі ұлттық киімдерінің бірі. Аңшылық, саятшылық өнерінің бір белгісі іспетті, ұлттық киім үлгісінің ерекше түрі. Оның тігілуінің өзінде рулық этникалық белгілер есте ұсталған. Мысалы: «Тобықты тымағы төрт сайлы, аласа төбелі», «жіңішке ұзын төбелі Керей тымағы», «сырмалған алты сай Найман тымағы», «сегіз сай Уақ тымағы» т.б. символикалық ұғымдар сақталған. Бас киімді қадірлеу, оның магиялық күші бар деп есептеу шала туған баланы тымаққа салып, шаңыраққа іліп қою рәсімінде сақталған. Ал баллада да жалпы тымақ ұғымы тұспалды образ түрінде алынған.

Адам бойындағы белгілі бір кемшілігін тереңдей ашу арқылы тұтас бір халықтың мінезіндегі жағымсыз мінез сипатын көрсету көзделген. Тымағы жоқтықтан әбден зәбір тартқан жанның құр қиялға беріліп, нақтылы істен жырақ іс-әрекеті оның өзін күлкіге қалдырады.

Қызыл жүнді бір арлан

Түлкі жолдан қашыпты

Бір жылт етіп қу арман

Қамшыны атқа басыпты.

Жетпесе де шабаны,

Соқпаса да түлкіні-ап,

Ол қиялы-бір тымақ1.

Адам мінезіндегі болмай жатып мастану, бітпеген іске малдану, құр қиялға берілудің қаншалықты кесірлі іс екендігі жігіттің әлі соғылып алынбаған түлкіге қарап, оның іші, сырты туралы қиялдауы арқылы берілген.

Түлкі қуған жігіттің ой-санасына тереңдеп еніп, шарықтаған қиялын үдете түсу арқылы ақын адамның ішкі дүниесінде болып жатқан қуаныш пен күдік т.б. аласапыран сезімдер: қуып келе жатқан түлкісі, оның терісінен тігілетін тымақ, тіпті оны тігетін адамдар туралы «Кім тігіп берер екен», «қырылғырдың қыздары тігіп бермес» деп қиялдануына дейін көрсетеді. Баллада әдемі юмормен аяқталады.

Дегенінше болмады

Түлкі кетті көрінбей...

Күн де батты. Ай шықты

Қып-қызыл ғып құлағын.

Жоқтап жігіт қайтыпты

Тігілмеген тымағын...

Болса да әзіл бір жағы,

Күлдіретін ортаны

Қиял қуған біз-дағы

Осы атаның ұрпағы2.

Алмас Темірбай “Құдайберген туралы хикая” атты балладасында адамға берілетін есімнің мәнділігі, оның тағдырына тікелей әсер ететіндігі туралы көне түсініктерді тірілтеді. Ата-әженің атын “Құдайберген” деп қойған немересінің ата-әже үмітіне кереғар болып өскендігі арқылы екі ұрпақтың арасындағы сенім, пайым ерекшеліктеріне көңіл аудартады. Құдайының немере сүйгізгеніне тәубә етіп, Құдайберген атаған немере есімінің мәнін өзгеше түсінген келін мен немеренің даңғой, кекшіл боп өсуі арқылы көмескіленіп бара жатқан ұрпақ жалғастығын тұспалдайды.

Атадан ұл туса игі,

Атаның жолын қуса игі –

дейтін халық тұжырымын қайта жаңғыртады.

Баллада адамға қойылған есімде «кие» болады, оны қастерлеп, киелеп ұстау керек деген тағылымды басты нысана еткен. Әсіресе, Жаратушыға, киелі саналған жоғарғы күштерге қатысты атауларға байланысты көне замандарда салынған табумен, тыйымдардың бүгінгі күні мәні бұзылғандығын, ата мен келіннің көзқарасы арқылы танытып өтеді.

Е, о кезде бейшара шал не білді,

Көптен құрсақ көтермеген келіні

Құдай беріп тапқанда бір немере

Ат қойып ед «Құдайберген» деп ұлы.

Әзәзілдің азғыруын қарашы,

Ескі есімді менсінбеді-ау, шамасы

«Құдайым» деп еркелетті жалғызын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]