
- •1 Жасқа дейінгі баланың өсіп дамуы
- •Денсаулық топтары
- •Баланы шынықтыру
- •Таза ауамен шынықтыру
- •Балалардың ас қорыту агзаларының афе-і
- •1 Жаска дейінгі баланы тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы табиғи тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы емізу жиілігі
- •1 Жасқа дейінгі баланы аралас тамақтандыру
- •1 Жастан асқан баланы тамақтандыру
- •1 Жастан асқан балаға калорияың қажеттілігі
- •Шала туылған бала. Күтім және тамақтандыру ерекшеліктері.
- •Жаңа туылған баланың гемолиздік ауруы
- •Тері қабатының іріңді аурулары
- •Ерте жастағы балалардың ас қорытылуы мен қатар қоректенуінің бұзылуы
- •Парентеральды диспепсия
- •Пилороспазм, пилоростеноз
- •Балалардың жұқпалы ішек аурулары
- •Дизентерия
- •Сальмонеллездер
- •Колиэнтериттер
- •Сүйек, бұлшық ет жүйелерінің афе, аурулары Рахит (Мешел)
- •Кальциферолдың дәрілік түрлері
- •Гипервитаминоз д
- •Спазмофилия
- •Баланы жалпы тексеру әдістері
- •Тыныс алу ағзаларының афе-і
- •Тыныс алу ағзаларының аурлары Жоғары тыныс жолдарының аурулары
- •Тыныс алу ағзалары аурурларының жіктелуі
- •Пневмониялар
- •Жүрек, қан айналу жүйесінің балалардағы ерекшеліктері
- •Жүрек қан айналу жүйесінің аурулары Туа пайда болған жүрек ақаулары
- •Ревматизм
- •Ревматизмнен басқа себепті кардиттер
- •Қан тамырларының дистониялары
- •Коллагеноздар
- •Ac қорыту ағзаларының аурулары Стоматиттер
- •Гельминтоздар
- •Қан түзгіш ағзаларының афе-і
- •Қан түзгіш ағзаларының аурулары Қан және қан түзгіш ағзаларының аурулары
- •Геморрагиялық диатездер
- •Зәр шығару ағзаларының афе-і
- •Бүйрек және зәр шығару ағзаларының аурулары Өткір гломерулонефрит
- •Қант диабеті
- •Гипотиреоз
- •Тиреотоксикоз
- •Аддисон ауруы
- •Балалардың жұқпалы аурулары Жұқпалы аурулар жайлы жалпы түсінік
- •Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары
- •Профилактикалық екпелер күнтізбесі
- •Вакциналарды сақтау тәртібі
- •Тоңазытқыштағы температураны қадағалау
- •Асқынулардың алдын алу
- •Иммунопрофилактикадағы сүйенетін негізгі бұйрықтар
- •Бала бақшалар мен яслилерде:
- •Балалар ауруханалары мен емханалары:
- •Туберкулез
- •Муковисцидоз
- •Мысқыл ( эпидемический паротит )
- •Көкжөтел ( коклюш)
- •Паракоклош
- •Дифтерия
- •Менингококты инфекция
- •Полиомиелит
- •Вирустық гепатит
- •Фап жұмысы
- •Фап фельдшерінің жұмсының сапалық көрсеткіштері
- •Гипертермиялық синдром
- •Елірме синдромы
- •Бас миының ісінуі
- •Постгеморрагиялық шок
- •Анафилактикалық шок
- •Ларингоспазм - жалған круп
- •Бронх қысылу синдромы
- •Жүректің өткір жетіспеушілігі
- •Ішек токсикозы мен эксикозы
- •Бүйрек жұмысының өткір тапшылығы
- •Қан тамырларының өткір жетіспеушілігі
- •Гипергликемиялық кома
- •Асфиксияда жедел көмек көрсету
- •Құсу кезіндегі жедел көмек
- •Бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі
- •Балалар мекемесіндегі балаларды тамақтандыру
- •Профилактикалық екпелер, эпидемияға қарсы жұмыс
- •Санитарлық ағарту жұмыстары
1 Жастан асқан баланы тамақтандыру
1 жасқа толған баланың 6-8 тісі болуы керек, асқазан және ұлтабар сөлдерінің мөлшері мен ферментгері көбейеді, сондықтан тағамдарды тек сүйық және қоймалжың түрінде ғана емес, қою түрінде де береміз. Балаға майлы, ащы, куырылған және аллергияға бейімдейтін тағамдарды шектейміз (шоколад, құлпынай цитрусты жемістер, кофе, қою шай т.б.). Балаға балықтың, сиырдың, тауықтың, арық қойдың еттері, жарма ботқалары, көкөніс, жеміс-жидек кеңінен беріледі. Етті балаға мүмкіндігінше ет тартқышқа тартылған, жаншылған, буға пісірілген күйінде қолдану керек
1 жасқа дейінгі балалармен салыстырғанда 1 жастан асқан балаларға белоктың қажеттілігі төмендеиді. Б : М: К = 1: 1: 4 қатынасында тағайындалады. Белоктың 85 % малдың еті мен сүті аркылы енгізілсе, 25 % өсімдіктер (нан, жармалар) арқ- ылы толықтырылады.
Майлар да малдың майымен қатар өсімдік майларын қолдану арқылы енгізілуі қажет (пісте, жүгері, соя т.б.).
Көмірсуларының 1 жастан асқан балаға қажеттілігі кішкентай балаларға қарағанда төмендейді — 10 г/кг.
Тамақты толық сіңіру және тәбеті жақсы болуы үшін баланы тамақтандыру уақыты белгілі бір мерзімде өткені жөн. Егер бала оған дейін шыдамаса, тәттісі аз жемістер мен көкөністер беруге болады, бірақ тәтті тамақтарды бермеген дұрыс — тәбеті төмендейді.
Баланың тәбетін арттыру және гигиеналық дағдыны қалыгітастыру үшін тамақты түрлендіріп, ыдыс аяқтарына, дастарқан жабдығына да көңіл бөлу қажет. Бала түрлі-түсті, ашық бояуларды жақсы көреді, сондықтан бала тамақ ішетін ыдыстарда қызықтыратын суреттер болғаны, салфетка, кдсық, шанышқыларының да әдемі болғаны дұрыс. 1 жастан асқан балаға калорияның қажеттілігі 10-таблицада көрсетілгендей.
10-кесте
1 Жастан асқан балаға калорияың қажеттілігі
1-15 жас ккал тәулігіне |
||
жасы |
ұлдар |
қыздар |
1-3 жас |
101 |
101 |
4-6 жас |
91 |
91 |
7-9 жас |
78 |
78 |
10-12 жас |
71 |
62 |
13-15жас |
57 |
50 |
Ал бала тәулігіне 4 рет тамақтанатын болса, тәуліктік тамақтың калориясы төмендегіше бөлінеді:
Профилактика. 71
Профилактика. 73
Плеврит 74
Кешкі тамаққа — 25 %.
1 жастан асқан баланы тамақтандыру жобасы: Таңертеңгі тамаққа — салат, ірімшік, сүтке пісірілген ботқалар, ет, балық, көкөністерден дайындаған гарнирлерімен.
Түскі тамаққа — салат, сорпа, еттен немесе балықтан дайындалған тағамдар гарнирімен, нан, компот не кисель.
Сәскелік тамаққа — айран, сүт, тәтті нан (булочка) немесе печенье, жеміс жидектер.
Кешкі тамаққа — сүзбе, жарма, жұмыртқадан дайындал- ған тағамдар, май мен нан, сүт немесе шәй.
Балалар мекемелеріндегі балаларды тамақтандыру
Балалар мекемелеріндегі (бала, бақша, ясли, мектеп, мектеп-интернат, балалар үйлеріддегі) балаларды тамақтандыруды сол мекемедегі медицина қызметкері қадағалап отыруға міндетгі.
Медицина қызметкері бала жасына қарай белок, майлар, көмірсулар және витаминдердін; қажеттілігін ескере отырып меню қүрастырады. Тамақ дайындалатын кухняның, тамақ ішетін асхананың, жұмыскерлердің жеке басының гигиенасын, жалпы санитарлық дезинфекциялық тәртіптің сақталу- ын қатаң қадағалап отырады. Дайындалған тағамның дәмділігін, сапасын тексеріп, тамақ калориясының бала жасына сәйкестігін бақьшап отырады.
11-кесте
Бала бақшадағы балаларды тамақтандыру жобасы
|
Баланың жасы |
|
||||
Тамақ түрі |
1-1,5 |
1,5-3 |
3-5 |
5-7 |
5-7 |
|
Таңертеңгі тамақ: ботқа немесе көкөніс пюресі кофе |
200 100 |
200 150 |
250 150 |
250 200 |
|
|
Түскі тамақ: |
|
|
|
|
|
|
салат |
|
40 |
50 |
50 |
|
|
сорпа |
100 |
150 |
200 |
250 |
|
|
ет котлеты |
50 |
60 |
70 |
80 |
|
|
гарнир |
100 |
100 |
130 |
130 |
|
|
компот |
100 |
100 |
150 |
150 |
|
|
Сәскелік тамақ: |
|
|
|
|
|
|
айран |
150 |
150 |
200 |
200 |
|
|
печенье, тәтті нан |
15 |
15/45 |
25/50 |
25/60 |
|
|
Кешкі тамақ: |
|
|
|
|
|
|
көкөніс немесе ботқа |
180 |
200 |
200 |
200 |
|
|
сүт |
100 |
150 |
150 |
150 |
|
|
Нан тәулік бойына: |
|
|
|
|
|
|
ақ нан |
10 |
70 |
100 |
110 |
|
|
қара нан |
10 |
30 |
50 |
60 |
|
Мектеп оқушыларының денсаулығы үшін мектептегі таңертеңгі тамақтың маңызы үлкен. Мекгептердің барлығында дерлік асханалар бар. Оқушыларға ыстық тамақ — көкөністер дайындалған гарнирімен ет тағамы немесе сары май қосқан ботқа, сүт қатқан кофе немесе шай берілуі керек. Ыстықтамақ дайындау мүмкіндігі болмаса сүт, айран, сүзбе, тәтті нан беруге де болады. Жаз айларында оған жемістер қосылғаны құба-құп.
12-кесте
Мектеп жасындағы балаларды тамақтандыру жобасы
|
Баланың жасы |
|
Тамақ түрі |
7-10 жасар |
12-14жасар |
Таңертеңгі тамақ: ботқа немесе көкөніс сүт қатқан кофе немес шәй |
300 200 |
300-400 200 |
Түскі тамақ: |
|
|
сорпа |
300-400 |
400-450 |
ет немесе котлеты |
100 |
120 |
көкөніс немесе жарма гарнирі |
150-200 |
180-230 |
Компот немесе кисель |
200 |
200 |
Сәскелік тамақ: |
|
|
сүт, айран |
200 |
200 |
тәтті нан |
90 |
100 |
жемістер |
100 |
100 |
Кешкі тамақ: |
|
|
Жармалардан не көкөністен дайындаған тамақ |
300 |
400 |
айран, сүтті шәй |
200 |
|
Жаңа туған баланың күтім ерекшеліктері
Жаңа туған бала құрсақтағы дамудың апталығына қарай мерзімі жетіліп туылған (доношеный),мерзімінен бұрын, шала туылған (недоношеный ),мерзімінен кеш туылған (перенощенный) болып бөлінеді.
Құрсақтағы дамудың 38-40 аптасында (280 күн ), салмағы 2500 г-нан жоғары, бойы 45 см-ден артық болып туылған ьала мерзімі жетіп туылған болып есептеледі. Мерзімі жетіп туылған баланы шала туылған баладан сыртқы белгілері бойынша да ажыратуға болады:
дауысы аңық, қатты шығады;
қимылдары ширақ;
тері қабаты қызғылт түсті;
тері асты май қабаты жақсы дамыған;
құлақ қалқаны шеміршекті, өз қалпын сақтаған;
кіңдік сақинасы төстің ұшпасы мен қағанақ сүйегінің аралығында, дәл ортасында орналасқан;
ер балалардың ұмасында екі жұмырқасы да анықталады да, ал қыз балалардың үлкен жыныстық еріндері кіші жыныстық еріндерін жауып тұрады.
Бала дүниге келгеннен кейін, анасының құрсағындағыдан мүлде бөлек сыртқы ортаға бейімделуіне тура келеді. Сонымен байланысты оның организімінде анатомиялық, физиологиялық өзгерістер пайда болады. Ана құрсағында балаға оттегі және қоректі заттар плацента – кіндік арқылы анасының қанынан өтіп тұрады.
Бала жарық дүниеге келгеннен кейін кіндігі кесіліп, анасынан ажыратылады. Балаға оттегі келу күрт тоқтатылғандықтан, организмде CO2 мөлшері көбейеді. Осы көмір қышқыл газы мидағы дем алу орталығын тітіркендіріп, ол жақтан келген жауап диафрагмаға, көкірек клеткасының бұлшыұ еттеріне тарайды, сөйтіп көкірек клеткасы қимылдай бастайды, өкпе ашылады. Осылайша жаңа туылған бала біріңші демалыс жасайды, қатты дауыс шығып, жылайды.
Баланың дүниеге келген сәті бірінші және бесінші минуттарында арнайы шкала бойынша бағаланады. Шкала, оны 1953 жылы ұсынған ғалым әйелдің фамилиясымен Апгар шкаласы деп аталады. Бұл шкалаға сәйкес баланың жағдайы 5 белгі боынша бағаланады:
баланың дем алысы.
жүрек соғысы.
тері қабатының үсі.
бұлщық ет тонусы.
рефлекстері.
Әр белгіге баланың жағдайына сәйкес 0-2 балл баға беріледі, қосындысы анықтылып, 1-ші және 5-ші минуттардағы бағалары туылу тарихына тіркеледі. өалыпты жағдайда, қиналмай туылған баланың бағасы Апгар шкаласы бойынша 8-10 балл, 8-ден төмен баға алған балалар тұншығып туылған болып табылады.
13 – кесте
АПГАР ШКАЛАСЫ
Белгілері |
Бағалары |
||
0 балл |
1 балл |
2 балл |
|
Жүрек соғысы |
Анықталмайды |
Минутына 100-ден аз |
100-ден жиі |
Дем алысы |
Жоқ |
Дауысы әлсіз(гиповентиляция) |
Дауысы қатты щығады |
Бұлщық ет тонусы |
әлсіз |
Аяқ- қолдары жартылай бүгулі |
Қимылдары ширақ |
Рефлекстері |
Анықталмайды |
әлсіз анықталады |
Жақсы анықталады |
Терінің түсі |
Көкшіл немесе аппақ |
Денесі қызғыш, аяқ – қолдаы көкшіл |
Түгел денесі қызғыш |
Анасынан кіңдігі кесіліп ажыратылған баланың бірінші өзінше дем алысы пайда болғаннан кейін, тыныс алу,жүрек қан айналу жүйелерінде өзгерістер пайда болады, бала сырқы қоршаған ортаға біртіңдеп бейімделе бастайды.
Атап айтылытың болса, құрсақтағы кезеңде ашық тұратың 2 жүрекше арасындағы сопақша саңылау жабылады, аорта мн өкпе артериясын жалғап тұратың Боталлов түтігі бітеледі және төменгі қуыс вена мен кіңдік тамырларының арасындағы Аранциев түтігі де жабылады. өкпе арқылы дем алу пайда болғандықтан, кіші өан айналу шеңбері іске қосылады.
Сонымен қатар, бала организімінде негізінен емдеуді қажет етпейтің, өтпелі кезеңге тән, «физиологиялық» деп аталатын жағдайлар байқалады:
1. физиологиялық қызару - тері қабатың қалыптан тыс қан кернеу . бұл жағдайдың себебі: жатырдағмен салыстырғанда сырқы қоршаған ортаның температурасының күрт төмендеуі (жатырда 37-38 гр. Ал бөлмеде 20-22 гр.). физиологиялық қызару 2-3 күнге созылады,емдеуді қажет етпейді. Кейде терісі қабыршақтанып , құрғап кетеді, ондай жағдайда стерильді өсімдік майын жағу керек.
2. токсикалық эритема – баланың тері қабатында 2-3 ші күндері өызыл түсті бөртпелер пайда болады. Себебі: анасынан аллгендердің өтуі, 2-3 күннен кейін өздігінен қайтады. Баланың гигиеналық күтімі нашар болса, іріңдеп пиодермияға айналу мүмеін. Бөртпедер өте көп болған жағдайда антигистаминді дәрілер (димедрол, супрастин, пипольфен т.б) тағайындап, жиі сусын ішкізу қажет.
3. физиологиялық сарғаю – жаңа туылған балалардың 60%-де 2ші-3ші күні пайда болатың тері және шырышты қабаттарының сарғаюы, өтпелі жағдай. Себебі: бала қанындағы жетілмеген эритроциттердің жарылып (гимолизге ұшырап), олардан шыққан билируьинді әлі дамып жетілмеген бауырдың шығарып үлгере алмауы. Бұл сарғаю 7-10 күнге, шала туылған және тұншығып туылған балаларда 2-3 аптаға дейін созылады. Физиологиялық сарғаю кезінде нәжіспен зәрдің түсі өзгермейді, бауырмен көк бауыр үлкеймейді. Балаға көбірек сусын ішкізіп (қайнаған су,5% глюкоза т.б) «С» витаминін берген жөн.
4. дене салмағының физиологиялық кемуі-туылғаннан кейін 3-4ші күндері баланың салмағы бастапқыдан 150-300 г-дан кеміп кетеді де, біртіңдеп салмағын қайта қосып, 7-10 күндері туылғандағы салмағы орнына келеді. Бұл жағдайдың себебі: 1-ші күндердегі ана сүтінің аздығы, баланың бөліп шығарған және қабылдаған сұйықтық мөлшерінің сәйкес келмеуі. Салмақтың кемуі 8% тен аспауы керек, ол үшін баланы анасына емізуге ертнрек беріп, арасында сусын ішкізіп тұру керек.
5.транзиторлық қызба – 3-4-ші күндері жаңа туылған баланың дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін (17%балаларда), баланың жалпы жағ-
дайы көп өзгермейді, кейде бала мазасызданадып, ембей қояды. Транзитор –
лық қызбаның себебі: тері қабатының АФЕ-лері, сұйықтық аз беру және қор-
шаған ортаның температурасының жоғарғы болуы. Көмек: баланың жөргек-
терін ашып, үстін жеңілдету, бірқалыпты температурада күтім жасау, жиі сусын ішкізу. Бөлме температурасы мерзімі жетіп туылған балалар үшін 20-22гр С, шала туылған балалар үшін дәрежесінде сәйкес 24-32гр. С болуы ке –
рек.
6. жыныс мүшелеріндегі өзгерістер: мастопатия – баланың сүт бездері ісініп, қысқан кезде уыз шығады, үстіндегі тері қабаты өзгермейді; қыз балалардың қынабынан қан көріну, ұл балалардың ұмасының ісінуі. Себебі: жүктіліктің соңғы апталарында анасынан балаға эстрогендік жыныс гормондарының өтуі.
Бұл жағдай емдік қажет етпейді, тек гигиеналық күтімді жақсарту керек.
7.Несеп қышқыл инфаркті – несеп қышқылынан болған бүйрек инфаркты,
бүйрек инфаркты, бүйректің концентрациялаушы қызметінің нашар дамуының
салдары, 3-4 күнге созылады. Белгісі: баланың жөргектерінде қоңыр түсті дақ-
тар және құм тәріздес қалдық байқалады. Көмек: жиірек сусын ішкізу.
Жаңа туылған балаға жүргізілетін алғашқы күтім. Алғашқы күтімді боса-
ну бөлмесінде баланы қабылдап алған акушерка жүргізеді. Күтім үшін алдын-
ала залалсыздандырылған жиынтық қолданылады.Жиынтық 2 Кохер қысқышы
Роговин қапсырмасы (скоба) мен қысқышы, жібек лигатура, 4 қабатты дәке салфетка, залалсыздандырылған мақта оралған таяқшалар, тамызғыш, мақта
тампондары, ұзындығы 60 см дәке немесе клеенка лента, 2 клеенка «білезік»,
резеңке баллоннан тұрады. Бала туылңан сәтте, кіндігін байламас бұрын, го-
нобленореяның алдын-алу үшін, тамызғышқа 30% альбуцид ерітіндісін жинап
алып, 2 көзіне 1 тамшыдан, қыз балалардың сыртқы жыныс еріндеріне 2 там-
шыдан тамызылады. 2-ші рет альбуцид ерітіндісі көздеріне 2 сағаттан кейін,
баланы балалар бөлмесіне ауыстырар алдында.
Кіндік бауын кесу, күтім жасау 2 кезеңде жүргізіледі:
І-кезеңде 1 Кохер қысқышы кіндік сақинасынан 10 см қашықтыққа, екіншісі одан әрірек 2 см жерге қойылады. 2 қысқыш аралығындағы кіндік бауын 5%
йодтың спиртті ерітіндісімен немесе 96% этил спиртімен сүртеді де, залалсыз-
дандырылған қайшымен кеседі.
ІІ-кезеңінде кіндік қалдығын спиртке батырылған тампонмен сүртіп, Роговин қысқышына қапсырманы қыстырып, кіндік сақинасынан 0,2-0,3 см қашықтық-
та кіндіктік қысып бекітеді. Қапсырмадан 2-3 см қашықтықта кіндік қалдығын қысқартып кесіп , кесілген жерді қайталап спирт немесе 5% йод ертіндісімен күйдіреді.
Роговин қышқышы болмаған жағдайда кіндік түбін жібек лигатурамен қысып байлап , кәндәк қалдығын 3-4 см етіп қысқартып, кесілген жерге спиртке батырылған мақта тампоны қойылады, үстін 4 қабатты үшбұрышты салфеткамен байлап тастайды. Жаңа туылған баланың тері қабатын стерилді өсімдік немесе вазелин майымен сүртіп тазартады. Баланың терісі қан немесе айнала суы таза болмаған жағдайда баланың денсаулығы көтерсе ғана шомылдыру аланың терісі қан немесе айнала суы таза болмаған жағдайда баланың денсаулығы көтерсе ғана шомылдыру (гигиеналық ванна) .
Одан кейін акушерка балаға антрометриялық өлшеулер жүргізіп , оның медициналық құжаттарын (ф. 097/у,ф. 113/у),клеенка білезіктерін , медальондарын толтырады , 2 сағат өткесін барлық құжаттармен бірге балалар бөліміне тапсырады, баланы барлық іс қағаздарымен бірге балалар бөлімінің мейірбикесі қабылдап алады.
Жаңа туылған бала бөлімсешісіндегі барлық күтімді сол жердің мейірбикесі атқарады. Күтім тәулігіне бала неше рет тамаұтандырылса , соған тәуелді жүргізіледі, көбінесе барлығы 6-7 рет 2 рет таңғы сағат 6.00. және 18.00 де толық күтім , қалған уақыттарда жартылай күтім жүргізіледі. Толық күтімге
Баланың дене қызуын , салмағын өлшеу , көзіне , мұрын қуысына , кіндік қалдығы немесе кіндік жарасына күтім жасау , тері қыртыстарын майлау , шат аралығын жуу жатады. Ал жартылай күтім кезінде көбінесе шат аралығын жуып , бетін, қажет болса мұрын қуысын тазалап , жөргектерін ауыстырумен шектеледі.
Кіндік қалдығының күтімі үшін 70% спирт, 3% Н2О2, 2% бриллиант жасылы, немесе 5% перманганат калий ерітіндісі , фурацилиннің 1:5000 сумен
ерітіндісі қолданылады.
Көзін тазалауға 1:8000 перманганат калий ертіндісі қажет болады. Мұрын қуысын залалсыздандырылған өсімдік майына батырылған мақта шиыршықтарымен тазалайды. Шат аралығын жылы сумен шаяды.
Жаңа туылған балаға жүргізілетін күтім , тамақтандыру , жөргектеу техникасына оқушылар практикалық сабақтарда машықтанады.
Перзентханада жаңа туылған баланы тамақтандыру
Ана мен баланың жағдайлары көтерсе , бірінші рет емізуге алғашқы минуттарда берудің артықшылықтары дәлелденген.
бала басқадан бұрын анасының микрофлорасын қабылдайды;
уыз сүтінің пайдасы
анасының сүті тезірек көбейеді
анасының жатырады ертерек орнына келеді.
Баланы емізуге берер алдында емшек ұшын стерильді тампонды 1:5000 фурациллин , перманганат калий ертінділеріне батырып жуу керек , одан кейін 1-2 тамшы сүтін қысып шығарып , ұшын сулап барып, баланы емізу қажет. Бірінші рет баланың емуін мейірбике қадағалап тұруға тиісті, алғашқыда емізу ұзақтығы 5-6 минут болса , кейіннен қажетінше емізеді (ЮНИСЕФ бағдарламасы.)
Перзентханада жүргізілетін профилактикалық екпелер.
Жаңа туылған бала алғашқы 4 күннің ішінде , перзентханада туберкулез және полимиелит ауруларына қарсы егу жұмыстарын алды. Туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасы қолданылады. БЦЖ вакцинасы тірі әлсіретілген туберкулез таяқшаларынан дайындалған , флаконда құрғақ түрінде барлық салмағы 1 мг (20 доза ) шығарылады. Егер алдында 1 мг еріткішке араластырып , 1 балаға 0,05 мл сол иықтың ортаңғы және жоғары бөліктерінің шекарасына , сыртқы жағына тері ішіне жасалады. Нәтижесін 1,5-2 ай өткесін байқаймыз, егілген жерде диаметрі 5-10мм папула (бөрітпе) пайда болу керек. №404 бұйрыққа сәйкес бала дүниеге келген алғашқы тәулікте В гепатитіне қарсы екпе жасалады. Екпеге ВГВ вакцинасы қолданылады. Бір балаға егілетін доза 0,5 мл санының сыртқы жағының жоғарғы бөлігіне арнайы шприц , инемен бұлшық етке енгізіледі.
Жаңа туылған балаға патронаж жасау. Патронаж- баланың үйіне шақырусыз барып , денсаулығын тексеру. Жаңа туылған балаға 1-ші патронаж перзентханадан шыққаннан кейін 2 күннен кешікпей жасалу керек. Патронажға барғанда мейірбике немесе фельдшер перзентханада берілген ауыстыру картасын талап етеді, балаға 112/у формадағы іс-қағазы « Баланың даму тарихын» арнайы, паспорттық мәліметтерін жинайды. Баланы тексеріп көріп , оның жалпы жағдайына , тері және шырышты қабаттарының тазалығына , тамақтандыру тәртібіне , үй-тұрмыстық жағдайларына көңіл аударып , балаға дұрыс күтім жасау және дұрыс тамақтандыру тақырыптары бойынша кеңес береді.