Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_adebiet_zhane_folklor1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.5 Mб
Скачать

Ракета мен бомбаның

Қанаттары қиылсын...

Барлық ұлттың тілегі

Наурызкөже секілді

Бір арнаға құйылсын!3

дегенінде саяси тілекті батаға айналдырған.

Ал:

Айың тусын оңыңнан,

Күнің тусын солыңнан1,

кейде мұның екінші жолы “Жұлдызың тусын солыңнан”2 деп айтылатын дәстүрлі бата да поэзиялық түрленуді бастан кешуде.

Дәстүрлі батаны ирониялық мақсатта да пайдалануға болады екен. Сатирик С.Кенжеахметұлы:

Айы туып оңынан

Жұлдызы туды-ау солынан,

Қарақшы ұры-қарының3, –

деуі кеңестік экономикалық жүйе бұзылып, нарықтық қатынасқа үйренбеген халықтың қиналып жүргенінде ел ішінен “қолдан келсе – қонышынан бас” дегенге салынған пысықайларды айтуда осындай тәсілге барғанын жеткізу үшін қолданылған. Бірақ бұл да ақынның төл көркемдік тәсілі емес. Өйткені, ел арасында әлдебіреулердің жолсыздан жол тауып, дегені болып жүрген адамдар туралы «айы оңынан туып тұр ғой» деп айтатыны бар. Мұндай сөздің тууы, әрине, фольклорлық мәтінмен орайлас. Ақындар қолданған мәтіндердің фольклормен байланысы қандай түрге жатады? Алдыңғы баталарға қарағанда соңғы – С.Кенжеахметовтің өлеңінде өзгешелік бар. Яғни алдыңғы мәтіндердегі баталар өз функциясын сақтап, қолданылған. Демек, бұларда генетикалық байланыс бар. Ал, ирониялық жағдайда ол бата айту үшін айтылмайды. Сондықтан оның фольклормен байланысы басқа түрде. Оппозициялық деуге келмейді, өйткені, ол батаның сөздеріне немесе оның айтар ойына қарсы шығып тұрған жоқ. Ендеше бұл мәтіннің тууында фольклормен үндестік байланыс көрінеді.

Қ.Бұғыбаева өлеңдерінде:

Сол жағыңнан айың туып,

Күнің туды оңыңнан,

Оңымнан күн,

Солдан туды ай қиылып4, –

деуі бұл бата мәтінінің фразеологиялық тіркес ретіндегі қалыптасқан түрінің еркін қолданысқа түсіп, өзгере бастағанын көрсетеді. Сондай-ақ:

Жорытқанда жолың болсын,

Қыдыр жолдасың болсын, –

деген алыс сапарға немесе әлдебір мақсат ойлаған адамға берілетін бата ақындар өлеңдеріндегі мәтіндерде де жаңаша түрге енуде. Мәселен,

Айың тусын оңыңнан,

Күнің тусын солыңнан,

Жұлдыз жансын жолыңнан,

Басыңа бақ орнасын.

Қыдыр болсын жолдасың.

Құдай сені қолдасын,

Қазақстан – көз жасым!1

болып өзгеріп, ақынның азаматтық сезімін білдіру үшін қолданылған.

Сондай-ақ адам тірінің батасынан қандай әсер алса, ежелгі дәуірден басталған аруақтардың күшіне бұрынғыдай табынушылық болмаса да, белгілі дәрежеде мойынұсыну бар. Әдетте, бата үлгілерінде кездесетін “ата-баба аруағы қолдасын” деген тілек те ақындар шығармашылығында кең қолданылады. Осы тұрғыда:

Ата-бабалар аруағы қолдасын сені,

Аяулы менің Астанам – жас, сәби қалам2

дегені бүкіл халықтың көз тігер ел ордасы – Астананы бір үлкен шаңыраққа теңеуден туған. Сөйтіп, шаңыраққа бата тілеумен орайлас, үндестік негізде шыққан.

Бата, тілек оны айтушының тарапынан ықпалды, киелі сөз ретінде шықса да, ол үлкен құдіретті күш – Құдайға жалбарынумен қатар жүреді. Бұл сенімге шығармашылық оппозициялық байланыс жасау арқылы Қорғанбек Аманжоловтың “Құдай” атты өлеңі жазылды. Ол “Әкем – Құдай” деп басталған өлеңінде:

Жаратушы әкем құдай болғасын,

Бақ-талайым басқа қалай қонбасын...

Құдай – әкем құлатпайды, сынайды,

Танытады кешірімді сыңайды3... –

деген. Яғни бірқұдайлық сенімді «бұзып», перзенттік сезіммен өз әкесінен Құдай жасайды. Сондықтан бұл өлеңнің тууы фольклормен оппозициялық байланысты көрсетеді. Бірақ басқа ақындардың өлеңдеріндегі бата, тілектерде фольклормен генетикалық байланыс тұрақты орын алған. «Құдай» деген сөз парсы тілінен енген, адамзат санасының балаң кезіндегі табиғатқа, өзін қоршаған түрлі нәрселерге анимистік, фетиштік, магиялық нанымдардан гөрі табиғатты жаратушы бір күш бар деген сенімнің пайда болуымен орныққан.

Тәңірдің де, Алланың да образын елестету мүмкін емес, оны ешкім көрген жоқ деп айтылады. Осындай ойдан оның жалқы есімі де айтылмайды, яғни Құдай – нақты есім емес, жинақты түрде жалпы атау ретінде орныққан. Сондықтан бата, тілекті арнауда осы жалпы атау қолданылады. Қазақтардың тәңірлік сенім мен ислам дінін қатар ұстануы бүгінгі күнде де қолданыстан шыққан жоқ. Кеңестік идеология кезінде Тәңір мен Алланы айта алмаған ақындар бүгінде өз шығармашылығын халықтық сенімдермен байланысты ерекше даму үстінде көрсетуде. Сол себепті “Я, Құдайым, бере гөр!”, “Тәңірім ғұмыр берсе”1, “Жатпай-тұрмай Алладан тілейтінім”2, “Көк Тәңірден қуат ап, түлерміз”3 деп айтылған. “Тәңірім, жарасымды алашымды қорғашы”4 деп, Тәңірдің өзіне жалбарыну да орын алған.

Ел ішінде бата беру, негізі, сол ортадағы қадырлы адамдардан сұралады. Ежелгі дәуірлерде құдайдың таңдаулысы саналған – рубасы, көсем, бақсылар, батырлар бата беретін болған. “Аруақтар жар болсын” деген тілектерді ақындар шығармашылығында дамыта түсіп, халық бас иген бабалар аруағынан да бата күтеді. Мәселен:

Астана жұртын айналған Асанқайғы ата,

Маяңнан түсіп,

Бата бер ұрпақтарыңа5, –

дегеніндегі Асанқайғы да, оның Желмаясы да фольклор арқылы жеткен образдар. Асанқайғы атаның қазақ халқы үшін Жерұйық іздеп, қадырлы болуы бүгінгі ұрпаққа да үлкен медет, ақын оны рухани қажеттілікке жарата білген. Мәселен:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]