
- •1 Жасқа дейінгі баланың өсіп дамуы
- •Денсаулық топтары
- •Баланы шынықтыру
- •Таза ауамен шынықтыру
- •Балалардың ас қорыту агзаларының афе-і
- •1 Жаска дейінгі баланы тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы табиғи тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы емізу жиілігі
- •1 Жасқа дейінгі баланы аралас тамақтандыру
- •1 Жастан асқан баланы тамақтандыру
- •1 Жастан асқан балаға калорияың қажеттілігі
- •Шала туылған бала. Күтім және тамақтандыру ерекшеліктері.
- •Жаңа туылған баланың гемолиздік ауруы
- •Тері қабатының іріңді аурулары
- •Ерте жастағы балалардың ас қорытылуы мен қатар қоректенуінің бұзылуы
- •Парентеральды диспепсия
- •Пилороспазм, пилоростеноз
- •Балалардың жұқпалы ішек аурулары
- •Дизентерия
- •Сальмонеллездер
- •Колиэнтериттер
- •Сүйек, бұлшық ет жүйелерінің афе, аурулары Рахит (Мешел)
- •Кальциферолдың дәрілік түрлері
- •Гипервитаминоз д
- •Спазмофилия
- •Баланы жалпы тексеру әдістері
- •Тыныс алу ағзаларының афе-і
- •Тыныс алу ағзаларының аурлары Жоғары тыныс жолдарының аурулары
- •Тыныс алу ағзалары аурурларының жіктелуі
- •Пневмониялар
- •Жүрек, қан айналу жүйесінің балалардағы ерекшеліктері
- •Жүрек қан айналу жүйесінің аурулары Туа пайда болған жүрек ақаулары
- •Ревматизм
- •Ревматизмнен басқа себепті кардиттер
- •Қан тамырларының дистониялары
- •Коллагеноздар
- •Ac қорыту ағзаларының аурулары Стоматиттер
- •Гельминтоздар
- •Қан түзгіш ағзаларының афе-і
- •Қан түзгіш ағзаларының аурулары Қан және қан түзгіш ағзаларының аурулары
- •Геморрагиялық диатездер
- •Зәр шығару ағзаларының афе-і
- •Бүйрек және зәр шығару ағзаларының аурулары Өткір гломерулонефрит
- •Қант диабеті
- •Гипотиреоз
- •Тиреотоксикоз
- •Аддисон ауруы
- •Балалардың жұқпалы аурулары Жұқпалы аурулар жайлы жалпы түсінік
- •Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары
- •Профилактикалық екпелер күнтізбесі
- •Вакциналарды сақтау тәртібі
- •Тоңазытқыштағы температураны қадағалау
- •Асқынулардың алдын алу
- •Иммунопрофилактикадағы сүйенетін негізгі бұйрықтар
- •Бала бақшалар мен яслилерде:
- •Балалар ауруханалары мен емханалары:
- •Туберкулез
- •Муковисцидоз
- •Мысқыл ( эпидемический паротит )
- •Көкжөтел ( коклюш)
- •Паракоклош
- •Дифтерия
- •Менингококты инфекция
- •Полиомиелит
- •Вирустық гепатит
- •Фап жұмысы
- •Фап фельдшерінің жұмсының сапалық көрсеткіштері
- •Гипертермиялық синдром
- •Елірме синдромы
- •Бас миының ісінуі
- •Постгеморрагиялық шок
- •Анафилактикалық шок
- •Ларингоспазм - жалған круп
- •Бронх қысылу синдромы
- •Жүректің өткір жетіспеушілігі
- •Ішек токсикозы мен эксикозы
- •Бүйрек жұмысының өткір тапшылығы
- •Қан тамырларының өткір жетіспеушілігі
- •Гипергликемиялық кома
- •Асфиксияда жедел көмек көрсету
- •Құсу кезіндегі жедел көмек
- •Бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі
- •Балалар мекемесіндегі балаларды тамақтандыру
- •Профилактикалық екпелер, эпидемияға қарсы жұмыс
- •Санитарлық ағарту жұмыстары
Ерте жастағы балалардың ас қорытылуы мен қатар қоректенуінің бұзылуы
Ас қорытылуының өткір бұзылуы 1 жасқа дейінгі балаларда әсіресе жаз айларында жиі байқалады. Ерте жастағы балаларда асқазан-ішек қызметінің бұзылуының өте жиі кездесу себептерін ас қорыту ағзаларының жетілмеуімен, нерв жүйесінің жеткілікті дәрежеде толыспауымен түсіндіруге болады. Сол себепті, баланы тамақтандыру және күтім жасау тәртібінде кінарат болған жағдайда асқазан-ішек қызметі оңай бұзылады.
Себептері:
-тамақтандырудағы кемшіліктер- ерте аралас және қолдан тамақтандыруға көшіру, белок, майлар, кқмірсулардың бала жасына сәйкес болмауы т.б.;
-ыстық жаз айларында сусынның жеткіліксіз болуы;
-баланың күтіміндегі кемшіліктер-температуралық тәртіптің бұзылуы.
Ерте жастағы балалардың ас қорытылуының –д и с п е п с и я л а р д ы ң 3 түрін анықтай аламыз: жай немесе қарапайым, уытты (токсикалық) және парентеральды диспепсиялар.
Қарапайым диспепсия
Көбінесе аралас және қолдан тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Баланың жалпы жағдайы аса көп өзгермейді. Алғашқыда бала 1-2 рет құсып, 6-8 ретке дейін іші сұйық болып өтеді (диарея). Нәжісі сұйық, сары түсті немесе көкшіл, іртік-іртік арасында шала қорытылған сүт ақшыл түціршік тәрізді араласып жүреді.
Баланың іші кеуіп, ауырсынады, мазасызданады, салмағы төмендейді, организмнен су жоғалту белгілері анықтала қоймайды. Дұрыс ем, күтім жасалса, таз тәуір болып кетеді.
Емдеу. Аурудың себебін анықтап, ары қарай болдырмау;
-денеден кеткен сұйықтар мен тұздар, микроэлементтердің орнын толтыру, осы мақсатпен ФАП және үй жағдайында қолдануға ыңғайлы р е г и д р о н немесе ц и т р а г л ю к о с о л а н препараттарын тағайындау;
-жиі сусын және шөп дәрілердің қайнатпаларын ішкізу;
-ас қорытылуын жақсарту мақсатымен ферменттер(пепсин, фестал, панзинорм, мезим, линнекс т.б.) тағайындау;
-витаминдермен емдеу.
Көп жағдайда, баланың басқа қосымша аурулары болмаса, осы жүргізілген ем жеткілікті болады.
Уытты (токсикалық) диспепсия
Себептері жәй диспепсиялардағыдай, бірақ одан ауыр өтеді. Баланың жалпы жағдайы ауыр немесе өта ауыр. Алғашқыда бұл түрінде де бала құсып, іші өту байқалады, бірақ жәй диспепсиялармен салыстырғанда жиірек қайталанады, соның салдарынан организмнен көп мөлшерде сұйықтық , онымен бірге тұздар, микроэлементтер жоғалады. Сөйтіп, эксикоз (су жоғалту) және токсикоз (улану) белгілері пайда болады.
Э к с и к о з белгілері- тері қабатының серпімділігі мен созылғыштығының төмендеуі, баланың көзі мен үлкен еңбегінің төмен түсуі, көз жасының, зәрінің азаюы, қатты шөлдеуі. Жоғалтқан судың мөлшеріне қарай дегидратацияның 3 дәрежесі анықталады: 1дәреже- салмағының 5%-не дейін, 2 дәреже- 5%- 10%, 3 дәреже- 10%-дан жоғары кемуі. Су жоғалту 20%-дан асса бала өледі. Эксикоздың түрлері:
су дефицитті (гипертониялық) түрі- бала өте мазасыз, температурасы жоғары, бұлшық ет тонусыда жоғары, қатты шөл қысады, елірмелейді, тер мен зәр азаяды.
Тұз дефицитті (гипотонмкалық) түрі- бала өте енжар, әлсіз, есін жоғалтады, рефлекстері мен бұлшық ет тонусы төмен, жүректондары күңгірт, қан қысымы төмендеген.
Изотоникалық түрі- организмнен жоғалтқан су мен тұздардың мөлшері бірдей, клиникалық белгілері зат алмасуының бұзылуының дәрежесімен байланысты.
Т о к с и к о з белгілері- дене қызуы көтерілуі, барлық басқа ағзалардың қызметінің бұзылуы белгілерінің пайда болуы. Жүрек, қан айналу жүйесі тарапынан- жүрек тондарының әлсіреуі, тахикардия не брадикардия, тері қабатының мрамор түске енуі байқалады. Орталық нерв жүйесі тарапынан- қатты мазасыздану, есін жоғалту, елірмелеу анықталады. Тыныс алу ағзалары тарапынан- дем алысының жиілеуі (тахипноэ), ретсіз болуы немесе ауыр түрлерінде патологиялық дем алысы түрлерінің байқалуы (Куссмауль, Чейн-Сток сияқты).