
- •1 Жасқа дейінгі баланың өсіп дамуы
- •Денсаулық топтары
- •Баланы шынықтыру
- •Таза ауамен шынықтыру
- •Балалардың ас қорыту агзаларының афе-і
- •1 Жаска дейінгі баланы тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы табиғи тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы емізу жиілігі
- •1 Жасқа дейінгі баланы аралас тамақтандыру
- •1 Жастан асқан баланы тамақтандыру
- •1 Жастан асқан балаға калорияың қажеттілігі
- •Шала туылған бала. Күтім және тамақтандыру ерекшеліктері.
- •Жаңа туылған баланың гемолиздік ауруы
- •Тері қабатының іріңді аурулары
- •Ерте жастағы балалардың ас қорытылуы мен қатар қоректенуінің бұзылуы
- •Парентеральды диспепсия
- •Пилороспазм, пилоростеноз
- •Балалардың жұқпалы ішек аурулары
- •Дизентерия
- •Сальмонеллездер
- •Колиэнтериттер
- •Сүйек, бұлшық ет жүйелерінің афе, аурулары Рахит (Мешел)
- •Кальциферолдың дәрілік түрлері
- •Гипервитаминоз д
- •Спазмофилия
- •Баланы жалпы тексеру әдістері
- •Тыныс алу ағзаларының афе-і
- •Тыныс алу ағзаларының аурлары Жоғары тыныс жолдарының аурулары
- •Тыныс алу ағзалары аурурларының жіктелуі
- •Пневмониялар
- •Жүрек, қан айналу жүйесінің балалардағы ерекшеліктері
- •Жүрек қан айналу жүйесінің аурулары Туа пайда болған жүрек ақаулары
- •Ревматизм
- •Ревматизмнен басқа себепті кардиттер
- •Қан тамырларының дистониялары
- •Коллагеноздар
- •Ac қорыту ағзаларының аурулары Стоматиттер
- •Гельминтоздар
- •Қан түзгіш ағзаларының афе-і
- •Қан түзгіш ағзаларының аурулары Қан және қан түзгіш ағзаларының аурулары
- •Геморрагиялық диатездер
- •Зәр шығару ағзаларының афе-і
- •Бүйрек және зәр шығару ағзаларының аурулары Өткір гломерулонефрит
- •Қант диабеті
- •Гипотиреоз
- •Тиреотоксикоз
- •Аддисон ауруы
- •Балалардың жұқпалы аурулары Жұқпалы аурулар жайлы жалпы түсінік
- •Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары
- •Профилактикалық екпелер күнтізбесі
- •Вакциналарды сақтау тәртібі
- •Тоңазытқыштағы температураны қадағалау
- •Асқынулардың алдын алу
- •Иммунопрофилактикадағы сүйенетін негізгі бұйрықтар
- •Бала бақшалар мен яслилерде:
- •Балалар ауруханалары мен емханалары:
- •Туберкулез
- •Муковисцидоз
- •Мысқыл ( эпидемический паротит )
- •Көкжөтел ( коклюш)
- •Паракоклош
- •Дифтерия
- •Менингококты инфекция
- •Полиомиелит
- •Вирустық гепатит
- •Фап жұмысы
- •Фап фельдшерінің жұмсының сапалық көрсеткіштері
- •Гипертермиялық синдром
- •Елірме синдромы
- •Бас миының ісінуі
- •Постгеморрагиялық шок
- •Анафилактикалық шок
- •Ларингоспазм - жалған круп
- •Бронх қысылу синдромы
- •Жүректің өткір жетіспеушілігі
- •Ішек токсикозы мен эксикозы
- •Бүйрек жұмысының өткір тапшылығы
- •Қан тамырларының өткір жетіспеушілігі
- •Гипергликемиялық кома
- •Асфиксияда жедел көмек көрсету
- •Құсу кезіндегі жедел көмек
- •Бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі
- •Балалар мекемесіндегі балаларды тамақтандыру
- •Профилактикалық екпелер, эпидемияға қарсы жұмыс
- •Санитарлық ағарту жұмыстары
Баланы жалпы тексеру әдістері
Ауру және сау балаларды тексеру тәртібі ересектердікіндей, соның өзінде балаларды тексеру барысында өзіндік ерекшеліктер де бар.
Белгілі орыс терапевті Г.А. Захарьин: «Дұрыс анамнез жинау, диагнозды жартылай анықтау»- деген екен. Сол себепті балаларды тексеру кезнде де, анамнез жинау мүмкін болмағандықтан, оның қасындағы анасынан анықталады. Анамнез жинамас бұрын, жалпы тексерісті бастамас бұрын, фельдшер анамен де, баламен де дұрыс қарым-қатынас жасап алуы керек, анасының сеніміне ену керек.
Баланың анасына бағытталған сұрақтар беріп отырмаса, керек емес мәліметтермен уақыт алып, ал қажетті мәліметтерді (диагнозды анықтау үшін маңызды) айтпай кетуі мүмкін.
Баламен тіл табысу үшін, оған күле қарап, жылы- жылы сөйлеу керек, кішкентай балаларды әртүрлі ашық бояулы ойыншықтармен алдандыруға болады.
Баланың жасына қарай анамнез жинауда өзгешелік бар. Ерте жастағы, 1-2 жастағы балалардың анамнезін анасының жүктілік кезіндегі жағдайынан, сол кезде ауырған аурулары болған-болмағанын, жүктілік токсикоздары туралы,зиянды әдеттері туралы, жұмыс орнындағы жағдайлары туралы, акушерлік анамнез жайлы (нешінші жүктілік екенін, түсіктер туралы, туу кезіндегі ұзақтығы, асқынулар болған-болмағандығы туралы анықтау) толық сұралады. Одан кейін бала қалай туылды, тірілту шаралары жүргізілді ме, алғашқы емізуге қанша уақыттан кейін әкелінді, 1-ші рет бала қалай емді,перзентханадан неше күннен кейін шықты, кіндік қалдығы қанша күннен кейін түсті, перзентханада егу жұмыстарыен алып шықты ма деген сұрақтар анықталады.
Үйге шыққаннан кейінгі баланың жағдайы, үй тұрмыстық жағдайлары, тамақтандыру тәртібі, ата-анасының денсаулығы, зиянды әдеттері, баланың осы уақытқа дейін, бұрын ауырған аурулары, ауырып емделген болса қашан, қанша айлығында немесе қанша жасында, қай жерде, қанша күн емделді, осы уақытқа дейін қабылдаған егу жұмыстары, тамаққа немесе дәріге аллергиялық бейімділігі сұралады.
Осылай өмір тарихын жинағаннан кейін, баланың қазіргі шағымдары, бұл жолы ауру неден, қандай белгілерден басталды, неше күннен бері байқады, үй жағдайында қандай емді қанша күн қолданды, баланың жағдайы қалай өзгерді деген сұрақтарға жауап аламыз.
Баланың жағдайы қабылдауға келген кезде ауыр болса, анасынан аурудың қалай дамығаны, үйде не қолданғаны туралы тез сұрастырып, алдымен балаға жағдайына сәйкес жедел көмек көрсетуді бастау керек. Балаға қауіп төндіріп тұрған жағдай өткесін барып, оның өмір тарихы, ауру тарихы жиналады.
Анамнез жинай отырып, баланың өзін ұстауына, сөздеріне, қимылдарына да көңіл аударып, өзгеше бір белгі анықталса, көңілге түйіп отырған дұрыс.
Анамнезбен қатар диагнозды анықтау үшін, әрине, баланы объективті тексерудің көп көмегі тиеді.
Баланы тексеріп қараудан бұрын, «тілін» тауып, бойын үйретіп алу керек. Бала жыламай, тыныш отырса немесе ұйықтап жатқанда тексерсе, мәліметтер (тамыр соғысының, дем алысының жиілігі) дәлірек анықталады. Сондықтан тексеру кезінде бала ұйықтап жатса, оны оятып алмай, өте ептілікпен қарап алған жөн.
Тексеруді, мүмкін болса күндізгі жарықта жүргізген дұрыс, өйткені электр жарығында тері қабатының түсі анық байқалмайды. Балалардағы тағы бір ерекшелік, оның жасына қарай бір өзгерістің өзі бірде нормада деп есептелсе, бірде патологияға жатуы.
Мысалы, жаңа туылған балаларда кездесетін физиологиялық сарғаю мен тері қабатындағы эритеманы нормаға жатқызамыз. Осындай белгілер ересек балаларда байқалса, сары ауру туралы және тері қабатында іріңді қабыну басталыпкеле жатыр деп күдіктенеміз.
Балаларды тексеру тәртібіндегі тағы бір өзгешелік, оның ауыз қуысын, тамағын және қатты ауырсынатын жерлерін ең соңында көру қажет. Әйтпесе бала жылайды да, ары қарай тексеру қиындап кетеді.
Жалпы тексеруді ересектердегідей баланың жалпы жағдайына баға беруден бастайды. Одан кейін оның дене бітіміне, тері қабатына, тері асты май қабатына, сүйек-бұлшық ет жүйелеріне көңіл аударылады. Тексеру, баға беру оңай болу үшін баланы түгел шешіндірген дұрыс, әрине, бөлме температурасы осыған сәйкес болуы керек. Тексерушінің қолы, құралдары таза,жылы болғаны абзал.
Ары қарай баланың ішкі ағзаларының қызметі белгілі жүйемен тексеріледі.