
- •1 Жасқа дейінгі баланың өсіп дамуы
- •Денсаулық топтары
- •Баланы шынықтыру
- •Таза ауамен шынықтыру
- •Балалардың ас қорыту агзаларының афе-і
- •1 Жаска дейінгі баланы тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы табиғи тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы емізу жиілігі
- •1 Жасқа дейінгі баланы аралас тамақтандыру
- •1 Жастан асқан баланы тамақтандыру
- •1 Жастан асқан балаға калорияың қажеттілігі
- •Шала туылған бала. Күтім және тамақтандыру ерекшеліктері.
- •Жаңа туылған баланың гемолиздік ауруы
- •Тері қабатының іріңді аурулары
- •Ерте жастағы балалардың ас қорытылуы мен қатар қоректенуінің бұзылуы
- •Парентеральды диспепсия
- •Пилороспазм, пилоростеноз
- •Балалардың жұқпалы ішек аурулары
- •Дизентерия
- •Сальмонеллездер
- •Колиэнтериттер
- •Сүйек, бұлшық ет жүйелерінің афе, аурулары Рахит (Мешел)
- •Кальциферолдың дәрілік түрлері
- •Гипервитаминоз д
- •Спазмофилия
- •Баланы жалпы тексеру әдістері
- •Тыныс алу ағзаларының афе-і
- •Тыныс алу ағзаларының аурлары Жоғары тыныс жолдарының аурулары
- •Тыныс алу ағзалары аурурларының жіктелуі
- •Пневмониялар
- •Жүрек, қан айналу жүйесінің балалардағы ерекшеліктері
- •Жүрек қан айналу жүйесінің аурулары Туа пайда болған жүрек ақаулары
- •Ревматизм
- •Ревматизмнен басқа себепті кардиттер
- •Қан тамырларының дистониялары
- •Коллагеноздар
- •Ac қорыту ағзаларының аурулары Стоматиттер
- •Гельминтоздар
- •Қан түзгіш ағзаларының афе-і
- •Қан түзгіш ағзаларының аурулары Қан және қан түзгіш ағзаларының аурулары
- •Геморрагиялық диатездер
- •Зәр шығару ағзаларының афе-і
- •Бүйрек және зәр шығару ағзаларының аурулары Өткір гломерулонефрит
- •Қант диабеті
- •Гипотиреоз
- •Тиреотоксикоз
- •Аддисон ауруы
- •Балалардың жұқпалы аурулары Жұқпалы аурулар жайлы жалпы түсінік
- •Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары
- •Профилактикалық екпелер күнтізбесі
- •Вакциналарды сақтау тәртібі
- •Тоңазытқыштағы температураны қадағалау
- •Асқынулардың алдын алу
- •Иммунопрофилактикадағы сүйенетін негізгі бұйрықтар
- •Бала бақшалар мен яслилерде:
- •Балалар ауруханалары мен емханалары:
- •Туберкулез
- •Муковисцидоз
- •Мысқыл ( эпидемический паротит )
- •Көкжөтел ( коклюш)
- •Паракоклош
- •Дифтерия
- •Менингококты инфекция
- •Полиомиелит
- •Вирустық гепатит
- •Фап жұмысы
- •Фап фельдшерінің жұмсының сапалық көрсеткіштері
- •Гипертермиялық синдром
- •Елірме синдромы
- •Бас миының ісінуі
- •Постгеморрагиялық шок
- •Анафилактикалық шок
- •Ларингоспазм - жалған круп
- •Бронх қысылу синдромы
- •Жүректің өткір жетіспеушілігі
- •Ішек токсикозы мен эксикозы
- •Бүйрек жұмысының өткір тапшылығы
- •Қан тамырларының өткір жетіспеушілігі
- •Гипергликемиялық кома
- •Асфиксияда жедел көмек көрсету
- •Құсу кезіндегі жедел көмек
- •Бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі
- •Балалар мекемесіндегі балаларды тамақтандыру
- •Профилактикалық екпелер, эпидемияға қарсы жұмыс
- •Санитарлық ағарту жұмыстары
Денсаулық топтары
Денсаулық топтары- барлық балалар денсаулық дәрежесіне қарай 5 топқа бөлінеді.
I топқа- дені сау , физикалық , психикалық дамуында ешқандай ауытқуы жоқ балалар жатады.
II топқа- дені сау , кейде өткір аурулар мен ауыратын , созылмалы патологияға айналу қаупі аз , өміріне қауіпсіз туа пайда болған аномалиялары бар балалар жатады
.
III топқа- созылмалы ауруы немесе компенсациясы қалпындағы туа пайда болған кемістігі бар және қорғаныш күштері өте төмен балалар кіреді.
IV топқа- созылмалы аурулары мен туа біткен ақаулары субкомпенсация күйіндегі асқынулары бар әлсіз балалар тұрады.
V топқа- ауыр декопенсация күйіндегі созылмалы аурулары мен ағза ақаулары бар , мүгедектікке әкелетін ауыр аурулары бар немесе мүгедек балалар жатады.
Д е н с а у л ы қ и н д е к с і жайлы түсінік. Денсаулық индексі деп жыл бойына бірде-бір рет ауырмаған бала санының барлық сол жастағы балалар санынан проценттік үлесі аталады. Бұл көрсеткішті есептеп шығару үшін ауырмаған бала санын барлық бала санына бөліп 100 процентке көбейту керек. Мысалы, бөлімшеңізде барлығы 3 жасқа дейін 90 бала бар , олардың 38 осы жылы бір рет те ауырған жоқ. Денсаулық индексі – 38:90х100=42% . көрсеткіш неғұрлым жоғары болса , соғұрлым фельшердің жұмысына оң бағаберіледі.
Баланы шынықтыру
Бала организіміне, оның өсіп дамуына кері әсер ететің ішкі және сыртқы ортаның факторларына өткен сабақта тоқталып кеттік. Осы факторларға баланың төзімділігін арттыру үшін , әр түрлі ауруларға қарсы қорғаныш күштерін нығайту үшін баланы кішкентайынан шынықтырудың үлкен маңызы бар.
Баланы шынықтыру жұмысын жүргізуде оның өзіндік ережелеріне сүйенеміз:
-шынықтыруды баланың тек сау кезінде жүргізу
- жүйелі түрде жүргізу
- біртіндеп жүргізу(постепенность)
- баланың жеке даралық ерекшеліктерін ескеру (индивидуальность)
- шынықтыруды комплексті түрде өткізу (ауа,күн сәулесі,су,массаж, гимнастика элементтерін қатарына жүргізу)
- баланың жалпы жығдайын баұылый отырып жүргізу
- шынықтыру кезінде балада теріс рефлекс қалыптаспауын қадағалау
Бала жасына сійкес, яғни бала организімінің ерекшеліктерін, қимыл дағдысының даму деңгейін ескере отырып шынықтырудың келесі түрлерін қолданамыз:
-массаж,гимнастик, қимыл ойындар, таңертеңгі гимнастика және спорт ойындары.
Шынықтыру жұмысынды табиғаттың 3 түрлі факторларын пайдаланамыз: таза ауа, таза су және күн сәулесі.
Таза ауамен шынықтыру
таза ауамен шынықтыру ды бала туылғаннан бастап алғашқы күндерде – ақ жүргізуге болады. Таза ауамен шынықтырудың бір түрі – ауа ваннасы.
1.Ауа ванасын қабылдау – бұл баланы белгілі температурада баланы жалаңаштап шешіндіріп, белгілі мерзімге ашық қалдыру. Бала дүниеге келгеннен кейін бірінші күндері-ақ, оның жөргегін ауыстырған кезде, тері қабатына, кіндік қалдығына күтім жасаған кезде, 1-2 минуттай ол ауа ваннасын қабылдайды, ( бөлме температурасы 22 градус С болу керек).
Ауа ваннасын қабылдау барысында біртіңдеп уақыты ұзартылып, бөлме температурасы төмендетіліп отырады.
1 – 3 ай аралығында – 5-6 минут, температура 20-22 гр.С
3 – 6 ай аралығында – 6-8 минут, температура 20-22 гр.С
6 – 12 аралығында – 10-12 минут, температура 20-18 гр. С
Бір жастан асқан балаға 20-30 минут, температура 18 гр.С
Жаз айларында ауа ваннасын бала талдың көлеңкесінде алуынада болады. Ауа ваннасын өткізу кезінде баланы аударып жатқызып, қимылдарын ынталандырып отыру қажет. Бұл процедура баланы тамақтандыру аралығында, яғни тамақтанғаннан кейін 1,5 – 2 сағат өткен соң және келесі тамақтанудан 1-2 сағат бұрын жүргізіледі. 2 – 2,5 жастан асқан ойын баласы жаз айларында ауа ваннасын жалаңаш күйінде далада ойнау арқылы да қабылдайды.
2. таза ауада серуендеу – таза ауада баланы серуендентуді де бала перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы күндерден бастауға болады. 10-15 минутқа таза ауаға шығарамыз, баланың бетін тұмшаламай ашық ұстау керек. Қыс айларында туған баланы 3-4 апталығынан бастап шығаруға болады, температура -5 грдустан төмен болмау қажет. Біртіңдеп серуендету уақытың ұзартып, қыс айларында 200 сағатқа дейін , жаз айларында оданда ұзаққа жеткізуге болады. Сонымен қатар, баланы таза ауада ұйықтатуды да (саябақта,балконда немесе веранда да ) ұмытпау керек
Күн сәулесімен шыңықтыру
Шыңықтыру жұмысында табиғаттың бұл факторын саұтықта қолданған жөн. бір жасқа дейінгі балаларға тек шашыранды күн сәулелері қолданылады, ол үшін баланы ағаштың көлеңкесіне жатқызған ыңғайлы. Осы кезде күн сәулелері жапырақтардың арасынан шашырап барып өтеді.
1 жастан асұан балаларды тіке күн сәулелерінің астына шығаруға болады, тек баланың басына жеңіл телпек (панамка), немесе шаршы жеңіл орамал байлаған жөн. алғашқыда күн сәулесі ваннасының ұзақтығы 2-3 мин аспау керек, ьіртіндеп бұл уақыт 10-20 минутқа жеткізіледі.
Сумен шыңықтыру
Сумен шыңықтыру өте жақсы нәтижелер береді. Шыңықтырудың бұл түріне:
сулы шүберекпен сүртіңдіру (обтирание)
сумен шайындыру (обливание)
душ қабылдау
контрасты аяқ ваннасын қабылдау
өзен, көлге шомылу жатады
сүртіндіру- алғашқыда баланың 2-3 айлығында құрғақ шүберекпен (мата қолғап) 2 апта бойы тері қабаты аздап қызырғанша сүрту түрінде өткізіледі. Одан кейін ылғалды шүберекпен сүртуді бастаймыз. Шүберекті сулайтың судың температурасы 1 жасқа дейінгі балаға алдымен 35-36 гр бастап, кейіннен әр 5-7 күн сайын 1 гр төмендете отырып, 30-32 градусқа жеткізіледі. 1-3 жастағы балаларға судың температурасы 26-28 градус сүртіңдіру ұзақтығы 5 минут. Сүртіңдіру сонынан баланың денесін құрғатып, киіндіріп, 10-15 мин жатқызу қажет.
шайындыру (обливание)- бала туылғаннан кейін 1ші айлығы шомылдырып болған соң температурасы 1-2 градус қатуымен сумен шайындырамыз. Бала өсе келе судың температурасын ары қарай тағы 2-3 градусқа төмендетеміз. Осы жерде П.Иванов әдісі бойынша баланы шыңықтыру туралы еске түсіріп кету керек. Ол турала валеология пәнінен мәлімет аласындар.
душ қабылдау – 1 жастан асқан балаларға жүргізіледі. Судың температурасы алғашқыда 35 градус С ұзақтығы 1-2 минут, біртіндеп, бірнеше апта ішінде судың температурасы 28 градус С дейін 2-3 жастағы балаларға 26 градус С дейін төмендетіледі. Душ қабылдап болғаннан кейін денесі құрғатылып, сүртіледі.
контрасты аяқ ваннасы балаға 1,5 – 2 жастан бастап жүргізіледі. Ол үшін екі ыдысқа температурасы 18 гр.С және 36 гр.С су құйып, баланың аяқтарын жылы су құйылған ыдыстан бастап, 2 ыдысқа кезек –кезек батырамыз. Сонынан жақсылап құрғатып, қызарғанша сүртіп, шұлығын кигіземіз.
өзен, көлге шомылу бала 2 жастан асқаннан кейін, ал теңізге 3 жастан бастап жүргізіледі. Алғашында шомылатын судың температурасы 25 градус, ауаның температурасы 26-27 градус. Ұзақтығы 3-5 мин болады да, кейіннен су мен ауа температурасы біртіндеп төмендетіліп, шомылу мезгілі 8-10 минутқа ұзартылады.
Массаж және гимнастика
Массаж балаға 1 айлығынан, гимнастика 1,5 — 2 айлығынан бастап жасалады. Массаждың балаларда 3 түрлі элементі пайдаланылады:
сипау (поглаживание);
сылау (растирание);
уқалау (разминание);
Балаға массаж жасау үшін алдымен бөлменің ауасын желдетіп, тазартып, температурасы 22 градусқа жеткізіледі. Жөргектеу столына көрпеше, клеенка, жөргек төсеп, баланы шешіндіріп жатқызады. Массаж: жасаушының қолдары жылы, жұмсақ, тырнақтары қысқа алынған, сақина білезіктері болмау керек. Массаж жасау кезінде баламен жылы — жылы сөйлесіп, оны шошындырып алмауға, процедураға кері рефлекс туғызбауға тырысу қажет. Массаждың балаларда қолданылатын түрлерін өткізу әдістерін практикалық сабақтарда үйренесіңдер.
Гимнастика балалардың бұлшық ет, сүйек жүйелерінің ерекшеліктерін, олардың қимыл дағдысының даму деңгейін ескере отырып жүргізіледі. 1 жасқа дейінгі балаларга жүргізілетін жаттығулардың айына сәйкес 5 комплексі қолданылады.
N 1 комплекс — 1,5-2 айлық балаларга;
N 2 — 3-4 айлық балаларға;
N 3 — 4-6 айлық балаларға;
N 4 — 6-9 айлық балаларға;
N 5 — 9 -12 айлық балаларға тағайындалады.
1 жастан асқан балаларға да жас ерекшеліктерін, қимыл дағдыларын ескере отырып, арнайы жаттығулар комплекстері құрастырылған. Бұл жаттығулармен де практика сабактарында танысамыз.
Қимыл ойындары
1 жастан асқан балаларға жасына сәйкес әртүрлі ойын элементтерін қолдана отырып, қимыл ойындарын пайдалана отырып шынықтыру жүргізіледі: доп ойнау, жіппен секіру (скакалка), андардың қимылына еліктеу, "мысық-тышқан" ойынын ойнау, велосипед, коньки тебу т.б.
Таңертеңгі гимнастика және спорт ойындары
Щынықтырудың бұл түрлері негізінен мектеп жасындағы балалар үшін қодданылады. Таңертеңгі гимнастика жасау кезінде бала ересектерге еліктейтінін ұмытпауымыз керек. Сондықтан да баламен бірге жаттығуларды ата-анасы да жасағаны дұрыс.
Спорт ойындарымен шынығу мектепте дене шынықтыру сабағына қатысу және әртүрлі спорт секцияларына қатысу арқылы жүргізіледі.