Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балалар аурулары Учебник.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

Колиэнтериттер

К о л и э н т е р и т- ішек коли инфекциясы емізулі балаларда жұұпалы ішек ауруы. Көбінесе емшек жасындағы аралас, жасанды тамақтанатын және фондық аурулары бар балалар ауырады. Қоздырғышы- ішек таяқшалары, көптеген серотиптері бар: 0-111, 0-26, 0-44, 0-55, 0-145, 0-126, 0-127 т.б.

Эпидемиологиясы. Аурудың көзі-науқас адамдар, қоздырғыш тасымалдаушылар. Жұғу жолдары-бала күтімі мен тамақтандыруына қолданылатын заттар арқылы.

Патогенез. Ішек таяқшалары 2түрлі токсин бөліп шығарады: жылуға төзімді эндотоксин ішектің ішкі қабатында дистрофиялық өзгерістері мен қан құйылуын туғызады; жылуға төзімсіз нейротроптық экзотоксин мидың нерв ұлпасы мен қан тамырларын зақымдайды.

Клиника. Жасырын кезең 1-22күн аралығы. Ауру жедел басталады, температура көтеріледі, бала қайта-қайта құсады, тәбеті төмендейді. Қатты мазасызданады, ұйқысы бұзылады. Кей жағдайда ауру біртіндеп басталады, интоксикацияда бірте-бірте дамиды. Интоксикацияның дәрежесіне қарай ауру 3 түрлі ауырлықта өтеді: жеңіл, орташа ауыр және ауыр түрде.

Жеңіл түрлерінде температура нормада немесе субфебрильді, 1-2 рет құсып, 4-8 рет ңшң өтеді, тәбеті өзгермейді, ұйқысы тыныш болады. Нәжісі ашық қызғылт түсті немесе алқызыл түсті (диагноз қоюға көмегі бар).

Орташа ауыр түрлерінде температура 38-39 градус, 3-4 рет құсып, іші жиі өтеді. Бала қатты әлсірейді, салмағын қоспайды.

Ауыр түрлерінде- алғашқы күндерден бастап интоксикация, эксикоз белгілері айқын білінеді. Тампература жоғары 39-40 градус, қайта-қайта құсады, іші де жиі өтеді, сондықтан әр тәулік 200г дейін жоғалтады. Жүрек жұмысы нашарлап, кейде есінен айырылады.

Диагноз қою үшін баланың жасы, жалпы фоны, аурудың клиникалық белгілері, нәжістің өзгеруі, нәжістің бактериологиялық тексерістің нәтижесі көмектеседі.

Емдеу және алдын-алу шаралары жоғарыда көрсетілген басқа жұқпалы ішек ауруларындағыдай тәртіппен жүргізіледі.

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар, тесттер

  1. Дизентерия қоздырғыштарының қазіргі ең жиі кездесетін серотиптері...(Зонне, Флекснер, Григорьев-Шиг)

  2. Дизентерия ауруы ауа-тамшы арқылы тарайды (жоқ).

  3. Дизентерия ауруына тән баланың босқа күшену белгісі.... деп аталады (тенезм).

  4. Дизентериямен ауырып, жазылғасын тұрақты иммунитет қалады (жоқ).

  5. Сальмонеллез мектеп жасындағы балаларда жиірек байқалады (жоқ).

  6. Сальмонеллездің клиникалық белгілері өткір гастроэнтерит белгілерімен өтеді (ия).

  7. Сальмонеллезге қарсы жүргізілетін арнайы профилактика түрі (арнайы профилактика жоқ, жалпы шаралардан тұрады).

  8. Колиэнтериттерде нәжістің түсі жасыл түсті, шырышты аралас болады (жоқ).

  9. Колиэнтериттерді клиникалық белгілеріне қарап дизентериядан ажыратуға бола ма?

  10. Жұқпалы ішек ауруларының диагнозын анықтау үшін қандай қосымша тексеріс жүргізілу керек?

Ерте жастағы балалардың аурулары.

Тамақтанудың созылмалы бұзылуы

Бала салмағының өзгерулері. Дистрофиялар

Баланың физикалық және психикалық дамуы өз жасына сәйкес, қорғаныш күштері өз дәрежесінде болса, ішкі ағзалар тарапынан өзгерістер анықталмаса- бұл бала н о р м о т р о ф и к деп аталады

Баланың өзіп дамуында нормадан төмен немесе жоғары болып ауытқулар байқалса, бұл жағдай д и с т р о ф и я деп аталады.

Дистрофияның кездесетін түрлері:

1.Гипотрофия

2.Гипостатура

3.Паратрофия

4.Полигиповитаминоз

Гипотрофия

Г и п о т р о ф и я- гректің «гипо»- төмен, «трофе» -қоректендіру деген сөздерінен тұрады, яғни бала тәнінің қоректенуінінің төмендегенін, дәлірек айтатын болсақ баланың салмағының бойына салыстырғанда төмендегенін білдіреді.

Гипотрофиялар антенатальды (туғанға дейінгі, құрсақтағы кезеңде дамыған) және постнатальды ( туылғаннан кейінгі мерзімде дамыған) болып бөлінеді.

Себептері:

1.Антенатальды гипотрофиялардың негізгі себептері- әйелдің жүктілік кезіндегі аурулары, ауыр токсикоздары, тамақтануындағы кемшіліктер, жұмыс орнындағы зиянды әсерлер, әртүрлі жүйке күйзелістері, әйелдің жасы, зиянды әдеттері.

2.Постнатальды гипотрофиялардың себептерінің өзі эндогенді және экзогенді факторлар болып 2 топқа бөлінеді. Эндогенді факторлар бала организмінің ішкі ерекшеліктерімен, туа пайда болған ағза атауларымен, әсіресе ас қорыту ағзаларының ақауларымен , нерв жүйесі мен ішкі секреция бездерінің ақауларымен байланысты. Экзогенді факторларға (сырттан әсер ететін) алиментарлық фактор, яғни баланы тамақтандырудағы кемшіліктер, инфекциялық фактор- баланың аурулары, әсіресе ас қорыту ағзаларының өткір қабынулары және баланың күтіміндегі кемшіліктер жатады.

Даму механизмі. Жоғарыда аталған себептердің салдарынан зат алмасу процессі бұзылады, ас қорыту ағзаларының қызметі төмендейді, ферменттердің мөлшері азайып, ауыр түрлерінде мүлде жоғалады. Баланың салмағы ғана төмендеп қоймай, қорғаныш күштері де нашарлайды, сондықтан басқа аурулармен жиі ауырғыш келеді, асқынулары жиі байқалады. Сол себепті гипотрофияны фондық аурулар қатарына жатқызады.

Клиника. Гипотрофияның ең негізгі клиникалық белгілерінің бірі- салмақ төмендеуі. Бала салмағының нормадағы көрсеткіштерінен проценттік кемдігіне қарай гипотрофияның 3 дәрежесін анықтайды: 1-дәреже- жеңіл түрінде- бала салмағы нормадан 10-20% кем, 2-дәрежеде-орташа ауыр түрінде- салмақ нормадан 20-30% төмен болса, 3-дәрежеде- ауыр дәрежеде- салмақ 30%-дан артыққа төмендейді.

Бала салмағының проценттік кемдігін анықтау үшін баланың қазіргі, нақты салмағымен қатар, оның нормада болу керек салмағын анықтап алу керек. Баланың нормадағы салмағы мен бойының көрсеткіштерін арнайы таблицалар, формулалар арқылы анықтауға болады.

Салмақтың проценттік кемдігі келесі формула бойынша анықталады:

H C- Қ C х 100% : HC

HC- баланың нормада болу керек салмағы.

ҚC- баланың қазіргі салмағы.

Гипотрофияның дәрежелерін баладағы сыртқы белгілері арқылы да анықтауға болады.

1-ші дәрежелі жеңіл түрдегі гипотрофиядағы баланың жалпы жағдайы өзгермеген, тәбеті жаман емес, тері қабатының түсі бозғылт, созылғыштығы мен серпімділігі өзгермеген. Тері асты май қабаты қарнында аздап төмендеген, аяқ-қолдарында және бетінде сақталған болады. Ішкі ағзалар тарапынан өзгерістер анықталмайды. Асқазан ферменттері сәл азаяды. Аталған өзгерістер көбінесе байқалмайды, сондықтан гипотрофияның 1-ші дәрежесі дер кезінде анықталмайды, тек өте мұқият тексеру арқылы білуге болады.

2-ші дәрежелі гипотрофия- орташа ауыр түрінде- баланың салмағы нормадан 20-30% кем, бойы 4-5см төмен. Баланың жалпы жағдайы бұзылады, тәбеті төмендейді, дәреті тұрақсызданады, қорғаныш күштері әлсірейді, қимылдары азаяды, ойнамайды, көп жылайды, мазасызданады, ұйқысы нашарлайды. Тері қабаты бозарып, құрғайды, созылғыштығы мен серпінділігі төмендейді. Тері асты май қабаты қарнында және аяқ-қолдарында төмендеп, мүлдем азаяды, тек бетінде Биша кесектері сақталып қалады. Бұлшық ет тонусы төмендеп, баланың психикалық дамуы да артады. Бала жиі-жиі басқа аурулармен ауырып, олардың асқынулары жиі байқалады (пневмония, пиелонефрит) сияқты.

3-ші дәрежелі, ауыр гипотрофия- салмақ кемдігі нормадан 30%-тен жоғары, бойы да нормадан 7-10см кем екені анықталады. Баланың жалпы жағдайы ауыр, енжар, ешнәрсе қызықтырмайды, бала болып ойнамайды, көп жылайды, қимыл дағдылары мен психикалық дамуы қатты артта қалада, бұрынғы белгілерін де ұмытып қалады. Тәбеті қатты төмендейді, анорексия байқалады.

Тері қабаты ақшыл сұр түсті, құрғақ, қыртыс-қыртыс. Тері асты май қабаты барлық жерде жоғалған, бетіндегі Биша кесектеріне дейін, сондықтан баланың түр әлпеті де, бала емес кәрі адамның түріне ұқсап кетеді. Бұлшық еттері де атрофияға ұшырайды, нерв жүйесінің зақымдануымен байланысты тонусы жоғарылайды. Дем алысы үстірт, ритмі бұзылады. Жүрек тондары әлсіз, брадикардия, қан қысымы төмен. Бала жиі құсады, іші өтеді, организмнен су жоғалту белгілері (эксикоз белгілері) анықталады.

Гипостатура

Г и п о с т а т у р а деп баланың салмағы мен қатар бойының да нормадан төмен болуын атайды. Көбінесе гипостатура туылғаннан байқалады, оның себептері гипотрофиялардағыдай. Туылғаннан кейін байқалатын гипостатура гипотрофияның 2-3 дәрежелеріне сәйкес келеді, яғни барлық клиникалық белгілері де, өзгерістері де ұқсас болады.

Кейбір жағдайларда баланың салмағы мен бойының көрсеткіштері нормадан төмен болғанмен, басқа ешқандай патологиялық өзгерістері байқалуы мүмкін, бұл физиологиялық гипостатура, дене бітімінің (конституциясының) ерекшелігі болып саналады.

Паратрофия

П а р а т р о ф и я- баланың салмағы мен бойының нормадан жоғары болуы.

Себептері-баланы тамақтандырудағы кемшіліктер – тамақ мөлшерінің бала жасынан артық болуы, тамақ құрамындағы көмірсулардың жасына лайық нормадан артық болуы, баланың қимылының аз болуы.

Клиникалық белгілірі-баланың салмағы нормадан жоғары, бала енжар, көп қимылдамайды, тез шаршағыш, тәбеті төмен, көбінесе тамақты таңдап жейді. Тері қабаты бозғылт, ісіңкі, созылғыштығы төмендеген, тері асты май қабаты жақсы дамыған, әсіресе сандар мен қарнында жоғарылаған болады. Бала сырт көзге толық «балпақтай» болып көрінгенмен, қорғаныш күштері төмен болады, көп ауырады, зат алмасуының барлық түрлері бұзылады.

Емдеу. Гипотрофиялардың ішінде пренатальды гипотрофияларды емдну қиынырақ, алдымен гипотрофияның себептерін анықтап оны жою қажет, содан кейін барып ем жүргізіледі.

1-ші дәрежелі гипотрофиялармен баланы үй жағдайында емдеуге болады:

-баланың тамағы жасына сәйкес, мөлшері нормада болу керек салмағына есептеліп беріледі.

-дәрілерден витаминдер және ферменттер тағайындалады;

-баланың күтімін жақсартып, тазалықты қатаң сақтап, таза ауаға шығарып тұру, жиі шомылдырып тұру қажет.

2-3-ші дәрежелі гипотрофиялармен балалар стационарда емделуге тиісті. Бала мүмкін болса бөлек боксқа жатқызылып, ерекше тәртіпте күтіліп, емделуі керек:

-бала жатқан бөлменің, төсек орнының, жеке басының тазалығына қатты көңіл бөледі;

-бөлменің ауасы жиі желдетіліп, тазартылып тұруы және температурасы бір қалыпты сақталуы тиіс;

-емнің ең негізгі бөлігі бұл диетотерапия, 2-3-ші дәрежелі гипотрофияларда баланы тамақтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар: тамақтандыру жиілігін көбейтіп, 1 емізгендегі тамақ мөлшерін азайту қолданылады, 2-ші дәрежесінде әр 3-3,5 сағат сайын, 3-ші дәрежесінде 2-2,5 сағат сайын тамақтандырылады. Тамақтың жалпы мөлшерін анықтаған кезде 2 фазалық тамақтандыру принципі қолданылады. 1-ші фазада 10-12 күнге дейін тамақ мөлшері баланың нақты, қазіргі салмағына есептеледі де,

оған бала үйреніп, жақсы сіңіре бастағанда мөлшерін біртіндеп көбейту басталады. Сөйтіп, келесі кезеңде тамақ мөлшері баланың нормада болу керек салмағына есептеледі, оған үйренгеннен кейін тамақ көлемін асырып берсе де болады.

1 дәрежелі гипотрофияда сүт көлемі баланың нақты салмағына, Б, М, К (белок, май, көмірсу) баланың нормада болу керек салмағына есептеледі.

2 дәрежеде- сүт көлемі нормадағы мөлшерінің 2/3 бөлігі, Б, К нормада болу керек салмағына, ал майлар қазіргі нақты салмағына есептеліп беріледі.

3 дәрежеде- тәуліктік сүт көлемі нормадағының ½ бөлігі, Б пен К нормаға жуық салмағына ( нақты салмақ+ нақты салмақтың 20%), ал майлар нақты салмаққа есептеледі.

Алғашқы кезеңде, тамақ мөлшері нормадан төмен тағайындалған кезде, балаға жетіспейтін сүт мөлшерін сусындар ішкізумен толықтырады, емізулі балаларға міндетті түрде ана сүтін тауып беру керек.

Дәрілермен емдеу: орталық нерв жүйесі тарапынан байқалатын өзгерістерге қарсы тыныштандыратын дәрілер (валерианка, пустырник, бром препараттары) беріледі. Құса берсе пипольфен 2,5%-2мл +0,25% новокаин 100,0 тамақтың алдында 15-20минут бұрын 1ш.қ. х 3 рет; 1% пепсин; фестал 0,075; панкреатин 0,1; абомин 0,2; дигестал 0,3т.б. ферменттер тағайындалады; ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін бифидумбактерин 2-5 дозадан N 3-4; линекс жасына қарай беріледі.

-Зат алмасуын жақсарту үшін апилак 2-5мг х 2р. N14-15; анаболикалық гормондар-нерабол 0,1мг/кг, ретоболил 5%-1 мг/кг 2-3 аптада 1 рет; кобамамид 0,002х 3 рет тағайындалады.

- ауыр гипотрофияларда- плазма, қан, гаммаглобулиндер егіледі.

- қорғаныш күштерін арттыру мақсатында-массаж, гимнастика, УКС тағайындалады.

- ішек-қарын жиырылуын (перистальтиканы) жақсарту үшін каротин қоспасы 10%; көк шәй 1ш.қ 3-4 рет беріледі.

Осы көрсетілген ем ұзақ уақыт комплексті түрде жүргізілуі қажет, сонда ғана нәтижесін көре аламыз. Стационардан шыққыннан кейін бала міндетті түрде «Д» есепке алынады.

Профилактика.

1.Баланы дұрыс рационалды тамақтандыру.

2. Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру.

3. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.

4. Жүкті әйелдердің денсаулығын нығайту.

5. Ата-аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Сабақты бекітуге арналған тесттер

  1. Баланың салмағы мен бойының нормадан жалпы ауытқуы дистрофия деп аталады (ия).

  2. Гипотрофия деп баланың салмағы мен бойының нормадағы көрсеткіштерден жоғары болуы аталады (жоқ).

  3. Баланың салмағы мен бойы нормадан төмен болуы ... деп аталады (гипостатура).

  4. Ауыр дәрежедегі гипотрофия бала салмағы нормадан ... % кем болады (30%).

  5. 5 айлық баланың қазіргі салмағы 5700г, туылған салмағы 3300г, баланың өсіп –даму нормаға сійкес пе? Сәйкес болмаса, салмағы нормадан қанша процент кем, ол нешінші дәрежелі гипотрофияға жатады?

А.15% Б.19% С. 25% Д.30%

Жауабы: 3300+3650=6950г 6950-5700=1250г

1250х 100%=125000:6950=19%

19%- Б жауабы, 1-ші дәрежелі гипотрофия.

Жаңа туылған баланың бұлшық ет жүйесінің АФЕ-лері:

- Баланың бұлшық еттері жақсы дамып жетілмей туылады, бұлшық ет салмағының 25% құрайды, ересектерде 40-43%;

- Бұлшық еттің тонусы мен күші төмен, бұлшық ет күшінің дамуы 25 жасқа дейін созылады;

- Бұлшық еттердің тонусы тек жаңа туылған балалрда жоғары болады- физиологиялық гипертензия олардың орталық нерв жүйесінің ерекшеліктерімен байланысты.

Сүйек жүйесінің ерекшеліктері:

- Жас баланың сүйегінің құрамында су көп, минерелды тұздар аз, сондықтан олар жұмсақ, тез қалыбын өзгерткіш келеді;

- Сүйектері қан тамырларына бай жіне тез жарақаттанғыш;

-Бас сүйегінің ерекшеліктері- бас сүйектерінің аралығындағы тігістер жабылған, үлкен жіне кіші еңбектері жабық болады. Үлкен еңбек ромб тәрізді, маңдай және төбе сүйектерінің арасында орналасады, кіші еңбек- төбе сүйектері мен төбе сүйегінің аралығында үшбұрыш тәрізді көбінесе шала туылған балаларда анықталады. Үлкен еңбектің мөлшері 2,5 х 3 см, баланың 12-18 айлығында жабылады;

-Омыртқа жотасының ерекшеліктері-жаңа туылған кезда баланың омыртқа жотасы тіп-тік немесе сәл иілген түрде боалды. 2 айлығынан бастап омыртқа жотасының физиологиялық иілістері пайда болады. Баланың 2 айлығында, бала басын ұстай бастауымен байланысты алдына қарай иіліс- мойын л о р д о з ы анықталады. 6 айлығында арқаға қарай иіліс кеуде омыртқаларының тұсында- кеуде к и ф о з ы – бала отыра бастауымен байланысты пайда болады. Бала 1 жасында жүре бастаса, бел омыртқалар тұсында бел лордозы анықталады;

-Ұзын жілік сүйектерінің диафиз бен эпифиздерінің аралығында ұзақ уақытқа дейін шеміршек сақталады, сол арқылы баланың бойы өсіп отырыды, шеміршек 25 жасқа келгенде ғана сүйекке айналады;

-Тіс жару ерекшеліктері- баланың алғашқы үстіңгі немесе асыңғы күрек тістері 5-6 айынан бастап шыға бастайды, тіс жару 2 жасқа дейін байқалады, барлығы 20 сүт тістері шығып, 5-6 жасында біртіндеп шыққан тәртібімен түсе бастайды. Олардың орнына тұрақты 32 тіс шығады. 2 жасқа дейінгі балада қалыпты жағдайда неше сүт тіс болу керек екенін тез есептеп табу үшін келесі формула қолданылады: сүт тістері= баланың айы-4. Мысалы, 12 айлық баланың 12-4=8 тісі болуы керек.