Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_lem__1241_debieti_O_1179_uly_1179.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Студенттердің өздік жұмыс тақырыптары

Ежелгі дәуірдегі классикалық әдебиет және оның кезеңдері

Халықтық ертегілер, философиялық шығармалар, мистериялар.

Шумерлік әнұрандар

Ерте аккадтық –вавилондық аңыздар

Ежелгі Мысыр әдебиеті мен оның жазуы.

Египеттік діни, мифологиялық мәтіндер мен жанрлық ерекшеліктер

Ежелгі финийкилік әдебиет поэтикасы

Угариттік лирика

Хеттік-хуриттік поэмалар мен құдайлар пантеоны.

Неса және хати әдебиеттері. Жануарға теңеу

Қытай лирикалық және эпикалық поэзиясы, «ши», «и», «шу» жанрлары

«Лунь юй», «Шуцзин» және Конфуций қызметі.

Әдеби шығармалардың қалыптасуы, қоғамдағы вэнь атты концепциясы

Ежелгі үнді эпикалық поэмалары - «Махабхарата» пен «Рамаяна».

Индияның идеологиялық және діни тағылымдары.

Ригведа әнұрандары.

«Веда» мәтіндері

Авеста және оның варианттары

Мифтер жөніндегі өлең жолдары, эпикалық жырлар, құдайлар мен патшаларға арналған әнұрандар, псалмдар, махаббат әндері, жоқтаулар, аңыздар, өсиеттер, мақал-мәтелдер

Гомерлік эпос: «Илиадаға» текстологиялық талдау

«Одиссея» – батырлық дастан героическая поэма странствий

Аристотель и антикалық әдебиет

Эдип патшасы, Платон және Аристотель: антикалық трагедия эстетикалық феномен

Аристофан және оның уақыты

Эсхил драматургиясы және грек трагедиясының кейбір мәселелері

Софоклдың «Антигона» трагедиясы

Ежелгі гректік хорлы лирика

Сапфо және өлең тақырыптары

Гай Катулл поэзиясы: адам кейпі және көркем ойлаудың типологиясы

Сенека-драматург

Ежелгі христиандардың апокрифтері: зерттеулер мен мәтіндер

Антикалық шешендік өнер

Аттикалық поэзия және проза.

1 Қазір де ғылым мысырлықтарда бұл субстанциялардың қанша болғанына анық жауап бере де, түсіндіре де алмайды. «Пирамида мәтіндерін» түсіну үшін түсіну үшін сол субста­н­ция­лардың бірі – КА.

Мәтіндерге қарағанда, мысырлықтардың өздерінде КА жайында қарама-қайшы түсінік қалып­тасқанын байқауға болады. Сол себепті мысыртанушы­лар­дың да КА-ға берген анықта­масы көпмағыналы екені таңқаларлық емес. Г.Масперо бойынша КА адам денесімен бірге туылып, бірге жетілетін адамның көрінбейтін егізі болып табылады. Керісінше, неміс ғалы­мы А.Эрман Ка-дан белгісіз тіршілік көзі, адамдардың құпия маңызын көрген.

Қайтыс болған адамның туыстары өліктің денесін сақтап қалуға тырысты, себебі, адамның егізі болып табылатын КА-ның өмір сүруі адам денесінің сақталуына байланысты болды. КА – адам ғана емес, ал құдайларда КА-лары болды, бірнеше КА жердегі «тірі құдай» - перғауында болды.

2 «Ұлағат» Ленинградтағы Мемлекеттік Эрмитаждың мысыр коллекциясында сақтаулы, ал келесі бір нұсқасы Мәскеуде А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнері Мемлекеттік мұражайында сақтаулы.

3 Энки (аккадша Эа) құдайын даналық құдайы, Энки Жер асты құдайы мен дүниежүзілік теңіз билеушісі, Нанну немесе Зуэна құдайы ай билеушісі т.б.

4 Нағыз тарихи тұлға – Конфуций. Біз оның біздің дәуірімізге дейінгі 551 ж. туылға­нын білеміз. Біз оның өмірінің көп бөлігін - Циде болған 517-516 ж. санамағанда – Лу патшалы­ғын­да, өз елінде өткізгенін, онда бірнеше қызмет шенін атқарғанын білеміз; 497 ж. 56 жастағы Конфуцийдің 14 жылға созылған «жаһангерлік жылдары» басталады; бұл жылда­ры ол сол заманның он шақты патшалықтарында болады; сөйтіп, 484 жылы, яғни, 69 жасын­да еліне қайтып, бес жылдан кейін, 479 ж. 74 жасында қайтыс болады. «Луньюй» - сол жаһан­гер­­лік жылдарындағы «талдау мен әңгімелесудің» нағыз өзі.

5 Әрине, мемлекеттер біздің ұғымымыздағы түсінікке сай келмейді.

6 «Гуан цзы» және «Сунь цзы» жеке есімдер, түрлі деректер бойынша екі қайраткердің есімдері. Гуан Цзы - бұл Гуань Чжун, Ци патшалығының даңқты Хуань гун министрі. Сун цзы – бұл Сунь У, У патшасы Хэ люяның қолбасшысы қызметінде болған. Сонымен, Гуань Чжун өмір сүрген уақыты б.з.д. YІІ ғ. ІІ жартысы, Сунь У б.з.д. Y ғ. І жартысы – YІ ғ. соңғы ширегі. Бұл дәуірдің жалпы тарихи үдерісінің ерекшелігі - әр түлі қоғамдық ойлардың тұжырымдамаларының көбеюі және олар бәрі әлеуметтік және саяси өмірді дамытуға бағытталған шешімдер. Маңызды шешімдерінің бірі – мемлекетті экономи­ка­лық және әскери қарым–қатынаста мықты етуге жол табу. Бұл туралы осы дәуірде пайда болған мына: «Бай ел, күшті әскер» нақылы дәлелдейді. Экономикалық жетістікке жету мақса­тында «Гуан цзы» болса, әскери мақсатта «Сунь цзы» аталынады.

7 «Рамаянаның» жалпы мазмұны төмендегідей болып келеді: Айодхья патшасы Дашарат­ха­ның Каушалья патшайымынан Рама, Кайкейядан Бхарата, үшінші әйелі Сумитрадан Шатругхна мен Лакшмана төрт ұлы болады. Патшаның үлкен ұлы Рама жастайынан-ақ сұлулығымен, ақылдылығымен батырлығымен өз інілерінен ерекшеленеді. Видеха (қазіргі Непал) деген ежелгі елдің ханшайымы Раманың сүйіктісі Сита да мейірімді әрі керемет сұлу еді. Рама патшалар мен ханзадалар сайысында жеңіске жетіп, Ситаға үйленеді. Себебі тек Рама ғана Ситаның әкесі Джанака патшасының сиқырлы садағын майыстыра алды.

Ұзақ жылдар бойы Рама мен Сита баршылықта баянды, бақытты ғұмыр кешті. Даша­ратха патша уақыты келгенде, өз мұрагері етіп Раманы қалдыратынын салтанатты түрде жария еткісі келеді. Мұны білген Дашаратханың екінші әйелі Кайкейя патшаның бір кезде айтқан «кез келген екі тілегіңді орындаймын» деген уәдесін есіне салып, сол тілектерінің орындалуын талап етті: біріншісі - 14 жылға Раманы патшалықтан қуу, екіншісі - мұрагері етіп ұлы Бхаратаны тағайын­дау. Дашаратха қанша қайғырғанымен, Рама әкесін уәдесінен таймауға көндіріп, өзі қуғындалу­шы болып орманға қарай кетеді. Оның соңынан өз еріктерімен Сита және сенімді інісі Лакшмана ілеседі.

Көп ұзамай Дашаратха патша ұлымен айырылғанына шыдамай, дүние салады. Таққа Бхарата отыру керек еді. Алайда мейірбан ханзада патшалықты билеуге оның емес, ағасы Рама құқылы деп есептеп, бауырының патшалыққа оралуға көндірейін деп орманға жөнеледі. Достары мен туысқандары Рамаға Бхаратаның ұсынысын қабылдауға кеңес береді.

Бірақ Рама әке аруағын сыйлап, оның уәдесін өмірінің соңына дейін орындауға тілек білдіреді.

Бхарата Айодхьяға жалғыз оралуға мәжбүр болады, дегенмен өзін толық құқылы патша деп есептемегендіктен, соның белгісі ретінде таққа Раманың аяқ киімін апарып қояды екен.

Бұл уақытта Рама мен Лакшмана орманда өмір сүріп жатты. Орман дуаналарының тыныш­тығын сақтап, олар ормандағы көптеген құбыжықтардың көзін жойды. Бірде Лакшмана Ситаның өміріне қастандық жасаған әйел-ракшас Шурпанакханың мұрны мен құлағын кесіп алады. Ланка аралының (сірә, Цейлонның бұрынғы атауы болса керек, қазіргі Шри-Ланка) керемет күшті қожасы болды. Шурпанакха өзінің бауырына барып айтып береді. Оның бауыры Ланка аралының құдыреттісі, онбасты әзәзіл Раван еді. Сонда Равана Ситаны Рамадан алып қашуды ойластырады. Әзәзіл Маричи көмегімен ол Ситаны алып қашып Ланка аралына әкеледі. Ланкада ол Ситаны өзінің байлығы мен билігі арқылы азғырып, менің әйелім болсаң осының барлығы сенікі болады деп уәде етеді. Бірақ Сита тек Рамаға сенімді болады. Сонда Равана ашуланып оны қамауға алады, егер он екі айдан кейін сөзіңе құлақ асып, оған күйеуге шықпаса, өлімге жауаптайтынын айтады.

Бұл уақытта Рама мен Лакшмана Ситаны іздеумен жолға шыққан еді. Іздеу кезінде Рама маймылдардың құдайы Сугриваға патшалығын қайтарып алуға көмектеседі. Сонда Сугрива оған да көмектесуге уәде береді. Сөйтіп, жолға енді үшеуі аттанады. Сугрива министрлерінің ішіндегі ең мықтысы Хануманға Раваның Ситаны қайда алып кеткенін табуды тапсырады .

Хануман теңіз арқылы бірақ секіріп Ланка аралына жетеді. Көптеген іздеулерден кейін ол Ситаның қайда екенін біледі. Ситаның қамалына келіп онымен сөйлесуге де мүмкіншілік табады. Сөйтіп қайтар жолында көптеген қиын оқиғаларды басынан кешіріп, Рама мен өзінің қожайына жетеді. Маймылдардың патшасы теңіз арқылы өтетін көпір салдырып Раманы Ланка аралына жібереді. Сонда бірнеше күнге созылған ұрыс басталады. Рамамен бірге Лакшмана, Хануман, Сугриваның бауыры Ангада, маймылдар мен аюлар болса, Раваның жағында әзәзілдер мен ракшалар және Раваның сиқыршылық мықтылылығымен танылған ұлы Индраджит болады. Бірақ ұрыс нәтижесінде Раваның ұлы Лакшмананың қолынан қайтыс болады. Осы кезде Равана пайда болып Рамамен жеке алыспаққа шығады. Рама Равана бір басын кескен кезде оның орнына келесі бір бас пайда болып жатады. Осы кезде Рама Брахма құдайының сыйлаған қылышын Раваның жүрегіне кіргізіп оны өлтіреді. Рама Ситамен кездеседі.

Бірақ Рама әскерлерінің көзінше Ситаны итермелеп, оған сенімсіздік танытады. Сүйген жарының қылығына қорланған Сита отқа секіреді, бірақ от күйдірмейді, осы кезде От құдайы Агни пайда болып Рамаға әйелінің пәктілігі мен тазалығын айтады. Ситаның адалдығына бір сәт күмәнданған емеспін, бірақ әскерлерімнің көздерін жеткізгім келді, - деп жауап қатады Рама.

Достасқаннан кейін Рама мен Сита Айодхьюға оралып, патшалықтағы билікті өз қолдарына алғанмен, Бұл екеуінің қиыншылықтары әлі алдыда болатын. Патшалық халқы Сита­ның іс-әрекеті басқаларға жұғатын жаман әдет ретінде көрінді. Сонда рама әйелін қайтадан Вальмики деген аскеттің қарауына жібереді. Онда раманың екі ұлы – Куша мен Лава дүниеге келеді. Олар өскенде Вальмики Рама жайлы өзі құрастырған поэмасын үйретеді. Бірде ол патша құлағына жетіп, ол сүйген жары Сита мен балаларын патшалыққа алғызады. Сонда Вальмики оның әйелінің адалдығын айтқанмен, патша халық алдында көрсетуін талап етеді. Сонда Сити Жер-Ананы жалбарынады, Жер халық алдында қақ айырылып Сита жер қойнауына түседі. Сөйтіп Рама мен Сита тек о дүниеде мәңгі бірге бола алады.

Осылайша Рамаяна туындысының бір бөлімі аяқталады. Рамаяны сюжетіне Махабхара­тадағы секілді түрлі мифтер, аңыздар, сабақ болатын әңгімелер көркемділікпен кіргізілген. Мысалы бізге алдыңғы эпостан таныс Вишвамитра туралы аңыз, Шунахшеп туралы аңыз, Кумар құдайының дүниеге келуі жөніндегі мифтер, Ганга өзеңінің аспаннан түсуі, Индраның Вритраны өлтіруі және т.б.

8 Оқиға ахейліктер Троя маңында жасалынған жорықтардың бірінде Агамемнонның еншісіне Апполон ғибадатха­на­сы­ның абызы Христің қызы қолға түсетінімен баталады. Хрис сыйлықтарымен гректердің лагеріне келіп, Агамемноннан қызын қайтарып беруін жылам­сырап сұрайды, көсем бас тартқан соң, ол Аполлоннан гректерден кегін алуды жалынып сұрайды. Өзінің абызының өтінішіне құлақ асқан Аполлон ахейлік әскерлеріне тоғыз күн бойы тоқтама­ған апат жібереді. Оныншы күні Ахилл әскердің Трояда қалу немесе қалмауы туралы сұрақтарды шешу үшін халықтық жиналыс өткізеді. Көреген Калхант жиналғандарға Аполлонның ашуының себебі Хриске айтылған балағат сөздер екенін және құдайдың Хриске тұтқындалған қызын қайтып беруін талап ететіндігін айтып береді. Агамемнон Аполлон құдайдың тілегін орын­даудан бас тарта алмады, бірақ ол Хрисеиданың орнына басқа сый сұрады. Ахилл тарапынан қарсылық көрген Агамемнон, одан әдемі Хрисеидадан кем түс­пейтін Брисеиданы тартып алатындығын айтады. Қызу ұрыс кезінде екі көсемнің арасын­дағы қарулы қақтығыстың алдын алған Афина құдайы болған еді. Ахилл өзінің еншісі – Брисеиданы қарумен қорғамайды, бірақ Агамемнонға ашуланып, оларға шарт қояды. Ахей­лік­тердің жағдайы тым нашарлап, олардың өздері Ахиллге қымбат сыйлықтар беріп, майданға шақырмайынша алдағы соғыстарда қолына қару алмайтынын айтады.

Ахиллдің шайқасқа қатыспауынан басқа ахейлік қолбасшыларға майдан алаңында жасаған істерімен көзге түсулеріне жол ашылады. Алайда Менелайдың Париспен қақты­ғысы, Диомед және басқа да грек батырларының қаһармандықтары, ерліктері де, Аякстің Троя басшысы Гектормен шайқасы да, тіпті құдайлардың араласуы да трояндықтардың басқыншы­лы­ғын тоқтата алмайды. Себебі оларға Ахиллдің анасының өтінішімен Зевстің өзі көмек беріп отырған. Бұл шайқас көріністе­рінде тек Гектормен Андромаханың әйгілі кезде­суін айтуға болады. Афина құдайына дұға қылып, оған құрбандығына мал шалынсын деген бұйрықтарын айтуға шайқас алаңынан қалаға келген Гектор осы жерде біраз кідіреді. Осы жерде Гектор әйелі мен баласын соңғы рет кездестіретін еді. Ал осы арада, жағдайлары тым қиындап кеткен ахейліктер, Агамемнонды Ахиллмен достастыру үшін елшілер жіберуге көндірген. Бірақ қымбат деген сыйлықтар да, Бресеида және оған қоса тағы да жеті құлды беру уәдесі де Ахиллдің ашуын баса алмайды. Шайқас барысында ахейліктердің де кей жетістіктерге жеткен кездері болғанына қарамастан, олардың жағдайлары бірте-бірте нашарлай береді. Сондықтан гректерге жаны ашыған Гера құдайы бір айла жасап, Зевстің көңілін өзіне аударуына тура келеді. Зевстің көңілі Герада болған кезде, Аякс Гекторды жаралап, майдан алаңынан шығарады. Қолбасшыларынан айы­рыл­ған троялықтар, шегіне бастай­ды, алайда Зевстің қайта оянып, іске кірісуі Трояға қарсы болған құдайлардың жамандықтарына тоқтау салады. Аполлонның құдіретімен ғажайып жолмен сауығып кеткен Гектор ахейліктердің кемелеріне жақындап, тіпті олардың біреуін өртеп үлгереді. Ахейліктердің халі тым нашарласа Ахилл ашуынан қайтпайды. Ол шайқасқа өзінің досы Патроклды жіберуге ғана келіседі. Оны троялық­тарды кемелердің қасына қууға, бірақ Трояны басып алуға тырыспауға насихаттайды. Жауларын қорқыту үшін Ахиллдің сауыт-саймандарын киіп алған Патрокл бірінші тапсырманы сәтті аяқтайды. Алайда ісінің жетістігімен шабыттанған, Патрокл Троядағы шайқасқа аттанып, Гектор қолынан өлім құшады.

Досы үшін кек алғысы келген Ахилл Агамемнонға деген ренішін артқа ысырады. Агамем­нон қайтсе де оған уәде еткен сыйларын береді. Гектор Патроклдің үстінен Ахиллдің сауыт-саймандарын шешіп алуға үлгірген болатын. Сондықтан Фетиданың өтінішімен Гефест Пелид үшін өте әдемі жаңа саймандар жасап береді. Патрокл үшін ашу, ыза сезімі кернеген, досы үшін кек қайтарғысы келген Ахилл Троя алаңында қолынан қаза тапқан жауларының өліктерін Скамандра (Ксанфа) өзенінің ағысына үйіп тастайды. Бұған қарсы өзен құдайы Ахиллді өзен толқындарына батыруға тырысады, бірақ Гефест Ксанфаға от тастап, өзен суы қайнай бастайды. Шайқас алаңында Пелидпен кездесуін күтіп тұрған Гектор, Ахиллдің қолы­нан қаза табады....

Ашуы қайтпаған Ахилл Гектордың өлі денесін ат арбасына жегіп, сүйрейді. Троя қамалынан осыны көрген Приам мен Гекуба, Гектордың қарт ата-анасы жылайды. Жарының өлгенін естіген Андромаханы да қайғы басады. Міне, осы кезде Приамның басында Ахиллге өзі барып, Гектордың өлігін алу үшін құны жоқ байлықтар мен сыйлықтар беру туралы ой туады. Оның бұл ойы бірден жүзеге аспайды, себебі эпикалық автор Патроклдың жерлеу рәсімін жақсылап сипаттау керек еді. Содан кейін Приам құдайлардың көмегімен Ахиллдің шатырына келеді. Қарттың қайғысы мен қасіреті Ахиллге қатты әсер етіп, өзінің қайтыс болған әкесін есіне алады. Баласының мәйітін әкесіне қайтарып береді.

Келесі күні соғысты бірден бастамай, алдымен екі жақтың мәйіт болған әскерлерін арулап жерлеуге рұқсат беріледі. Дастанның оқиғасы грек батыры Патрокл мен троя батыры Гектордың жерлену сәтімен аяқталады.

9 Троя соғысының бір көрінісін сипаттайтын «Илиададан» және «Одиссеяның» айырма­шылығы, бұл поэмада Трояның құлауынан кейін айлакер Одиссейдің бастан кешірген оқиға­лары мен оның Итакаға қайтып оралуы жайында сөз болады. Сонымен бірге поэма тікелей хронологиялық кезекпен баяндалмайды.

Поэманың ең басында құдайлардың Одиссеяға еліне қайтуға мүмкіндік берулері тура­лы шешім қабылдағаны баяндалады. Бұл хабарды Гермес Одиссейді жеті жыл бойы сиқырлы аралда ұстап отырған нимфо Калипсоға жеткізуі керек болған. Алайда тек бесінші кітаптың басында ғана Гермес Калипсоға жетеді. Алғашқы төрт кітаптардағы әрекеттер Одис­сей­дің ұлы Телемахтың айналасына шоғырланып, Итакада өтеді. Ол жерде белгілі атақты тайпалар­дың жастары Одиссейді өлді деп ойлап, оның әйелі Пенелопаның мазасын алады. Пенелопа жаңадан тұрмысқа шығуға асықпай жүргендіктен, күйеу жігіттер бүкіл күндерін Одиссейдің сарайында тойлаумен өтеді. Оның байлықтарын жояды. Телемах олардың ойран салуына тыйым сала аламайды. Афинаның кеңесімен Итакаға басқа елдің патшасы бейнесімен келген жас жігіт Пилос пен Спартаға, әкесінің бұрынғы достары Нестор мен Менелайға әкесі туралы хабар беру үшін барады. Телемах ештеңені анық біле алмаса да, Одиссейдің қайтып оралатынына үміт артады. Осы арада күйеу жігіттер оған қайтар жолында тосқауыл ұйымдастырады.

Осыдан кейін ғана автор керемет нимфаның тұтқыны – Одиссейдің тағдырына оралады... Құдайлардың Одиссейді босату үшін туралы бұйрық алғанн Калипсо, оған сал құрастыруына және жолға жиналуына көмектеседі. Ойдағыдай жүзіп келе жатқан кеме саяхатының 18 күні, Одиссей алдынан құрлық көреді. Бірақ сол мезетте оны кенеттен теңіз құдайы Посейдон байқап қояды да, теңізде қатты дауыл көтереді. Теңіз толқындары оны 2 күн, 2 түн бойы қарқынды теңізде алып жүреді; оны тек теңіз құдайы Левкотеяның араласуы және оның әрдайымғы қорғаушысы Афинаның көмегі құтқарады. Теңіз толқындары оны бейтаныс елдің таулы тасты жағалауына әкелгеннен кейін ғана Одиссей құрлыққа шығады.

Одиссейге баспана болған жер – Схерие аралы болып табылады. Бұл –бақытты да бай феак халқының елі болып шығады. Сүйікті құлының қамын ойлаған Афина жергілікті патшаның қызы Навсикаяны достарымен таңертең кір жуу үшін өзен жағалауына жібереді. Қыздардың дауысы бұталардың арасында ұйықтап кеткен Одиссейді оятады. Навсикая оны киіндіріп, тамақтанды­руға бұйрық береді де, қалаға Алкиной патшаның сарайына жол көрсе­теді. Одиссейді құрметпен күтіп алған феактар оны еліне жеткізуге уәде береді. Одиссей бұл жерде бай той дастархан үстінде демалады. Әнші Демодок өз өнерімен жинал­ған­дардың көңілін көтереді. Қонақтың өтінішімен ол ағаш ат туралы, Трояның құлауы мен Одиссейдің ерліктері жайында ән шырқайды. Одиссейдің көзі жасын байқаған Алкиной Демодоктың әнін тоқтатып, Одиссейден өзі жайлы айтып беруін сұрайды.

Одиссейдің басынан өткен қызық жағдайлары туралы әңгімесі басталады. Жолаушы­лармен бірге Одиссей бір көзді Киклоптың үңгіріне тап болады. Одан тірі құтылу үшін Одиссейге оны соқыр етуіне тура келеді. Ызаланған Киклоп Одиссейге әкесінің ашуын жаудыртады. Посейдон оның артынан феактардың еліне дейін қуып келген. Тағы да бір Алып (дәу) – жалмауыз (людоед) тайпасы – лестригондармен кезігу Одиссей кемесінен басқа барлық кемелердің адамдарымен бірге жойылуымен аяқталады. Бірақ құтқарылғандар Герместің көмегімен ғана сиқыршы Кирка­ның зұлымдығынан қашып құтыла алады. Қайта­дан жолға жиналған Одиссей алдымен жерасты патшалығына барып, көреген Тиресиядан алдағы тағдырын білуі керек болды.

Сиреналардың өлім аралынан аман өтіп, кемемен алты басты айдаһар Скилладан және Харибда қарқынды су иірімінен өтіп, Одиссей Гелиостың мал үйірі жайылып жүрген Тринакия аралына жетеді. Осы жерде ол жолдастарына Гелиостың қасиетті сиырларына тиме­се, елдеріне аман-есен оралатындарын айтады. Егер да олар кеңесті тыңдамай сиыр­ларды жейтін болса, елдеріне жетпей өлетіндерін де ескертеді. Одиссей ескертулерді кемедегі азық біткенге дейін ғана іске асады. Аштан өлу қауіпінде қалған жолаушылар, Одиссей жоқта Гелиостың сиырларын сойып, рұқсатсыз той жасайды. Осыған байланысты Зевс кемеге дауыл мен найзағай жаудырады да, жалғыз Одиссей ғана тірі қалады. Тоғыз күн бойы теңіз толқындары құдай тектес Калипсоның аралына жетпейінше алып жүреді. Осылайша Одиссей әңгімесі автордың бесінші кітаптағы баяндамасына келіп оралады.

Поэманың екінші жартысында мазмұнның өрістеуі бұзылмайды. феактардың сиқырлы кемесі ұйықтап жатқан Одиссейді Итака жеріне, яғни үйіне жеткізеді. Осы арада оған Афина келіп, оған өз үйінде қауіп төніп тұрғанын ескертеді. Құдайдың көмегімен кедей кепіне айналған Одиссей алдымен бұрынғы қызметшісі Евмейге барады, кейін ол Афинаның көмегімен Пилостан аман-есен үйіне жеткен Телемахқа сырын ашып, өзінің шынымен кім екенін айтады. Одиссей бірінші өзінің сарайын қоныстануды, сол жерде күйеу жігіттердің көзін құрту үшін әрекет етуді шешеді.

Одиссей үйінде күйеу жігіттердің қыдырысын өз көзімен көріп, олардың тарапынан өзіне деген кемсітушілерді көреді. Сонымен қатар Одиссейді күтіп жүрген Пенелопаны да көреді де, оны жарының жақын арада оралатынына сендіруге тырысады. Пенелопа таныс емес жолаушыға сеніммен қарайды да, қарт қызметшісі Евриклеяға оның аяқтарын жуып, сарайға паналатуды бұйырады. Ханшайымның бұйрығын орындап жатып, қызметші Одис­сей­ді аяғындағы дақ арқылы танып қояды. Одиссей оған сырын ашпауды бұйырады, себебі бұл оның күйеу жігіттерге қарсы ойластырған жоспарының жүзеге асуына кедергі келтіретін еді.

Келесі күні Афинаның сендіруі бойынша Пенелопа садақ ату сайысын ұйымдастырады. Алайда ешкімнің Одиссейді ескі садағын атуға күші жетпейді. Сол кезде Телемахтың рұқсатымен садақты Одиссей алады да, күйеу жігіттерді бір-бірлеп садақ оғымен өлтіре бастайды. Телемахтың екі адал құлдарының және Афинаның көмегімен Одиссей Пенелопа­ны әйелдікке алғысы келгендердің барлығын қырып салады. Әйелімен, қарт әкесі Лаэртпен табысқаннан кейін Одиссей күйеу жігіттердің ағайындарымен күресуге тура келеді. Бұл шайқаста Афинаның көмегімен тоқтатылып, Итакада бейбітшілік орнайды. Афина Одиссей­ге оның бұрынғы кейпін қайтаруды да ұмытпайды.

10 Бұл трагедия жаратушы құдай мен оған тәуелді адамдар арасындағы тартыс туралы. Мұнда батыр Аякстың құдайлардың көмегінен бас тартуы және Афина құдай турал­ы жақсы айтпағаны үшін құдайлардың қаһарына іліккені баяндалады.

11 Трагедияда Гераклдың әйелі Деянира күйеуін өзіне қайтару үшін Несса деген Кентаврдың қанын ішкізеді. Бұл аса қайғылы оқиға болады. Геракл қатты қиналып өледі. Ал Деянира болса өз-өзін өлтіреді. Бұл трагедияда Деянира өзінің білместіктен жібер­ген қатесі үшін, өзін-өзі осылай жазалайды.

12 Софокл «Антигона» /трагедияның бас қаһарманы/ атты шығармасында кұдайдың заңдары мен адамның еркіндігін, бәрінен де құдайдың жазылмаған заңдарын биік қояды. Полиник деген Антигонаның ағасы Этеоклмен соғыста қаза табады. Полиникті Фия қала­сы­ның патшасы Креонт жерлеуге рұқсат етпей, оның денесін ит-құсқа тастандар деп бүйрық береді. Бұған көнбеген Антигона ағасының денесін арулап көмеді. Мұны естіген Креонт патша Антигонаны зынданға тастайды.

Осылай қиналғанша өлгенім артық деп Антигона өзіне-өзі қол жұмсайды. Әкесінің мұндай жауыздығын көрген патша баласы Гемон, яғни Антигонаның күйеу жігіті де өзіне қанжар жұмсап өледі. Баласының өліміне шыдамаған Креонттың әйелі Эвридика да өзін-өзі өлтіреді. Осыдан барып Креонт патша өзінің тым қатал болғанын біліп, құдайлар алдында кешірім сұрап, қайғыдан қан жұтады.Трагедияда Антигона өзінің қайраттылығын танытып, халқының салт-дәстүрін сақтау үшін, яғни ағасын ғұрып бойынша жерлеу үшін патшаға да қарсы шығатын қаһарман болып сомдалады. Ал Креонт патша болса, мемлекетке қарсы шыққан адамға ең қатыгез, ең қасірет­ті шара­лар қолдануға баратын патша бейнесі.

Бірақ, ол әйелі мен баласының өліміне өзін кінәлі санап, бұрынғы райынан қайтып, өкініштен өзегі өртенеді. Трагедия осылай аяқталады.

13 «Эдип патша» трагедиясында Фив елінің патшасы Лайдың ұлы Эдиптің өмірі жайлы айтылады. Лай патша бал аштырғанда өзінің ажалы ұлынан болатынын біледі. Лай өзінің құлына жаңадан туған ұлының аяғын шауып, таудан лақтырып өлтіруге бұйрық береді. Бірақ оны аяғын құл баланы өлтірмей, Коринфтың патшасы Полибоның тәрбиесіне береді. Бұл бала Эдип болатын. Ол ержеткенде бағанағы құлдан өзінің әкесін өлтіріп, шешесіне үйлене­тінін естиді. Ол Полибо патша мен оның әйелін туған әке-шешем, мұндай күнә жасамаймын деп, Коринф қаласын тастап кетіп қалады. Фив патшалығына қарай жол тартады. Ол жолда бір қартпен ерегісіп, оны өлтіріп тастайды. Ал бұл қарт Лай патша болады. Эдип Фив қаласына келіп, Сфинкс деген тажалдан құтқарады. Осы ерлігі үшін Фив елінің патшаның жесірі Иокастаға ұзақ жылдар халықтың қошеметіне бөленіп, ел басқарады.

Бір жылдары Фив елінде қайғылы оқиға болады. Елге үлкен апат келеді. Балгер бұл бақытсыздықтың болуына себепші арамызда кісі өлтірген адам бар дейді. Оны елден қуу керек дейді. Эдип патша бар күшін салып, сол адамды іздейді.

Бар шындық ашылып, Эдип өз әкесін өлтіріп шешесіне үйлегенін білгенде, мұндай қайғыға шыдамай өз көзін өзі ағызып соқыр болады. Бұл менің істеген қылмысымның жазасы деп есептейді. Ұзақ жыл елді адал басқарған Эдиптің трагедиядағы тағдыры осылай беріледі.

14 Агамемнон және Клитемнестраның қызы Электра туралы миф. Бүл шығар­мада Апполонның еркімен Электра өз шешесін өлтіреді.

15 Одиссей мен Трояның батыры Ахиллдің ұлы Неоптелем Лемнос аралына келеді. Мұндағы мақсаттары Филоктетті Троя қаласына ертіп апару керек болады. Филоктет­те Гераклдың садағы болады. Егер Филоктет өз еркімен барса, Трояны жеңіп қайтады деген қауесет тарайды. Мұны естіген Одиссей Филоктетті алдап Трояға ертіп бармақшы болады. Ол өз мүддесінен гөрі Отанның мүддесін жоғары қояды. Софоклдың бұл трагедиясында Одиссей қу, айлакер болса, Филоктет жағымды образды сомдайды.

16 Өзінің әкесін өлтіріп, шешесіне үйлснгенін білген Эдип өзін қатты жаза­лайды. Елінен қуылады. Ол өзінің ажалы жеткенше Софоклдың Отаны Колон Афинда тұрады. Ол өле-өлгенше осы Афина қаласын қорғап өтеді.

17 425 жылғы «Ахарнях» комедиясында кедей шаруа Динеонолид ұлттық жиында соғысты сынақ ретінде қарастырып, біздің жаңа әлемге қол жеткізуіміз үшін дейді. Бірақ ол күтпеген жерден сол әлемді өзі орнатады. Оның жерлесі, комедия хорын жасаушы үлкен Антика жерінің тұрғыны Ахарнның құрметіне арналған комедия. Шығармада Ахарндар отбасы соғыстың бірінші жырында қаты қиналып, азап шегеді. Динеонолид соғыс тек Демогонттар мен Стратегтарға ғана зиян, Ламоехтарға пайдалы екенін дәлелдейді. Динеонолид бұл уақытта көңіл көтеріп жүрсе, басқалары соғыстан зардап шегуде еді. Оның емін- еркін сауда жасауға қолайлы базары басқа қалалардағы адамдармен араласуына дәнекер болады. Мегарец аштықтан оған өзінің қыздарын сатады. Тіпті қолбасшы Ламоех та оған қүс пен ең тәтті балық беріп, мерекеге барғысы келеді. Бірақ Динеонолид соғысқа болғандарға ешнәрсе де татырмайды. Сөйтіп Ламоех дұшпандарына шабуыл жасамақ болып мереке кезінде шекарадан шығып кетеді. Бірақ біреуге ор қазғаны үшін аянышты халде, жаралы күйде қайтып оралады. Аристофан өзінің жазған драмаларында кейіпкерлердің характерін аша отырып, әр образға аса жауапкершілікпен қарайтынын байқатады.

18 Буколика - отражение в художественных произведениях прелести скромной и естественной жизни на лоне природы. Основными формами буколики являются: идиллия, пастораль, эклога.

19 1-ші кітабында Меценат мен Октавианда жер жырту, жердің тыңайтылуы, егіншілік, тұқым себу, жыл мезгілдері, күз туралы айтылады. Ал кітабының соңында ол Цезардің өлімі жайында және Августті мадақтаған арнауын жазады.

2-ші кітабында бағбандық, ағаштардың өсірілуінің топыраққа байланысты әртүрлілігі, әсіресе жүзімге деген күтім жайында айтылады. Италияны мадақтау, Меценаттағы көктемді суреттеу және бақытты өмір кешкен егінші және диханшылар жайында жазады.

3-ші кітабында мал шаруашылығы, соның ішінде сиыр, жылқы және олардың күтімі жайында, одан соң қойлар мен ешкілер жайында және олар ауыратын аурулар жайында, өгіздердің сүзісуі, оңтүстік пен солтүстікте тұратын шопандарды салыстырып жазған.

4-ші кітабы ара өсіру, олардың өмірі, олардың көбеюі, олардың әрекеті және аурулары жайында. Осы кітапта Аристи, Орфи және Эфридика жайында мифтердің кездесуі, Октавиандағы соғыстардағы жеңістері жазылады.

20 Калидастың өмірі жайлы мәліметтер аз сақталған. Оның өмірбаяны жайлы айтылған көптеген аңыздар фантасти­ка­лық түрде, еш дәлелсіз жазылған. Солардың ішіндегі анағұрлым танымал аңызда негізінде Калидастың брахмандар қатарына жат­қа­ны, оның жас кезінде өте кедей және тәртіпсіз болғаны жайлы айтылады. Оның әйелі білімді әрі дана адам болып, тіпті, оны үйден қуып шыққан. Сол кезде Калидас Кали құдайы­ның маза­рын­да түнеп, Кали оны жалпы ғылым мен ерекше ақындық қабілет­ке бөлейді. Ақынның санскрит тілінде «Калидас» - «Кали құлы» деген мағынаны білдіретін есімі де осының негізде пайда болады.

21 Чуаньци оқиға желісінің қызықтығымен және кейіпкерлердің әрекетті­лігімен ерекше­ленетін көлемі жағынан шағын шығарма болып табылады. Оған қойылатын басты талап сюжетте оқырман үшін жаңа дүние­нің болуында. Осындай сипаты жағынан чуаньци еуропа­лық новеллаға жақын келеді.

22 Бұл шығарманың мазмұны айтарлықтай күрделі де емес: қарт ағаш кесуші Такэтори бамбук қуысынан кішкентай қызды тауып алады. Оған «Жарық Сұлуы» деген мағынадағы Кагуя Химэ деп ат қояды. Расында, сұлудың сұлуы болып өскен қыз, шалды байлыққа кеңелтеді. Ол бамбук қуысынан алтын тауып алады. Кагуя Химэға құда түсуге жер-жерден жігіттер келеді. Бірақ қыз оларға қоңыз-ұлу қабыр­шығы мен сиқырланған тышқан терісін, Үндістаннан тастан жасалған тостаған мен Хорай тауынан гауһар тасты бұтақ алып келу сияқты қиын тапсырмалар береді. Келген жігіттердің бірде бірі қыздың тапсырмасын орындай алмайды, ал императордың хабаршысы келіп қызды сарайға алып кететінін айтқан кезде сұлу қыз атасына бар сырын ашады. Өзінің айлы әлемінің тұрғыны екенін және жақын арады жер беті­нен кететіні туралы айтады. Атасы мен әжесінің көз жасы да, сарай күзетшілері де қызды алып қалуға септігін тигізе алмайды, ай тұрғындары қызды өзімен бірге алып кетеді.

Повестің негізі ретінде ертегі алынған және сюжеттің өзі ертегі секілді фантастикалық жүйе­де жазылған. Осылайша, сиқырлы күштердің араласуымен қарт Такэторидың қолына шынайы өмірде қарапайым шаруаның түсіне де кірмейтін байлық түседі. Бірақ бұл шығар­ма­дағы фантас­тикалық элементтер мен сиқыр тек сұлу Кагуя-химэнің бейнесіне ғана қатысты, ал қалғандары, қарт Такэтори мен жолы болмаған жігіттер де шынайы өмірден алынған об­раз­дар. Қарапайым шаруа қарт Такэтори өз пайдасын ойла­май­ды, импера­тор ұсынған бар­лық шендер мен қызметтен ойланбастан бас тарта­ды. Кагуя Химэнің бейнесінде халық­тың сұлу­лық және сыпайылық идеалы көрініс таппады. Сұлу қыз ақылдылық және ұстамдылық таны­тып, танымал, бірақ қорқақ жігіт­терден ақылмен құтыла алады. Шығармада келтірілген тағы бір терең ой: нағыз күшке тек шын еңбекпен қана жетуге болады. Сол себепті жігіттер беріл­ген сынақтан өте алмай қалады.

Бамбуктың түбінен табылған ғажайып кейіпкер-қыз туралы айтылған «Такэтори моно­га­­та­ри» шығармасындағы негізгі мотив­тің отаны Жапония деп санауға болмайды. Шамасы, ол ерте­ректе буддистік аңыздар арқылы жеткен «Манъесю» мен «Фудоки» сияқты фольк­лорлық туын­дылардан алынған болуы әбден мүмкін. Мұхитта мәңгі жүзетін Хорай тауы ту­ра­лы аңыз Қытай­ ғұла­малар мекендейтін мәңгіліктің тауы туралы аңызымен байланысты.

23 Отикубо сыпайы әрі қарапайым, оның жүрегі мейірімге толы, өзіне жамандық жаса­ған­дарды да кешіре салуға дайын тұратын қыз. Повестің соңында автор суреттеген қайырым­ды­лық апо­феозы да халық ертегілеріне тән. Ол өз кейіпкерін аяныш пен жанашыр­лық тудыра­тын қасиеттер арқылы суреттеп, шығармасының соңын­да әркімге өз амалдарына байланысты тиісті жазасын береді: Отикубо жарының махаббатына бөленіп, қуанышты отбасылық өмір сүреді, оның қызмет­шілері көптеген сыйлық алады, ал өгей шеше­сі мен әпкелері кедейлік халге түсіп, тек сұлу әрі мейірімді Отикубоның қайырымды­лығына ғана үміттене алатын бейшара күйге түседі.

«Такэтори моногатариге» қарағанда бұл шығармада ертегілік жанр жанұя­лық повесть ретін­де жобаланған, фантастикадан ары­лып, «жақсылықтың жамандықты жеңуі» сияқты өзіндік идея­лық мағынасын сақтап қалған. Бұл жапондық «Күлбикеш» жайлы повесть қарт бамбукшы тура­лы повесть сияқты хэйандық дәуір әдебиетінде аса маңызды орынға ие болады. Бұл жерде конфуций іліміндегі адамгершілік құндылықтарын ұстанушылық қатты сезі­леді, онда қоғамдағы қатал тәртіп, қарапайымдылық пен күнделікті өмірдегі сабырлылық суреттелген және отбасылық жанашырлар сарай аристократия­сында басты рөл атқарған идеалдардан әлдеқайда өзгеше болған.

24 «Гэндзи монога­тари» екі бөлімнен тұрады. Романда шама­мен 300 кейіпкер бар, олардың 30-дан аста­мы ғана басты немесе тұтас роман бойы кездесетін кейіпкерлер. Романдағы оқиғаның қам­тит­ын уақыты - 70 жыл. Романның бірінші бөлімінде императордың күңінен туылған ұлы Гэндзи ханзада жайлы айтылса, екінші бөлімінде Гэндзидің ұлы Каору жайлы әңгіме­ленеді. Романда 41-ші тарау жоқ, ол тек өзінің «Бұлттарда жасырылған» деген атауы­мен орын алады. Бұл сөздің астарында Гэндзидің өлімі айтылғандығын түсінуге болады.

Мурасаки көп нәрсені «Уцубо моногатари» романынан алған. Екі шығар­маның да құрылымы ұқсас. «Уцубо моногатариде» де, «Гэндзи моногатариде» де әрбір жаңа тарау сайын жаңа кейіп­кер­лер пайда болып, тарау соның есімімен аталады. Мысалы, бөлімдер «Уцубо моногатариде» «Атэмия», ал «Уцубо моно­га­тариде» «Югао», «Уцусэми» немесе «Обородзуки-но е» деп ата­ла­ды. Роман­­ның бөлімдерінде жас сарай қызметкерлерінің әйел­дер тура­лы түрлі ойлары кел­ті­рі­ле­ді. Алайда бұл шығармалар сыртқы құры­лы­мы жағынан ұқсас болға­нымен, ішкі мазмұны мен көркемдік деңгейі жағынан ерекшеленеді.

Романның фабуласына келер болсақ, Гэндзидің анасы – Кири­цу­бо төменгі әлеуметтік тапта­ғы күң. Ханзаданың дүниеге келуіне байланысты шақырылған корейлік көріпкелдер болашақта ханзада­ның ұлы күшке ие болуы және оған деген мемлекеттік салада биік қызмет­тің қауіпті болатындығын айтады. Өзінің баласын қорғап қалу үшін император оны ресми түрде ханзадалар қатарына қоспай, оның қамқоршысы мен қорғаушылары болуы үшін ұлын мық­ты феодал­дар үйі Минамотоға жаздырады. Осылайша, Гэндзи қара­пайым адам және на­ғыз роман кейіпкері болуға лайықты болады. Ол сарай сүйіктісіне айна­лып, оған көптеген сый, атақ беріледі, бірақ Гэндзи­дің айтуы бойынша, саясатқа қызығушылығы бол­майды.

Романның басында Гэндзи бозбалалық шағында керемет сым­батты және талантты жігіт ретінде суреттеледі. Ол 13 жасында министрдің қызы Аойға үйленіп, бірақ сонымен қатар басқа да әйелдерге қызығушылық танытады, әсі­ре­се сарайдың сырт жағын­да тұратын, кедей Югаоға асқан құштарлық білдіреді. Хэйандық эстетика рухымен тәрбиеленген Гэндзи Югаоның нәзік­тігін, қара­пайымдылығы мен сұлулығын жоғары бағалайды. Бірақ ханза­даның сезімін оятқан Гэндзидің әкесі, кәрі императордың жүре­гінде орын алған, императордың жас еріксіз әйелі бола­ды. Бірде Гэндзидің құштарлығына жол беріп, екеуінің бірге өткізген жалғыз махаббат кешінің нәтижесінде Гэндзидің әкесі өзінің баласы деп қабылдаған болашақ император Рэйсэн дүниеге келеді.

Романның бесінші тарауында жаңа кейіпкер жетім қыз Вака-Мурасаки пайда болады. Ол Гэндзиге Фудзицубоны еске түсіреді. Гэндзи тәрбиеші ретін­де қызды өзімен бірге алып кетіп, бірнеше жылдан соң оған ғашық болады да, екеуі неке құрады. Оларды мөлдір махаббат пен адал достық байланыс­тырып тұрғанымен, көп ұзамай Гэндзи жаңа сезімдердің жетегіне еріп кетеді де, Вака-Мурасаки қызғаныштан қиналады.

Романның көптеген тарауларында Гэндзидің атағының елге жайылуы, өмір­дегі жетістіктері жайлы жазылған. Нағыз хэйандық дәуірге сай қасиеттерді бойына жинаған, мейірімді жүрегі, сымбат­ты келбетімен Гэндзи айналасын­дағыларды таң қалдырып, әйел­дер­дің көңілін баурап алатын. Сарайда ол сый-құрметке ие болып, ең жоғарғы дәрежеге жетеді. Біртіндеп бұл керемет өмірдің құлды­рауына айналады, бір сөзбен айқанда, Гэндзидің өмірінің екінші кезеңі басталады. Гэндзидің әкесі кәрі императордың тағын үлкен ұлы Судзаку мұра­герлік етіп, Гэндзидің өгей шешесі, Судзакудың анасы Кокидэн оның артына түседі. Айдың сиқырлы күшінің әсерінен абайсызда Гэндзидің Кокидэнің сіңі­лісі Обородзукиемен байланысының мәлім болуы Гэндзидің Сума аралына ай­да­луына негізгі себеп болады. Осының нәтижесінде ол өмірін біраз уақыт жалғыздықта өткізіп, кейін теңіздің тулауынан біраз уақыттын қорқынышпен де өткізеді. Арал­дың экс-губернаторы өзінің қызы Акасиді Гэнзимен қосады. Олардан бір қыз дүниеге келеді.

Біраз уақыт өткен соң Гэндзи сарайға қайтарылады. Таққа енді Гэндзидің Фудзицубодан туған ұлы Рэйсэн отырады. Ол өзінің дүниеге келуі туралы құпияны білгенде, Гэндзиді мемле­кет­тегі бірінші адам етіп жариялайы. Өзінің бірнеше сүйіктісімен және Вака-Мурасакимен бірге Гэндзи сәулетті сарайға көшеді. Оның Акасидан туылған қызы императордың әйелі болады. Осыған қара­мастан шығарманы толығымен мұң мен қайғы қаптайды. Гэндзи күннен-күнге қар­тая түседі. Бұрынғы император Судзакудың өтіні­ші бойынша Гэндзи оның кіші қызын өз қамқо­рына алып, оған үйле­неді де, ханзаданың әйелі дәрежесін береді. Вака-Мурасаки болса, кемсітушіліктен қайғырып, кейін қатты науқастанып қалады. Несан еріксіз Гэндзидің көзіне шөп салып, басқа біреуден бала табады, бірақ ол Гэндзидің ұлы деп саналады. Фудзицубо мен Гэндзидің басынан өткен оқиға қайталанады. Барлық болып жатқан оқиғалар Гэндзи жазасының жақындағандығын білдіреді. Вака-Мурасакидің қайтыс болуы Гэндзидің өмірінде ұмтылмас ауыр із қалдырды. «Елестер» деп аталатын тарауда Гэндзидің мұңды ойларға батып, айналасын­дағы­лардан алыстатып бара жатқаны суреттелінеді.

Мурасаки өз заманының әдебиетінде романның қандай рөл ойнауы керек екендігін түсінеді. Ол ойланбастан бұл жанрды елдің «ресми алты оқиғасының» ішінде алғашқы және ең маңызды бол­ған өткен дәуірдің маңызды ескерткіші «Нихонгиден» де жоғары қояды; өйткені хроника өмірдің тек бір жағы - тарихи әрекеттерді ғана бейнелейді, ал роман болса, жеке тұлғаның тұтас өмірін қамти алады. Адам өміріндегі оқиғалардың эстетикалық мәнін бекітетін жазушының мұн­дай көзқарасы сөзсіз батыл айтыл­ған. Бұл жазушы­ның роман ерекшелігін түсінетіндігін білді­реді. Романның авторы жақсы мен жаманды жасанды түрде бір бірінен айырмауы және «жүре­гінде сақтай алмағанның барлығын бейнелей бермеуі тиіс....» деп ойлайды Мурасаки. Мурасаки көркем ойды романға тән сипаттардың бірі деп санайды: автор ойдан шығарған оқиғалардың өзін бір-бірімен байланыстырғанда оқырманға ондай оқиғаның шын мәнінде өмірде болуы мүмкін екен деген ой келуі керек.

Мурасаки өз романын моногатаридің көне және ертегілік форма­­ларына қарсы қояды. Оның бас кейіпкері Гэндзи ежелгі­лердің даналығын мойындай оты­рып, жаңа жапон жазуымен жазыл­­ған әдебиеттің гүлденуі мен сол дәуірдегі жазушылардың жоғары көркемдік талғамына тамсанады. Мұның барлығы кон­фу­ций ілімінің ескі жоралғыларына қарсы келеді.

Жазушы ескі ертегілік моногатариден мүлдем алыстайды. Он­да­ғы ертегі­лердің элементтері өзіндік ерекше сипатқа ие. Онда ерте­гілік бейнелер ретінде императордың бірінші әйелінің тарапы­нан қуғынға ұшыраған Гэндзидің анасы, жетімдікті көріп өскен Гэндзидің өзі мен Вака-Мурасаки, Гэндзидің тағдырына әсер еткен Тамакадзура келтіріледі. Романның «қашан, қай патшаның тұсында болды?» деп басталуы да ертегі сарынына жақын. Бірақ ертегілік мотив­тер күрделі психологиялық детальдар мен шырмақ­талған оқиғалар желісінде өтеді.

Ертегілік моногатарилерге қарағанда Мурасаки өзінің рома­нын­да барлық назарды сыртқы құбылыстарға емес, өз кейіпкер­лерінің ішкі жанкүйзелісіне, махаббат сезімдеріне аударады. Осы жерде поэзияның лирикалық дәстүрлерін және күнделік жанрының тәжірибесін қолданады.

Роман­ның біраз бөлігі Гэндзиді сәттілікке толы өмірдің биік шыңында көр­сетеді. Өзінің мейірімді жүрегімен, жоғарғы дәрежелі ақылымен және еркекке тән көріктілігімен айнала­сындағы адамдар­дың, оның ішінде әйел затының жүректерін еріксіз жаулап алатын. Ақырында ол өзінің ерлігін пайдаланып ең жоғарғы дәрежеге дейін көтеріледі. Мұнда кейіпкерлердің сезімталдығы көбі­рек аңғары­лады. Оның қайғы-қасіретке толы, мұңлы көңіл-күйі тура түрде де жанама түрде де шындығында буддизмнің қандай екенін анық аңғартады. Алай­да мұны жеткізу барысында ұлттық лириканың шартты тілі мен буддистік риторика жекеленген жанның жан күйзелісі мен ішкі қобалжуларын жеткілікті дәрежеде анық сурет­тейді. Лирикалық нәзіктілік және буддистік меланхолия кейіпкер­лердің өмірінде айтарлықтай дәлелдерге ие болған. Түрлі психоло­гиялық бейнелеулер психологиялық күнделіктердің тәжірбиесінен негіз алған.

Жапон романының дамыған кезінен, әсіресе, "Исэ моногатари" мен "Уцубо моногатарилер" пайда болғаннан бастап оның негізгі тақырыбы махаб­бат болып қалыптасады. Гэндзидің өмірі ғашық­тық хикаяларға толы болған­дықтан романды зерттеу барысында оны Дон Жуанмен қатар қойсақ таңдана­тын жағдай болмас еді. Бірақ мұндағы Мурасаки кейіпкерінің Дон Жуаннан айырмашы­лығы, ол жалпыға ортақ ғасырлар бойы қалыптасқан адамгер­шілік норма­лары мен қоғамдық және діни қағидаларға қарсы келе алмай­ды. Сонымен қатар ол бір кездері өзі сүйген адамдарын мәңгілікке жадында сақтайды. Осы эмоционалдық «есте сақтау» Гэндзидің жан дүние­сіндегі ерекшелік пен оның барлық әдемілік пен әсім­дікке деген жан құмарлығын көрсетіп, Гендзиді мықты батыр кейіпкер ретінде суреттейді.

Романда Гэндзидің махаббат хикаялары идиллия түрде бейне­лен­­беген. Онда Тристан мен Изольданың, Ләйлі мен Мәжнүннің және Қытай императоры мен оның күңі Ян-Гуйфей туралы әңгіме­лер­де де кездесетін жеке махаббат құмарлығы қоғамға қауіп төнді­ре­тін «ақылсыз дерт» ретінде суреттелген. Гэндзи романының алғашқы беттерінде трагедиялы оқиғаға тап болған кәрі император­дың Гэндзидің анасы, өзінің күңі Ян Гуйфейге деген махаббаты мемлекеттің қылыпты өміріне қауіп төндіретін жағдай ретінде баяндалуы кездейсоқтық емес. Гэндзи өзінен тым биік (Фудзицуб­бо, Обородзуки-но е) немесе тым төмен (Югао) дәрежеде тұрған әйелдермен көңіл қосады. Ол осы әрекеті арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік иерархиялық жүйені бұзады. Фудзицубо императордың күңі ғана емес, ол бұрынғы Гэндзидің анасын еске түсіретін жас ана да. Гэндзидің өмірдегі ең үлкен күнәсі осы әйел­мен байла­нысы болады және Гэндзи ол үшін жазасын да (карма) алады. Махаббаттағы осындай қатынастар Гэндзидің тәрбиешісі Вака-Мурасакиге ғашық болуы мен Тамакадзура есімді өзінің қам­қор­лы­ғындағы қызбен көңіл қосуын­да көрінеді. Мурасаки өзінің қорытынды шеберлігі арқылы романдағы кейіпкерлердің жүрек­терінде махаббат ұшқынының пайда болуы, айырылысу ал­дын­дағы ғашықтық мұңдары мен жан күйзелісіне әкелетін қызға­ныш сияқты ғашықтық сезімдерін шебер суреттейді. Соны­мен қатар Мурасаки­дің шығармаларында кез келген махаббаттың соңы қайғы-қасірет­пен, тіпті өліммен де ұласады

Оның ойынша, әр әйелдің өзіне тән ерекшеліктері болады. Оқыр­ман алғаш­қы ғашығы Гэндзи қызғанышының құрбаны болған сүйкімді Югаоны да, Ген­дзи­дің қалауларына қарсы тұра алған қайрат­ты әрі нәзік ару Уцусэмиді де, Гэндзи ылғи да мазақ ететін "Шафран гүлі" деген лақапқа ие болған кәрі ханшайым Суэцуму-хану­ды да ұзақ уақыт естен шығармайды. Осы бейнелердің ішінде ерекше қасиетке ие тұлға - Мурасаки өзінің қиялындағы әйелдің бейнесін осы Вака-Мурасаки бейнесіне сыйғызды десек те болады. "Әйелдің әйел болуы еркектің қолында" деп әйелдің қоғамда алатын орнын көрсетті және өмірдің қандай қиындықтары болса да еш қайыс­пайтын ақылды да қайратты, сезімтал нәзік әйел бейнесін жасады.

Жазушы жаңа көзқарастарымен өзін қоршаған адамдарды барлық қырынан танытуға тыры­сады. Батысеуропалық романдарға қарағанда Гэндзи туралы жапондық романда уақыт бір сызықтық түрде емес, циклды түрде бейнеленеді. Гэндзи туралы оқиғада адам баласының түрлі сезімдері, ғашықтық және отбасылық қарым-қатынастары мен алмасып отыратын табиғат құбы­лыс­тары суретте­леді. Бұл көріністер күнделікті қайнап жатқан сарай тіршілігімен қатар орын алады. Мурасаки лирикалық поэзияға тән табиғат пен адам арсындағы психологиялық паралле­лизм тәсілін өте шебер пайдаланады. Табиғат көрінісі, әсіресе, күз мезгілі жапон поэзия­сында кейіпкерлердің мұңы, жанкүйзелісі мен жоғалту, айырылысу кезіндегі сезімдерімен байланыс­тырылады. Осындай психо­ло­гия­лық параллелизм жапон романына көркемдік беретін мұңды тонды күшейте түседі. Жыл мезгілдерінің циклдық ауысуы мәңгілік өмір айналымы­ның символы және роман құрылымының маңызды эле­менті болып табылады. Гэндзидің өлімінен кейінгі оқиғалар баян­да­латын романның қосымша екінші бөлімінде буырқыған өзен жан-жағын жайпа­ған өмір ағымының символы ретінде суреттеледі. Табиғат айналымы буддистік мереке­лердің күнтіз­бесімен де байла­нысты. Жазушы табиғи символдарды романдағы әйел есімдерінің құпия­сын ашу үшін де пайдаланады. Көбіне әйел кейіпкерлерге гүл­дер мен жер-су аттары қойы­лады. Мысалы, Кирицубо павлов­ний бұтасы, Фудзицубо глицин бұтасы, Вака-Мурасаки жас алканна (бұл өсімдіктің тамырынан қою күлгін бояу алынады) деген мағына береді. Бұл үш бейне де Гэндзи үшін қою күлгін (қою күлгін түс хэйан дәуірінде үлкен сұранысқа ие болған) түспен байланысты. Романда еркектердің аттары өздерінің ресми атақтары мен қызметтері бойын­ша (мамандық) аталғандықтан бұл романда олардың есімдері үздіксіз ауысып отырады. Табиғат пен адам арасындағы уақыттың циклдық үлгісі, адам мінезінің өзгеруі, кейіп­кер­лердің өз әрекеттері үшін жазасын алуы (Гэндзидің тағ­дыры) мен тағдырдың салғанына көнуі буддизммен байла­ныс­ты. Осы аталған сипаттар арқылы "Гэндзи моногатари" орта ғасырдағы христиан­дық және мұсыл­мандық романдардан ерекшеленеді.

Мурасаки жасаған қоғамдағы адамдардың рухани әлемінің негізі қоршаған ортаны ерекше сезіммен қабылдап, табиғат әсемді­гінен рахат алуымен сипат­талады. Романда табиғат анадан бастау алатын сұлулық өмірдің барлық қыры­нан, тіпті көйлектің жеңінде салынған өрнектен де көріну тиіс болады. Хэйан дәуіріндегі адам­дар қоршаған әлемдегі құбылыстарды өздерінің көңіл-күйіне бай­ла­нысты қабылдай отырып, қуаныш пен қайғыны кез келген құбы­лыс­тың мәңгі сипаты деп санайды. Дәл осы дәуірде "Заттардың керметтері" - моно-но аварэ деп аталатын ұғым пайда болады. Табиғат көріністерінен туындаған сезімдерді білдіретін бұл ұғым "Манъесю" антоло­гиясында да кездеседі. Хэйан дәуіріндегі поэзия­да да, прозада да, әсіресе "Гэндзи туралы повесте" заттарға деген таңданушылық өмірдің тұрақсыз­дығы мен өткіншілігін сезіну және қайғыру сияқты сезімдермен байланысты болады. Жапондық шие гүлі Сакура көзді ашып-жұм­ғанша өте шығатын өмір ағымының символы болады. Сондай-ақ уақыттың қысқалығына байла­нысты моно-но аваре – "заттардың қайғылы кереметтері" деген ұғым пайда болады.

Мурасаки жер бетіндегі қайғы-қасіретті адам, сезімдер мен таби­ғи құбы­лыс­тар арқылы көрсетеді. Дәстүрлі дүниетаным мен поэтикалық бейнелер­де кездесетін түрлі элементтер алғаш рет Гэндзи туралы романда жекелеген қа­сиет­тер мен драмалық қайшы­лықтарды бейнелеу үшін қолданылады. Роман­дағы оқиға желісінің өрбуіне байланысты оған жасалатын талдау да терең­деп, кейіп­керлердің түрлі эгоистік ойлары, ішкі сезімдері мен әрекеттері айқындала түседі. Көп жағдайда белгілі бір кейіпкер туралы басқа­лардың әркеттері арқы­лы білеміз. Мурасаки ғасырлар бойы қалып­тас­қан поэтикалық негізден бас тартпастан әлем әдебиетінің тарихында алғаш рет нағыз психологизмнің қалып­та­суына бастау болды.

Романдағы кейбір жағдайлар мен кейіпкерлердің ойлау жүйесі қайталан­ғандай болады. Бұл құбылыс, әсіресе, оқиға желісінің ша­рық­тау тұста­рында анық байқалады. Мысалы, Гэндзи мен Фудзи­цубоның ғашықтық кездесуі және олардан туылған заңсыз мұрагер оқиғасы Ниой мен Касивагидің өмірлерінде де қайтала­на­ды. Сонымен қатар Гэндзи сүйіктісінің өлімі сияқты келесі оқиғада да ай толған мезетте ғашық болған зұлым рух Рокудзе Югао мен оның әйелін өлтіреді. Мұнда Гэндзи мен оның сүйіктілерінің арасындағы болған жағдайлар көбіне "музыкалық прин­цип­ке" сай келеді. Сон­дық­тан да лирикалық тақырып­тардың ауысып келуі сюжеттік байла­ныс­тардан гөрі негізгі маңыздылыққа ие.

Мурасаки қолданған осындай суреттеу әдістері мен көркем тәсілдер аталған романды орта ғасырдағы куртуаздық романдардан әлде­қайда жоғарлатып, оны кейінгі ғасырлардағы Еуропа әдебие­ті­нің кейбір шығармаларымен қатар қояды (17 ғ. француз психоло­гия­лық романы).

25 "Кокинсю" де "Манъесю" секілді 20 кітаптан (шиыршық қағаз) тұрады. Оның көлемі "Көне поэзияның қожайыны" аталған "Манъесю" шығармасынан кіші болса да, үлкен маңыздылыққа ие. Онда 1100 өлең жинақталған. "Кокин­сюдегі" өлеңдер тақырыптар бойынша жинақталған: жыл мезгілдеріне байла­нысты шығармалар, саяхат пен махаббат туралы өлеңдер және т.б. "Кокин­сюде" ғана өлеңдер алғаш рет жыл мезгілдеріне байланысты жіктеу принципі­мен құры­лған. Кейіннен бұл принцип жапон поэтикалық антоло­гиясында мін­детті түрде қолданылатын болған.

"Кокинсюдің" құрамына бір жарым ғасыр бойғы өлеңдер жинақталған. Олардың көпшілігі белгілі бір атаумен аталмаған. «Кокинсюдегі» өлеңдердің біразы "Манъесю" құрылғаннан кейінгі кезеңге жататын "ескі әндер". Ал өлеңдердің келесі тобы "Поэзия­ның алты данышпаны" өмір сүрген дәуірге жат­са, ал қалғандары антологияны құрушылар мен оның замандастарына тиесілі «жаңа өлеңдер» болған. Ақын Аривара Нарихира, буддалық шіркеу қыз­мет­кері Хэндзе мен дүние­ден безген Кисэн, ақын Бунья Ясухидэ мен Отомо Куронуси, Аривара Нарихира сияқты тек поэти­калық талантымен ғана емес, сонымен қатар көркем сұлулығымен әйгілі болған әйел ақын Оно-но Комати жапон әдебиетінде “Поэзияның алты данышпаны” деп қаралады. Осы аталған ақын­дардың барлығы да ІХ ғ. өмір сүреді. Бірақ Ясухидэ, Куронуси мен монах Кисэн­нің шығар­машылықтары өте аз сақталады. “Поэзияның алты даныш­па­ны” кезіндегі жапон әдебиеті Хендзе, Нарихира мен Комати еңбек­терімен байланысты.

«Манъесюдің» ақындары сияқты «Кокинсюдің» де авторлары поэзияға сол дәуірдің барлық жаңалығы және табиғатпен байла­ныс­ты салыстырулар мен суреттеулер енгізіп, өз сезімдеріне табиғат әлемінен үн қатулар табады. «Манъесю» мен «Кокинсюді» салыстыра отырып, олардың арасында айтар­лықтай айырмашы­лықтар бар екеніне көз жеткіземіз. Танканың өзіндік ерекшелігі мен оның шағын көлемі поэтикалық тәсілдердің нәзіктігі мен фор­ма­ның нақтылығын талап етеді. Сарай ақсүйектерінің ортасында танканың осы ерекшелігі басты орынға ие болған. Ол өз кезе­гінде кез келген тақырыпта өлең шығаруға еш қиындық тудырмайтын канондық қағидалар мен нақты қалыптардың қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан да «Кокинсюдегі» көпте­ген өлеңдер­де күрделі фонетикалық ассоциацияларды құруға мүмкіндік беретін омофон­дар кеңінен қолда­ны­лады. Ондағы өлеңдердің негізінде дүниета­нымдық көзқарастар мен философиялық ойлар жатыр.

«Кокинсюді» құру барысында пайда болған эстетикалық канон­дар поэти­ка­лық бейнелеу жүйесінде кең таралып, жекелеген бейнелі сөздер өлеңнің жал­пы тақырыбымен байланысты шағын поэтикалық тақырыпшаларға айналады. Осылайша, бұлбұл құсы­ның алғашқы әні көктем келуінің, самал жел күздің келуін бейне­леп, адам өмірінің өтпелілігін білдіреді. Автор қардың түсуімен қарттықтың келгенін, ал аспанда ұшқан қаздың бейнесі арқылы ғашық жандар­дың сағынышы мен мұңлы зарын суреттейді.

Егер «Манъесю» кезінде жазба поэзияны фольклорлық шығар­ма­шы­лықтан ерекшелеу үде­рісі бастапқы сатыда болып, халық поэзиясына кәсіп­қой ақын­дар­дың шығармашылығы үлкен әсе­рін тигізген болса, «Кокинсю» антоло­гиясында мұндай әсер байқал­майды және халық поэти­ка­лық тәсілдерінің орны­на шектен тыс формалық өнер келеді. Дегенмен маңыздылығы жағынан «Кокин­сю» ерте жапон поэзиясының көрнекті ескерткіші «Манъсесюден» кейінгі екін­ші орынды алады. «Кокинсюдағы» аттары белгісіз ақындар мен сол кездегі аты әйгілі болған Ки-но Цураю­ки сияқты ұлы ақындардың шығармашы­лықтары жапон поэзиясындағы жаңа дәуірдің дамуына өз үлестерін қосады.

26 «Кондзяку моногатари» - жеке шығармашылықтардың кең көлемдегі жинағы 31 кітапты құра­­ған 1063 әңгімеден тұрады. Үш кітап (8-ші, 18-ші және 21-ші) сақталмаған. Бүкіл жинақ үлкен үш тақырып бойынша бөлінеді: Үндістан (оны ескі атауы Тэндзику), Қытай (Синтан) және Жапония (көне Хонте сөзімен аталады). Жинақтағы ең көлемді бөлім 18-31 кітаптарды қамтитын Жапония бөлімі болып табылады. Жинақтағы әңгімелер тақырыбы бойын­ша, кейде хронология­лық датасы бойынша қатаң түрде жіктелген. Мысалы, Үндістан бөлімінде 4-ші кітап «Буддадан кейінгі», ал 5-ші кітап «Буддаға дейінгі» Үндістан туралы әңгіме­лерден тұрады. Қытай бөлімінде 9-шы кітап “ата–анаға құрмет көрсетуге” арналса, 12-ші кітап елдің тарихы туралы әңгі­ме­лерден тұрады. Жапон бөліміне кіретін әңгімелер тобы тақырып бойынша бір-бірімен байланысты. Әңгі­ме­лерде «Каннон әйел-құдайының мейірімділі», тәубесіне келіп, тура жолға түскен ұрлық­шы және т.б. туралы айтылады. Тіпті кейбір әңгімелерде «әйелінің өлімінен кейінгі күйеуінің өлең шығара бастауы» жайлы айтылады. Қара­пайым халықтың күнде­лікті тіршілігі туралы айтылған әңгімелер басты назар алады.

Жинақтағы әңгімелердің көпшілігі дидактикалық сипатқа ие және автор­дың буддизмді ұстан­ғанын көрсетеді. Кітапқа енген халық әдебиетінің ескерт­кіштері ерекше түрде қайта өңдеу­ден өтіп буддалық адамгершілік құндылық­тарымен біріктірілген. Әңгімелер таңғажайып құбы­лыс­тарға толы фантастика­лық үлгіде жазылған. Бірақ мұндағы фантастика халық шығарма­шы­лы­ғына тән сипат­тардан мүлдем бөлек. Онда құбылыстарға фантастикалық түсінік­те­мелер беріл­ге­­німен, құбылыстардың өзі шынайы әлемнің заңды­лық­тарына бағынады. Мысалы, егер «сиқыр­лы жапқыш» жоғалса, онда оны біреу ұрлап алады немесе айламен алдап алады. Халық ертегіле­рінде өмірлік заңдылықтар бұзылмайды. Ал «Кондзяку моногатари» жинағында келтіріл­ген аңыз­дар мен әңгімелердің сипа­ты мүлдем өзгеше. Онда мистикалық күштер мен жоғарғы құдай әлемі негізгі заңдылық ретінде алынып, ал халық өмірінен алынған оқиғалар осы тылсым күш­терді көрсету үшін ғана қолда­нылады. Мысалы, өз әулетіне арнап үй салуға ақшасы болмаған кедей әйел туралы әңімеде де осы заңдылық сақталған. Бұл әңгіме әйел-құдайы Кан­нон­ның мейі­рім­ділігімен әйелдің ақшаға ие болуы­мен аяқталады. Осылайша, жылқыларды жауыз­д­ықпен өлті­­ре­­тін адам да өз жазасын алады. Ол бір күні қазанға су қайнатып жатқанды екі көзі қайна­ған суға түсіп кетеді де, үлкен қасіретке ұшырайды. Автор бұл әңгімені: «Бұл оған берілген жаза бола­тын. Сондықтан алдағы өмірдің қиыншылықтарын да ойлау керек. Халық солай деп айтып жүр» деген сөздермен аяқтайды.

27 Роман оқиғасы жауынгер ақын туып-өскен Арабия даласында өтсе, енді бірде Таяу және Орта Шығыс, Азия, Африка, Еуропа елдеріне де жетелейді.

Шығарманы маддахтар Абс тайпасының көсемі Шаддадтың кезекті бір жорықта зәңгі текті Забиба атты әйелді тұтқынға алға­нын, кейінірек одан Антараның дүниеге келуі, оның батыр боп өскені, бірақ әкесінің Антараны ұлым деп санамай түйе бақтырып қойғанын айтудан бастайды. Бірде жау шауып Абс тайпасы жеңі­ліске ұшырайды. Шаддад Антарадан қол ұшын беруді сұра­ғанда жас батыр әкесінің өзін менсінбей қорлағанын айтып, бас тартады. Шаддад тайпа алдында оны ұлым деп танығаннан кейін, Антара жауды ойсырата жеңіп, көш жерге қуып тастайды.

Антара әкесінің інісінің қызы Аблаға ынтық боп өседі. Махаб­бат отына шарпылып Абланы көрмесе тұра алмайтын халге жетеді. Сүйіктісіне арнап көптеген өлеңдер шығарады. Бірақ қыз әкесі оған қарсы болып, Антараны талай қиын сапарға жұмсайды. Қыз қалы­ңы ретінде мыңға жуық әдемі ақ түйелер әкелуді бұйырады. Антара тұлпарын ерттеп алыс елдегі Иракқа, одан әрі Иран жұртына сапарға шығады. Жол-жөнекей қызық та қатерлі түрлі оқиғаларды бастан кеші­реді. Парсы жұртының шаһы Хосрау Ануширанмен танысып достасады. Сөйткен Антара Византия Императоры Ирак­лидің шақыруымен Константинопольге де барады. Ақкөңіл батыр византиялықтардың жауы франк­тер­мен соғысу үшін Еуропа елде­рі­не аттанады. Испания королі Сант Ягоны өлтіріп, жауды тізе бүктір­ген соң Магриб елдерін аралай отырып, Мысыр арқылы қайтадан Констаптинопольге қайтып оралады.

Өмірінің соңында Антара ежелгі жауы Узр ибн Джабир дегеннің қолынан кездейсоқ қаза табады. «Сират Антараның» авторы деп зерттеушілер бірде Иусуф Исмаил әл-Мысри мен әл-Асмаиді көрсетсе, енді бірде Абу Убайда мен ибн ас-Саигті атайды. Дегенмен «Сират Антараны» басында бір адамның шығарғаны даусыз. Бірақ ол кейін өңделіп, толықтырылып, түзетіліп коллек­­тивтік еңбекке айналған. «Сират Антарада» композициялық бірлік жоқ. Оқиға баяу дамиды. Керек­сіз шегіністер мен қайталаулар, мезі етер баяндаулар жиі ұшырасады.

Романда Антара бойындағы ерлік пен батырлық Аблаға деген махаббаты­мен әдемі жарастық тауып жалғасып отырады. Антара­ның Аблаға деген ыстық сүйіспеншілігі ғана батырдың жолын тос­қан түрлі қиыншылық­тарды жеңуге көмектеседі. Шығыстанушы И.М. Фильштинский роман­ның әр бөлімінен көптеген ғасырлар үні мен лебі сезілетінін айтады. Шығарманың батырлық, бәдәуи­лік рухы мен тайпа арасын­дағы соғысты суреттеуде исламға дейінгі ғасырлардағы аңыз іздері аңғары­лады. Жеңімпаз исламға жол аш­қан Антараның ерліктері мен оның Арабия, Иран, Сирия, Солтүстік Африка мен Испанияға жасаған жорықтары­ның суреттеулері де YІІ-YІІІ ғ. араб жаугершілігін елестетеді. Парсы ордасы­ның рәсімі мен сарай өмірін (аңшылық, көгершін пош­тасы) суреттеуде, түрлі қызмет, істердің парсыша атауымен, терминдер, кісі аттарынан да парсы мәде­ние­тінің іздері көрінеді.

Романда Антараның Еуропаға барғандағы басынан өткендері Таяу және Орта Шығыс елде­ріне крест тағушылар жасаған жорық­ты жылдармен үндесіп жатқаны күмәнсіз.

28 Неміс шығыстанушысы Август Мюллер «Мың бір түнді» Бағдадта және Мысырда туған ертегілер деп екіге бөліп қараған. Ағылшын арабтанушысы Д.Д. Макдональд, француз ғалымы Галлон түрлі тұжырым жасаған. Шынында, «Мың бір түн» XIY-XYI ғ. өңделіп, толықтырылып бір жүйеге келтіріліп түгел­дей араб­тық колорит аталған.

«Мың бір түн» ертегілерінің бірқатарының оқиғасы Мысыр жерінде өтеді. Кітаптың «Мың ертегі» деген атауы IX ғ. «Мың түн» болып өзгертілген сияқты. Өйткені ежелден-ақ мың саны шексіздік ұғымының синонимі болып есептел­ген. Осы ретте «Мың ертегі» неге «Мың бір» деген болып өзгерген деген де сауал кесе көлденеңдейді. Оған неміс ғалымы Е. Литмани: «бұл жерде түркі халқы­ның «мың бір» деген қайсыбір заттың әдеттен тыс көп екендігін білдіре­тін идиома­сының әсері болуы мүмкін, - дейді. Дәл осы түркі идиомасы парсылардың «Хазар йак» ертегісіне негіз бола келіп, шығармаға «Альф лайла уа лайла» деген атау берген. Әуелде кітаптың атауында түннің өте көп екенін білдірген­нен басқа мән болмағанымен, соңыра барып қана 1001-ге жету үшін қосымша ертегілер қосуға тура келген» деген құлақ қоюға болатын уәж ұсынады.

Индия, иран халқының ертегілерімен қатар Месопотамия, түрік жұрты­ның әңгімелері де «Мың бір түн» ертегілеріне белгілі бір шамада әсер еткен деуге болады. Өйткені «Мың бір түннен» аталған ел әдебиеті мен тілінің көптеген элементтері ұшырасады. Мысалы, ертегілерден үндінің Синдбад, түркі­лердің Али Баба, Хатун, парсылардың Шаһризада, Диназад, Шаһзаман, Бахрам, Рүстем секілді есімдерін оқимыз. Сондай-ақ ертегілерде грек және еврей есімдері де кездеседі.

«Мың бір түн» жанры жағынан да әр түрлі. Мұнда ертегілер (сатиралық, дидактикалық), романдар, аңыздар, анекдоттар алма-кезек келіп отырады. «Мың бір түндегі» ең үлкен ертегі деп әдетте «Аладдин және оның сиқырлы шамы», «Али Баба және қырық қарақшы» атты ертегілерді атаймыз. Ал ең үлкен романға «Умар ибн Нуғман және оның балалары» атты ертегі жатады. «Мың бір түн» оқиғаларының кейбір сюжеттік желілері ерте кезден-ақ Италияда кеңінен белгілі болған. Мысалы Е. Литман «Мың бір түн» ертегі­лерінің Джованни Серкамби (1347-1424) романдарына өте үлкен әсер еткенін айтқан. Өзге зерттеушілер көп ретте «Мың бір түн» ертегілері Еуропа жұртшы­лығына тек XYII ғ. ғана мәлім болғанын ескертеді де, француз саяхат­шысы Жан Антуан Галлонның (1646-1717) «Мың бір түн» ертегілерін бірінші рет аударып Еуропа жұртшылығына таныстырғанын айта­ды. Араб елдерінде фран­цуз елшісінің хатшысы қызметін атқара жүріп, Галлон ел арасында кең тараған ертегі, аңыз, әңгімелерге назар аударады. Францияға қайтып оралған соң жазып алған ертегілерін француз тіліне аударып, 1717 ж. 12 том етіп бастырып шығарады. Сөйтіп, Еуропа жұртшылығы «Мың бір түн» ертегіле­рімен, шынында да, осы Галлон аудармалары арқылы алғаш рет танысқан.

29 «Сасандық мақамасында» Әл-Харири «Бану Сасан» тер­ми­­ні­нің шығу туралы аңызды алға тартады. Онда Сасанды кедей­лер мен дәруіштердің арғы атасы деп көрсетеді. Аңыз бойынша, Сасан жас кезінде тақ мұрагері құқығынан айырылып, әкесі Бахман екеуі елден қуылып, тауда тұратын күрдтерге кетіп, онда кедей-кепшіктің бүтін бір армиясын жинап, қайыршы­лықпен күн кешеді. «Бану Сасан» атауын өз сенім-қағидаларын өзгертпейтін, бір ұста­нымда қатып қалған пат­ша­задаларға да таңылған. Ұйым өкілдерін Ислам иелігіндегі Иран, Ирак, Мысыр, Солтүстік Үндістан ғана емес, сонымен қатар Африка, Византия, тіпті, Қытайда да кездестіруге болар еді. Күні бүгінге дейін ас-Сахиб Ибн Аббадтың есімді уәзірдің досы кезбе, дәруіш ақын Абу Дулаф әл-Хаджажидің «Сасандық қасыда» деп аталатын поэма Сасан балаларының тұрмыс-тіршілігі мен болмысын суреттейді.

Бұл жанрдың майталмандарына айналған әл-Хамазани мен әл-Харири қоғам мүшелеріне ар­найы мақамалар жазған. Мысалы, әл-Хамазани шығарма­сының басты кейіпкері Иса ибн Хи­шам­ның кезде­суінен: «Бір күні мен өз есігімнің алдында тұрғанынымда, кенеттен алдымнан «Бану Сасан» адамдары пайда бола кетті. Бастарына сәлде орап, үстеріне қызыл жоса түстес киім киіп алып­ты. Әрқайсысы қолдарына тас ұстап алған, онымен көкіректерін ұрғы­лайды. Аралары­нан көсем­дерінің даусы естіледі, ол не айтса қалғандары оның артынан әлгінің айтқанын қай­талайды»...

30 Муашшах немесе тауших әнге арналған өлең. Ол алғашқысы толық, келесісі жарты шумақтан тұрады. Муашшах бейт немесе джуз деп аталған өлең шумақтарына бөлінеді, әдетте кіріспенің рөлін атқаратын бір шумақ немесе екі тармақты өлеңмен басталады. Осы кіріспе іспетті шумақ мадхаб яки ғусн деп аталады. Өлеңнің бірінші бөлімі - даур немесе симт аталады, ол шалыс ұйқасқа құрыл­ған жарты өлеңдер, саны жиі өзгереді. Ал, екінші қайырма іспетті бір үн мен бір ырғаққа құрыла отырып тыңдау­шыға әсер беру мақсатын ғана көздейтіи қуфл (құлып) деп аталатын бөлім өзінің құрылысы жағынан мадхабқа ұқсайды.

31 «Шах-наме» композициясы формальды түрде Иранның 50 әйгі­лі және тарихи шахтары­ның билік ету кезіңе сәйкес келеді; кітап үш бөлімнен құрал­ған: 1) мифологиялық, бастапқы он патша туралы; 2) батырлық, тек Рустам­ның ерліктері жайлы; 3) тарихи, шынайы тарихи бас­шылар, Саманилердің билік ету кезеңіне жатқызылатын әр түрлі эпизодтардан құралған. Кө­ле­мі жағынан бұл әйгілі эпопея «Иллиада» мен «Одиссеяны» қоса алғанда шыға­тын көлем­нен бірнеше есе үлкен. Бұл поэма эпикалық синтезімен, әмбебаптылығымен және ішкі бірегейлік үйлесімімен таң қалды­рады. Бұл шығарма көптеген мифоло­гиялық хикаялар мен тарихи аңыздардың, махаббат поэмалары және өлеңдер­дің, лирикалық ой-толғаулар мен ғибратнамалардың жинағы болып табы­лады. «Шах-наме» шығармасындағы оқиға желісінің шарықтау шегін төрт жер­ден көруге бола­ды: Мифологиялық бөлімінде – ұста Кауаның көте­рі­лісі; батырлық туралы бөлімінде – Сиявуш трагедиясы; аралық эпизодта – Ескендір басып кірген брахмандар елінің утопиялық сурет­­телуі; тарихи бөлімінде - Маздақ көтерілісі.

Мифологиялық бөлімінде дәулерге (дэв) адам билігінің ұлғайғандығы көрсетілген. Адам­заттың билігі дана Жамшидтің кезінде жоғары өрлей түседі. Бірақ Жамшид бүкіл адамзатқа өзін қарсы қойып мастанады, өзін әлемнің әкесі санап: «Әлем деген мен» деп ақ сақалды қарттарға мақтанады. Адамдардың жақсылық үшін қызмет етуін, тек жалғыз өзіне қызмет етуге ауыс­тырғысы келеді, бірақ дәл осы кезде ол жазасын тартады. Айдаһарлардың патшасы Заххар оның көзін жойып, мың жыл бойы өз үстемдігін орнатады. Бірақ Заххардың қол астында да жомарт адамдар жақ­сы­лық жасауын тоқтатпайды. Тақуа Арманак және қырағы Карманак­тың міндеттері де осы болған, олар айдаһар патшаға құрбан шалу арқылы жер бетіндегі екі жастың бірін аман алып қалатын. Патшаға нағыз қарсылық қарапайым халық арасында ұста Кауаның бастауымен дайындалады. Ұста Кауаның патшамен шайқасы - «Шах-намедегі» ең жарқын эпизодтардың бірі. Тақуа Фаридунның да билік басына келуі ұста Қауамен байланысты. «Шах-намеде» сипатталған ирандық патшалардың тарихы осы көтеріліске келіп тіреледі.

Шығарманың батырлық, яғни Рустамиада бөлімінде ағайынды­лар Тұр және Салмның Ирад­жаны жауыздықпен өлтіруінен Ираджа және Тұр ұрпақтары - ирандықтар мен тұрандықтар арасындағы толассыз қырғынның басталғанын көреміз. Ираджаның мұрагері Манучехр туран­дықтармен өштесіп, олардан кек алмақшы болады. Афрасиаб Иранға шабуыл жасап, оның тұр­ғын­дарын қырғы­нға ұшыратады. Отанын қорғау үшін халықтың сүйіктісіне айналған ирандық батыр Рустам іске араласады. Қанды-қырғынның қызған кезінде ирандық ханза­да Сиявуш пайда болады. Ақын оны отпен сынап, сәтті нәтижеде Сиявуш бейнесін одан сайын көркем бей­нелей түседі.

Сиявуш жер бетіндегі бейбіт өмір үшін күресінің нәтижесінде халық арасында құрметке бөленіп, қадірі арта түседі. Ол Сиявуш­гирд және Гангдиж деген қалаларды тұрғызады, оны жеке басы мен тағдыры мазаламайды; бірақ өзі өлген жағдайда Иран мен Тұран арасында соғыс қайта жанданатындығын алдын ала сезеді. Сиявуш­тың болжамдары орындалады: ол Афрасиабтың әмірімен құрбан бо­ла­ды. Рустам Сиявуш өлімі үшін кек алмақ болып, Иран мен Тұран арасын­дағы соғыс қайта басталады. Сиявуштан бұрын болған Тұран мен Иран соғыстары тек өлітірілген хандар үшін кек алу мақсатында жүргізілсе, Сиявуш өлімінен кейінгі Тұран мен Иран ара­сын­дағы қырғи-қабақ ұрыстар тек ирандық батырлардың жер бетінде бейбітшілік орнату үшін жүр­гізген күресі болғанын көре аламыз. Бұдан Сиявуш бейнесі мен жалпы «Шах-наменің» маңызды­лығы мен ұлылығын байқауға болады.

Ескендір туралы аңыздағы оқиға желісінің шарықтау шегі – Ескендірдің брахмандармен кездесуі. Дәл осы аңыз Ганджиден (Әзірбайжан) шыққан ұлы ақын Низамидің «Ескендір» атты поэмасындағы жер бетіндегі әділеттілік хандығы мен бірыңғай теңдік туралы айтылған әлеуметтік утопиясының негізі болса, тарихи бөлімнің шарықтау шегі – Маздақ көтерілісі де қоғам­дық утопияның негізінде көрсетіледі. Маздақ көтерілісін сурет­тей отырып, ақын халықтың тек белгісіз бір таулардағы кедей брахмандардың утопиялық ханды­ғы жайлы ғана армандамай, елде­гі теңдік пен өздерінің бақыты туралы да ойлайтынын көрсетеді. Маздақ образы арқылы ақын жалпы халықты бейне­лейді. Маздақ басқарған халық қозғалысы (YI ғ.) тек Иранда ғана емес, Арабия мен Арменияға дейін тарап, Сасандық мемлекеті негізінің күй­реуіне әкеліп соқты­рады. Бұл қозғалыстың басты мақсаты – байлық пен үлкен өзімшілдікті Жер бетіндегі ең үлкен жамандық деп көрсету.

Фирдоуси Маздақтың жақтаушыларын «өз еңбектерімен нан тапқан» адам­дар ретінде сурет­тейді. Оның қозғалысы күннен-күнге ұлғайғанын баяндайды. Автор өз көзқарасын түрлі тәсіл­дер­мен, ресми нұсқасына қайшы келетін Маз­дақ бейнесі («ақылды», «әді­лет­ті», «мейірімді», «Саналы, оқыған, адамгершілігі мол...») арқы­лы да, Маздаққа жауыздықпен қарсы тұрған сиқыршылар мен ақсүйек­тердің бейнелері арқылы да көрсетеді. Фирдоуси Мадзақ туралы сөз еткенде, оның жағымды жақтарын көрсететін сөздер мен түсініктерді (жарық, адамгершілік, жарқындылық, жайнау, сенім...) қолданады.

Осылайша эпопеяның басында Кауа бастаған мифологиялық халық көтері­лісі, ал соңында Маздақ бастаған шынайы тарихи көтеріліс баяндалған.

«Шах-намені» талдау поэмадағы екі жолдың тоғысуын айқын­дайды: оның бірі поэма басын­дағы рыцарьлық этика өсиеті мен заңды монарх идеясын жақтайтын Жаратушы мен сұлтанға деген мадақ­­­тан көрінеді. Екінші жол исламға дейінгі халықтардың өсиет­тері мен аңыздарын поэма түріне келтіру, ортағасырлық қоғамдық утопия­ны қайта жандандырумен, әділдік пен тең­дік орна­ған елді бейне­леумен, Маздақ көтерілісін баяндаумен, «жақсы билеуші» туралы өсиет­термен, поэма құрылымымен келтіріледі. Шығарма­ның шамамен үштен бір бөлігі басқару­шы­ларға емес, халық ара­сын­да аты шулы және беделді Рустам батыр мен Сиявуш обра­зына арналған. Махмұд сұлтанмен басталатын поэма, оны сатиралық жолдар арқылы бейнелеумен аяқталады.

32 Поэманың сюжетіне келсек, динамикалық жағдайларға толы, автор эпикалық шығармаларға тән оқиға желісінің қайталануы мен ұзақтығынан бойын аулақ ұстайды. Қарт патша Аравиа Росте­ван­ның таққа үміткер мұрагер ұлы болмай, ақылды да сұлу қызы Тинатинді таққа отырғызады. Тинатин қолбасшы Автандил батыр­ға ғашық болады. Бірде Ростеван Автандилмен бірге аңға шығып, жолбарыс бейнесіндегі, жанары мұңға толы бейтаныс батырды кездестіреді. Онымен қанша сөйлесуге тырысқанымен, ол тіл қат­пай­ды, ақыры жоқ болып кетеді. Патша осы­дан кейін мұңға бата­ды. Сонда патшайым өзінің сүйіктісі Автандилге жат елдік жұмбақ жанды таптыруға бұйрық береді. Автан­дил бұл іске барлық күшін салады. Ұзақ та қиын саяхатынан соң ол Тариэл деген жұмбақ батырды табады. Тариэл өзінің қайғыға толы махаббатын, хан тұқымы­нан, үнді патшасы Парсаданның амирбары (әскербасы және адмирал) екенін айтып береді. Ол күндей сұлу патшайым Нестан-Дареджанға өлердей ғашық болады. Бірақ Парсадан қызын Хорезм патшасына беріп, оны өзінің мұрагері деп жариялауды ұйғарады. Сол кезде сүйіктісі Тариэлге өзінің бақталасының көзін жойып, билікті басып алуға кеңес береді. Кейін патшайым­ды бүлікшіге деген сезімі үшін айыптап, оны Үндістаннан жасырын алып кетеді. Тариэл сүйік­тісін іздеп жолға шығады, бірақ одан еш нәтиже болмайды. Соңғы үмітінен айырылған батыр жалғыздықпен күн кешеді. Автандил Тариэлмен достасып, оның жүрегіне үміт отын жағып, сүйіктісі Нестан Даред­жан­ды іздеуге бірге жолға шығады. Тариэлдің ғашығы Каджети қама­лында екен. Олар Придон деген тағы бір тілектес батыр арқылы қамалға шабуылдап, Нестанды құтқарады. Ақыры Тариэл Нестанға, Автандил Тинатинге үйленіп, өз елдерінде әділ билік етеді.

Бұл шығарма - поэмадағы сюжеттің күрделілігіне қарамастан, құрылысы жағынан тұтас поэтикалық туынды. Руставелидің шығар­ма­шылығына тән ерекше сипат кейіпкерлердің терең психо­ло­гиялық қасиеттері мен оқиғаның ішкі кейпін көрсету болып табылады. Поэманың негізінде жақсылықтың зұлымдықты жеңуі, опти­мистік өмірге тән әділеттіктің жеңіске жету идеясы жатыр: адам талпыну керек, сонда ғана ол толық бақытқа қол жеткізе ала­ды. Поэмада шынайы адамдар өмірі мен әділеттілік үшін күресетін қаһармандар мен елі үшін жанын құрбан етуге дайын батырлар сияқты көркем образдар көрсетілген. Поэманың басты кейіпкері ақкөңіл, ақылды да сұлу Нестан Дареджан өзінің күшпен тұрмысқа шығатынына ыза­ланады. Ол Каджет қамалындағы қиыншылыққа қарсы тұрып, тағдырдың сынағына еш мойымай табандылық танытады. Әділеттіктің жеңіп шығатынына деген сенім мен достардың батыл күресі толық жеңіспен аяқталды: Каджети қамалы алынып, Нестан Дареджан құтқарылады, түбінде әділеттік жеңіске жетеді.

«Жолбарыс бейнесіндегі батыр» поэмасы махаббат туралы, әйел алдында бас ию поэмасы десе де болады. 1910 ж. Н.Я. Мар айтқандай: «Әйел алдында бас ию мен оған деген сүйіспен­шілік - Тамара дәуірі кезіндегі грузин қоғамының көрінісі».

Руставели прологта келтірілген махаббат теориясын поэманың негізгі бөлімінде де көрсетеді. Ол шынайы, рыцарьлық адам жүре­гін баурап алатын махаббат пен ғашықтық сезімнің қандай болаты­нын шебер суреттейді.

«Жолбарыс бейнесіндегі батыр» атты шығармада махаббат тек жақсылыққа жетелеп, адамға рух беріп, ерлік істер жасауға негіз болып, жақыны үшін өмірін құрбан етуге үйретеді. Рустав­е­ли­дің махаббаты ерлер үшін де, әйелдер үшін де үлкен сынақ, тек ақыл­дылық мен сұлулық арқылы сүйіктісінің жүрегінен орын алуға, тек батырлық ерліктері мен халқының қамын ойлап, қоғам алдындағы борышын өтеу арқылы арудың махаббатына бөленіп, сүйіктісінің сеніміне ие болуға болады.

Руставелидің поэмасында әйел алдында бас ию идеясы айқын кө­рі­неді. Грузияда қалыптас­қан қоғамдық-саяси өзгерістер бұл идея­ның әрі қарай дамуына ықпал етеді. «Шушаниктің аза­бы» (Y) мен «Нинаның өмірі» (YІІІ-ІХ) атты шығармаларда да ер мен әйелдің құдай алдын­да­ғы теңдігі суреттеледі. Әйелдер елдің мәдени және саяси өмірінде маңызды орын алған. ХІІ ғ. атақты шіркеу жазушысы, Руставелидің замандасы Николай Гулаберисдзе әйелдің қадір-қасиеті мен оның намысы туралы трактат жазған. Руставелидің өзі Тамара патшайым тұсындағы грузин қоғамындағы гүлдену кезеңінің куәгері болған. Осы құбылыстардың барлығы ақынның шығар­ма­шы­лы­ғында Нестан-Дареджанның бейнесі арқы­лы көрініс тапқан.

«Жолбарыс бейнесіндегі батыр» шығармасын неміс тіліне аударған Г. Гупперт сыртқы формасы жағынан Руставели поэмасы­ның ортағасырлық Батыс Еуропада пайда болған рыцарь­лық романға ұқсас екенін айтады. «Жолбарыс бейнесіндегі батыр» шығар­ма­сының соңғы бөлімі ерекше көзге түседі. Дастанның қаhармандары сыртқы жауларға соққы беріп, ішкі тәртіп орна­тады, жауыздық пен әдлілетсіздікті жойып, тағдырдың қиындықтарын да жеңеді. Тариэл, Автан­дил мен Придон билік еткен мемлекеттерде бостандық пен әдiлдiктiң жарқын үлгілері орнайды. Ақын әлеу­меттiк бостандық пен адамдар­дың рахат өмірін суреттейді. Дәл осындай утопиялық қиял-ғажайып суреттi Низами Ганджеви де «Ескендір-наме» поэмасында бейнелейді.

Руставели поэмасынның өн бойынан отан сүйгiштiк идеясын анық көреміз. Руставелидің саяси идеалы ақылды да қайратты, батыр да мейірімді патша басқарған күштi, тәуелсiз, дербес мем­ле­­кет болған. Ақын феодалдық талас-тартыс пен өзара алауыздықты, вассалдық шіркеу­лердің сепаративтікке ұмты­лыс­тарын қатты сынға алады. Түрлi зорлық-зомбылыққа қарсы бола тұрып, ол вассалдық қатынастарды да дәрiптейдi. Руставелидiң Тариэла және Автандил сияқты кейіпкерлері – сыпайы, айбынды да сенiмдi, ақырына дейiн махаббатқа берік және Отаны мен дара биліктегі патша алдындағы міндетін орындайтын нағыз серілер. Олар әлеметтік кейiпкерлер ретінде бір-біріне ұқсағанымен, өздеріне тән жеке сипаттары арқылы да ерекшеленеді: Тариэл – ақылды, ақ көнiл әрі сезімтал жан, ал Автандил – айлакер, тапқар әрі шапшаң.

«Жолбарыс бейнесіндегі батыр» шығармасында өмiрдiң көрі­ніс­тері шы­найы суреттеледі. Поэманың кейіпкерлері өмiрді жақсы көредi, бiрақ олардың өмiрге деген махаббаты тек әдiлдiк үшiн күресумен байланысты. Бұл күресте олар өлiмнен де қорықпайды.

Руставелиді ойландыратын адамға деген махаббат пен адам­ның ішкі сезiм әлемі, оның қай­ғы-қасіреттері, құштарлығы мен мақсаттары негізгі тақырыптар болып табылады. Руставелидің адамгершілік қасиеттері оның адамдар арасын­дағы бауырластық және ынтымақтастық идеясы мен оның Отанға деген шексiз махаббаты, сыртқы жауларға деген аяусыз жеккөрушiлiгі мен махаббаттың жан сырын ашуынан байқалады. Поэма «Шаири» деген атпен белгілі әдемi әрі нәзік өлеңдермен жазылған. Руставели грузин поэзиясындағы өлең өлшемдерінiң ең үздiк шебері болған. Руставели өз шығармасында түрлi өлең өлшемдерін қодану арқылы ортағасырлық көпте­ген туындыларға тән іш пыстырарлық бір ізділіктен де құтылады. Поэманың өлеңдерi ырғақты және әуендi болып келеді.

Руставелидің ақындық шығармашылығына метафоралар мен аффоризмдерді қолдану тән. Оның өлеңдерi күрделi әрі үлгі-өнегеге толы. Ақынның терең ойлы афоризмдері мен насихат­та­ры халық арасында кең тараған. Ежелгі грузин шiркеулік жазуындағы архаи­калық тiлдік норма­ларды мойындамайтын Руставелидің шығар­ма­шы­лығына жататын өлеңдердiң тiлi салыстырма­лы түрде жеңiл әрі қарапайым болып келеді. Ол сөйлеу тiлi мен әдеби тiлді едәуiр жақындата отырып, жалпы халықтық грузин тiлінiң маңыздылығын күшейтуге барынша мүмкiндiк туғызды. Руставели Грузияда осы күнге дейiн қолданы­латын жаңа әдеби тiлдiң негізін салушы ретінде де танымал болған.

33 «Роланд туралы жырда» Ұлы Карл бастаған испан жорығы кезінде сара­циндердің (маврлар) шабуылына ұшыраған француз отрядының Периней­дегі Ронсеваль шатқалында болған соғысы тура­лы жырланған. Француз әскерінің арьегарды, Карлдың сүйікті жиені Роланд мұсылман-маврларының жер қайыс­қан қалың қолымен «сүйікті Франция» мен христиан діні үшін соғыста ерлік­пен қаза табады. Жасақтың жеңіліске ұшырауына Сарагоса патша­сы Марси­лимен сөз бай­ласқан өзінің өгей ұлын жек көрген Роланд­тың өгей әкесі Ганелон кінәлі болады. Роландтың, оның досы Оливье мен «он екі пэрдің» өлімі үшін Карл барлық мұсылман әлемінен жиналған үлкен әскерді қырып-жояды. Ганелон «қасиетті соттан» кейін өлім жазасына ұшырайды.

«Роланд туралы жырдың» түрлі басылымдарына салыстыр­ма­лы түрде талдау жасай келе, кейбір эпизодтар, әсіресе, Карлдың мұсылман қолбасшысы Балиганмен жекпе-жегі, Роланд қалың­­ды­ғы­ның бейнесі мен оның өлімі, соттық жекпе-жек арқылы Ганелон­ның кінәсінің әшке­реленуі алғашқы сюжеттік негізге кейінірек қосылған оқиғалар екендігін көруге болады. «Роланд туралы жырдың» көркем-әдеби құндылығы әдеби өңделудің нәтижесінде пайда болған ауызша-эпикалық поэтика мен жоғары поэтикалық сипаттардың үйлесімді­лігін­де жатыр. Француз эпо­сында әуенді-лирикалық негізде пайда болған шумақтар баяндау бөлімдеріне сәйкес келе бер­мейді. Алайда «Роланд туралы жырда» әр шумақ лирикалық бірлік болып табылады.

Оқиға желісінде жырдың басталуы (Ганелонның сатқындығы), шарықтау шегі (соғыс) және аяқталуы (Карлдың кек алуы) анық көрініс табады, сондай-ақ әр бөлік өзара байланысты екі ке­зең­ге бөлінеді. Жырдың басталуына Бланкан­дриннің және Ганелонның елшілік сапары, шарық­тау шегіне Марсилия­ның қалың әскерімен болған екі шайқас (франктар үшін бірі сәтті, екіншісі үлкен опат болған), ал соңына сарациндер мен Ганелоннан кек алу жатады.

Оқиғаның қарама-қарсылық принципі образдар жүйесінің негі­зін­де жатыр: Роланд Карл патшаға, Оливье мен Ганелонға қарсы қойылады. Құдіретті император Карл эпостық монарх ретінде суреттелген, ал оның жас жиені белсенді әрекет етуші тұлға, оқиғаның бас кейіпкері бо­лып табылады. Роланд – эпостардағы Гильгамеш, Ахилл сияқты ең қарапайым жау жүрек қайраткер. Оған қаһармандық пен өзінің күшін аса қатты бағалау тән. Роланд өз уақы­тында Ұлы Карл­ды көмекке шақырудан бас тартады. Осы себептен ақылды Оливье мен Роланд арасындағы жанжал баста­ла­ды. Оливье ақылды, Роланд ержүрек, ал екеуі де айбындылығы жағынан бір-бірінен кем түспейді.

Оливье өзінің жеке басының ерлігі арқылы поэмада эпостық кейіпкердің рөлін атқарады, ал нағыз ержүрек батыр кейіпкер - Роланд. Батырдың қасарысуының соңы «қайғылы кінә» форма­сын­да беріледі. Роланд дер кезінде дабыл соғуға қарсы болғандықтан, өзінің және өз жасағының өліміне белгілі мөлшерде кінәлі болады, бірақ оның бұл кінәсі оның тартымды қасиеттерімен байланысты еді. Роландтың бұл кінәсін сатқын Ганелонның қылығымен салыс­тыру мүлдем мүм­кін емес. Роландтың қасарысуы оның «сүйікті Франция­ға» деген адалдығы мен оның мүддесі үшін белсенділігін әлсіреткен жоқ (оның Ахиллден айырмашылығы). Ганелон Карлға деген жеке адалдығын сақтағанына қарамастан, оның Роландқа деген өшпенділігі «сүйікті Франция­ны» сатуға итермелейді. Осы тұста Роланд пен Ганелон образы бір біріне қарама‑қарсы қойы­ла­ды. Басқа француз эпостарындағыдай «Роланд туралы жырда» мифоло­гияның элементтері кездес­пейді.

Саяси өмірдің тарихи оқиғалары туралы аңыздар оқиға желі­сі­нің көп бөлігін құрайды. Жыр­да Роланд бейнесі арқылы вассал­дық адалдық та дәріп­те­леді. Нағыз батырлық эпостардағыдай «Роланд туралы жырдағы» вассалдық адалдық та Отанға деген сүйіспен­шілік пен оған жан‑тәнімен берілуге ұласады. Жоғары аталғандай, Роланд пен Ганелон бейнелері дәл осы тұста бір‑біріне қарсы келеді. Ганелонның Карлға деген вассалдық адалдығына қарамастан, феодалдық өзімшілдік пен феодалдық анархияны қолдаушы адам ретінде айыпталады.

Ортағасырлық мәдениеттің дамыған кезіндегі (жаңагректік, серб, армян және т.б) көптеген эпостардағы сияқты «Роланд туралы жырда» да отанға деген махаббат шіркеулік‑христиандық сипатқа ие: Ронсеваль шатқалындағы шайқас мұсылмандық Шығыс пен христиандық Батыс ара­сын­дағы касиетті соғыс ретінде түсіндірі­леді. Бірақ эпостағы мұндай жағдай оны клерикалды мәдениет­тің шығармасына айналдырмайды.

«Роланд туралы жыр» ‑ қатал жауынгерлік эпос. Бұл поэмада ежелгі грек, испан, герман эпос­тарындағы сияқты тұрмыс‑тіршілік, бейбіт өмір тақырып­тары кездеспейді. Той‑думанның орнында біз әскери кеңесті көреміз. Қайғыдан қайтыс болған Роландтың қалыңдығы – Альда тек поэма­ның соңында ғана пайда болады. Қару­ланған әскери шайқастар толық сипатталады. Таби­ғатты сурет­теу де жиі кездесе қоймайды.

Кейіпкерлердің жанкүйзелісі мен олардың қайғы-қасіреттері мен ішкі сезімі тек олардың сыртқы бейнесі мен әрекеттерінен кө­рі­неді. Бұл жағдайда «Роланд туралы жыр» француз эпоста­рының арасында айрықша орынға ие.

34 Вормс қаласындағы король Гунтерге төменгі Рейннен оның қарындасы Кримхильданың асқан сұлулығын естіген король Зигфрид құда түсуге келеді. Гунтер Зигфридтен оның Исландия патшайымы батыр Брюнхильдемен неке құруына көмек етуді талап етеді. Зигфрид сиқырлы шапка­ның көмегімен Гунтерге жауын­гер­лік сайыста да, неке түнінде де жәрдем береді. Бірнеше жылдан кейін шындықтың беті ашылып, Кримхильда Брюнхильдеге Зигфрид неке түнінде алған белдігін көретіп, оны Зигфридтің еріксіз әйелі екнін айтады. Ашуға слынған Гунтер Зигфридтен кек алмақ болып, бургунд патшаларының кеңесшісі Хаген фон Тронье­нің көмегімен оны аңшы­лық кезінде мерт қылады да, Нибелунг­тердің қазынасын Рейннің түбіне тастайды.

Екінші бөлімде біраз жылдан кейін Этцельге тұрмысқа шыққан Кримхиль­да Зигфридтің өлімі үшін кек алып, Нибелунгтердің қазы­на­сын қайтару мақса­тын­да соғысқа шығады. Шайқас кезінде бургундардың әскері түгел қырылып, Гунтер мен Хаген Дитрих Бернскийдің қолына түседі. Дитрих оларды Крим­хиль­даға тек кеші­рім жасаса ғана беретінін айтады. Бірақ Крим­хиль­да бұл шартты бұзып, екеуін де Зигфридтің семсерімен мерт қылады.

«Нибелунгтер туралы әннің» көне скандинавтық нұсқасына қарағанда онда мифологиялық элементтер кездеспейді, оған сюжет­тің фаталистік тұжырымда­масы тән. Батырлар туралы еңбек­тер мен тарихи аңыздар қосалқы маңызды­лыққа ие. Неміс поэмасының бірінші бөлімінде келетін Зигфрид­тің ерліктері (қазынаны алу, сиқырлы тақия, айдаһарды жеңуі) ертегілік сипақа ие бо­лып, негізгі оқиғадан тыс қойылған. Бұл ертегілік элементтер оқырман мен оқиға кейіпкер­ле­рі­нің арасындағы алшақтықты білдіреді. Ертегілер мен сарай тұрмысының үйлесімі ерекше көркем әсер қалдырады. Ертегілік сарындар бірінші бөлімдегі сарай өмірін, кештер мен сайыстарды, аңшы­лық пен куртуаз­дық қызметтерді суреттеуде де байқалады. Дәл осы сарай өмірімен байла­нысты жағдайларда поэманың негізі болатын жанжал бастау алады.

Екінші бөлімде оқиға ғұндардың даласында орын алады. Этцель мен Дитрихтің Кримхильда мен оның ағасын татуластыру мақсатында жасаған қадамдары сәтсіз аяқталады. Поэмадағы сат­қын­дық, кек, феодалдар арасындағы жанжалдар Бургундар үйінің құлауына әкеліп соқтырады. Поэманың соңында тек кейіпкерлер ғана қазаға ұшырамайды, сондай-ақ олардың отбасы, халқы пен тұтас мемлекет те жойылады.

«Нибелунгтер туралы әннің» басты ерекшелігі оның рыцарь­лық роман­дарға жақындығында жатыр. Мұндай жақындық шығыс әдебиетінде де кең тараған (мысалы, Руставелидің «Жолбарыс бейнесіндегі ханзада» атты әйгілі грузин поэмасы, сонымен қатар Антараның ерлігі жайлы ай­тыл­ған «Амиран-Дареджаниани» шы­ғар­масы және т.б.).

35 Фаблио - көлемі үлкен емес күлкілі әңгімелер мен анекдоттар, шағын мысал өлеңдер

36 «Құдіретті комедия» «Тамұқ», «Күнәдан тазару», «Жұмақ» деп аталатын 3 үлкен бөлімнен (кантика) тұрады. Әр бөлімде 33 жыр бар, «Тамұқ» бөліміне қосылған 1 жырмен барлығы 100 жыр болады. Поэма 3 жолды терцинамен жа­зыл­ған. Оның композиция­сын­да 3 және 9 деген сандар көп кездеседі. Діни нышан болып табылатын бұл сандардың мистикалық мәні бар. Мысалы, Дан­тенің «Жаңа өмір» шығармасында 9 деген санға байланысты ақынның жеке өмірінде болған ең маңызды оқиғалар бейнеленген.

Поэманың фабуласы ортағасырлық клерикалдық әдебиетте көп кездеседі. Бұл о дүниенің құпиясын білгісі келген адам туралы әңгіме. Ондай тақырып Батыс Еуропа, ежелгі орыс және шығыс әдебиет­терінде де кездеседі. ХІІ ғ. өмір сүрген араб ақыны Абенара­би­дің шығармашылығында Дантенің поэмасына ұқсас шығар­ма болған. Данте араб тілін білген жоқ және ол кезде Абенарабидің шығармасы итал тіліне аударылған жоқ, сондықтан Данте Абенарабидің шығармасына сүйенді деген пікір орынсыз болар еді.

Антика жазушыларынан Данте поэмасының жазылуына үлкен ықпал жасаған Вергилий. Оның «Энейдасында» қайтыс болған әкесін көру үшін Тартарға түскен Эней батыр туралы баяндалады. Данте Вергилийдің тек қана сюжеттік детальдарын емес, оның өз бейнесін де пайдаланған. «Құдіретті комедияда» жер үстіндегі ақыл-ой бейнесіндегі Вергилийдің жете­гімен күнәһар адамзат өкілі Данте тамұққа түседі. Одан күнәдан тазартатын тауға шығып, күнәдан тазарған соң, Беатриченің («құдіретті ақылдың» символы) жетегімен жұмаққа кіреді, сөйтіп өмірін мәңгі рахатта өткізеді.

Бұл шығарманың кереметтігі сонда, ол үш түрлі мақамда жазылған болса да, өзінің бір­тұтастығы мен жаңалығын жоғалт­паған. Әлемдік гармонияға жету мақсатында Данте халық тіліндегі артық диалектілер мен жаргондардан таза жаңа лексикалар қолда­нып, Ита­лия­ның жаңа ұлттық тілін ойлап тапқан. Оның шығарма­сындағы көптеген неологизмдерге дейін италиялық әдеби тілдің сөздік қорына енген. Шексіз үйлесімділікті қалаған ақынның «Құд­іретті комедия» атты туындысы көркемдік құрылысы жағынан Еуропа әдебиетінің тарихын­да аса шебер жасалған шығармалардың қатарына кіреді.

«Құдіретті комедияның» тілі шын мәнінде халықтық тілге айналып, бүкіл Италия халқының жүрегіне жетті. Өйткені Данте тілді жаңа поэзиядан, ал поэзияны жаңа мәдениеттен ажыратқан жоқ. Бұл еңбек Ренессанс мәдениетінің тек лексикалық қорын байытып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік субъекттің – гуманистік жаңа зиялы қауымның, яғни Қайта өрлеу дәуірінде жаңадан қалыптасып келе жатқан Италия ұлтының сана-сезімінің өсуіне алғы шарттар жасады.

Данте өмірінің соңғы он жылын «Құдіретті комедия» шығарм­асы жазуға арнаған. Ол осы кездері шет аймақтарда өмір сүрген. Тек 1315 ж. гибеллин лигасының күшеюінен қорыққан Флоренция үкіметі ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында эмигранттар мен қуғынға ұшырағандарға амнистия жариялайды. Бұл жолы амнистияға іліккендердің қатарында Данте де бар еді. Бірақ бұл кешірімге ие болу үшін ақынның намысын таптайтын ұзақ ауыр жолдан өту керек болғандықтан, Данте амнистиядан бас тартады. Осылайша, Флоренция үкіметі оны екінші рет өлім жазасына кесіліп, оған қоса оның ұлдары да сотталады. Данте енді Веронаны тастап, соңғы күндерін Равеннеде өткізеді. Оның әміршісі Гвидо Новелло да Полента батылдығымен ерекшеленбегенмен, ақын өлең­дерін жақсы түсініп, оған жылы қабақ танытады. Осылайша, атақты «Құдіретті комедия» Равеннеде аяқталады.

37 «Декамерон» лирикалық «Кіріспеден» басталады. Бұл бөлімде Бокаччо жастық шағындағы махаббаттың қасіреті мен қол жеткіз­ген еркіндігі жөнінде айтады. Осындай еркіндіктің арқасында маххаббат оның жадында тек қана жақсы естеліктер қалдырады. Петрарканың «Канцоньересі» сияқты лирикалық кіріспеден бастал­ған бұл кітап «Автордың қорытындысымен» аяқталады. Бірақ өзі құрған әдеби шарттарды өзі бұзып, шығармадағы кейіпкерлер тобын ығыстырып, «қаздар туралы» жүз бірінші новелланы өз атынан жаза бастайды. Осылайша, сыншылармен тартыса отырып, жаңа проза теориясын дамытады.

«Декамерондағы» кейіпкерлер осы аласапыраннан өту бары­сында пайда болады. Баяндаушылар дертке ұшыраған Флоренция­дан кетіп, қала сыртын­дағы ауылдарға барады. Олар бұл жерге жетісімен індет кесірінен жоғалтқан байланыстарын қайта құрып, жаңа конституция құрады.

«Декамерон» конституциясының негізі – еркіндік, ал мақсаты - өмірден ләззат алу. Кітаптағы конституцияның демократиялылығы мынадай сөздермен белгіленеді: piacere della maggioranza, nell’elizion. Баяндаушылар көпшіліктің дауыс беруі арқылы пат­шаны сайлайды. Алайда «Декамерон» қауымының патшалары күн сайын ауысып тұрады. Олардың көңіл көтерулері табиғи және саналы түрде болған. Шығармада баяндаушылар серуенге шығады, шахмат ойнайды, кантари айтады. «Декамеронның» әр күні бір баяндаушының канцона­сы­мен аяқталады. Олар шын мәнінде ақын­дар болған, және олардың канцоналары да Боккаччо­ның өлеңде­ріне ұқсайды. Бұлар автордың жазған ең жақсы лирикалық шығар­ма­лары болып табылады. Көңіл көтере жүріп, той салтанаттардан, әңгімелерден, поэзиядан нәр, ләззат ала отырып «Декамерон» баяндаушылары өздерінің қиыстырылған қоғамдық өмірін жалғас­ты­ра береді. Макьявелли мен Томас Мор сияқты гуманист Боккаччо үшін дін қалыпты адамзаттық қоғамның маңызды компа­ненттерінің бірі болады.

«Декамерон қауымының тек бір мақсаты бар, ол – көңіл көтеру» деген түсінік қате (Фр. Де Санктис). Баяндаушылардың ойын–сауықтарының да салмақты және идеологиялық маңыздары бар. Адамға, табиғатқа, өнерге деген жаңа көзқарасты нақтылай отырып, олар жаңа рухани құндылықтарды ашып, өнерде де шынайы адамзаттық өмірдің бола алатындығын көрсетеді. Олар­дың өміріндегі ең маңызды істері – новеллаларды айту және талқылау болады.

Боккаччо үшін монах бұл – қоғамдық-тарихи тұлға, гума­низмге қарсы идеологияның өкілі. Бірақ «Декамеронда» монах жай адам болып қала береді. Боккаччо монахқа шыдамдылық, асқан аяушылықпен қарайды. «Декамерон­ның» шыншылдық көріністе­рінің бірі ондағы кейіпкерлердің әрекеті мен ойлары ортағасырда өмір сүрген адамдардың тек идеалдарына ғана емес, діни ұғым­дарына да сәйкес келуі болады. Боккаччо үшін адамның қоғамдағы орны мен оның шыққан тегі емес, адамның ойлай қабілеті мен әркеті маңызды болған.

38 көңілді, қызықты әңгімелер, өлең шумақтары түрінде де шығарылған

39 «Декамерон» секілді жинақтың белгілі бір шеңбері болғаны­мен, бірақ онда Флоренцияда орын алған індет пен өз құқығы үшін күресетін жас көңілді өмірді суреттеудің орнына, Маргарита мүлдем басқа жағдайларды бейнелейді. Мына әлемнен уақытша тысқары қалған кавалерлер мен ханымдар лайсаң жол мен қарақ­шы­лардың шабуылынан қайтар жолда тұрып қалады. Олар баспана тауып, жол жөнделіп болғанша сол жерде тұрақтайды. Күндерін тезірек өткізуді ойлаған олар Қасиетті Жазбалар оқып, әрқайсысы бір-бір хикая айтып, оны талқылауға келіседі. Бұдан аз уақыт бұрын дофин, оның әйелі мен патшайым Маргарита патшалыққа бағынышты бірнеше адамдармен бірлесе отырып, «Декамеронға» ұқсас кітап жазбақ болады, бірақ мұнда ақиқат оқиғаға негіздел­меген новелла енбеуге тиісті болады. Маңызды шаруалар ерекше тұлғаларды бұл ойдан бұрып алып кеткендіктен, сауықшыл топ олардың ойларын жүзеге асырып, шынайы оқиғалардың жинағын тарту етпекші болады. Мысалы, бұл шығармадағы сегізінші новеллада оқиға былай баяндалады: Алле графтығынан шыккан Борне есімді жас жігіт өзінің мейірбан айелінің көзіне шөп салмақ болып, күңге барды. Күң ханымға барып Борненің өзінен дәмелі екенін айтып береді де, әйелі нәпсіқұмар күйеуін жазаламақ болып, күңге онымен кездесуді қараңғы бөлмеде өткізуді бұйырады. Кездесуге күңнің орнына өзі барады. Алайда Борненің күңге баратын жоспары туралы досы да хабардар болып, ол өз орнын досына ұсынады. Досы жалған күңмен таңға дейін көңіл көтеріп, таң алдында оның неке сақинасын шешіп алып қалады. Келесі күні досының қолынан өз әйелінің неке сақинасын көрген Борне таң қалады да, өз-өзіне тор құрғанын түсінеді. Жанжалдан құтылу мақсатында ол әйелінен сақинасының қайда екенін сұрағанда, әйелі «жердегі жылтыраған моншақты алтын деп ойлап, қолындағы күмісінен айырылған» күйеуінің нәпсіқұмарлығын бетіне басады. Өзінің қате тірлігін түсінген Борне әйелінің еріксіз күнаға батқанын ешкімне тыс жарып айтпағанымен, «өтіріктің құйрығы бір тұтам» демекші, соңында оның құпиясы ашылып, Борне мен оның әйелінің беделі ел алдында түседі.

Боккаччоның шығармасына қарағанда, мұнда әңгіме айтушы кейіп­керлердің психологисы терең ашылады. Әңгіме айтушылардың прототиптері анасы Луиза Савойская (Уазиль) мен Генрих д’Альбре (Иркан) сияқты Маргаританың өз жақындары болып табы­лады. Әртүрлі сюжеттердің бар болуына қарамастан, «Гептаме­рон­да» негізгі орынды неоплатонизм рухында жазылған махаббат хикая­лары иеленеді.

40 Гералдика - таңбаларды зерттейтін қосымша тарихи пән.

41 Италиядағы тамақтанатын қоғамдық орын.

42 «Утопияда» (грекше «жоқ жер») әділетті қоғам орнаған, оларда байлар да, кедейлер де жоқ, бұл мемлекеттерде меншік иесі - қоғам, ал жеке адамдар сол қоғамның мүшелері ретінде еңбек нәтижелерін тең бөліседі, оларда билеушілер де, қарапайым адамдар да заң алдында тең және олар әр түрлі діндерге дәйектілікпен қарайды. Бірақ діндерде өндірістік үдерістерге кесел келтіре­тіндей тыйым салатын қағидалар аз болуы керек. Жастарды тәрбиелеу ісі қоғам­ның қолында болады, ал оларды дінбасылар басқарады. Мордың «Утопия­сын­да» жеке меншік жоқ; барлық азаматтар өндірістік еңбекпенен айналысады; еңбек ету қоғамның барлық мүшелерін еңбекке міндеттеу негізінде жүзеге асады; барлық өндірілген өнім қоғам меншігіне өтеді және барлық Утопия тұрғындарына бірдей бөлініп беріледі; барлығының еңбекпен айналысуына байланысты Утопияны қамтамасыз ету үшін 6 сағатық жұмыс күні жеткілікті; ғылымға ерекше қабілеті бар адамдар қара жұмыстан босатылады; ауыр қара жұмысты құлдар-тұтқындар және сотталған қылмыс­керлер атқарады.

43 Шекспирдің «Сонеттерін» қазақ тіліне Мұқағали Мақатаев пен Хамит Ерғалиев аударған.

44 Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы 1601-1602 ж. жазылған. Оның сюжетін драматург ХІІ ғ. Саксон Грамматигінің көне хроникасынан алған – бұл Амлет деген дат бекзадасының тарихы. Шекспир бұл сюжетті жаңашылдықпен түсініп, образдарына терең әлеуметтік және философиялық мән беріп, мүлдем ерекше шығар­ма етіп жазған. Трагедияға оқиғалар ортағасырлық Данияда өтсе де, автор мұнда өзінің замандастарының типтік образдарын жасап, «дат мемлекетін» бейнелей отырып, ол сол дәуірдегі Англияның қоғамдық өмірін керемет суреттеген. Дат бекзадасы Гамлет әкесі­нің біреудің қолынан қаза тапқанын естиді. Гамлеттің әкесін өлтірген Клавдий оның шешесіне үйленіп, таққа отырады. Гамлет бүкіл өмірін әкесі үшін кек алуға арнаймын деп ант береді. Бірақ төрт акт бойына Гамлет толғанып, қиналып, өзі мен айналасын­дағыларды айыптап, ешқандай маңызды қадам жасмайды, тек бесінші актінің соңында ол өзінің жауын өлтіреді. «Гамлет енжар­лы­ғының себебі неде?» - деп талай сыншылар дауласқан. Біреулері «себеп оның жұмсақ мінезінде» десе, екіншілері «христиандық діннің негізінде» дейді. Ал бұл пікірлер негізсіз, себебі Гамлет еріксіз, енжар емес. Ол батыл, ержүрек адам, бірақ әңгіме оның мінезінде емес, оның өмір сүрген кезіндегі ерекше жағдайларға байланысты.

Виттенберг университетінің студенті, ғылымнан басқа ештеңе ойламайтын Гамлет үшін бұрын байқалмаған сарай өмірінің түрлі қырлары ашылады. Оның енді ғана көзі ашылғандай болады. Ол әкесінің қандай зұлымдықпен өлгенін түсініп, Гамлет шешесінің бірінші күйеуін ұмытпай тұрып, екінші рет күйеуге шыққанына, сондай тұрақсыз болғанына таңқалып, шошынады. Ол бүкіл Дат сарайының екі жүзділігінен, жалғандығынан, адамгершілік құнды­лық­тарынан мүлдем алшақтағанынан шошып оянғандай болады, осы жағдайларды ойлап, терең толғанысқа түседі. Соңында Гамлет мынадай қорытынды шығарады: «Бүкіл әлем – абақты, соның ішіндегі ең жаманы – Дания». Гамлеттің түсінігі бойынша, әңгіме оның әкесінің өлімінде емес, әңгіме адамдардың сол қылмысқа көз жұмып қарап, жауыздыққа қарсы тұрмауында, олардың енжарлы­ғын­да, сол адамдардың көмегімен қылмыскерлердің жазаланбай, өзі­нің қара ниетті істерін әрі қарай жалғастыруында болады. Сөйтіп, Гамлеттің ойынша, патша сарайы және бүкіл Дания сол қылмысқа ортақ болған. Олай болса, Гамлет бүкіл әлемге қарсы шығуы керек. Ал екінші жағынан, Гамлет бүкіл әлемге тараған жамандықтың жалғыз құрбаны емес екенін түсінеді. Өзінің әйгілі «Быть или не быть» монологында Гамлет бүкіл адамзатты толған­ды­ратын мәселені алға тартады.

Гамлет эгоист, өзімшіл адам болса, ол Клавдийді өлтіріп, өзі таққа отыратын еді. Гамлет ойшыл, гуманист болғандықтан, өзін бүкіл адамзат үшін жауап беретіндей сезінеді. Сондықтан моноло­гын­да ол бүкіл әлемдегі әділетсіздікпен, барлық қорғансыздар үшін күресетінін айтады. Бірақ мұндай іске жалғыз Гамлеттің әлі келмейді, сондықтан ол түңіліп, терең ойға кетеді. Шекспир өзінің каһарманын әшкерелемейді, себебі ол Гамлеттің трагедиясын түсінеді – мұны ХІХ ғ. сыншылар «гамлетизм» деп атаған.

Трагедияның шиеленісі Гамлет пен Лаэрттың жекпе–жегінен көрінеді. Король Лаэртке Гамлетті у жағылған рапирамен өлтіруді тапсырады. Гамлет Лаэрттің қолынан жарақат­тана­ды, бірақ жекпе–жек кезінде олардың рапиралары ауысып, Гамлет енді Лаэртті жарақат­тайды. Гамлет сол у жағылған рапирамен Клавдийді де өлтіреді. Көп кешікпей Клавдийдің Гамлет үшін әзірлеп қойған уын патшайым Гертруда ішіп қойып, көз жұмады. Осылайша, сахнада төрт өлік қатар жатады. Сол кезде Эльсинор қорғанына Норве­гия бекзадасы Фортинбрас келеді. Трагедия осылай аяқта­лады. Гамлет өледі, бірақ оның күресі бекер болған жоқ. Зұлымдық пен жалғандық әшкереленіп, әркім өз жазасын алады.

Трагедияның идеясы Гамлет бейнесі арқылы ХYII ғ. Англия­дағы гума­нистік озық ойдың дағдарысын бейнелеу болып табыла­ды. Бас кейіпкер Гамлет – Қайта өрлеу дәуірінің гуманисі, өз заманына лайық жоғары мұраттың иесі. Бірақ оның өмірге, адамға деген сенімі, ең жақсы мұраттары іске аспайды, себебі мемлекетті басқаратындардың өздері қылмыскерлер, кісі өлтірушілер.

45 Мұнда Симплиций есімді кейіпкер орманның маңында орналасқан шалғай ауылда қой бағып жүргенде, кенеттен оның тыныш өміріне ландскнехт­тер араласады. Олардан қашқан Симплиций орманда дүниеден безушіні кездес­тіріп, оның жанынан пана табады.

Ол Симплицийге оқу-білім мен христиан дінін үйретеді. Дүниеден безушінің өлімі мен Симплицийдің орманнан кетуі оқи­ға­ның жаңа қадамы болады. Себебі Симплицийдің өмірлік ұстазы оған тек өмірдің жақсы жақтарын ғана көрсетеді, ал енді кейіпкер өмірдің шынайы жақтарын біле бастайды. Оған айналасындағы адамдар өте қатал, жауыз ретінде көрініп, ол қайтадан орманға қашады, кейін қарапайым шаруалар ұстап алады да, оны қатты қинайды. Күндердің күнінде қайта әскерлерге кездесіп, үлкен жетістіктерге жетеді. Бірақ уақыт өте келе байлығы мен денсаулы­ғы­нан айырылып, қатты өкінеді де, қажылыққа аттанады. Симплиций қайтып келгеннен кейін өзінің шын әкесі қарапайым шаруа емес, дүниеден безуші болғанын біледі, бірақ бұл жаңалық оның өміріне өзгерістер әкелмейді. Ол Ресей, Корея, Қытай, Турция елдерінде болып, көп саяхат жасайды, соңында тауға, кейін аралға кетіп, сонда ақырғы деміне дейін диуаналық өмір кешеді.

Бұл роман кейіпкердің өмірбаяны түрінде жазылғанымен, оқиғаны баяндау барысында тарих, география, әдебиет саласынана мәлімет беріліп, онда сатира­лық, дидактикалық, информативті, сим­во­ли­калық тәсілдер кездеседі. «Симпли­циссимус» атты шығар­ма­сында автор өзі туралы мүлдем сөз қозғамайды.

Гриммельсгаузен халық өмірін, соғыс кезіндегі халықтық апатты шебер көрсете білген. Шаруалардың ауыр жағдайы мен ұрлық, өлім, зорлықты ашық суреттеп, өзінің оларға деген жана­шарлығын білдіреді. Романның басы да Симплицийдің шаруалар­дың ұранына айналған ХYІ ғ. халық әнін айтуымен басталуы да жазушының шаруаларға деген жылы қарым-қатынасын көрсетеді. Гриммельсгаузеннің пікірі бойынша, шаруалар мен еңбекші­лер өмірдің негізі болып табылады. Мұны романның басы мен соңында ғана келетін Симпли­ций әкесінің бейнесінен көре аламыз.

46 «Улисс» романының авторы Д.Джойс «біздің дәуіріміздің Гомері» (С. Цвейг)

47 Романның аты «Das Parfum» әтір, хош иіс деген мағынаны білдіреді. Бірақ аудармашы Э.Венгерова оны «Иіс су жасаушы» деп аударып, дұрыс таңдау жасаған. Себебі роман XYIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген данышпан парфюмер Гренуйдің құпия тағдыры жайлы. Бірақ шығармада кейбір тарихи оқиғалар туралы айтылады (Гренуй 1738 ж. туылып, Бастилияның алынуы кезінде қайтыс болған). Бірақ кейіпкердің өмірбаяны мен тарихы шығармада маңыздылыққа ие болмаған. Балық сатушы Жан Батисттің ұлы Гренуй алдыңғы төрт сәбиден өзгеше болып, жаңа әлемге келгенін білдіріп, өзінің айқайлаған ащы даусы арқылы тірі қалады. Полиция далаға тасталған сәбиді құтқарып, төрт баласын өлтірген қанішер ананы Грев алаңында дарға асады.

Адам нанғызсыз иіс сезімділігін иелене отырып, ол тек қана мыңдаған иістерді бір-бірінен айырып қана қоймай, кез-келген иісті бөлшектеп, олардың құрылымын да дәл айтып, шексіз мөлшерде жаңа, ең таңдаулы ғажайып әтірлерді жасап шығара алады.

Гренуйға әлем - тек иістерден ғана тұратын ерекше таңбалар жүйесі. Бала кезінде ол тек иіс арқылы ажыратқан заттар мен көріністердің атын ату үшін ғана сөйлеген. Ол жолдарды иіс арқылы тапқан, өмірде жұпар иіс пен сасық иіс арқылы бағыт-бағдар алып отырған. Гренуй – адамзатқа сай сезім мен қасиеттерден айырылған данышпан. П. Зюскинд Ф. Кафка мен А. Камюдің дәстүрін жалғастыра отырып, өзінің кейіпкерін бүкіл адамзатқа жат етіп көрсетеді. Гренуй тек аса нәзік иіс түрлерін айыра алатын шеберлікке ие. Ол адамзатқа тән сезімдер мен қасиеттерден жұрдай. Ол адам иісін ұрлау арқылы әйелге мәңгі әдемілік беретін ғажайып эссенцияны ойлап табуды мақсат етеді. Әуесқой (маньяк) енді қылмыскерге айналады. Оның қылмысы әшкереленсе де, халыққа гипноз ретінде әсер ететін өзінің жаңа иіс суы арқылы құтқарылып кетеді. Ұсқынсыз зұлым елдің сүйіктісіне айналады.

48 Романның кейіпкері – Чочарияда туылған шаруа әйел Чезира туған жерін тастап, Рим қаласына келіп, сауда-сат­тықпен айналысады. Сабыр­лы да шыдамды, табанды әрі қайратты әйел талай қиындық­тар­дан өтеді. Ол қызы Розеттамен бірге соғыс кезінде Римнен кетуге мәжбүр болып, қашқынға айналып, ауыр қайғыға душар болады. Кейіпкер қауіпсіз жер іздеп Римнен кеткенімен де, «соғыстың барлық жерлерде болып жатқанына» көз жеткізеді. Чезира ағылшын бомбалары жарылған кезде де қорқынышқа бой алдырмай, аштық пен жалғыздыққа төзіп, табандылық танытып, бойын тік ұстауға бел байлайды. Чезира «соғыс адамдар арасында қатігездік пен дауыздықты тудырып, олардың аяушылық сезімдерін жойып, жүректерін тасқа айналдыра­тынына» көзін жеткізеді. Ол қарапайым жауынгерлердің қызына жасаған қорлығын да көреді. Бұл оқиғалардың барлығы Чезираның атымен баяндалады. Ол басынан кешірген оқиғаларын еш жасырмай, өмірде кезіккен мейірімді адамдарды да, жауыздарды да есіне алады. Чезираның өмірінде жас студент Микеле Феста маңызды орын алады. Оның мінезіндегі «шексіз мейірімділік қаталдылықпен үйлесетін». Ол бір уақытта мейірімді ді де, қатігез де бола білді. Микеле рухы мен әрекеттері жағынан қарсы тұру қозғалысына қатысқандарға жақын келеді. Ол Чезираның көп нәрсені түсінуіне көмектесті. Микеле мен Чезира бір-бірін толықтыратын кейіпкерлер.

49 Романда бұрынғы инквизитор Вильгельм Баскервильский әдет­тен тыс Шерлок Холмс болып шығады. Оған үміт артқан шіркеу қадағалау­шысы мен оқырманның сенімі ақталмайды. Романның соңында детективтік сарын өзге сюжетпен ұмытылып кетеді де, оқырманның көңілі мүлдем басқа жағдайға ауады. Автор детективтік бағытта жазамын деп, басқа бағытта жазады. Жазушы оқырмандардың алдына қарама-қарсы бағыттағы екі жолды ұсынады. Екінші шығармада да біріншідегідей тек тарихи романның қиялы ғана туындайды. Мұнда махаббат шиеленісі жоқ, ол тек бір эпизодқа негіз­делген. Романдағы барлық оқиға сол бір жалғыз ортада – шіркеуде орын алады. Ал мәтіннің маңызды бөлігін тарихи романның құрылымына жатпайтын ойлау мен ой тұжырымы құрайды. Оқырман алдындағы екі жол да жарқын бір көрініске емес, тығырыққа алып келеді. Көз алдымызға лабиринтті елестетсек болады. Лабиринттің бейнесі романда басты орында болуы кездейсоқ емес, постмодернизмге символикалық лабиринт бейнесі секілді, нақты бағыты жоқ ризома түсінігі тән.

50Батыстық зерттеушілермен қатар үнді зерттеушілері бұл ағымның үнді әдебиетінде XX ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап көрініс бергенін айтады.

277

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]