
- •Қазақ әдебиетіндегі эпикалық ойлау үлгілерінен Абайдың эпистолярлық романы
- •Қазақ романының тууы мен қалыптасуы
- •Романның алғашқы үлгілері
- •Реалистік романға барар жолда
- •Жүсіпбек Аймауытовтың романдары
- •Жаңа өмір – жаңа кейіпкерлер
- •Азаттық жолындағы арпалыстың суреттері.
- •Қазақ романының есеюі мен әлемдік даңқы
- •«Абай жолы»
- •Ауылдағы жаңа адамдар
- •Әдебиет кейіпкері – жұмысшы адам.
- •Соғыс және адам
- •Жаңа жанрларды игеру жолында
- •Тарихи - революциялық роман
- •Қазақ романының жаңа белесі
- •Өмірді жаңаша тануға бетбұрыс
- •Ауыл өмірін жаңаша тану
- •Өндірістік роман
- •Соғыс шындығы роман беттерінде: майдан мен ел өмірі
- •Тарихи революциялық роман жаңа дәуірде
- •Қазақ тарихының көркем суреттері
- •Өнер адамдары – роман кейіпкерлері
- •Мемуарлық романдар
- •Жастық махаббат тақырыбы
- •Шыншылдық рухы
- •Қазақ романы тәуелсіздік дәуірде
- •Ғасыр соңындағы жаңа тыныс
- •Еркіндік, тәуелсіздік арманы
- •Тарихи романның жаңа өрісі
- •Өнер адамдары тәуелсіздік әдебиетінде
- •Шығарма кейіпкерлері – тарихи қайраткерлер
- •Мемуарлық өмірбаяндық романдардағы тың ізденістер
- •Әйел тағдыры, махаббат тақырыбы жаңа романда
- •Қазақтың фантастикалық ұлы әңгімелері
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Мақалалар
- •Мақалалар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Романдар
- •Мақалалар
- •Мақалалар
- •Мақалалар
- •Мазмұны
- •Қазақ әдебиетіндегі эпикалық ойлау үлгілерінен
- •Қазақ романының тууы мен қалыптасуы (1910-1940)
- •Қазақ романының дамуы мен әлемдік даңқы (1941-1956)
- •Қазақ романының жаңа белесі (1960-1980)
- •Қазақ романы тәуелсіздік дәуірінде (1991-2005)
Тарихи романның жаңа өрісі
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бермен қарай тарихи роман әдебиетіміздің алдыңғы шебіне шықты. Жетекші жанрға айналды. Сан жағынан да, сапа жағынан да. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы қазақ әдебиеті әлемдік биікке көтерілді. Көтерілісімен міндеті де өзгеріп зорайды. Соны әбден түсініп жеткен келесі буын: «жарық жалғанның алдында жақсы атандырып кеткен әдебиеттің биік деңгейін төмендетіп алмау қай-қайсымызға да оңайға түсе қоймас»1 - деп, бұндай жауапты сыннан сүрінбей өтудің жолдарын іздестірейік, - деп ұлы сөз шеберінің алдында ант бергендей болып еді.
«Төмендетіп алмаудың» басты шарты – тарихилық һәм заманалық (историзм и современность)2 проблемасын игерудегі әдебиетімізде бұған дейін болып көрмеген ілгерілеуді сақтап дамыта түсу, ұлт өмірінің іші-тысын, барша тынысын толық шындығымен, бүгінгі қоғам биігінен бейнелеп, әлем әдебиетінің кемел туындыларының сатысына көтерілген жерінде ұстап қалу, солардың дәрежесінде әрі қарай дамыта беру еді.
Абырой болғанда, қазақ қаламгерлерінің келесі легі сөз өнері алдындағы жауапкершілігін титтей де кемітпей, әдебиет көшін тұралатқан жоқ. Анттың қалай орындалып жатқанын «Абай жолынан» соң шет ел тағы да бас салып жапа тармағай аударған «Қан мен тер» романы әйгіледі. Жазушы Әбдіжамил Нұрпейісов тарихи романның әлеуметтік-психологиялық үлгісін сомдап, үлкен суреткерлік шеберлігімен көзге түсті.
Алайда социалистік реализмнің қасаң принциптері тарихи роман адымын барынша аштырмағанын да ұмытпауға керек. Тоталитаризм идеологиясы, оның ішін кеулеп алған шовинизм құрты тарих қойнауына тереңдеп барғанды ұната бермейтін. Таптық принциптен қия бастыртпайтын. Жазушы атаулы «Саптыаяққа ас құйып, сабына қарауыл қойғанның» күйін кешетін.
Халықтың тарихын емес, хандардың тарихын жазады, патриархалдық-рушылдық ескілікті көксейді, ұлы орыс халқының қалтқысыз туысқандық көмегі хақында жұмған аузын ашпайды деген жаттанды сынға қалмас үшін, айталық, Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясының әр тұсына оның бағыт, бағдарына мүлде жат, ерғашты саяси әләуләйді сыналауға мәжбүр болды.
Қазақ елінің тарихы – Атамекеніміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы жан алып, жан берген күрес тарихы. Асқан патриоттық рух әсіресе Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы туралы шығармаларға тән. Бұл соғыс туралы бұрын да талай туындылар жарық көргені мәлім. Әнуәр Әлімжановтың «Жаушы» (1974), Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» (1976), Софы Сматаевтың «Елім-ай» (1976, 1980) Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984), романдары қалаған тақырыбын ойдағыдай игеріп, кезінде оқырман жұртшылықтан жақсы баға алған туындылар.
Кеңес дәуіріндегі тарихи романның үздік табысы да, уақыт табы қалдырған кемістік, олқылығы да жуырда жарық көрген он томдық «Қазақ әдебиеті тарихында» жаңаша талданып, оқушы жұртшылықтың таразысына тапсырылды.
Енді міне, ХХ ғасырдың аяғы ХХІ ғасырдың бас шенінде тарихи жанрдың қайта көгеріп жаңғыруының куәсі болып отырмыз. Жанрдың түлежуі, мазмұны мен түріне жаңа ажар кіруі – тексерілуін, заңдылықтарының ашылуын күтіп тұрған келелі іс. Әдебиеттің қолы байлаулы емес. Өткен күнді қызықтау, ұлықтауы ғылымнан ерек. Лев Толстой айтқандай, «История искусства не имеет той связанности и невыполнимой цели, которую имеет история-наука. История-искусства, как всякое искусство, идет не вширь, а в глубь...»1 Басқа сөзбен айтқанда, романдай сөз өнері ғылымның қолынан келмейтін, шамасы жетпейтін іс істейді. Тарих кеудесіне жан салады.
Тарихи роман қашанда замана ділгірлігінен, оның қалай дамып бара жатқанын ойлау дертінен туындайды. Даруын табу үшін бір мезгіл ата-баба мирасына құлақ асады. Іздеуінде талғам бар. «Жоғалған пышақтың сабы алтын» деуден аулақ. Өткеннен үйренеді де, жиренеді де.
Еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күрес тақырыбы енді қазіргі тарихи романның жаңа беттерінің сүбелі бөлегін құрап отыр. Тәуелсіздік жазушылар санасына күрт өзгеріс енгізді.
Қазіргі тарихи романның өткенге сұрау салуы бұрынғыдан батылырақ, ауқымдырақ. Бұлжымас принципі - шындық. Әр дәуірдің күнгейі мен теріскейін қаз қалпында көрсете білу. Сөйтіп ата-бабаларымыздың ұлағатты сөзін қару ету.
Тұрсынхан Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы» (2003), Софы Сматаевтың «Елім-ай» (үшінші кітап. 2003), Хасен Әдібаевтың «Отырар ойраны» (2001), Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» (1994), Ұзақбай Доспамбетовтың «Қызыл жолбарыс» (2000), «Абылайдың ақ туы» (2004), Жанат Ахмадидің «Дүрбелең» (1990), «Шырғалаң» (1997), «Есенгелді би» (2004), «Қалмұқан Исабайдың «Шоң би» (2005), Кәдірбек Сегізбайдың «Беласқан» (2001) романдары – жаңа міндет үдесінен шыққан туындылар. Ең үлкен жетістіктерінің бірі - өткеннің оқиғаларын, фактілерін іріктегенде тарихи шындықтың бүгінгі ел, ұлт мүддесімен сабақтасатын, еліміздің болашағына қызмет ететін қыр-сырларына барынша көңіл бөлетіндігі.
Отан қорғау, ел тәуелсіздігі тақырыбына арналған романдардан суреттейтін тарихы жағынан ең көнесі – Тұрсынхан Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы» атты романында суреттелген. Қазақ көркем әдебиетінің бұрын көз сала қоймаған қойнауларына барған шығарма сюжетінде өрнектелген оқиғалар тарихи шындыққа толық сәйкес, мөлшері – ХІІ-ХІІІ ғасырларда, Ертіс пен Орхон өзендері аралығында өтеді. Бұл жерлерді наймандар, өзге де түрік тайпалары ежелден қоныс еткенін «Моңғолдың құпия шежіресінен»,1 Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхамеджан Тынышпаев, Сәрсен Аманжолов еңбектерінен оқимыз2. Найман мемлекеті ХІІ ғасырда құрылып, ХІІІ ғасырда жоқ етілген. Жерлесіміз Қадырғали Жалайыр «Шежірелер жинағында ерте заманда монғол жерінде жалайыр, меркіт, керейіт, наймандардың «әрбірінің өз патшасы бар еді»3- деп жазады.
Жазушы Зәкенов «Шыңғыс ханның құпия шежіресіне», басқа да тарихи деректерге сүйене отырып, тарихымыздың өткен бір кезеңінің ұмтылмайтын жылжымалы панорамасын жасайды. Шығарма тарихи романның хроникалық түріне жатады. Ағын судай тасқындаған оқиғалар тарихымыздың мақтаныш ететін тұстарын да, күрсініп бас шайқататын трагедиялық жағдаяттарын да баян етеді. Елдің құт-берекесі – халықтың бірлігінде, ынтымағында. Одан айрылдың – жат жұрттың қорлығына ұшырадың, біттің, өштің. Осы ата-баба ұлағаты роман көркем ойының арқау-желісі, өзекті өрісі.
Романның әр тарауы кейде кейіпкерлердің, кейде автордың өз атынан баяндалады. Найман, жалпы қазақ тайпалары мемлекеттерінің құлдырауы есебінен бұрынғы аты арық, тоны тозық моңғол жалының жылдан жылға қалайша күдірейгені көрсетіледі. Роман композициясы осы үрдестің (процестің) хронологиясына құрылған. Оқиғаның тасқынды ағысы шығарма сюжетінің басты қозғаушы күші Шыңғысханның характерін іштей ашуға орын қалдырмайды. Автор Шыңғысханның, басқа да кейіпкерлерінің психологиялық күй-жайын, характеріндегі ерекшеліктерді өзі атап көрсетіп отырады. Сюжет барысында кейіпкер жазушы сыпаттама берген мінезіне сәйкес әрекет етеді.
ХІІ ғасырда найман мемлекетін құрушы – Инаныш Білгі қаған («Моңғолдың құпия шежіресінде» Инанча Билгээ хан аталады.). Оның екі ұлы Таян мен Бұйрық әкесінен қалған жесірге таласып найман жұртын қақ бөледі. Міне, осы тартыстың арғы-бергі тарихы бір жағы романның ден жартысын алып жатқан экпозициясы да. «Кәрі Инанш ханның дүние салғанына енді ғана бір жыл толса да, оларға әкесінің қазасынан гөрі тақ пен тәжінің, жастай жесір қалған Кербезі бегімнің уайымы қатты батты»1.
Десе де, ел бірлігіне іріткі салудағы басты кінә жақсы менен жаманның арасын айыра алмайтын доғал, «мінезі таудан тас домалатқандай дөрекі» Бұйрық ханға аударылады. Бұйрық хан образының тақырыбы – көкейін өз құлқыны ғана тесіп, ел, жұрт, халық мүддесі дегенге құлағы керең, түкке тұрғысыз уақшылықты әшкерелеу. Мұндайлар билік басына келсе, халықтың соры.
Таян хан інісіне мәмлеге келейік. Кербезі Бегімнің өзі айтсын, кімнің етегінен ұстайтынын, әкеміздің жесірі қалай шешсе, соған көнейік дейді. Жеме-жемге келгенде өгей шеше Таянға бұйырады. Бірін бірі ұнатып қалса керек... Қазіргі оқушының құлағына түрпідей тиетін мұндай «махаббаттың», роман ескертуіне қарағанда, «өз кезінде еш әбестігі болмайтын».
«Қыр өлкенің өткені» атты тарау найман мемлекеті маңайындағы татар, моңғол елдерінің өткен-кеткенімен таныстырады. Қара суға қан ағызған Темүжиннің сақаға таласып («Құпия шежіреде» - балыққа) ағасын өлтіргенін құлаққағыс етеді. Алғашқы тарау Құба-текі жыраудың аузымен айтылса, екінші тарау әңгімешісі – Сәуке бақсы. Олар Инанш білгі Бұқа ханның тұсынан бергі тарихты қозғайды.
Үшінші тарау «Бозкүлік» - бұл да тарих. Инанш Білге қағанның бұрынғы керуен басының қолды болып кеткен сәйгүлігін іздеуге аттанған Сарал деген жігіттің аузымен сол кездегі Орта Азия тарихы баяндалады. Сарал батыр – ойдан шығарылған, халық рухының жеңілмейтіндігін көрсететін тұлға. Тарауда сонымен бірге керейдің Оң ханы мен Темүжін одағы сөз етіледі.
Төртінші тарау «Керуенде кездесу» негізінен керей Оң ханға арналған. Інісі Ерқара найман қолының көмегімен (ішінде керей жасақтары да бар) оны тақтан тайдырған соң төрт жыл қаңғып, ақыры Темүжіннің қолтығына тығылады. Оның көмегімен Ерқараның басын алып, қайта таққа отырады. Роман экспозициясы, кіріспе бөлімі осы тараумен аяқталады. Негізгі оқиға суреттелер алдындағы тарихи жағдай қатты боран соғар қарсаңындағы табиғаттың тұнжыраған қалпын елестетеді. Ел басына қауіп төнгенін сездіреді. Тарауда дос болып күле отырып, ішінен қастық ойлайтын көрші ел басшысы Темүжиннің түлкінің ізін қоянның жымына салатын айласы сыздықтап суреттеле бастайды.
Орқынды (Орхон) жайлаған әрқайсысы өзінше патшалық құрған найманның, көршілері керейдің, жалайырдың басшылары алысты болжау қабілетінен жұрдай. Сақалы қауқиған Оң хан баласындай Темүжиннің қол жаулығына айналады. Мұрнына жағымсыз иістің келгенін сезген баласы Сәнгүннің байқас болына құлақ аспайды. Бұлталақтығы ақыры өзінің, күллі керейдің түбіне жетеді.
Сөйтіп роман экспозициясы үлкен идеялық жүк артады. Шыңғысханды әлемді жаулаушы етіп есірткен оның үздік стратегтік қасиеті ғана емес, ел бірлігінің бұзылуынан, Бұйрық хан секілді ездер билігі салдарынан асқынған кесел де.
Жоқтан өзгеге өкпелеп ел мүддесін ұмытып, көзіне шел қаптаған Бұйрық хан болса жаулықты туысы Таянханнан күтіп жүрген. Бейшара төніп келген жауға қылышын суыруға да жарамай Енесейді жағалаған қырғыз жаққа бас сауғалайды... Қазақ тайпалары басшыларының «жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында» деген халық даналығын тарс ұмытқан бейғамдығы, аспан асты өзіміздікі деп өзгені көзге ілмей келген көрсоқыр менмендігі ендігі тарауларда айналдырған ауру алмай қоймайдыға шығады.
«Алтайдың күн бетіндегі аламан шапқын» атты бесінші тарауда роман найманның Бұйрық бастаған оң қанатының күйреуін суреттейді. Ез басшысының істемегенін найманның көкжал батыры Көксау Саурық істейді. Моңғолды жайпауға кіріседі. Бірақ ұрыстың шешуші кезеңінде ұтылып қалады. Бұл жолы қапы соқтырған найман жасақтары емес, өз ағайынымыздың жетесіздігі еді.
«Монғол қолы Өр Алтайдың Бұлғын суының бойына келгенде жарақтанып дайын тұрған найман жасағының тосқауылына тап болды. Бір тәулік бойы ұдайы шеп жайып сайысқан басқыншы жау ат-көлігі тұралап, азық-түлігі таусылып қайтерін білмей тұрғанда, бір бүйірден Керей қолы келіп құйылды. Сонымен қалың жауға қарсы шабар айласы қалмаған Найман қолы шегінуге мәжбүр болды»1.
Роман ер бірлігі, қазақ ауыз бірлігі идеясын оқушы құлағына өстіп тарихымыздың қара да қайғылы беттерін парақтай отырып, шыжымдап жеткізеді.
Экспозицияның және бір түрі – тежелген экпозиция деп аталатыны мәлім. Мәтіннің орта беліне орналасқан кіріспе арқылы Тұрсынхан Зәкенов романның алтыншы тарауында найманның Шыңғысханмен ширек ғасыр соғысқан ерлік тарихының рәмізі - Күшлік ханға байланысты соны сюжет құратынын аңғартады.
Тұрсынхан кейіпкерлерінің мінезі оқиға барысында ашылып отырады. Бір басына қайшылығы жетерлік кейіпкер - Таянханұлы Күшлік қазақтың Саурықтай батырларына сүйеніп, тағы бір шағын ұрыста моңғол жасақтарын шегінуге мәжбүр етеді. Бұл жолы Керей Оң хан ұрыс даласын Темүжінге айтпай тастап кетіп қалған еді. Оң хан бастаған керейді тым құрса бейтарап қылудың орнына наймандар моңғолдың бетін қайтардық, енді керейден кеткен есемізді қайтарамыз деп даурығады. Ақыры Оң хан Темүжіннің құшағына қайта кіреді.
Автор суреттеген оқиғалардан түйетінің – түрік тайпалары басшыларының бастарының бірікпейтіні, тым құрмаса өздерінің ата-бабаларының Орхон ескерткіштерінде қалдырып кеткен өсиетіне құлақ аспайтыны, алысты болжауға қауқарсыздығы, бейқам берекесіздігі.
Ел мойнына жау қылышы төніп тұрған ауыр жағдаймен есептеспеген Таян хан ұлан-байтаққа сауын айтып, Инанш білгінің асын өткізеді. Күнгей беттегі найманның сілікпесі шыққаны кәперінен кетіп үлгірген.
Тарихи кейіпкердің қылмысты жайбарақаттығын қайталап шеней отырып, романшы асқа арналған тарауды әуелгі идеялық нысанасын бекіте түсу үшін пайдаланған. Ел бірлігі тақырыбы енді бүкіл алаш биігінен сөз етіледі. Асқа алашпыз деген қандас, қарындас жұрт елдің бар түкпірінен ағылады. Үйсін Майқы би қазір жұртының қиданға тәуелді болып отырғанын қинала айта отырып, «Алаш баласы бір шаңырақ астында бірігейік» деген ұран тастайды.
Романның «Орқыннан айрылу» атты екінші бөлімі ел бірлігі идеясын бекіте түседі. Сахнаға Бұйрық хан ақырғы рет шығады. Талай одақтас жинап Темүжінге қарсы аттанғанмен, шешуші кезеңде майдан шебінен тағы да зытып береді. Кекшілдігі әңгүдіктігінен, әңгүдіктігі кекшілдігінен асатын Бұйрық, ағасы Таянмен өлсе де тіл табысқысы келмейді. Бәрінен де өзі тырапай асқанымен қоймай, ағасының да яки қалған найман да күйресе екен дейтін қара тілеу нақұрыстығын айтсаңшы.
Басы бірікпеген түрік тайпаларын Темүжін өзара қырқыстырып, одақтас болғансып жүріп, біртіндеп өріктей шағады. Іргелес жатқан тайшығұт пен татарларды, керейді қырады. Уақ елінің ханы Алақұс, артынан дүрбең, қоңырат, қатігін секілді тайпалардың ақсақалдары Темүжін жағына шығады. Дүрбен, татар, тайшығұт, қоңырат, жалайыр, қатагін, керей, уақ тайпаларының әр бірінен алынған түмендіктерді қосып, жиыны жүз отыз мың қолмен аттанған Шыңғысхан қырық мың қолды найман мен меркітті күл-талқан етеді.
Тарихи Күшлік хан да Шыңғысхан басқыншыларына қарсы соғыста қаза табады. Күшлік хан – әскер құрып, оны басқара білетін аруақты тұлға. Бір басына ақылы, қулығы да жетерлік. Шыңғысханнан қашып келген бойда біраз жылдан соң бүкіл Орта Азияны ғұзырында ұстап тұрған қуатты Қара Қидан мемлекетінің Ғұзырханын тақтан тайдырып орнына өзі отырады. Бірақ Шыңғысханның Жебе бастаған түменінен жеңіліп қалады. Романда оның себептері әдемі ашылған. Қара Қидан мемлекеті ғұзырындағы елдермен күш біріктіруге Күшлік ханның айласы жетпеген. Ажалын шақырған ең үлкен қатесі - жергілікті мұсылман халқын өзіне қарсы қойып алды. Ханмын деп асып-тасыды. «Асқанға – тосқанның» кебін киді.
Роман авторы Зәкенов – тарихшы ғалым. Этнографияның да білгірі. Оның үстіне тілге бай. Тарихи тұлғаларға жан бітіре алады. Дәйексіз Оң хан, айбынды Күшлікхан, қара басының құлы Бұйрық хан, ержүрек Саурық, Сарал, Жалаңаш батырлар бейнесі – романның аз жетістігі емес.
Роман қазақтың бірталай тарихи шығармаларында жалау етіп ұсталатын ел бірлігі идеясымен қатар, тың концепция да ұсынады. Біз көп жылдар бойы шовинизм идеологиясының әсерімен халқымыздың өмірін істен алғысыз етіп келдік. Қайыршы едік, аш-жалаңаш жүрдік, көзімізді ашқан, тәнімізді жапқан Октябрь революциясы деп қақсадық. Романның үлкен бір жаңалығы – Алтай мен Орхан өзені аралығын мекен еткен қазақ халқының сүбелі бөлегін құраған тайпалардың елі мен жерін жер ұйық, мамырстан етіп бейнелейтіндігі.
Сырттан келген саудагерлер (Ханбалықтан, Нишапордан, Хорезмнен, Қойқаптан) «тұлпар баптап, тұйғын ұстаған, аңшылық десе ішкен асын жерге қоятын найман еліне өте қызыға қарайтын. Олар барын салып саудаласып жүріп, наймандардың қазынасынан сіреген көкшолақ қасқыр, қара түлкі, бөрте қарсақ секілді бағалы аң терілерін, Алтай мен Ханғай тауларының мың сан дертке дауа шөптерін, бұғы мүйізі мен шыбығын, пышақпен қырлағандай әдемі асыл тастарын алып кетіп жататын. Есесіне мұнда алтын-күміс, дүние-мүлік аткөпір болып үйіліп қалатын.
...Киімі бүтін, тамақ тоқ, жау-жалам жоқ, бейбіт, мамырстан заманда ауылдың кәрі-жасы салқын төс, сайқын бұлақ бойына келіп әңгіме-дүкен құратын»1.
Романның осы жердегі бір жете ойластырылмаған тұсы, қой үстіне боз торғай жұмыртқалап, ит басына іркіт төгілген мамырстан заманының тек материалдық байлық жағын ғана қызықтайтыны. «Құпия шежіреде» наймандардың яки қазақтардың мәдениеті моңғолдан жоғары тұратыны айтылмайды емес. Алайда мәдениет, рухани байлық жағы Зәкенов шығармасында қозғаусыз қалады дерлік. «Құпия шежіреде» мынадай жолдарды кезіктіреміз.
«Таян ханның шешесі Гүрвэсү ханымды Чингис хаган алдыртып келіп: «Сен монголдың иісі сасық депсің ғой? Енді неге келдің? – деп сұрайды. Оны Чингис хаганның өзі алады»2.
Романда бұл сөз Таянханның өгей шешесі әрі тоқалы Кербезі сұлудың аузына салынады. Менменсіген мінезін көрсетуге бола келтірілген. Ал, ел мәдениетіне қатысты астары ескерілмеген. Таян ханның қатынас қағазға басылатын мөрі немесе Орқын өзені бойындағы құлпытастардағы жазулар не деп тұр? Шығарманың бір жерінде құлпытастағы жазулардың елді бірлікке шақырғаны ғана еске алынып, басқа мәні ашылмаған. Көбіне соғыс қимылдарымен айналысатын романда ата-бабамыз мәдениеті мен әдебиетінің (тасқа қашалған эпос) биіктігіне тиісті образдық кеңістік берілмеген.
Жазушы тарихтың көне беттерін аударып, ерте кезде Ескендір Зұлқарнайынды, Кир патшаны жеңген дала елін Иран, Арабия, Рим жұрты жеңіске «жетуші – ғалб қазғанушы «қазғақ» деп атап кетіп еді»3 деген ой айтады. Яғни қазақ мемлекеті ХV ғасырда пайда болған деген тұжырымды дәлелді түрде жоққа шығарады.
Осы пікірді ұштай түсу керек еді. Күшліктің Жетісу, Қашқар мен Қотан жеріндегі Алаш әулетін яки жалайыр, үйсін, қаңлы, қыпшақ, оғыз, қарлық, дулат тектес байырғы қазақ тайпаларын өз қол астына топтастырғанын дұрыс, тарихи шындыққа сәйкес жаза отырып, роман авторы найман, керей, қоңырат, уақ, т.с.с. түрік тайпаларын бұл тізімнен тысқары қалдырады.
Жарым-жартылай тізімнің қисыны келмейтінін «Құпия шежіреден» де байқау қиын емес. Қоңырат Дей шешен өлеңіндегі «қазақ арбасы» деген сөз кезігеді. Ол қайдан шыққан? «Қазақ» деген сөз жайдан-жай қолданылып отырған жоқ қой.
Немесе: Орқын өзені бойындағы ескерткіштегі жазулар сол жерде қоныс еткен ата-бабаларымыздікі болмағанда кімдікі? Роман Шыңғысханға: «Апырай-деген, бұл наймандар баяғыдан даланың ең шұрайлы қоныстарын иелеп жатыпты ғой...Мына Орқын бойының қалың орманы мен жасыл жәзирасы қандай... Енді моңғол баласы өмірі бұл жерлерден тұмсығыңды тартпа, Найманға қайтып бастырма!» - деген сөз айтқызады.1 Жердің кімнің атамекені екенін, ондағы құлпытастың астында жатқан моңғолдың қабірі емес, жазуларын қашап түсірген наймандар мен басқа түрік тайпалары екенін қызыл көз тажалдың өзіне мойындатқызады. Ендеше, «қазғақ», сол кездің моңғолдары «хасаг» дейтін сөз Орхон өзені аңғарын ғасырлар бойы жайлаған түрік тайпаларының - найманның, жалайырдың, меркіттің, керейдің түп тегіне тіке қатысты.
Әрдайым жазылып отырған дәуірдің өткенмен сабақтастығын табу – тарихи жанрдың ежелгі дәстүрі. Тұрсынхан Зәкенов ол сабақтастықты еліміздің ащы тарихи тәжірибесінен іздейді.
Қазақ прозасы Шыңғысхан туралы Василий Янның, Исай Калашниковтың романдары іспеттес арнайы шығарма тудырмаса да, бұл тарихи тұлғаға әлсін әлі оралып отырады. Зәкенов туындысында Темүжиннің тікелей сахнаға шығуы сиректеу болса да, бар оқиғалардың қозғаушы күші ретінде үнемі назарда ұсталады. Ол оқиғалар негізінен «Құпия шежіре» төңірегінде ұйтқиды.
Хасен Әдібаевтың «Отырар ойраны» романында шежіре кітаптағы негізгі оқиғалардың сөлі ғана беріледі. Шыңғысханның Орта Азияға жорығы, оның алдындағы жойқын соғыстары – әлсін әлі еске алынады. Және ілгерінді-кейінді баяндалатын сол оқиғалар шығарма кейіпкерлерін әрқилы ойларға жетелейді.
Әрқилы болатыны – роман ішкі байланысы болғанмен, дербес екі тақырыпты қозғайды. Бірі – Отырар үшін айқас. Екіншісі - Шыңғысхан туралы. Бұл – роман композициясының басты ерекшелігі. Ол ерекшелік автордың алдын ала ойластырған ойынан туындайтыны кітаптың титул бетіндегі қос аталымынан көрініп тұр. «Отырар ойраны» деген тақырып астынан «Шыңғысханның соңғы жылдары» деген сөздерді оқимыз.
Шыңғысхан – шиесі қиын бейне. Ежелгі өркениет ордаларының бірі – Отырар шаһарын жойған жауыз. Және сол жауыздықтың философы. «Отырар менің даңқымды аспанға көтерер аңыздың көзіне айналады...»1- дейді Қайыр ханды өлтірер алдында. Отырар ханының көзіне күміс құйғаны – ол да, Отырар қақпасын ашқан сатқын Қараджаны жазалауы – бәрі атағымды қалай асырсам деген даңққұмарлықтан... Пендешілігі де бір басына жетерлік. Ажал алқымынан алғанда Кербұғыға жалынады. Өйткені Құдайдың сыбырын естіген: «Кербұғыны таптыр. Тек сол ғана сені ажалдан құтқарады»2- деген.
Кербұғы жырау, Отырар кітапханасынан сусындаған, әл-Фараби мирасқоры – Қадыр үлем, Отырар қорғаушысы - Қайыр хан қаһарман – бұл бейнелер ойрандалған қаланың қасіреті туғызған бейнелер. Қайыр хан патриоттық тұрғыда тебіренсе, Кербұғы жырау мен Қадыр үлем ұлттық тақырып аясынан асып, жалпы адамзаттық проблемаларға ойысады.
Роман бірден күлтөбе үйіндіге айналып көңірсіп жатқан Отырардың үстінен шығарады. Күрсінген дала, күңіренген аспан. Неге бұлай? Мың жарым жыл өмір сүрген, сол кездің өзінде қыштан жасалған су құбыры, Александрияның атақты кітапханасымен таласатын бай кітапханасы бар, өркениеті құлпырып жайнап тұрған қала неліктен тағдырдың тәлкегіне ұшырады? Осыған жауап іздеп көк аспанға көзін телмірткен Кербұғы жыраудың жүрегі алып-ұшады. Ойы сан-саққа кетеді...
«Бәрі де рахымында шек жоқ, қайырымында қисап жоқ бір Алланың ісі, бірақ, біз де Алланың пендесі емес пе едік!..»3
Шыңғысханның қасында Хэлугэ отыр. Әлемнің апшысын қуырған жарты құдайды көрген бойда кейіпкер есінен тана жаздайды. Өңменінен өткен мұздай жанардан жаны түршігіп, ырқынан тыс қоңыздай кішірейіп бара жатады. Ал, Хэлугэ – әлем жаулаушысының қасында жүретін кісі. Әрі болашақ «Құпия шежіренің» авторы. Шыңғысхан Әзірейілден жаман көрінсе де, еті үйренетін кезі болды ғой. Бірақ өйте алмайды. Кәпірдің пысы қашан да басып кетеді... Неге? Неліктен ұлы мен қатардағының арасы жер мен көктей?
Хасен Әдібаев оқушысын ойландырарлық пәлсапалық сауал қоюға құштар. Зәкенов романының жарым-жартысын алып жатқан оқиға – Шыңғысханның бар түрік тайпаларын тас-талқан етуі, бала жасынан достасқан Жамұханың көзін жоюы, өз інісі Хасардың жанын мұрнының ұшына келтіруі «Отырар ойранында» он шақты бет көлемінде адақталып шығады. Есесіне Шыңғысханның ішкі монологы теңіз толқынындай бірінің артынан бірі жөңкіледі. Түсінде ме, өңінде ме, ол Жамұханың ырсиған аруағымен айтысады.
«Жамұха Темужинге тесіле қарап, тісін ақсита қарқылдап күлді.
– Аруағымды кек кернеп, рухым сарсып жүр! Өш қайтарар күн алыс емес, анда!..
– Мен аруақтан да, адамнан да қорықпаймын!
– Мың асқанға бір тосқан! Кек! Қанды кек, Темужин!.. зауал!..»1
Зәкенов романы шілпиген жылан көз Шыңғысхан бейнесінің суреттелуі найманның күл-талқанын шығарған Жебенің жеңіспен оралғанына қатты қуануымен аяқталады. Әдібаев романының соңғы беттері сілеусін көзді Шыңғысханның жаны шығардағы сандырағымен жабылады. Біріншісіндегі рәміз – найман батыры Көксау Саурықтың мініп жүретін жирен қасқа атының басын Ордадан ары қаратып байлануы. Екіншісінікі - өлген кісі аруағының кешірім тілейтіні. Кербұғы жырау қасапкер ханды кешірмейді. Қаралы Айша апай қаңғырып жүрген бойда Шыңғысханның өлігінің үстіне зар еңіреп құлайды. Кербұғының үстіне үсті-басы қан-қан Аққұс түндіктен жыраудың денесіне құлап түседі.
Ұлы қағанның: аямаңдар! Аямаңдар!... Отырар он күн талауға түседі. Алдымен кірген түмен асыл мүлікті қаншама алса да, ешкім қолын қағып, етегінен тартпайды! Аршын төс ару – сендердікі! Алтын, күміс, асыл тас сендердікі! Моңғолдың айбыны мен айдыны жұмыр жерді тағы тамсандырсын! - деген бұйрығының мәнсіздігі енді жалаңаштанады. Шыңғысхан қарақшы көкжалдарымен қоса о дүниеге аттанғанда жиған-тергенін өзімен бірге әкеткен жоқ. Дүниенікі дүниеде қалды...
Тек бір ғана өлік ел жүрегін ғасырлар бойы сыздатып келеді.
Өлі қала Отырарға аспандағы ала бұлт күл болып жауып тұрады... Бұл Шыңғысханның өзіне өз қолымен жасап кеткен ескерткіші, - деп енді романды өзіңше аяқтағың келеді.
Тарих роман алдына қойған проблемаларының бәрін қолмен қойғандай етіп шешіп тастауға міндетті емес. Мәселенің қойылысының өзі де қай сәтте жеткілікті. Кербұғы бұрын ойлаушы еді: адам жанынан алдымен жақсылықтың нышанын ізде, арамзаның аузына оның нәрін тамыз деп. Бірақ Шыңғысхандай жаламырдың жанын жақсылық тазарта ма? Кербұғы жырау көп уақыт бойы «жақсылығың жаламырдың арам қолымен қанды қанжар боп ораларын білмепті»2.
Бұны енді ойдың ойрандалуы дейміз. Бірақ ой ойраны (фантасмагория) бәрі бір тарихи деректен шығандап шығып кетпейді. Бұл жердегі дерек деп әрекетті оқиғаларды айтып отырғанымыз жоқ. Кербұғы қиялының түп негізінде өткен заманның рухани деректері – таурат, інжіл, құран қағидалары жатыр.
Рас, жазушы Әдібаевты әдебиеттанушы Әдібаев ысырып тастаған тұстарда ішкі монолог ауырлап, тым тәптіштеліп, шытырман қағидалар әлеміне үңгиді. Шұбалаңқылыққа ұрындырады. Ондай мәнерлі шығарманың финалына да салқынын тигізген. Күн-кент Отырар қайтадан бой жазар ма? - деген арман тілекті айтумен әңгімесін доғарудың орнына, роман от басын жоғалтқан Айшаның трагедиясына қайталап соғады. Шығарманың қос финалы роман түйінін тым күрмектеп шандытып тастаған.
Көркем шығармада финалдың рөлі бөлек. Ол роман жолын тұйықтайтын соңғы нүкте көрінсе де, шын мәнінде шығарманың шырқап шығар биігі. Сол биіктен роман үлкен әңгіменің көркем пәлсәпәлық түйінін түйетіндей. Бұл – сәтті финал. Сәтсіз финал шығарманың көркемдік дәрежесіне нұқсан келтіруі де.
Тарихи романның соңғы жолдары әрқилы тұйықталады. «Әттең, дүние» деп аһ ұрғызатыны да, көтеріңкі күйде, кернайлатып-сырнайлатып аяқталатыны да болады. Соңғысына еліктегендіктен бе, Тұрсынхан Зәкенов романының финалында көк бөрілердің көз жасы кенет тиыла қалады. Қазақтың Майқы биі басқыншылар алдында тізе бүгеді. Жошыны тіпті қазақ рулары кәдімгідей ақ киізге көтеріп, хан сайлайды. «Осылайша, өлмеген құл алтын аяқтан су ішіп, өмір қайта өз жалғасын тапты. Жүректегі ескі жара жүре-жүре жазылды»1 - деп бәз-баяғы фольклордың мызғымас стереотипі – «мұратына жеттімен» аяқталады Зәкенов романы.
Қазақтар Шыңғысханның қазақ тайпаларын қанға бөктірген қуғын-сүргінінен сабақ алып, бергі ғасырларда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып топтасса, ел шетіне тиген жауды күйретіп талқанын шығарса бір сәрі. Шыңғысхан шапқыншылығынан үш-төрт ғасыр өтер-өтпес тағы сол құзғын, жоңғарың ба, ойратың ба, қазақ елін Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаға ұшыратты ғой. Орхоннан ауған көк бөрінің көзінен жас емес, қан ағызды. Қазақты аяусыз қырып, тоз-тоз етті. Салдары белгілі. Даламыз қара жамылып, «Елім-ай» әнін күңірентті. Зарлы заманның әні нешеме ғасыр өтсе де кеудеден кетер емес. Әдебиетімізді талай рет толғантқан күй шежіре әлі де жалғасуда. Жазушы Софы Сматаевтың «Елім-ай» атты роман-трилогиясының басынан аяғына дейін сол мұңлы-шерлі саз бір үзілмейді.
Шәкәрім ақын «Қалқаман-Мамыр» поэмасында жоңғарлар қазақтың «үштен екісін» қырып салды дей келе: «... Әнет бабаң көшке ере алмай, Тірідей дөң басында қалған өлмей»2 десе, бұл образ қазіргі заман жазушысы романынның бірінші кітабында Ошаған би бейнесінен заңды жалғасын табады. Ошаған би қалың өрттей қаулаған жаудан ығысқан көшке саналы түрде ермей қалады. Кәрі сүйегім туған топырағыма бұйырсын деп. Роман-трилогияның үшінші кітабында Ошаған бидің Әнет бабадай прототипі туралы аңыз Қаз дауысты Қазыбек бидің аузымен қайталанады.
« – ...Әнет бабаның өзі ғой қашқын тірліктің азабынан өлім таңбасын артық санаған. «Жерімнен қашқаным - өлімнен қашқаным, өзімнен қашқаным. Көз ашып көрген асқарым анау, көз ашып ойнаған тастарым мынау – кәрі сүйекті саудыратып туған жерден алып кеткенде, қай өгей жұрттың жерошақтай қуысына тығамын деген ғой есіл абыз».3
Елдік пен ерлік – Софы роман-трилогиясының басты тақырыбы. Қазақта «көзсіз ерлік» деген ұғым бар. Бірінші кітаптың кейіпкері найманның Садыр бұтағының атақты батыры Жомарт – сол көзсіз ерлік иесі. Жау таяу, қоныс аудару керек деген дабылды елемей тоғыз көк жал бөрісі, тоғыз көк перен ұлымен аулында қалып қояды. Табында жуықта ғана тартылған пішпелер көп, жүруге жарамайды-мыс. Сонсоң қалмақтар ашық ұрыстан жалтарады. Қорқақ. Көріп алдым тағдырдың жазғанын дейді.
Жазушы бұл жолы айқасты тікелей суреттемейді. Ердің ерлігі білек күшінде ғана емес, рух күшінде. Соны айтқысы келіп, аңызға жүгінеді.
«Тұс-тұстан шаншылған қылқұйрықты көп найза Жомартты тік көтеріп әкетті. Сауытсыз, беренсіз жалаңаш денеге көк сүңгілер кірш-кірш қадалды.
«Қалай екен, батыр? Көзіңе не көрінеді?- деді Шуна-Дуба.
«– Даламды, тауымды, елімді көремін. Әлі де болса сенен биіктеу тұрмын ғой-й...
Найзалар сылқ ете түсті».1
Жомарт батыр шейіт кететінін сезіп, туғанына 25 күн болған нәресте немересін қазан астына жауып қалдырып кетеді. Қызыл шақаны туысқандарының бірі Қуат батыр сол күні тауып әкетеді. Тағы бір еңіреп туған ер – Жанатай батыр жауынгерлерімен жаудың қоршауында қалып қояды. Жан алып, жан беріп жүріп, алдағы күнді ойлайды. Қоршаудан бір құтқарса, астындағы тұлпары ғана құтқарады. Жалғыз үміт сол. Сол үмтіпен астындағы атына ұлы Қоқышты мінгізеді.
Екі эпизод екеуі де көзсіз ерлік ойсыз ерлік емес екенін көрсетеді Ел болашағы жолында жаныңды қиғанда, ұрпағыңның болашағы үшін қиясың дейді.
Софы Сматаев трилогиясының үшінші кітабының бас кейіпкері – атақты Қаз дауысты Қазыбек би. Қазақ елі тарихының оқиғалары осы аузы дуалы ұлы тұлға көзімен бағаланады. Сонау әз Тәукеден бастап шолу жасалады.
Қаз дауысты Қазыбек бидің ел тағдырында атқарған еңбегі есепсіз зор. Жас кезінде ол моңғол һәм жоңғар ханы Қалдан Башыққа әз Тәуке хан аттандырған елшілігінің құрамында бірінші рет қазақтың да, қалмақтың да көзіне түседі. Шешендігі елден ерек жас Қазыбек исі қазақ атынан, жоғары мемлекет тұрғысынан сөйлей алатын жаңа тұрпатты қайраткер екенін танытады. Жау жұрттың ханы алдында өбектеп, бар тізгінін бірден беріп қойған бас елші Бертіс, басқа да ауыздарынан сөзі, қойындарынан бөзі түскен қазақ елшілерінен өзгеше биіктен көрінеді. Хонтайшы алдына терезесі тең елдің өкілі ретінде айбынбай ұмтылып барып сөйлегенде, арыны қатты өзендей тасиды.
«– Уай! Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды! Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз! Сен қалмақ болсаң, біз – қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Есе қуып ентелеп шарпысқалы келгенбіз! Сен темір болсаң, біз – көмір. Еріткелі келгенбіз! Сен ән болсаң, біз аспап, шерткелі келгенбіз. Қазақ, ойрат баласы, танысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз!.. Берсең хан, жөндеп бітіміңді айт! Бітімге келмесең тұрысатын жеріңді айт!»1
Бұл романның айызың қанып оқитын ең шоқтықты беттері. Кейіпкерінің айтқыштығына сүйініп, пәлі тусаң ту деп отырасың. Жас шешен сол тұстағы Моңғол мемлекетінің ішкі, сыртқы жағдайына қанық еді. Қытай Моңғолияның солтүстігіндегі Халха жерін басып алған болатын. Енді желкесіне мініп алып қыдыңдап тұр. Қазыбек би «тұрысатын жеріңді айт!» дегенде, екі жақпен соғыссаң көрерміз әуселеңді деп астарлайды. Ақыры қалмақ хонтайшысы соғыста қолға түскен тұтқын қазақтарды, қыруар малды қайтаруға мәжбүр болады. Хонтайшы өзі де сау сиырдың боғы емес екенін көрсетіп, жас елшінің жалындаған әділ де батыл сөзіне қонақ береді. Қазыбекке: «...сенің даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен. Сол себепті сенің атың бұдан былай Қаз дауысты Қазыбек болсын!.. Бұдан былай сен екі сыбағалы бол!»2 - деп, қос тоғыз жүлде байлайды.
Автор осы жайларға тоқталғанда тек шешендіктің, ел мүддесін қорғаудың үлгісін ғана уағыздап отырған жоқ. Алдына келелі мақсат қойған. Қазақтың үш жүзінен шыққан Төле, Қазыбек, Әйтеке билер тарихымыз өзі толғатып туғызған тұлғалар. Осы үш бидің ұлт тағдырындағы рөлі бұрынғы түсінігімізден әлде қайда биік. Соны түсініп жетуге шақырады.
Софы романы концепциясы жағынан және бір тарихи трилогиямен түйіседі. Қалмұқан Исабайдың «Шоң би» романында әдебиетімізде алғаш рет төре тұқымының тарихымыздағы рөлін қайта қарау мәселесі қойылса, Софы осы тараптағы өз қисындарын ұсынады. Тарихтың шешуші кезеңдерінде қазақ халқы әрқашан өз тағдырын өз қолына алған. Төре тұқымына бас ие беруден, оның алдында құлақкесті құлы секілді құрдай жорғалаудан тыйылу керек. Шыңғыс ұрпағынан тараған хан, сұлтан, төрелер, бірен-саранынан басқасы, аяққа оралғы болғаннан басқа айтарлықтай ештеңе тындырған жоқ деген қорытындыға келеді.
Қалмұқан Исабай секілді Софы да тарих атынан сөйлеп, нақтылы сауал қояды. Әз Тәукенің Қазақ елін қуатты мемлекет етіп ұстап тұрғанының сыры неде еді? Жауабы үзілді-кесілді: елді «Жошыдан тараған керауыз, кермылтық сұлтандарға бермей, елдің көзіне түсіп, құрметіне бөленіп, қадір-қасиетін асырған қарашыға билеткен еді.
Ұлы жүздің екі тізгін бір шылбырына оралған оңаша билігін Әлібекұлы Үйсін Төле биге, Орта жүздің екі тізгін бір шылбырына байлаған түгел билігін Арғын Келдібекұлы Қазыбекке, Кіші жүздің екі тізгін бір шылбырына түйілген жеке билігін Алшын Байбекұлы Әйтекеге ұлық Тәуке хан кемеңгер көрегендікпен, берекелі бірлікпен ұстатқан еді».3
Әз Тәукенің көзі жұмылысымен қазақ сорлады. Себеп: төре ұрпағы әз Тәукенің саясатын аяқ асты етті. Қайып қақыратқан іргені Болат ажыратты. Сәмеке, Әбілқайырлар құлатып тынды. Солтүстіктегі қорбаңдаған аю, шығыстағы араны ашылған айдаһар қазақтың іштей ірігеніне жымысқылана күлді. «Қазақ арасында кім көп? Қазақ арасында бірін-бірі көре алмайтын, бірін-бірі өлсе көме алмайтын алауыз сұлтан көп»1 - деп дәл өлшеп-пішіп, дегеніне оп-оңай жетті де. Сұлтан, төрелердің лаңынан қазақ ақыры тәуелсіздігінен айырылып тынды.
Оқушы көмейіне сұрақ тіреледі. Абылай хан ше? Ол төре тұқымынан емес пе еді? Сауалға роман жауабы тұжырымды. Қазақтың үш саңлақ биі ендігі ұлт билігін халықты іштен іріткен төре тұқымына бермей, қазақ қауымының өз арасынан, өз ортасынан шыққан жасқа ұстатуға бекінеді. Жасырын түрде қара қазақтың өз ішінен ел ағасы болуға жарарлық тұлға іздейді. Сөйтіп жүргенде Қазыбек бидің көзі жеті-сегіздердегі Әлібек балаға түседі. Сұрастырса, өзінің жақсы көретін жамағайыны Дәулетбектің ұлы екен. Әлібекке әскери ойынның нешеме айла-шарғысын үйреткізеді, сол түстік жаққа жіберіп мемлекет басқару жолдарына баулытады. Сөйтіп бірте-бірте Әлібек Абылай сұлтанға айналады.
Бұл аңыз ба, жорамал ма, шын болған факті ме, ол арасын тарихшылар айыра жатар. Қалай дегенде де, Төле биде түйешісі болып Сабалақ атанып жүрген құл қалайша бірден қалмақтың мынау деген Шарыштай батырын қан майдандағы жекпе-жекте омақастырады, ондай әскери өнерді қайдан үйренген бе деп күмәнданатынбыз. Софы романы сол күмән тұманын өзінше сейілтеді.
Қазақ елі отаршылдық қамытын киді. Бұған кім кінәлі? Қалмұқан Исабайдың «Шоң би» романының негізгі күйттейтін идеясы осы мәселеге саяды. Енді ойлануға керек, дейді роман. Ел тізгінін әсіресе кірмеге ұстатпауға керек. Қазақты қазақ басқарсын дейді. Шоң би тарихта болған адам. Шоң Едігеұлы (1754-1835) қарадан шыққан тұңғыш аға сұлтан. «Қара» деп отырғанымыз қазақ. Шыңғысханның ұрпағы өзін басқа қазақтан бөліп ақсүйек атаған.
1833 жылы Баянауыл округі құрылады. Соған аға сұлтандыққа сайлануға патша өкімет орындары Бопы төрені жібереді. Жіберуі – «заңды». 1822 жылы Александр 1 патша «Сібір қырғыздарының уставын» жариялады. Бұл устав бойынша қазақ мемлекеттілігінен айырылуы үстіне, жалпы басқару билігінен мүлде жұрдай етілді. Жаңадан құрылған округ, болыстарды тек төре тұқымы басқарады деген тәртіп орнатылды. Шоң бидің ерлігі, ол осы тәртіпті көрінеу бұзып, Баянауыл округінің аға сұлтандығына өзі сайланып алады. Және патша өкімет орындарын істеген ісіне көндіреді.
Шоң би образының, жалпы роман-трилогияның құндылығы, төре, сұлтан культін иланымды әшкерелей білгендігінде. Сұлтан, төрелер бір бірімен ұстасып, ел алауыздығын туғызды. Ең бір оңбағандығы, қара халықты ірітіп-шіріту, азғындату саясатын ұстанды. Қазақты бесінші түлікке санайтын төрелер түскен ауылдан қойнына «асыл ұрық» алып қалу үшін міндетті түрде әйел салып беруін талап етті. Жүйрік ат, асыл мүлік, не жылтырауықтарын төреге «сыйлауға» міндеттеді. Шоң би осы азғындыққа қарсы бел шешіп күресіп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізеді.
Шоң би мықты жасақталған образ, жалпы роман ғимараты айтарын жеріне жеткізе айтатын берік қаланған шығарма. Материалын жазушы Қалмұқан Исабай архив қазынасынан ондаған жылдар бойы тірнектеп жинақтаған.
Баянауыл округінде сайлауды болғызбай Сабындыкөл жағасына жиналған құжынаған халықты бір ғана қолын сермеп қалуымен таратып жіберген Шоң би, шығармада басқа да ірі-ірі істерімен көзге түседі. Характері атына сай. Шоң десе Шоң. Өз кезіндегі ұлттық идеямен қаруланған көреген қайраткер. Шұғыл ісі, тіліп түсер тілі оны елден бөлек даралап тұрады.
Бір сөз сайыста «ара ағайын» керей Тұрлыбек Көшенов: «Ереймен әуелі Құдайдікі, содан кейін патшанікі, содан кейін губернатордікі, содан кейін төренікі дегенде Шоң: «Былшылдапсың! Ереймен әуелі Құдайдікі, содан кейін қазақтікі! Басқалары кірме, оларға жер қайда!»-деп өз билерін ертіп шығып кетіпті1.
Қазақ халқының биік мүддесі өресінен сөйлеуге шыңдалған Шоң би – айтты-айтпады ірі мемлекет һәм қоғам қайраткері. Қытайдың көмегімен хан тағына отырудан дәмелі Ғұбайдулла сұлтан:
– Еженхан өкілін жіберіп жауап күтіп жатыр. Би, не айтасың?- дегенде, Шоң би:
– Шүршіт отыны қазақтың қазанын қайната алмайды!- деп тоқ етерін бір-ақ айтады.
Диалог, монолог құру талаптарына сай келу оңайға соқпайды. Қаздауысты Қазыбек бидің есіліп, түйдек-түйдек ой тастап сөйлегені әрқашан құлаққа қонымды естіледі. Ал, «Елім-айдың» кей кейіпкерлерінің сөзуарлыққа салынғаны сендірмейді және жалықтырып та жібереді. Өйткені сөздері характерінен қайнап шықпай, тілге де, ойға да жүйрік әрі ақын, әрі прозаик автор өз жанынан ауыздарына салып беріп отырған сияқты көрінеді.
Тіл өнеріне ыспар жазушының бірі – Кәдірбек Сегізбай. Шоңмен замандас Қамбар төре, – жазушы Кәдірбек Сегізбайдың «Беласқан» романының бас кейіпкері, – бұл да шешен. Бостан бос балпылдап сөз шығындамайды. Шұрайын тауып сөйлейді. Торғауыт уаңы Ошыржапқа жолыққанда ол ежелгі дұшпанды достыққа шақыратын мемлекет тілінде сөйлеу жүйесін табады. Екі елдің тарихынан түп тартады.
«- Алдымен ағайындық қолымды созсам, қалмақ жерімді шаңға, елімді қанға бөктіреді деп ыққаным емес, немесе іргем сөгіліп, іркітім төгілер деп бұққаным емес. Алысып та көргенбіз, шабысып та көргенбіз. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болып, қазақ та сүргін көрген. Ертіс пен Ілені қанға бояп, қалмақ та сан қырылған. Ұтқанымыз қайсы, ұтылғанымыз қайсы? Оны бір Алла айтпаса, ешкім айтпас. Енді алысып емес, табысып көрейік, шабысып емес, қауышып көрейік, пешенемізге жазған өз ырысымыз, өз дәулетіміз жетеді, бірімізден біріміз мал алсақ, тартып емес, тарту ғып алайық дегендік еді. Бір-бірімізден жан алсақ, ат көтіне мінгестірген құл мен күң ғып олжалап емес, қалыңы төленген сәукелелі қалыңдық қып қалжалайық, сөйтіп алысты-берісті, барысты-келісті ел болайық дегендік еді...»1
«Төбесіз жер болмайды, төресіз ел болмайды» деген ғадат бойынша Санияз төренің қалмақ тоқалынан туған Қамбар Тарбағатай өңіріне билік етуге шақырылған. Міне, осы кейіпкері арқылы жазушы әдебиетімізде соңғы жылдары төре тұқымының тарихымыздағы рөлі туралы өріс алған әңгімеге қатысады. Билік пен халық арасындағы қарым-қатынас мәселесін қозғайды. Қамбар төре жастық албырттығынан жаза басып, билер сотында тергеледі. Орасан құн төлейді. Халықтан: «Төреміз деп төрімізге шығарғанмен, кеудемізді басқыза алмаспыз»2 - деген сөз естиді. Халық – тобыр емес. Оның қаһарына ілігуден қандай басшы болсын абай болуға керек, дейді «Беласқан» романы.
Халық тарихта шешуші рөл атқарады дейтін көптен сіңісті дәстүр Кәдірбек романында қазақ қауымының барша тірлігін, әдет-ғұрпын, тіпті шаруашылық саналатын істе мал бағудың да әрі-беріден соң өнерге жататынын бояуы кірікті, ашық, алуан көркемдік кесте құралымен иланымды жүзеге асырылған. Бір кезде бас романымызға («Абай жолы») қазақ атам заманнан сондай жарасымды салтымен тұрса, қарны тоқ, қайғысы жоқ болса, Октябрь революциясының не қажеті бар еді деген сын айтылып жүрді. Ілгеріде сөз етілген Зәкенұлы романы секілді, Кәдірбектің «Беласқаны» да кеңес кезінде басылса, сондай қыжыртпа сынға ұшырап қалар еді. «Беласқан» романы отарлану алдында қазақтың қай жағынан да дүниенің өзге жұртынан қалыспайтын, сонымен бірге оларды қайталамайтын ұлттық әрі, өзгеше бітімді іргелі ел болғанын талассыз суретпен, басқа шығармаларды қайталамайтын тосын да жарқын детальмен, айшықты, ажарлы тілмен жеткізе білген.
Қазақ тарихи романының жаңа беттері өткелектен өткен күндерді еске алып, әйтеуір бір қаужаңдасып қалуды көздемейді. Талап қылар мақсаты - өткен-кеткенді әңгімелеу жолымен еліміздің, жеріміздің былайғы тағдыры туралы ой жарыстырып, ақыл өсіру. Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» роман-дилогиясы Жоңғарға қарсы соғыстың соңғы кезеңін сөз ете отырып, мына бүгінгі тәуелсіздік дәуірінің көкейкесті проблемаларымен сабақтасады. Шығарма бастапқы беттерінен-ақ бірден Ресейге өз еркімізбен қосылғанымыз – қазақты құрып кетуден сақтады дейтін жарамсақ тезиске қарсы атой салып қарсы шығады. Ешқашан біреудің ноқтасында жүріп көгермейсің дейді. Дилогияның бастапқы кітабы әңгімесін негізінен осы мәселе төңірегінде ұйытады да, басты кейіпкері Қаракерей Қабанбай батыр хикаясына ауысады.
Бұл романда да Төле би, Қаз дауысты Қазыбек билердің ел тағдырының шешуші кезеңдеріндегі өлшеусіз еңбектері толымды, көз тоқтатарлық суреттер арқылы жеткізілген. Бірақ баса әңгімеленетіні – қазақ батырлары. Роман кеңес кезіндегі қайсыбір шығармаларда дәріптелгендей, жоңғарды күйреткен шешуші жеңіске қол жеткізген Әбілқайыр секілді «ақсүйек» емес, Шұбаркөл, Бұланты бойындағы, Балхаш жағасындағы барлық жеңістер «кемерінен асып буырқанған халық кегінің қарымтасы, сол халықты соңдарынан ерте білген батырлар еңбегінің жемісі еді»1 дей келе, Қаракерей Қабанбай, оның қандыкөйлек қаруластары: ерен қолбасылар Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Жасыбай, Малайсары, Саңырақ, Баян, Тайлақ, т,б. батырлардың жеңімпаз ерліктерін жыр етеді.
Романның бас кейіпкері – Қабанбай әр қырынан суреттелген. Қубас атты тұлпарын мініп майданға шыққанда ол фольклор дастандарының қаһарманын көзге елестетеді. Тірі Алпамыс, тірі Қобыланды көрінеді. Өйткені жекпе-жектің үздігі. Қырық жыл аттан түспей соғысқанда талай қалмақтың ортан теректей жүрек жұтқан алпауыттарының басын қанжығасына байлаған. Қаракерей Қабанбайдың екінші қыры – стратегияға да, тактикаға да жүйрік қолбасы. Қабдеш дилогиясы Жоңғарға қарсы Ұлы Отан соғысының аяқталар кезеңі 1748 жылдан басталады. Әлі де қазақтың жерінің тең жарымын басып жатқан жауды біржолата ел шетінен түріп шығуда Қабанбай басқолбасы есепті шешуші рөл атқарады. Романда үлкен шыншылдықпен көрсетілетін Қабанбай бейнесінің үшінші қыры – ел биігінен ойлайтын терең парасаттылығы. Оның халық даналығмен суарылған мына бір ұлағаты Алматыдағы Азаттық ескерткішіне не Астанадағы Бәйтерекке алтын әріппен жазып қоярдай сөз:
«Дұшпан астыңдағы атыңды сұраса, аяма. Өйткені Қамбар ата аман болса, тұлпар тумай қоймайды. Дұшпан қойныңдағы қатыныңды сұраса да, таршылық етпе. Өйткені, елің аман болса, сен үшін тағы бір сұлу бойжетеді. Тек дұшпанға бір сүйем жер беруші болма! Өйткені асыраушы жер ана ешқашан үлкеймейді!»2
Софы Сматаев, Кәдірбек Сегізбай, Қабдеш Жұмаділов шығармаларының қазақ тарихи романдарының жаңа беті деуге тұрарлық үлкен бір жетістігі, қазақ халқының кек сақтамайтын, кешірімді, мейірман мінезін үлкен тапқырлықпен көрсете білгендігінде. Бізге моңғол жұрты не істемеді? Әлмисақ заманда жер ұйығы – Орхон бойынан түріп шықты. Бір емес, әлденеше рет қазіргі ата қонысымызға тажал өрті боп тиді. Бітімсіз жауыздық шапқындарында жер бетінен жоқ ете жаздады. Сонда да жауды ел шетінен түріп шыққан соң, қазақ қалмақты шығыстағы қалқанымыз есепті түгел қырып жоюға бармады. Ал, енді тарих зауалы жоңғарға келгенде, көрші жұртқа шын жаны ашыды. Қалған-құтқандармен көршілік тату қатынас орнатуға тырысты.
Қазақ романы жоңғардың түп-тұқиянымен құрығанын бір жағы Қытайдың геноцид саясатының салдары деп есептесе, бір жағы жоңғардың жан аямас қатыгез пиғылынан көреді. Жазушы Ұзақбай Доспанбетов «Қызыл жолбарыс», «Абылайдың ақ туы» романдарында осы жайларға айырықша көңіл бөлген.
«Қызыл жолбарыс» романы ХVІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылылғы оқиғаларына арналған. Оқиға Жетісу өлкесінде, Қаратау бойында, Сыр жағалуында сол кездегі қазақтың екі астанасының бірі – Ташкент қаласында өрістейді. Қазақ ішінде бірлік жоқтығын қалмақтардың мықтап пайдаланғандығын бұл роман да жеріне жеткізе суреттеген. Романның үлкен жаңалығы, қазақ басшылығы, алдымен Болат хан жоңғардың құжынаған қол жинап қозғалысқа түсіп, ел шетіне шоғырланып жатқанына толық хабардар болған. Хабаршының бірі – романның бас кейіпкері Ескелді би. Не шара, қайран қазақ тым бейқамдыққа салынды. Басшыларынан бастап, бұқарасына дейін сақтық, қырағылық мінезден жұрдай еді. Ескелді би ғұзырындағы елге тез көшіңдер деген бұйрық түсіреді. Сол бұйрықты жеткізген немересіне Бұқпанбет деген шал:
«А, не дейсің, балам, жас би Ескелді жоңғар қозғалып жатыр дей ме, ол жоңғаралар бізге шаппақ түгіл ең алдымен келіп, мына менің бір бұтымды көтеріп алсын. Олар менің бір бұтымды көтере алмайды- деп, жамбастап жатқан күйі тым тәкаппар жауап берген»1.
Жоңғарлар шапқанда дәл сол немересі ауылда жоқ еді. Сұмдық хабарды естісімен ауылына шабады. Келген бойда алдынан шыққан алапаттан есінен тана жаздайды. Ауыл орны тып-типыл. Бұқпанбет тіктірген үйдің өртеңі ғана қалған. Қасынан екі арқан бойы жерде атасының оң бұты жатыр. Ұлы денесін іздеп шарқ ұрды. Ақыры таба алмады...
Соғысудың да соғысы бар. Жоңғардың шапқыны құлақ естіп, көз көрмеген қылмыс. Қазіргі заман тілінде ондай соғысты адамзатқа қастандық деп сыпаттайды. Бір қайран қалдыратыны – адамзат заңына томпақ келетін сол жауыздығын жоңғар өз жұртына да жасаған. Роман жоңғардың жан түршіктірер тәртібіне сюжет барысында әлденеше рет оралады. Құр баяндамайды, әсерлі детальдар арқылы көкейде мықтап сақталатындай етіп суреттейді.
...Ұлыс тайшысының қарамағындағы байшігештің иті бір шаруа араттың баласының балтырын қауып қанатады. Баланың әкесі итті таяқпен салып қалады. Мұны көрген жаңағы байшігеш «итімді ұрдың» деп, шаруа-араттың арқасына отыз рет қамшы соқтыруға пәрмен береді. Қамшы жиырма бес рет сілтеніп, жиырма алтыншысы орындалар сәтте бейшара арат ақтық ышқынып, жан тапсырады. Жаңағы байшігеш кісі өліміне селт етпеуі былай тұрсын, кескен жазамды бұл толық өтемеді деп, одан сайын долданып, енді дүрені оның әйеліне салғызады. Әйелдің ащы тілі шыққан. Байшігеш одан сайын ісіп-кеуіп, сорлы ананың бір баласының мұрнын, екінші баласының құлағын кескізеді. Онымен қоймай азын-аулақ малын, дүние-мүлкін тартып алып, өздерін ұлардай шулатып, қаңғыртып жібереді2. Осы қылығы үшін ұлыс тайшысы байшігешті арқадан қағады. Жаңағы сорлылардың таланған мал-дүниесінен тайшының өзіне де үлес тисе керек...
Бұл эпизод Ұзақбайдың «Абылайдың ақ туы» атты тарихи романының бірінші кітабынан алынып отыр. Жоңғария қандай ел еді, қазаққа қарсы соғыс ашуына не себептер мәжбүр етті, соғыс олардың ұлттық мүддесіне сай келетін бе еді? Роман осы сияқты сұрақтарға жауап іздейді. Шығарма сонымен қатар қазақ ішіндегі рушыл алауыздық тақырыбын жалғастырады. Әбілқайыр хан мен Барақ сұлтанның арасындағы тартыс, жалайырдың бір тобының алшын мен қарақалпақтың жасақтарымен соқтығысы, т.б. суреттеледі.
Дегенмен, «Абылайдың ақ туы» атты романның бірінші кітабы Жоңғария жайына көбірек үңіледі. Роман оқиғаларының дені швед тұтқыны Бригиттаның көзімен бағаланады. Бұл әйел адамгершілік туын ұстаған өркениет өкілі есебінде бейнеленген. Әкесі дүниеден озып, таққа отырысымен хонтайшы Қалдан Серен бірден өгей шешесі Сетержапты, үш қызымен, қырық шақты нөкерімен азаптап өлтіреді. Осыған жаны түршіккен Бригиттаның аузына сәуегейлік сөз түседі.
«– Жоқ, мейірбанды Жоңғария! Сенің күнің санаулы! Сен алысқа бармайсың! Саған жаным ашиды, қайтейін! Жоқ, жоқ, мейірбанды Жоңғария! Сенің күнің санаулы!»1
Құдайынан қорықпайтын астамшылық түбінде зауалын табады, дейді автор. Қайғылы оқиға жазылып жатқан екінші кітаптағы оқиғалардың увертюрасы секілді қабылданады.
Жоңғарияның қалай жер бетінен өшкені, көз көріп, құлақ естімеген геноцид трагедиясы Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясында аза бойыңды қаза ететін суреттер арқылы берілген. Сол трагедияны Қарқаралыдағы хан кеңесінде Абылай хан қорытындылайды.
«Шығыстағы қалқанымыз, анда-санда күш сынасар, киіз туырлықты көршіміз еді. Сол халық енді жоқ, жарандар! Бәріміздің көз алдымызда жер бетінен өшіп кетті! – Абылай осы сөздерді айтқанда, даусына сәл діріл араласып, бет әлпетінен ауыр қасіреттің табы білінді. Басқалар да бір сәт бастарын төмен салып, аза тұтқан сыңай танытты»2.
Қабдеш Жұмаділов, Софы Сматаев, Ұзақбай Доспамбетовтардың тарихи шығармаларының және бір жылғасы Ресей және Қазақ елінің арақатысына байланысты тақырыптан тарамданады. Кеңес кезінде жарияланған шығармаларға тән ортақ қағида қазақ Ресейге өз еркімен қосылды деген идеяны барынша уағыздаушылық еді. Мұны ол романдардың кемшілігі еді деп сынау да қиын. Өйткені жазушыларда идеология шеңберінен асып шыға алатындай мүмкіндік болмады.
Бүгінгі тәуелсіздік заманының тарихи романы шындыққа беттеп, барды бар, жоқты жоқ етіп көрсетуге тырысуда. Қазақ пен жоңғарды, екі көшпенді елді неше түрлі айла-амалмен бір-біріне айдап салып, екеуін де әлсіретуді, титықтағандарында тырапай астыруды көздеген патшалы Ресейдің отаршылдық озбыр, залым саясаты тарихи фактілер арқылы расталуда.
Қазақ-қалмақ шиеленісі кезінде Ресей империясының ұстанған осы қарсақтың ініндей қалтарысы көп саясатын ашып-айыруға «Қызыл жолбарыс» романының бірнеше тарауы арналған. 1723 жылы көктемде қалмақтар қазақ жеріне бас салғанда Жоңғарияда капитан Иван Унковский бастаған орыс елшілігі жатыр еді. Автор олардың не істеп, не қойып жүргенін әшкерелеу үшін тосын тәсіл тапқан. Елшілік мүшелері Иван Унковский мен оның қоластындағы жас оқымысты Митрий Пахомыч, жас солдат Гуськов – үшеуінің арасында басараздық өршиді. Шиеленіс барысында зеңбірек құюшы швед мамандарының Жоңғария жеріне орыстардың әдейі өткізіп жіберген адамдары екені анықталады. Сөйтіп орыс үкіметі қалмақтарға от қарудан көмектесе отырып, казақтардың шыбындай қырылуына, олардың амалсыздан Ресейдің қолтығына кіруіне мәжбүр еткен...
Осыған ұқсас ойлар Жанат Ахмадидің «Есенгелді би» романында да бой көрсетеді. Ал, оның «Дүрбелең», «Шырғалаң» атты романдарында енді қызыл бояуға боянған империяның аз ұлттар тағдырымен қуыршақ ойнағандай тәлкек ететін ішмерез саясаты барынша әшкереленеді.
«Дүрбелең» романының негізгі бөлегі Шыңжаң өлкесіндегі көтеріліс алдындағы ел ахуалын, аз ұлттардың гоминданнан езгісінен шеккен адам төзгісіз жағдайын суреттейді. Өкімет орындары жергілікті аз ұлттарды нешеме түрлі ауыр алым-салығымен титықтатты. Губернатор бастатқан шенеуниктерді жемсауын парамен толтыру – бәрі де сол қазақ, қырғыз, ұйғыр ұлттары есебінен. Шыңжан үкіметінің басшысы Щың-ши-цәй Үрімжіден көшкенде жиған асыл мүлік-жиһазын жетпіс машинаға әрең-пәрең сыйғызған. Наразы жұрт қыңқ етсе болды, гоминданың 1937 жылы Үрімжіде салдыртқан құбыжық түрмесінен бір-ақ шығатын. Онда ұдайы 80 мың адам қамауда ұсталған. Соның тең жарымы, қырық мыңнан астамы азаппен өлтіріліп отырған. Гоминдан қараңғы үйінде талай жыл өмірін өксіткен атақты Таңжарық ақын тұтқындардың қалай азапталатынын 21 шумаққа сыйғызып ұзақ өлең жазған. Содан бір-ер шумақ үзінді:
Көмірге отырғызып ұсақ шағып,
Қан деген май құйрықтан судай ағып.
Үрпіңе ши жүгіртіп боздатқанда,
Шыбының шығып кетпей тұрсын нағып!
Адамның жаны кетіп денесінен,
Құйрықты алсаң көмір шегесінен.
Тәңірге даусың жетіп қиналасың,
Тырнақтың ине сұқса көбесінен1.
НКВД тозағына түскендердің шағымынан бір айныса ше.
Бұл бір қияметқайым шақ еді. Жапон милитаристерінің квантун армиясы Қытай жерінің шығыс солтүстігін басып алды. Оның бер жағында Қытайдың өз ішінде қиян кескі қырғын. Мао цзэдун мен Чанкайши әскерлері белшелерінен қанға батып соғысуда. Осындай жағдайда Сталин өкіміндегі қызыл империя не істеген? Гоминдан әскерлері мен қытай коммунистерінің армиясы уақытша бітімге келтіріледі.
1944 жыл. Шығыс Түркістанның Іле аймағында Әкбар батыр бастаған көтеріліс бұрқ ете түседі.
Сталин Шыңжандағы Чанкайшидің әскер күшін қалайда ноқтада ұстап тұруды ойлап, көтерілісшілерді қолдау керек деп табады. Жаркенттің Иінтал деген жеріндегі Қызыл Армияның Жапаров басқаратын 40-шы полкінен Әкбарға қару-жарақ, оқ-дәрі босаттырады. Мұздай қаруланған көтерілісшілер тіптен қарқындайды. Шыңжанды толық азат етуге жақын қалады. Көтерілісшілер Іле губерниясындағы гоминдан әскерін орталық штабымен қоса талқандап, Үрімжіге бет алады. Бұлар мақсаттарына жетсе, Мао Цзэдунға оңайлықпен беріле қоя ма? Сталин бұқпа есебінен бұл жолы да жаңылған жоқ. Қас қағымда өзгеріп салды. 1945 жылдың көкек айының басында көтерілісшілерге соғыс тоқтатылсын деген тосын бұйрық түсіртті. Сол бұйрық салдарынан Шыңжан екіге бөлінген күйде қалады. Жарымын «Үш аймақ» (Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтары) үкіметі, жарымын гоминдан билеп тұрады. 1949 жылы екі жарылып отырған Шыңжанды Қытай Халық республикасы ұрмай-соқпай өз құрамына қосып ала қояды. «Үш аймақ» үкіметінің мүшелері Қытай астанасы Пекинге шақырылады. Жолда самолет апатқа ұшырайды...
Роман-дилогияның екінші кітабы ұлт-азаттық қозғалысының көптеген күй-жайларын көзге елестеді. Гоминдан мен азат ұлт басшылары ортасында жүргізілген «11 бітім» келісімі ерекше қызулы тартыспен өткенін көреміз. «Кісісін өлтірген ұмытқанымен, кісісі өлген ұмытпайды» дегендей, әділ талап-тілек аз ұлт өкілдері жағында. Ал, қулық, сұмдық, зымияндықпен жалтару гоминдан билеп-төстеушілерінде.
Қазақ генералы Дәлелхан Сүгірбаев, характері мықты жасалған Оспан батырдың бейнелері әжептәуір сәтті шыққан. Автор Шыңжандағы ұлт-азаттығы қозғалысын жылы бояумен іш тарта суреттей отырып, көлеңкелі жақтарын да елеусіз қалдырмайды. 1945 жылдың 12 қазанында Алтай аймағының құрылуына байланысты үлкен той өткізіледі. Тойда атам қазақ тірлігіне жат оқиға тіксінтеді. Бәйгеге малмен қатар бір жетім қыз тігіледі. Осы жәйларды автор ренішпен суреттеп қана қоймайды. Бостандық жолындағы күрес – ұлт тәуелсіздігі үшін күрес. Азаттық туы сонымен бірге - адамдық туы. Оны түсінбегендік оң мен солыңды айыра білмеуге бастайды. Демократиялық құндылықтардан айырады деген ойға жетектейді.
«Өз бастарына жеке шаңырақ есепті «Республика» құрылып, соның бір аймағына басшылық етіп жатқан ақсақал-қарасақалдар төрт көзі түгел отырып, бір жетім сәбидің тағдырына ара түсе алмай, ат бәйгесіне тіктіріп отырулары, ендігі Алтай аймақтық өкіметінің сиқын осы кезден бастап бейнелегендей болатұғын.»1 - деген автор қорытындысына бірден қол қоясың.
Жазушы Шыңжаңдағы Керімбек әулетінің шырматылған тағдыры арқылы өлке қазағының сол кездегі қайталанбас тірлігін қызықтайтын сюжет өрнегін салған.
Романның «Шырғалаң» аталуының және бір себебі, мұндағы қазақ, қырғыз, ұйғыр жұрты коммуна құру дейтін қызыл танау саясаттың кесапатына ұшырайды. Бұл қырғын саясат 1952 жылы байларды жаппай жазалау, алдына өлім жазасын беру, барлық іштілердің мал-мүлкін кәмпескелеу науқанынан басталып еді. Бұдан бес жыл шамасы өткен соң, 1957 жылы коммуна құрылды. Жұрт ортақ қазанға қаратылды. Келесі 1958 жылы «стиль түзету» деген пайда болды. Бұдан соң Ден Сяопин дәуіріндегі қазақ ахуалы сөз етіледі. Жазықсыз жазаланғандар ақталады...
Жанат Ахмади романдарының ойға түйер, айта жүрер жаңалықтары аз емес. «Есеңгелді би» романының бір концепциясы көңіл аудартпай қоймайды. Жоңғар мемлекеті жойылып, қазақ енді Қытаймен шекаралас болды. Роман авторы осыған байланысты туған проблемаларға айырықша көңіл бөледі.
Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» романында «Шүршіт шапқан» деген бөлімде суреттелгендей, Жоңғарияны жойған қытай шерігінің бір бөлігі Қазақ даласына бойлап кіреді. Жорық сәтсіздікпен аяқталады. Қазақ сарбаздары от қарулы шерікпен ашық майданға кірмей, тиіп-қашып соғысу тактикасын ұстанады. Шұбатылған әскери колоннаның әне жер, міне жерінен тиісіп, шақырылмаған қонақтардың мініс көлігін айдап әкетеді, ішіп-жемін ашып-шашып құртып кетеді...Сөйтіп қытай әскерінің ту талақайын шығарады. Ақыры шерік еліне құр сүлдері қайтады. Бірақ «Дарабоз» кейіпкерлерінің күпті көңілі мұнымен тарқай қоймайды. Оның түсінбейтін ешнәрсесі жоқ. Айдаһармен көршілес Жоңғарияның ақыр аяғында қандай халге ұшырағаны, түгімен қоса айдаһардың аранында жұтылып кеткені аян. Енді сол алпауыт іргеңе келіп қоныстанып жатса, көңілің қалай алаң болмасын.
Сондықтан қазақ тарихи романының сақтық ойлау сарынында еш сөкеттік жоқ. Әйтсе де Жанат Ахмадидің «Есенгелді би» романы жаңа көршіге қатысты өзге бір жауапты тақырыпты қозғайтынын да айтуға керек. Жаңа көрші жоңғарға ұқсамайтын мінез көрсетеді. Шыңғысханнан бастап есептегенде – моңғол алты-жеті ғасыр бойы Қазақ еліне ешқашан тыныштық бермеді ғой. «Ит жастанғанның ұйқысы қанбасты» істеген нағыз солар. Ал, мына жаңа көрші олай емес, аузынан бірден тыныштық сақтайық, татулық сақтайық деген жылы лебіз шыға келеді. Қазақ елінен барған Абылай жіберген елшілікті қабылдау кезінде Қытай императоры Шиян Луң көршілік тату қатынас орнатайық, екі арамыз тек сенімге негізделсін деген тілек айтады. «Достық сауда» орнатуға шақырады. Сауда мәселесінде қытай жағы аса мұқият: тәртіпсіздікке жол бермейміз, ондай шығанға шығушылық бола қалса, жияңжүннен-губернатордан ақ-қарасы сұралмай қалмайды, деп уәде етеді. Роман осы уәденің ойдағыдай жүзеге асқанын нақтылы тарихи деректерге сүйеніп көрсетеді.
1758 жылы Қабанбай батыр 300 жылқы айдатып, Үрімжіге келеді. Бұл тарихи факт Қабдеш романында да келтіріледі. Жанат Ахмади осы тақылеттес сауда-саттық фактілерін үлкен құбылысқа, шығарманың тұтас концепциясына айналдырады.
Еженхан үкіметі Үрімжі, Құлжа, Шәуешек қалаларында жәрмеңке ұйымдастырады. Енді қазақ қора-қора малын айдап апарып, киім-кешек, кездемелер мен ішіп-жерлік әртүрлі ырыс-құттарын алып қайта бастайды. Алтын, күмістейін асылмен іштенеді. «Мәселен, бірінші дәрежелі аттың нарқы күміс есебімен 4 сәрі, 8 мысқал. Екінші дәрежелі ат 3 сәрі, 6 мысқал. Ал соңғы үшінші дәрежелі аттың құны 2 сәрі, 5 мысқал1.
«Өгіз бір сәрі, 2 мысқал, қой 4 мысқал күміске айырбасталады. Осы кезден бастап қазақ байларының абдыра, сандығының түбінде қазынасының басы болып «тайтұяқ», «қойтұяқ» дейтін сом-сом күмістер сақталғаны –айырбас болған сол малдар есебінде келген дүние. Құдалыққа, китке, қарғыбауға, достық-тамырлыққа арада жүре бастаған қазақ елінің күміс дәуірі осыдан басталып еді»2.
Роман жанрының цифр атаулыға жаны қас екені белгілі. Ілуде бір оқиғаның болған уақыты көрсетілген цифрдың өзі жазуша келтіріледі. Ал, Жанат романы цифрды өгейсінбейді. Қайта эстетикалық жағынан әрлене түседі. Шығармада келтірілген нарық көрсеткіштері бейнебір әндетіп тұрғандай әсер етеді. Цифр роман сөзін сәл өзгертіңкіреп айтқанда, қазақ-қытай байланыстарының күміс дәуірінің қыр-сырын ашады. Өзінше бір сұлулықтың күміс сыңғыр шолпысын тағады. «Тайтұяқ» - сол сұлулықтың рәмізі іспетті.
Жазушы қазақ-қытай байланыстарының жаңа сапалы үрдісіне мән бергенде біздің тәуелсіз еліміздің былайғы дамуына ауадай қажет мәселені алға тартады, сөйтіп бүгінгі заман тілек-талаптарымен үндестік табады. Бұл концепция жарқын үмітке бөлейді.
Жанат Ахмади – Қытайдан оралған азамат. Шығыс Түркістанды әлі де жүздеген мың қазақ тұрады. Олардың мәдениеті, әдебиеті, тілінде қандай өзгеріс болғаны Ахмади дилогиясынан айқын сезіледі. Архаика тұнбасына шөккен, не мүлде естен шығып ұмытылған сөз, тіркестерді жазушы шығармаларынан мол кезіктіреміз.
Қаз дауысты Қазыбек би Абылай хан ордасындағы бір кеңесте керей Жәнібек батырға: «Мына жаугершілік заманда қасқырдай қайсар болып өссін деп, жас күніңнен жылқы іңіртінің жесегімен жетілдіріп едім. Көздеген жерімнен шығып отырсың» - дейді.
Көп жылдар бойы бөтен тілдің қыспағында әрең-пәрең күн елткен, құрып кете жаздаған атамекен тілінің қорында «іңірті» деген сөз сақталды ма? 1986 жылы шыққан «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігін парақтағанда «іңір», «іңірлет» деген сөздерді ғана кезіктіреміз. «Іңірті» - жоғалған. Сол жоғалтқанымызды қалпына келтіргісі келгендіктен бе, жазушы кейіпкерінің тіліне тиісті түсінік береді.
«Жылқы іңіртінің жесегі» деп отырғаны: жылқы малы кешкі іңірдегі «жылқы іңірті» аталатын, сүт пісірім, шай қайнатым уақытқа ғана мүлгіп дамылдап тұрып, жусап алады. Тәуліктің қалған мезгілінде таң ата тағы бір жусағаннан өзге кезде тоқтамай, жылжи жайылып сырғып отыратын түлік екені аян. Соған шыдап-төзген кісі бақсын. Әне, сол ат үстінде құрыққа сүйеніп мызғып, көз шырымын сонда ғана аласың. «жесегімен жетілгені» – ұйқы-күлкіге әбден пысып-қатып күй талғамас, тесік өкпе боп кететіні»1.
Әнеу бір жылдары алғашқы кітабы «Дүрбелең» Қазақстан Жазушылар одағында талқыланғанда Жанат Ахмадидің романында сирек мақал-мәтелдер кездеседі,- деген пікір айтылып еді. Сол ерекше машығынан жазушы келесі шығармаларында да жазбаған, танбаған. Мақал-мәтелдерінің қазіргі тәуелсіз мемлекетіміздің әжетіне жарарлық, оның саяси, жалпы қоғамдық тілін байытатын үлгілерін көптеп келтіруге болады. Елші Ақшора би бір сөзінде: «У жасауды қоймаған удан өледі» немесе «Жылан арбауды қоймағанның ажалы жыланнан» десек – өзгеге оқ жаудырушы Жоңғардаң ажалы оқтан болды»2 - дейді.
Бір есте жүретін нәрсе – біз бұған дейін Қытай мемлекеті қайраткерлерін орыс транскрипциясы бойынша жазып келдік. Жанат Ахмади романдарында бұл жәйт қытайдың өз тіліне орай берілген. Мао цзэдун – Мау зе дұң, Ден сяопин – Дың шяу пиң, Чанкайши – Жаңқайшы, гоминдан – гоминдаң, т.т. деген сияқты.
Жанат Ахмадидің «Есенгелі би» романында кемшілік те кездеспейді емес. Шығарма композициясын кестелегенде іркіліс, түйіншек ұшырасып қалады. Автор бас кейіпкерінің қызай руынан екендігіне байланысты ма, әр жерде осы рудың тармақтарын тізбелеуге тым құштар. Жеті атамыздың, одан арғы бабаларымыздың есімдерін білу артықтық етпейді. Бірақ оның шежіре атты төл жанры бар ғой.
Соңғы жылдардың тарихи романы туған еліміз дамудың жаңа белесіне көтерілген кезеңде дүниеге келді. Әлем мемлекеттерінің қатарына Қазақстан республикасы атты көк байрақты мемлекет қосылды. Содан бері аз да болса 17 жылға жуық уақыт өтті. Сол он жетінің әр жылы бодандықтың жүз жылына бергісіз. Тәуелсіздіктің тұнық таза ауасымен өкпені кере жұтып, демократия көшін қамдап жатқан елде қолға қалам ұстаудың жөні бөлек.
Қазақ тарихи романының жаңа беттері өткен шақ туралы өз концепциясын ұсынады. Бірі бұрынғы романдардағы концепцияға қарсы тұрса, және бірі жаңа ойлар тиегін ағытады. Туған әдебиетіміз алдымен өз рухани дәстүрлерін сағалауда. Не жазса да, суреттеп отырған дәуірдің шындығын қопаруға, ақиқатын жазуға ұмтылуда.
Творчестволық ауаның тазаруы, тілден кісен алынуы, қасаң принциптердің қысымынан құтылу жаңа роман беттерінің жарқырап көрінуінің сыры міне, осында. Ал соңғы жыл романдарының олқы соғатын тұстарына келсек, бұл мүмкіндіктердің жазушылар тарапынан әлі жете пайдаланыла алмай келе жатқанын айғақтаса керек. Таптауырын соқпаққа түсіп алып, бұрынғы я қатарлас әріптестерінің шиырынан шыға алмай, бір жазылып кеткен эпизодты қайталау, бұрын әлденеше рет айтылып жүрген аңызды үсті-үстіне борату – мұндай күйіс қайырушылықты тарих романның жаңа беттеріне жатқыза алмайсың. Біздің пікірімізше, олқылық жазушының қалам қайратының кемдігінен емес, тақырыпты игеру барысында тиісті дайындықтың жеткіліксіздігінен, сөз ететін оқиғаның байыбына барып, терең зерттемегенінен орын тебеді. Оқып отырған кітаптың авторының жаңа мағлұмат пайдаланбағаны білініп тұрады. Әсіресе архив қазынасын ақтаратындары некен-саяқ.
Қазіргі әдеби процестің роман-хроника жанрына еселеп күш салып жатқаны заңды нәрсе. Еліміздің арғы-бергі тарихын шындық қалпында, бұрмалаусыз көз алдымызға тұтастай елестетін уақыт жетті.
Тарих романның жанрлық поэтикасын байыта беруге керек. Әзірше бұл жанр көбінесе өткен өмірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағына назар салып келеді. Оқиғалардың себеп салдарын кейіпкер психикасынан іздеу жағына келгенде жетімсіздік байқалады. Кейіпкерлердің іс-әрекетінің психологиялық астарына үңілуге жеткілікті көңіл бөлінбейді. Роман қаһарманы сюжеттен жазушы алдын ала белгілеп қойған мінездемеге харакет етіп, алдын ала жасалған схемадан шыға алмай қалады.
Тарих – бейнелеу объектісі емес, роман композициясын құратын құрылыс материалы ғана екені ескерілмейді. Сюжеттік желі дұрыстап тартылмайды. Содан барып ұзақ-сонар баяндаулар мен сыпаттамаларға, басы-жоқ, аяғы жоқ ішкі монологтарға, орынсыз қайталауларға ұрынады. Кейіпкерлері характеріне сай сөйлемей, ділмарсып, шеттерінен шешендікке салынып, оқушысын ығыр ететіні аз ұшыраспайды.
Көркемдік шындық фактіден асып, оқиғалардың, құбылыстардың өзара байланысын ашып, былайғы даму жолына көз тастап, тарихи болмыстың сырына үңілу арқылы сомдалмақ. Әр шығарма өзін туғызған кезеңнің тұрғысынан сөйлемек. Жазушы творчестволық шабыт үстінде сонау ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы Орхон бойындағы қазақ хандықтарын қиялмен аралап жүруі мүмкін, бірақ жазу үстеліне оралғанда ХХ1 ғасыр мінберінен толғанатыны хақ. Тарихилық һәм заманалық арасындағы диалектикалық байланысты ашу - өткен заман хақында жазылатын шығармалардың образдық жүйесінің, көркем характер шындығының іргетасын құрайтын шешуші принцип болса керек. Сол принцип жүзеге асса ғана тарих кеудесіне жан бітпек.