
- •1 Жасқа дейінгі баланың өсіп дамуы
- •Денсаулық топтары
- •Баланы шынықтыру
- •Таза ауамен шынықтыру
- •Балалардың ас қорыту агзаларының афе-і
- •1 Жаска дейінгі баланы тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы табиғи тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы емізу жиілігі
- •1 Жасқа дейінгі баланы аралас тамақтандыру
- •1 Жастан асқан баланы тамақтандыру
- •1 Жастан асқан балаға калорияың қажеттілігі
- •Шала туылған бала. Күтім және тамақтандыру ерекшеліктері.
- •Жаңа туылған баланың гемолиздік ауруы
- •Тері қабатының іріңді аурулары
- •Ерте жастағы балалардың ас қорытылуы мен қатар қоректенуінің бұзылуы
- •Парентеральды диспепсия
- •Пилороспазм, пилоростеноз
- •Балалардың жұқпалы ішек аурулары
- •Дизентерия
- •Сальмонеллездер
- •Колиэнтериттер
- •Сүйек, бұлшық ет жүйелерінің афе, аурулары Рахит (Мешел)
- •Кальциферолдың дәрілік түрлері
- •Гипервитаминоз д
- •Спазмофилия
- •Баланы жалпы тексеру әдістері
- •Тыныс алу ағзаларының афе-і
- •Тыныс алу ағзаларының аурлары Жоғары тыныс жолдарының аурулары
- •Тыныс алу ағзалары аурурларының жіктелуі
- •Пневмониялар
- •Жүрек, қан айналу жүйесінің балалардағы ерекшеліктері
- •Жүрек қан айналу жүйесінің аурулары Туа пайда болған жүрек ақаулары
- •Ревматизм
- •Ревматизмнен басқа себепті кардиттер
- •Қан тамырларының дистониялары
- •Коллагеноздар
- •Ac қорыту ағзаларының аурулары Стоматиттер
- •Гельминтоздар
- •Қан түзгіш ағзаларының афе-і
- •Қан түзгіш ағзаларының аурулары Қан және қан түзгіш ағзаларының аурулары
- •Геморрагиялық диатездер
- •Зәр шығару ағзаларының афе-і
- •Бүйрек және зәр шығару ағзаларының аурулары Өткір гломерулонефрит
- •Қант диабеті
- •Гипотиреоз
- •Тиреотоксикоз
- •Аддисон ауруы
- •Балалардың жұқпалы аурулары Жұқпалы аурулар жайлы жалпы түсінік
- •Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары
- •Профилактикалық екпелер күнтізбесі
- •Вакциналарды сақтау тәртібі
- •Тоңазытқыштағы температураны қадағалау
- •Асқынулардың алдын алу
- •Иммунопрофилактикадағы сүйенетін негізгі бұйрықтар
- •Бала бақшалар мен яслилерде:
- •Балалар ауруханалары мен емханалары:
- •Туберкулез
- •Муковисцидоз
- •Мысқыл ( эпидемический паротит )
- •Көкжөтел ( коклюш)
- •Паракоклош
- •Дифтерия
- •Менингококты инфекция
- •Полиомиелит
- •Вирустық гепатит
- •Фап жұмысы
- •Фап фельдшерінің жұмсының сапалық көрсеткіштері
- •Гипертермиялық синдром
- •Елірме синдромы
- •Бас миының ісінуі
- •Постгеморрагиялық шок
- •Анафилактикалық шок
- •Ларингоспазм - жалған круп
- •Бронх қысылу синдромы
- •Жүректің өткір жетіспеушілігі
- •Ішек токсикозы мен эксикозы
- •Бүйрек жұмысының өткір тапшылығы
- •Қан тамырларының өткір жетіспеушілігі
- •Гипергликемиялық кома
- •Асфиксияда жедел көмек көрсету
- •Құсу кезіндегі жедел көмек
- •Бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі
- •Балалар мекемесіндегі балаларды тамақтандыру
- •Профилактикалық екпелер, эпидемияға қарсы жұмыс
- •Санитарлық ағарту жұмыстары
Гипервитаминоз д
Гипервитаминоз «Д»- организмде Д витаминінің мөлшерінің көбейіп кетуімен, қанда кальций мөлшерінің жоғарылауымен, ішкі ағзалардың улану белгілерімен сипатталатын патологиялық жағдай.
Себептері:
1.Профилактикалық және емдік мақсатпен тағайындалған кальциферолдың дозасының артып кетуі.
2.Бала организмінің препаратты көтере алмауы (жақпауы).
3.Кальциферол мен балық майының немесе кальциферол мен ультракүлгін сәулелерінің қатарынан тағайындалуы.
Бейімдеуші факторлар- аз салмақпен және шала туылған балаларда, аралас және қолдан тамақтандырылатын балаларда жиірек байқалады.
Патогенезі. Организмде кальциферолдың көбеюі тұздар алмасу процесін бұзады. Ішекте кальций мөлшері қанда көбейеді (г и п е р к а л ь ц и е м и я) және зәрмен көп мөлшерде шығарыла байтайды (к а л ь ц и у р и я) . Сонымен қатар, көп мөлшердегі кальций тұздары жүрек, бүйрек қан тамырларының қабырғаларына шоғырланып, оларды қатайды. Д витаминінің әсерінен проксимальды бүйрек түтіктерінде фосфордың қайта сіңірілуі жоғарылайды да, г и п е р ф о с ф а т е м и я байқалады, соңынан бүйрек жұмысы бұзылғаннан кейін р е а б с о р б ц и я қайта нашарлап,
Клиника. Гипервитаминоз «Д» организмнің өткір және созылмалы улану белгілерімен өтеді. Өткір улану кальциферолдың мөлшері шамадан тыс 2-10 аптаның ішінде көбейіп кетсе байқалады,ал созылмалы улану белгілері біртіндеп,6-8 айдың ішінде витамин мөлшері көбейген жағдайда білінеді. Кальциферолдың артық мөлшерімен уланудың өткір түрі анығырақ айқындалады, барлық ағзалардың қызметі бұзылады. Нерв жүйесінің зақымдану белгілері- самарқаулық, енжарлық немесе керісінше қатты масасыздану, есін жоғалту, құрысып-тырысу (нейротоксикоз) байқалады. Ас қорыту ағзалары тарапынан ішек токсикозы белгілері: іщ өту, құсу, организмнен көп сұйықтық жоғалтуға әкеп соғады, эксикоз белгілері анықталады. Зәр шығару ағзаларының зақымдануы- пиелонефрит белгілерімен айқындалып, бүйрек жетіспеушілігімен асқынуы мүмкін. Тыныс алу ағзаларының зағымдануы жиі қайталанатын пневмония белгілерімен анықталады, жүрек қан айналу жүйесінде өзгерістер пайда болады. Организмде кальций тұздарының көбейіп кетуімен байланысты сүйек жүйесінде де өзгерістер байқалады: сүйектері ерте қатайып, үлкен еңбегі мен сүйек тігістері ерте жабылады, өсу зоналарында кальций жиналып, рентген тексеріс арқылы анықталуға болады.
Қанда және зәрде кальций мөлшері көбейеді. Қандағы гиперкальциемия мен гипофосфатемияны қанның биохимиялық анализі арқылы анықтай алсақ, гиперкальциурияны С у л к о в и ч әдісі бойынша анықтауға болады. Ол үшін арнайы қоспаны зәрге араластырып тексеру жүргізіледі, кальций мөлшері көбейген жағдайда зәрдің мөлдірлігі өзгереді.
Диагноз қою:
1.Анамнезді мұқият жинау.
2.Клиникалық белгілерін анықтау.
3.Лабораториялық тексерістердің нәтижелерін ескеру (қанда гиперкальциемия, гипофосфатемия, ал зәрде гиперфосфатурия және кальциурия анықталады).
4.Рентген тексерістерінде- сүйектердің өсу зонасында кальцийдің топталуы анықталады.
Емдеу. Баланың емі стационарда жүргізілуі қажет. Алдымен бала өміріне қауіпті синдромдармен күресу, оларды жою керек. Нейротоксикоз, ішек токсикозы, жүрек жетіспеушілігі немесе өткір тыныс тапшылығы сияқты бала өміріне қауіпті жағдайларда әрқайсысына сәйкес белсенді түрде жедел көмек көрсетіледі. Одан кейінгі жүргізілетін емдеудің принциптері:
-тамақтандыру ерекшелігі: құрамында кальций көп сүт және сүт тағамдарын (ірімшік, сүзбе) шектеу, емізулі балаға мүмкіндігінше ана сүтін тауып беру, жемістер мен көкөністерді кеңінен қолдану, көбірек сусын ішкізу;
-дезинтоксикациялық ем- көк тамырға тамшылата сұйықтықтар егу 150-170мл/кг тәулігіне (70-80% көк тамырға, қалғанын ауыз арқылы ішкізу) қажет;
-нейротоксикозда- дезинтоксикациямен қатар дегидратация жүгізу: лазикс көк тамырға және бұлшық етке 0,5 мг/кг тәулігіне;
-«Д» витаминінің улы әсерін азайту үшін- преднизолон 1-2 мг/кг тәулігіне 5-7 күндей егіледі;
-Д витаминінің физиологиялық қарсыластары: витамин «Е» (токоферол) 10-20 мг бұлшық етке күн ара, витамин «А» 2 тамшыдан күніне 2 рет (5 000-10 00 МЕ), витамин В1- 5 мг х 2 рет тәулігіне және С- 200- 300 мг тәулігіне тағайындалады.