Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балалар аурулары Учебник.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

Парентеральды диспепсия

Диспепсияның бұл түрінде ас қорытылуының бұзылу белгілері бала басқа ағзалардың ауруларымен ауырып келген кезде, қосымша түрінде ауруды емдеу және симптомдық ем жүргізу болып табылады.

Диагноз қою. Диспепсияларды анықтау үшін, оның дәрежелерін, ауырлығын және соған сәйкес жүргізілетін емді таңдау үшін, кейінгі жылдары ЮНИСЕФ ұйымы ұсынғанбағдарламаға сүйенеміз. ЮНЕСЕФ бағдарламасына сәйкес баладағы дегидратацияның дәрежесін анықтау үшін келесі белгілерді анықтап алады: баланың жалпы жағдайы, көздерінің жағдайы, көз жасының бар-жоғы, шырышты қабаттарының өзгерістері, шөлдеу белгісі, тері қабатының серпінділігі. Аталған белгілердің байқалу деңгейіне қарап, сусыздану дәрежесі жөнінде шешім қабылданады. Соған лайықты 3түрлі жоспармен ем тағайындалады .

Емдеу. Аурудың ауырлығына сәйкес 3 түрлі жоспармен ем жүргізіледі:

  1. Жеңіл түрлерінде (жәй диспепсияларда) «А» ж о с п а р ы бойынша ем тағайындау қажет. Бұл емді фельдшер үй жағдайында жүргізуіне де болады. Қажетіне қарай, емді алдымен асқазан және ішек тазалаудан бастайды. Содан кейін ауыз арқылы ОРС (оральное регидротационное средство) тағайындалып, үйде қалай емдеу керектігі анасына түсіндіріледі. Үй жағдайларында емдеу ережелері:

  1. Балаға әдеттегіден көбірек сұйықтықты (ОРС, сорпа, күріштің маңызы, қайнаған су) бала іше алатын мөлшерде, іш өтуі тоқтағанша беріңіз.

  2. Баланы жасына лайықты тамақтандыруды тоқтатпаңыз.

  3. 3 күн ішінде баланың жағдайы жақсармаса, дәрігерге көрсетіңіз.

ОРС-қа жататын препараттар

Аталуы

Құрамы (г)

Барлық дозасы (г)

Қолдану әдісі

Регидрон

NaCl-3,5

KCl-2,5

Na цитрат-2,9

Глюкоза-20,0

Ұнтақ 28,9

1л қайнатылған суға

Глюкосолон

NaCl-3,5

KCl-1,5

Na цитрат-2,9

немесе

NaHCO3-2,5

Глюкоза-1,5

Таблетка 27,5 немесе 27,9

1л қайнатылған суытылған суға

Цитраглюкосолан

NaCl-0,35

KCl-0,25

Na цитрат-0,29

Глюкоза-1,5

Ұнтақ 2,39

100мл суға

Цитраглюкосолан

NaCl-1,75

KCl-1,25

Na цитрат-1045

Глюкоза-7,5

Ұнтақ 11,95

500мл суға

Цитраглюкосолан

NaCl-3,5

KCl-2,5

Na цитрат-2,9

Глюкоза-15,0

Ұнтақ 23,9

1л суға

Солан

NaCl-1,35

KCl-1,15

NaHCO3-0,25

Na цитрат-0,29

Глюкоза-0,5

Таблеткалар 3,04

1 таблетка соланға 4таблетка

Глюкоза 100мл су

ОРС

NaCl-3,5

KCl-1,5

NaHCO3-2,5

Глюкоза-20,0

Ұнтақ 27,5

1л суға

ОРС қолдану тәсілі

1.Қағаз қалтадағы ұнтақты 1 л қайнаған суытылған суға араластырып, бала жасына қарай беріледі:

- 2 жасқа дейінгі балаларға 1 шәй қасықпен әр 1-2 минут сайын;

- 2 жастан кейінгі балаларға кеседен ұрттап ішуге де болады.

Егер бала құсса, 10 минут үзіліс жасаңыз. Содан кейін әр 2-3 минут сайын 1 қасықтан беріп отырыңыз.

Аталған препараттармен қатар жоғалған сұйықтықтардың орнын толтыру үшін жиі сусын ішкізіледі ( қайнаған су, шәй, морс, компот, шөп дәрілерінің қайнатпалары). Ас қорытылуын жақсарту мақсатымен ферментер, витаминдер тағайындалады.

Баланы тамақтандыру жасына сәйкес жүргізіледі, құсу қайталанған жағдайда, мөлшері азайтылып, жиілігі көбейтіледі.

Тағайындалатын ОРС мөлшері

Баланың жасы

Бір берілетін мөлшері

Барлық ОРС мөлшері

24 айға дейін

50-100мл

500мл тәулігіне

2-10 жас

100-200 мл

1000мл тәулігіне

10 жастан жоғары

Қажет еткенше

2000мл тәулігіне

1.Аурудың орташа ауыр түрлерінде-«Б» ж о с п а р ы бойынша емдеу, дәрігердің тағайындауымен өткізіледі. Фельдшер тек баланың жағдайына баға беріп, алғашқы көмек көрсетеді. «А» жоспары бойынша емдеуді бастап, тез арада дәрігердің кһмегіне жеткізу керек.

1.Ауыр түрлерінде-«В» ж о с п а р ы бойынша ем ауруханада белсенді түрде өткізілуі керек. Аурудың бұл дәрежесіндегі фельдшердің тактикасы жоғарыдағыдай.