Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балалар аурулары Учебник.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

Шала туылған бала. Күтім және тамақтандыру ерекшеліктері.

Шала туылған болып жүктіліктің 28-38 апта аралығында , салмағы 2500 г-нан, бойы 45 см-ден төмен туылған балаларды есептейміз.

Жүктіліктің 28 аптасынан бұрын туылған балалар түсік болып саналады. Осындай балалар тірі туылған жағдайда балалар өлімі санына кірмейді. Кейінгі жылдары салмағы 550г-нан жоғары тірі туылған балаларды аман сақтап қалу туралы мәселе көтеріліп отыр. Оларға өз деңгейінде дұрыс ұйымдастырылған көмек көрсетілсе, аман алып қалуға болады. Бірақ , мұндай балаларда туа пайда болған ағза ақаулары жиі кездеседі және орталық нерв жүйесі тарапынан байқалатын өзгерістер баланың ақыл-есінің кем болуына әкеледі.

Шала туылу көрсеткіші мүмкіндігінше 3 % -тен аспау керек .

Шала туылудың себептері:

  1. жүктілік кезіндегі токсикоздар.

  2. жүктілік кезінде тұмау немесе басқа инфекциялық аурулармен ауруы.

  3. жүкті әйелдің экстрагенитальді аурулары.

  4. әйелдің зиянды әдеттері.

  5. жиі түсік тастау , аборт жасату.

  6. психикалық және физикалық стресстер.

Шала туылған баланың белгілері. Шалалықтың дәрежесіне қарай бір балада анығырақ , біреулерінде әлсіздеу байқалатын келесі белгілерді атай аламыз:

  • баланың дауысы әлсіз, қатты жылай алмайды;

  • тері қабаты қоңыр-қызыл түсті, майда түктермен жабылған;

  • көкірек бездерінің ұшы дамымаған , тырнақтары өте жұмсақ , қысқа;

  • құлақ қалқаны жұмсақ, қалыбын сақтамаған , басына жабысып тұрады;

  • басы салыстырмалы түрде үлкен , үлкен және кіші нңбектерімен қатар сүйек тегістері де ашық;

  • кіндік сақинасы төмен орналасады

  • қыз балалардың үлкен жыныстық еріндері кіші жыныстық еріндерін жауып тұрмайды, ұлдардың ұмасында жұмыртқалары анықталмайды немесе үстіңгі жағында орналасады;

  • бұлшық ет тонусы және рефлекстері төмен (3-4 дәрежесінде ему , жұту рефлекстері де болмайды)

  • дем алысы үстірт, жиі, аракідік апное (дем тоқтап қалу) байқалады, өкпесі толық жетіліп үлгермеген , сурфактант жетіспеуімен байланысты ателектаздар анықталады;

  • тамыр соғысы жиі өзгеріп тұрады(жиілігі 100-180/мин), қан қысымы төмен;

  • қан құрамында гипогликемия , гипопротеинемия, эритроциттер саны мен гемоглобиннің кқрсеткіші мерзімі жетіп туылған балалардағыдай , бірақ гемоглабиннің 97% фетальді гемоглобиннен (тұрақсыз, тез жарылады) тұрады да , анемия жиі және ерте байқалады.

Шала туылған баланың дәрежелері. Шала туылған балаларды салмағына қарай 4 дәрежеге бөлеміз:

1 дәреже-2000-2500г

2 дәреже-2500-2000г

3 дәреже-1000-1500г

4 дәреже-1000 г-нан төмен.

Күтім ерекшеліктері. Шала туылған баланың күтімі 2 сатыда өткізіледі: 1-ші сатысы-перзентханада; 2-ші сатысы арнайы шала туылған балалар бөлімінде.

Шала туылған баланың күтімінде көптеген өзіндік ерекшеліктер бар . шала туылған баланың орталық нерв жүйесінің және тері қабатының температураны реттеу функциясының жетілмей туылу себебінен бала өз денесінің температурасын өз қалыпта ұстай алмайды . Атап айтсақ, сақын жерде тез тоңып, ыстық жерде дене қызуы көтеріліп кетеді. Сондықтан, шала туылған балаларға шалалықтың дәрежесіне сәйкес әртүрлі температуралық режимді сақтау керек.

3-ші және 4-ші дәрежелі шала туылған балаларға алғашқы күндері арнайы кереуеттерге –кювезде – күтім жасалады. Оның ішіндегі температураны осы балаларға қажет 30-35 градусқа дейін көтеріліп, ылғалдықты 60-65% - ке , оттегі концентрациясын 30% ке жеткіземіз. Мұндай кювездер жоқ болса және 1-ші-2-ші дәрежелі балалардың дене температурасын жылытқыштар қою арқылы реттеуге болады.

Шала туылған балалардың тыныс алу жүйесіндегі ерекшеліктерімен және дем алу орталығының жетілмеуімен байланысты, олардың дем алысын жақсарту үшін келесі әрекеттер жасалады:

  • бөлме ауасын жиі желдетіп , тазартып тұру;

  • баланы бос жөргектеп , бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу;

  • ылғалдатылған оттегін беру;

  • баланың кеудесіне қыша қағазын қойып тұру.Шала туылған баланың тері қабатының қорғаныш қызметінің төмен болуымен және баланың жалпы иммунитетінің төмендігімен байланысты оның күтімінде тазалықты қатаң сақтау және әртүлі аурулардан сақтандыру қажет болады.

Тамақтандыру ерекшеліктері. Шала туылған баланы тамақтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бала тез өсіп , өз қатарларын қуып жету үшін , оған тамақ мөлшерін артығымен қабыудау қажет, бірақ баланың ас қорыту ағзаларының жетілмей тууы және ему , жұту рефлекстерінің әлсіздігі бұл қажеттілікті орындай алмайды. Шала туылған балалар шалалықтың дәрежесіне сәйкес , рефлекстерінің даму дәрежесіне сәйкес ,әртүрлі әдістермен және әртүлі мерзімдерде тамақтандырылады.

3-4-ші дәрежелі шала туылған балалардың ему, жұту рефлекстері өте әлсіз немесе мүлдем болмауы мүмкін , сондықтан оларды алғашқыда зонд арқылы тамақтандырады. Зонд баланың жалпы жағдайына қарай , дәрігердің шешімімен 2-3 күнге қалдырылады немесе әр тамақтандырылған сайын ауыстырылып отырады. Бір қолданылатын полиэтиленнен жасалған асқазан зонды балаға мұрын қуысы немесе ауыс қуысы арқылы енгізіледі. Баланың рефлекстері пайда болғаннан кейін ғана шөлмек , емізік арқылы , оған жақсы үйренгеннен кейін барып анасына емізуге апарылады.

1-2 дәрежелі шала туылған, ему,жұту рефлекстері бар балалар да , анасына емізуге бірденен берілмейді, өйткені ему оған күш түсіріп , баланың жағдайы нашарлап кетуі мүмкін.

Бұл балаларды да алғашқыда емізік арқылы сауылған стерильді анасының сүтімен тамақтандырып , жақсы еміп үйренгеннен кейін барып, анасына емізуге береміз.

Тамақтантыру жиілігі тамақтандыру әдісіне тәуелді. Егер шөлмек , емізік арқылы немес анасын еметін болса, емізу жиілігі тәулігіне 7-10 рет , ал зонд арқылы тамақтандыратын болсақ , одан сирегірек болады.өйткені, асқазан зондын жиі-жиі салудың балаға кері әсерлері , кемшіліктері де бар.

Шала туылған балаға қажетті сүттің тәуліктік мөлшерін арнайы Роммель формуласы арқылы немесе калориялық әдіспен есептеп табуға болады.

Роммель формуласы : Vт =1% х М х n

Vт – сүттің тәуліктік мөлшері

М –баланың туғандағы мөлшері

n – баланың күні

калориялық әдіс. Бұл әдіспен баланың әр кг салмағына қажетті энергия мөлшерін білу арқылы, оған тиісті сүт мөлшерін анықтай аламыз: 1-2 ші күндері – 30 ккал\кг

3- ші күні – 35 ккал\кг

4-ші күні – күні – ккал\кг салмағына қажет етеді.

Одан кейін 10-шы күнге дейін әр күн сайын 10 ккал\кг қосылып отырады. Шала туылған балалардың қан құрамының ерекшелігімен байланысты оларда анемиялар ерте дамиды. Осы себепті оларға алғашқы айлардан бастап-ақ витаминдер комплексі және құрамында темір бар препараттар профилактикалық дозада тағайындалады.

Жоғарыда айтылған күтім, тамақтандыру ерекшеліктері дұрыс орындалған жағдайда 1-2ші дәрежелі шала туылған балалар өз құрдастарын бір жасында, 3-4ші дәрежелі шала туылған балалар 2 жасқа жақындағанда қуып жетеді.

Шала туылған баланың физиологиялық жағдайлары. Физиологиялық жағдайлар шала туылған балаларда да байқалады және оларда өзіндік ерекшеліктермен сипатталады.

  1. физиологилық қызар анығырақ байқалады, соңынан тері қабатының құрғауы ұзағырақ сақталады.

  2. физиологиялық сарғаю ұзағыраққа созылады – 2-3 аптаға, кейде одан да ұзаққа.

  3. сыртқы ортаның температурасына сезімталдық айқын білінеді – бала өте тез жаурағыш және ыстығы тез көтеріледі.

  4. жыныс ағзаларындағы өзгерістер болмауы да мүмкін, өйткені эстрогенді гормондар жүктіліктің соңғы айларында өтеді.

Перзентханадан шығару тәртібі.

1ші – 2ші дәрежелі шала туылған балалар жалпы жағдайы жақсы болса, анасын жақсы еміп жатса үйге шығарылады.

3ші-4ші дәрежелі шала туылған балалар салмағы 2500 г-ға толғанша, жалпы жағдайы дұрысталғанша арнайы аурухананың шала туылған балалар бөліміне ауыстырылады.

Алдың алу егу жұмыстары жалпы жағдайы жақсы, салмағы 1500 г-нан жоғары балаларға жүргізіледі.

Жаңа туылған баланың аурулары

Жаңа туылған баланың аурулары балалар өлімінің себепшісі ретінде алғашқы орындардың бірінде тұр. Сондықтан оларды азайту, болдырмау, алдың алу және дер кезінде көмек көрсете білу жұмыстарында фельдшердің де өз үлесі бар. Жаңа туылған баланың аурушаңдығы мен өлім санын анықтау үшін келесі көрсеткіштерді есептей білу керек.

Перинаталды өлім – жүктіліктің 28 аптасынан бастап, туылғаннан кейін 7 күн ішіндегі баланың өлімі. Оның өзі келесідей болып бөлінеді:

  • антенатальды өлім – жүктіліктің 28 аптасынан толғақ басталғанға дейінгі аралықта шаранадағы өлім;

  • интранатальды өлім – толғақ басталғаннан туылғанға дейінгі аралықта, баланың туу жолдарындағы өлім;

  • ерте неонатальды өлім – бала тірі туылғанмен, алғашқы аптада өлуі;

Ерте неонатальды өлім мен кеш неонатальды өлім (7-29 аралығында баланың өлімі) өосылғанда постнатальды өлім деп те аталады. Ал антенатальды және интртеранатальды өлім өлу туылу көрсеткіштерін құрайды. Бұл көрсеткіштерді есептеп шығару әдістері бір-біріне ұқсас. Мысалы, перинатальды өлім көрсеткішін есептеп табу үшін барлық өлі туылған және алғашқы аптада шетінеген бала санына бөліп мыңға көбейту керек, яғни көрсеткіш мыңнан бір есебінен табылады (% промилли). Постнатальды немесе ерте (кеш) неонатальды өлім көрсеткішін сол уақыт ішінде шетінеген бала саның барлық туылған бала санына бөліп мыңға көбейту арқылы табуға болады. Мысалы, осы көрсеткіштердің Мақтаарал ауданы бойынша сандары мынадай болды:

Аурудың себептері:

  1. әйелдің жүктілік кезіңдегі аурулары.

  2. әйелдің жасы (өте жас аналар мен 40-тан асқан аналар).

  3. үй тұрмыстық жағдайлардың төмеңдігі.

  4. әйелдің зиянды әдеттері.

  5. жүкті әйелдің тамақтануындағы кемшіліктер.

  6. экологиялық жағдайлардың жүкті әйелге кері әсерлері.

Жаңа туылған баланың ауруларына – асфиксия (тұншығу), бас миының,баланың гемолиз ауруы, пневмония, сіріспе, туа пайда болған ағза ақаулары, көз, кіндік, тері қабаттарының іріңді аурулары жатады.

Асфиксия

Асфиксия (тұншығу) – жаңа туылған балалардың ішінде ең жі кездесетің түрі. Тұншығу – бұл баланың дем алысының жоқ болуының салдарынан организмде оттегі жетіспеушілігімен (гипоксия) және көмірқышқыл газынын көбеюімен (гиперкапния), зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын патологиялық жағдай. Асфиксияның себептері:

  1. анасының организмінде оттегі жетіспеуі (анемия,қансырау,плацентаның төмен орналасуы т.б себептерден).

  2. кіңдіктегі қан айналуының бұзылуы (кіндік баланың мрйнына,денесіне қатты оралып қалуы, түйіліп қалуы, баладан бұрын кіндіктің түсіп кетіп,қысылуы жағдайларында ).

  3. баланың іштен туа біткен ағза ақаулары (бас миының, өкпе, жүрек т.б. ағзалардың).

  4. баланың туылуының ауыр өтуі.

Ауырлығына сәйкес асфиксияның 3 дәрежесі анықталады: жеңіл,орташа ауыр және ауыр түрі.

1 дәрежеде – жеңіл асфиксия – Апгар шкаласы бойынша бағасы 6-7 балл. Балада аз уақытқа созылған дем алысының тоқтауы байқалады, тері қабаты көкшіл түсті,жүрек соғысы анық, бұлшық тонусы және рефлекстері нормада. Ауыз,мұрын қуыстарынан шырышты сорып алғаннан кейін жағдайы тез жақсарып,дем алысы пайда болады, тері қабаты қызарады.

2 дәрежеде – орташа ауыр асфиксия – Апгар шкаласымен бойыша бағасы 4-5 балл. Жүрек соғысы ретсіз, брвдикардия, дем алысы жоқ,бұлшық ет тонусы мен рефлекстері төмендеген, тері қабаты көкшіл түсті.

3 дәрежеде – ауыр асфиксия – Апгар шкаласымен бағасы 0-3 балл. Тері және шырышты қабаттарының түсі көкпеңбек немесе аппақ, дем алысы жоқ, жүрек соғысы сирек, ретсіз немесе естілмейді, рефлекстері өте төмен немесе анықталмайды, гипотония.

Тірілту шаралары:

  1. тез арада,баланы анасынан ажыратпас бұрын, жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты сорып алу, бар болса электроаспиратор немесе аяқ аспираторы арқылы, жоқ болса, резеңке баллон арқылы.

  2. ылғалдатылған оттегін беру, 1-ші дәрежелі асфиксияда осы көмек жеткілікті, баланың өз бетінше дем алысы пайда болады,қатты дауысы шығып жылайды.

  3. дем алысы пайда болмаса, арнайы аппараттар және құралдарды («вита-1» , «Млада», «Пенлон», «РДА-5», «Амбу» қапшығы )пайдалана отырып, қолдан дем алдыру шараларын жүргізу. (искусственная вентиляция легких).

Аппараттар қол астында жоқ болған жағдайда, ең қарапайым қолдан дем алдыру «ауыздан ауызға, ауыздан мұрынға үрлеу» әдістерімен жүргізіледі.

  1. Осы кезде, бір уақытта қатарынан кіндік артериясы аоқылы 20 % глю-

коза ертіндісін 5мл/кг, кокарбаксилаза 12 мл/кг, кальций гюканатын 10

% 1мг/кг, кордиамин 0,2 мл жіберіледі. Орташа ауыр асфиксияда осы әрекеттерден кейін баланың жағдайы жақсарады.

  1. Ауыр асфиксияларда жоғарыдағы шаралар көмек бермесе, жүрекке сыртқы массаж жасау аппараттар арқылы дем алдыру керек.

  2. Кідік артериясы арқылы қосымша атропин немесе адреналин физиоло-

гиялық ерітіндіге араластырып жіберіледі, 2,4 % эуфиллиннен 0,1мл/

кг лазиск І мг/кг, альбумин 10 % , маннит, құрғақ плазма, викасол егі-

леді. Осы аталған тірілту шаралары 20 минуттың ішінде көмек бермесе,

баланың дем алысы мен жүрек соғысы пайда болмаса, тірілту шаралары

тоқтатылады.

Бас миының зақымдануы

Бас миының зақымдануы деп бала туылу кезінде пайда болған бас миныың ісінуі мен миға қан құйылуды айтамыз.Бұл жағдайдың себептері:

1)Құрсақтағы кезеңдегі анасы мен баласының гипоксиясы(анасының аурулары мен токсикоздардың салдарынан).

2)Бала туылу кезіндегі қиындықтар-баланың басы мен анасының туу жолдарының сәйкес келмеуі,әртүрлі акушерлік әрекеттер:қысқыш,вакуум-экстрактор қолдану,толғақтың әлсіз болып,ұзаққа созылуы т.б себептер.

3)Жаңа туылған баланың қан ұю факторларының жетімсіздігі.

Ағымы бойынша бас миының зақымдануы 3кезеңде өтеді.Өткір кезең 7-10 күннен-1айға дейін,ерте орнына келу кезеңі 1-3ай,кеш орнына келу кезеңі 4 айдан-1-2 жылға созылады.

Клиникасы.Бас миының зақымдануының клиникалық белгілері және ауырлығы мидағы қан құйылған бөлігімен және гематоманың көлемімен байланысты әртүрлі ауырлықта өтеді.

Өткір кезеңде бала қатты шыңғырып жылайды,өте мазасыз,жиі құсу байқалады,дем алысы ретсіз,жиі көгеріп қалады,құрысып тырысу байқалады,рефлекстері төмендейді(ему жұту рефлекстеріне дейін),бұлшық ет тонусы жоғарылайды.Парез,параличтер,көз тарапынан Грэфе белгісі,көлденең нистагм анықталады.Жүрек тондарының әлсіреуі,бради немесе тахикардия,экстрасистолия сияқты қан айналу жүйесіндегі өзгерістер мен құсу,тәбеттің төмендеуі,іш кебу,іш өту,іш қату сияқты ас қорыту ағзаларының жұмысының бұзылу белгілерін де анықтауға болады.

Бас миының зақымдануының ауыр түрлерінде көптеген балалар өліп кетеді,ал жазылып шыққан балалардың көбісінде психикалық және физикалық дамуының артта қалуы байқалады.Сондықтан,бұл балалар «Д» есепке алынып,сатылып,ұзақ уақыт емделуге тиісті.

Емдеу және күтім жүргізу.Баланың емі перзентханада басталып,ары қарай арнайы жаңа туылған балалар паталогиясы бөлімінде өткізіледі.

1)Балаға қатаң төсек режимі тағайындалады,жөргек ауыстыру және т.б күтім баланың төсегінде жүргізіледі.

2)Тамақтандыру да алғашқы күндері орнында сауылған ана сүті мен зонд арқылы беріледі.

3)Баланың бас жағын көтеріңкі етіп,бір қырынан жатқызу қажет.

4)Баланың бас жағына 1-2см қашықтықта мұзды мұйық қойылады.

5)Денесін қыспай,демалысы қиындамау үшін бос жөргектеледі.

6)Мезгіл-мезгіл ылғалдатылған оттегі беріледі.

7)Дәрілерден қан кетуді тоқтататын және қан тамырларының қабырғаларын қатайтатын препараттар тағайындалады(аскорбин қышқылы,рутин,викасол,кальций хлориді немес глюконаты).Мидың ісінуін азайту үшін 25% магнезий сульфаты б/е,көк тамырға 20%глюкоза,плазма,полиглюкин,лазикс,маннит,мочевина,10% альбумин тамшылата егіледі.Құрысып-тырысуды басатын дәрілер-дроперидол 0,25%,пипольфен 2,5%,седуксен,фенобарбитал,ГОМК қажет болған жағдайда тағайындалады.

10)Витаминдер комплексі қосылады.

Бала емделіп шыққаннан кейін невропатолог,педиатр дәрігерлердің есебіне «Д»бақылауға алынады.

Туылу кезінде басқа ағзалардың зақымдануы

1)Бастың жұмсақ тіндерінің ісінуі-1-1,5 күннен кейін өздігінен қайтады.Кейде ісік үлкен болса,тез қайтпаса,рутин,витамин «С»,кальций хлориді тағайындалады.

2)Кефалогематома-бұл сүйектің сыртқы қабатының астына қан құйылуы.Бұл кезде төбе сүйектерінің тұсында әртүрлі көлемдегі былқылдақ ісік анықталады,7-10 күн ішінде көлемі біртіндеп кішірейіп,2-3 аптадан соң толық жоғалады.Ісік өте үлкен көлемді болса,шприц,ине арқылы қанда сорып,азайтуға болады.Гематома іріңдеп асқынатын болса,тіліп,іріңін шығарып,хирургиялық ем тағайндалады.

3)Сүйектердің сынуының ішінде жиі кездесетін бұғананың сынуы немесе жарылуы.

4)Нерв талшықтарының,нерв түйіндерінің зақымдануы парез,параличтерге әкеледі.

5)Сирек жағдайларда бұлшық еттердің зақымдануы байқалады.