Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балалар аурулары Учебник.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

Пневмониялар

Ө т к і р п н е в м о н и я . Пневмония - өкпе қабынуы, балалардың тыныс алу ағзалары ауруларының ішінде ауыр өтетін түрі және балалар өлімінің себепшісі ретінде (әсіресе 2 жасқа дейін) алдыңғы орындарда тұр. Өткір пневмония өкпе ауруларының арасында ең жиі кездесетін түрі (80%).

Себептері:

- Баланың организмінің қорғаныш күштерінің төмендігі әсіресе фондық аурулары бар балалар үшін өте қауіпті.

- Кішкентай балалардың тыныс алу ағзаларының АФЕ - лері.

- Баланы тамақтандырудағы кемшіліктер (ерте аралас және қолдан тамақтандыруды бастау ).

- Баланың күтімінің , үй тұрмыстық жағдайлардың нашарлығы.

- Қатты суықтану факторлары .

Клиника. Өткір пневмония бастапқыда жоғарғы тыныс жолдарының қабыну белгілерінен басталады: мұрны бітіп, түшкіреді, мұрын арқылы дем алуы қиындайды, жөтеледі. 2- 3 күн өткен соң дем алысы жиілейді, бала жылаған кезде ауыз-мұрын үшбұрышы көгереді, баланың ұйқысы бұзылып, қатты мазасызданады. Тексеріп көргенде өкпеде перкуссия арқылы қорапты перкуторлы дыбыс анықталып, аускультация арқылы дымқыл сырылдар естіледі. Дұрыс ем жүргізілсе, баланың жағдайы тез жақсарып кетеді, ал емі кеш басталса, немесе баланың фондық аурулары болса, ауру әрі карай қыза түседі. Дене қызуы 38-39° С дейін көтеріледі. Ентігу, ауыз, мұрын үшбұрышының көгеруі,- жыламаса да байқалады, тері қабаты бозарады. Мұрын желбезектерінің желпілдеуі, дем алысы кезінде көкірек клеткасының бұлшық еттерінің ішке қатты тартылуы, ыңқылдап, қиналып дем алуы сияқты белгілер қосылады. Өкпені тыңдап көргенде — майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

Асқынбаған пневмониялар дер кезінде дұрыс емделсе, бала 2 аптаның ішінде тәуір болады.

Асқынған пневмониялар кішкентай балаларда өте ауыр түрде өтеді:

Кардиоваскулярлы синдроммен асқынған түрі жүрек тарапынан өзгерістермен сипатталады: жалпы цианоз пайда болады, ентігу, қан қысымы төмендейді, жүрек шекарасы ұлғайып, бауыр ісінеді.

Нейротоксикозбен асқынған түрінде — бала есін жоғалтады, құрысып-тырысу байқалады.

Абдоминальды синдромда — құсу, іш өту, организмнен су жоғалту (эксикоз) белгілері анықталады.

Стафилококты пневмониялардағы ірінді асқынулар: өкпеде ірінді куыстар пайда болу (өкпе абсцессі), плевра қуысына ірің, ірің мен ауа жиналу (пиоторакс, пио пневмоторакс) баланың жағдайын ауырлата түседі.

Стафилококты пневмониялар көбінесе жаңа туылған және шала туылған балаларда, 3 айға дейінгі балаларда кездеседі. Аты көрсетіп тұрғандай стафилококтармен шақырылады, қоздырғыштардың қасиеттерімен байланысты іріңді асқынуларымен сипатталады, ауыр өтеді. Өкпеде іріңді ошақтар, іріңді куыстар (б у л л а л а р) пайда болады. Бұл буллалар жарылып ары қарай асқынған жағдайда, ірің және ауа плевра қуысына жиналады — пио және пиопневмоторакс, плевра қабаттарының қабынуы — плеврит анықталады. Стафилококты пневмониялардан кейін балалар өлімі де жиі болады.

Жаңа туылған балалардың пневмониясы өзіндік ерекшеліктермен өтеді: алғашқы күндері аурудың белгілері әлсіз айқындалады, дене қызуы көтерілмейді, жөтел болмайды. Бірақ баланың тәбеті төмендеп, ембей қояды, салмағы төмендеп кетеді, баланың аузы мен мұрнынан көбікті шырыш көп бөлінеді, аракідік а п н о э (баланың демінің аз уақытқа тоқтап қалуы) байқалады. Кейіннен 4-5 күн өткен соң ғана пневмонияға тән белгілер біліне бастайды.

Сегментті (полисегментті) пневмонияларда — қабыну процессі бір немесе бірнеше сегменттерді камтиды, көбінесе мектеп жасындағы балаларда байқалады. Ауру өткір, жоғары температурадан басталып, тыныс тапшылығы белгілерімен, жүрек жұмысының нашарлау, ас қорыту ағзаларының қызметінің бұзылу белгілерімен сипатталады.

Диагноз қою. Пневмониялардың диагнозын анықтау үшін анамнезге, клиникалық белгілерге сүйенумен қатар, лабораториялық және шешуші тексеріс рентген тексерісін жүргізу керек.

Емдеу. Пневмониямен ауырған бала негізінен стационарда емделеді. Үй жағдайында аурудың асқынбаған түрлерімен, 2 жастан асқан балаларды емдеуге болады. Емдеу тәртібі:

  • Температура түскенше төсек режимі тағайындалады.

  • Аэротерапия таза ауамен емдеу — бала жатқан бөлменің ауасы өте таза, жиі желдетіліп тұру керек және баланың жағдайына қарап, мүмкін болса таза ауаға жиі серуендетіп тұру қажет.

  • Баланы тамақтандыру — жасына сәйкес, рациональды жүргізіледі, емізулі баланы міндетті түрде ана сүтімен қамтамасыз ету керек.

  • Өте жақсы гигиеналық күтім ұйымдастырған дұрыс.

  • Дәрілермен емдеу: антибиотиктер — пенициллин және жартылай синтетикалық пенициллин тобындағы дәрілер 100 — 200 мг/кг тәулігіне және кең спектрлі антибиотиктер тағайындалады. Ауыр түрлерінде 2 немесе 3 антибиотик тағайындау қажет болады (біреуі көк тамырға егіледі). Пенициллин әсер етпеген жағдайда ровамицин (спирамицин) 1 жасқа дейінгі балаларға 150000-200000 ХБ тәулігіне, 1 жастан кейінгі балаларға 1,5 млн ХБ әрбір кг салмақ есебінен, 2 не 3 ретке бөліп, ауыз арқылы тағыйындалады. Мүмкін болса, қоздырғышты анықтап, оның антибиотикке сезімталдығын тексеріп барып тағайындаған дұрыс. Бисептол (бактрим) 120 -130 мг/кг күніне 2 рет беріледі.

  • Дезинтоксикациялық ем — көк тамырға тамшылатып сұйықтықтар құю: гемодез, глюкозаның 5-10% ерітінділері, реополиглюкин баланың диурезін бақылай отырып құйы лады. Егер олигоурия байқалса, қатарынан зәр айдайтын препараттар (лазикс, гипотиазид т. б диуретиктер) тағайындалады.

  • Антигистаминді дәрілер, витаминдер комплексі қосымша егіледі.

  • Симптомдық ем — жүрек жұмысын жақсартатын елірмені, құрысып

  • тырысуды басатын, температура түсіретін, қақырықты жібітетін және қақырықты түсіретін дәрілер тағайындалады.

  • Физио — ем — баланың жазылу кезеңінде жүргізіледі- УФО, УВЧ, электрофорез, массаж, емдік гимнастика, қарапайым физиоем — қыша қағазын қою, қышаға орау, аяғын жылытатын ванна жасау.

  • вибрациялық массаж бен позициялық дренаж (баланың бас, кеуде жағын төмен етіп жатқызу) да қақырық шығуын жеңілдетеді.

Алдын алу шаралары:

  1. Туылғаннан бастап баланы шынықгыру.

  2. Баланы жасына сәйкес, рациональды тамақтандыру.

  3. Фондық аурулардың алдын алу

  4. Қатты суықтанудан сақтандыру

  5. Дұрыс күн тәртібін үйымдастыру, таза ауада көбірек болу.