
- •Қазіргі әдебиет және фольклор
- •Қазіргі әдебиет және фольклор
- •М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми кеңесі ұсынған
- •Әдебиет пен фольклордың байланысы туралы
- •Қазіргі поэзия және фольклор
- •§1. Поэзиядағы фольклоризм мәселесі
- •§2. Шағын поэзия жанрларының фольклорлық негіздері
- •Жырым, сенің жасың ұзақ болғай-ды!2 – деп, тірі жандай оған тілек арнайды. Осындай тілек:
- •Ракета мен бомбаның
- •Жар болып жаратушы Алла бұлай
- •Көре алмай жүрген наданның
- •Мәселен: Ырысбек Дәбейұлының таумен сөйлесу сарынында жазылған «Қара тау» өлеңінде тау – ескі тарихтың, биіктік пен паңдықтың символы. Қысылғанда пана, қашқанда қорғаныш ретінде алынған.
- •Орындалып арманы
- •Қимайтұғын миллион сомды тіріге.
- •Қызыл жүнді бір арлан
- •Осы атаның ұрпағы2.
- •«Құдайсынып» сол сәбидің анасы1.
- •Осы сөзді атамнан естіп бірде қалдым мен1...
- •§3. Фольклор поэтикасының бүгінгі поэзиядағы қолданылуы
- •Садағымды алдым
- •Құзар шың басына орда қонған
- •Көлеңкелеп отырған
- •Қазіргі прозадағы фольклорлық дәстүр
- •§ 1. Проза жанрындағы фольклоризм ерекшеліктері
- •§ 2. Роман мен повестердегі фольклорлық образдар мен композицияның рӨлі
- •§ 3. Прозалық шығармалардағы фольклорлық салт пен әдет ғұрыптардың қызметі
- •Бүгінгі драматургиядағы фольклорлық сарындар
- •§1. Драмалық шығармалардағы фольклоризм
- •Қателеспес адам бар ма?
- •– Енді не керек саған?
- •Үйі күйгір Бекежан
- •Екеуі де туғанда нысаналы
- •§2. Трагедиялық туындылардағы образдардың фольклорлық сипаты
- •§3. Фольклорлық поэтиканың көріністері
- •Қорытынды
- •Мазмұны
- •І бөлім. Қазіргі поэзия және фольклор
- •Іі бөлім. Қазіргі прозадағы фольклорлық дәстүр
- •Ііі бөлім. Бүгінгі драматургиядағы фольклорлық сарындар
§2. Шағын поэзия жанрларының фольклорлық негіздері
Бата, тілектер. Адамзаттың санасы өсіп, қоғамдық тірлік жаңа сапаларға жеткенімен, алғашқы рулық қауымда пайда болған сөз магиясынан туған бата-тілек ислам дінінің қазақ жеріне енуіне орай фатиха-батамен дамытылып, өзінің өміршеңдігін сақтаған. Өйткені, адам айналасында болып жатқан үлкенді-кішілі оқиғаларға өзінің жан-дүниесінің тебіренісін, көңіл-хошын сездіріп отырады. Дегенмен ол дәуір мен бұл дәуірдегі тілек, батаның айырмасы болуы заңды. Алғашқы қауымдағы адамдардың санасы сөз магиясы алдында қорқынышта болса, ислам дінінің қуаты бойынша Аллаға деген сеніммен оған табына отырып, бата береді. Сол батаның орындалуын сұрау бүгінде “жақсы сөз – жарым ырыс” дегендей адам көңіліне қызмет етіп, түр жағынан даму үстінде.
Сондай-ақ ежелгі дәуірлердегі табиғатқа табыну бүгінгі өлеңдердегі баталарға да арқау болатыны Темірхан Медетбектің «Көк түрік абызының тілегі» атты өлеңінен көрінеді. Бұл өлеңде ақын Көк Тәңірден, күн мен айдан, от пен судан – жалпы адамзатты қоршаған табиғаттың елді бақытты етуін, ерлердің көк тіреген емендей, ақылдары айдын көлдегі тереңдей болуын, аналардың құрсағы кеппеуін тілейді1.
Ескі ай есірке,
Жаңа ай жарылқа! –
дегендей адам өзі табынған дүниелерге де анимистік наным бойынша сөз бағыштаған, қазіргі заман ақындарының шығармашылығында да мұның жаңаша сипат алғаны көрінеді. Ақын бүкіл ғұмырына балаған өлең-жырға табынатынын:
Мен не болсам, ол болайын,
Пәтшағар,
Жырым, сенің жасың ұзақ болғай-ды!2 – деп, тірі жандай оған тілек арнайды. Осындай тілек:
Абайдың тілінде жыр жазам,
О, Тәңір, басқа арман адыра!1 –
деген күйде де қолданылған.
Оң бата да, теріс бата да антикалық мифтерде бар. Өз-өзін қарғау ежелгі грек мифологиясында Троя соғысына себепкер деп есептелетін Еленаның атынан Гомердің “Илиада” шығармасының үшінші және алтыншы жырларында қолданылған. Тарихта Троя соғысының болған-болмағанын дәлелдеу мүмкін емес (бүгінгі ғылымның жетістігі бойынша соғыс мифтік санадан туған, реальды түрдегі шайқас археологиялық деректермен расталмаған), бірақ бұл оқиғаны болғандай етіп баяндайтын миф үшін Еленаның өз-өзін қарғатуы ешқандай ерсі көрінбейді2. Дегенмен бұл мифпен байланысты. Ал, реальды өмірде адам өз-өзін қарғамайды. Сонда бұл ақындардың ойды көркем берудегі әдісі деп есептеуге бола ма? Мұны анықтау осы зерттеу барысында қажет болады.
Дәстүрлі баталардың өзі бірнеше тақырыпқа бөлінетіні белгілі, олар соңғы жылдардағы қазақ тарихындағы елеулі оқиғаларға орай мазмұн тұрғысынан да байытылуда.
Ақ мол болсын,
Ұлыс оң болсын,
Қайда барсаң, жол болсын! – деген дәстүрлі наурыз батасы:
Кел, кел, Наурыз, кел, Наурыз,
Пейілі елге кең Наурыз,
Нулы болсын жеріміз,
Сулы болсын көл, Наурыз.
Еш қылмай елдің еңбегін
Ырысың мол ғып бер, Наурыз! –
деп, бата үшін қажет болған поэзиялық түр сақталғанмен, құрылымы жағынан авторлық еркіндікке бағындырылған. Яғни батаның мазмұнын іштей толықтырған, соның өзінде фольклормен үндестік байланыс сақталған. Ақын ел байлығын көздеп:
Тіршілікті құртатын