
- •1 Жасқа дейінгі баланың өсіп дамуы
- •Денсаулық топтары
- •Баланы шынықтыру
- •Таза ауамен шынықтыру
- •Балалардың ас қорыту агзаларының афе-і
- •1 Жаска дейінгі баланы тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы табиғи тамақтандыру
- •1 Жасқа дейінгі баланы емізу жиілігі
- •1 Жасқа дейінгі баланы аралас тамақтандыру
- •1 Жастан асқан баланы тамақтандыру
- •1 Жастан асқан балаға калорияың қажеттілігі
- •Шала туылған бала. Күтім және тамақтандыру ерекшеліктері.
- •Жаңа туылған баланың гемолиздік ауруы
- •Тері қабатының іріңді аурулары
- •Ерте жастағы балалардың ас қорытылуы мен қатар қоректенуінің бұзылуы
- •Парентеральды диспепсия
- •Пилороспазм, пилоростеноз
- •Балалардың жұқпалы ішек аурулары
- •Дизентерия
- •Сальмонеллездер
- •Колиэнтериттер
- •Сүйек, бұлшық ет жүйелерінің афе, аурулары Рахит (Мешел)
- •Кальциферолдың дәрілік түрлері
- •Гипервитаминоз д
- •Спазмофилия
- •Баланы жалпы тексеру әдістері
- •Тыныс алу ағзаларының афе-і
- •Тыныс алу ағзаларының аурлары Жоғары тыныс жолдарының аурулары
- •Тыныс алу ағзалары аурурларының жіктелуі
- •Пневмониялар
- •Жүрек, қан айналу жүйесінің балалардағы ерекшеліктері
- •Жүрек қан айналу жүйесінің аурулары Туа пайда болған жүрек ақаулары
- •Ревматизм
- •Ревматизмнен басқа себепті кардиттер
- •Қан тамырларының дистониялары
- •Коллагеноздар
- •Ac қорыту ағзаларының аурулары Стоматиттер
- •Гельминтоздар
- •Қан түзгіш ағзаларының афе-і
- •Қан түзгіш ағзаларының аурулары Қан және қан түзгіш ағзаларының аурулары
- •Геморрагиялық диатездер
- •Зәр шығару ағзаларының афе-і
- •Бүйрек және зәр шығару ағзаларының аурулары Өткір гломерулонефрит
- •Қант диабеті
- •Гипотиреоз
- •Тиреотоксикоз
- •Аддисон ауруы
- •Балалардың жұқпалы аурулары Жұқпалы аурулар жайлы жалпы түсінік
- •Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары
- •Профилактикалық екпелер күнтізбесі
- •Вакциналарды сақтау тәртібі
- •Тоңазытқыштағы температураны қадағалау
- •Асқынулардың алдын алу
- •Иммунопрофилактикадағы сүйенетін негізгі бұйрықтар
- •Бала бақшалар мен яслилерде:
- •Балалар ауруханалары мен емханалары:
- •Туберкулез
- •Муковисцидоз
- •Мысқыл ( эпидемический паротит )
- •Көкжөтел ( коклюш)
- •Паракоклош
- •Дифтерия
- •Менингококты инфекция
- •Полиомиелит
- •Вирустық гепатит
- •Фап жұмысы
- •Фап фельдшерінің жұмсының сапалық көрсеткіштері
- •Гипертермиялық синдром
- •Елірме синдромы
- •Бас миының ісінуі
- •Постгеморрагиялық шок
- •Анафилактикалық шок
- •Ларингоспазм - жалған круп
- •Бронх қысылу синдромы
- •Жүректің өткір жетіспеушілігі
- •Ішек токсикозы мен эксикозы
- •Бүйрек жұмысының өткір тапшылығы
- •Қан тамырларының өткір жетіспеушілігі
- •Гипергликемиялық кома
- •Асфиксияда жедел көмек көрсету
- •Құсу кезіндегі жедел көмек
- •Бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі
- •Балалар мекемесіндегі балаларды тамақтандыру
- •Профилактикалық екпелер, эпидемияға қарсы жұмыс
- •Санитарлық ағарту жұмыстары
Пікір
“Балалар ауруы” пәні бойынша дайындалған осы дәрістер жинағында медициналық колледждердің 0401002 мамадығы “ Емдеу ісі” бөлімінің жаға оқу жоспарына сәйкес тақырыптар қамтылыпты.
Дәріс құрастыру кезінде автор бірнеше “Балалар аурулары” оқулықтарының орвс тіліндегі басылымдары мен әдістемелік нұсқауларды, бұйрықтарды, медициналық басылымдарды қолданған. Көптеген медициналық терминдер айрықша белгіленіп, түсіндіріліп отырған.
Қол жазбаның алғашқы тарауы дені сау баланың өсіп-дамуы, рационаьды тамақтануы, жасынан шынықтыру, сауықтырутақырыптарына арналған. Мерзімі жетіп және шала туылған бала организімінің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері мен олардың күтім және туылған баланың ауруларына үлкен мән берілген: аурулардың даму себептері, клиникалық айқындалуы, емдеу принциптері, алдын алу шаралары жайлы және перинатальді өлім, оны есептен шығару әдісі жайлы түсініктер келтірілген.
Ерте жастағы балалардағы аурулардың себептері, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу шаралары, осы ауруларды азайту, болдырмау жұмысындағы фельдшердің рөлі туралы да мәліметтер жинақталған.
Ересек балалар паталогиясын анықтау үшін жүргізілетін диагностикалық, лабораториялық тексерістер келтіріліп, ауруларды сатылап емдеу әдістері түсндіріледі. Осы науқастарды ары қарай диспансерлік есепке алып, бақылау, рецидивке қарсы ем жүргізу жұмыстарындағы фельдшердің қосатын үлесі атап көрсетіледі.
Болашақ фельдшердің жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі: жұқпалы аурулардың алдын алу- иммунопрофилактика және педиатриядағы жедел жәрдем тақырыптарына автор тереңірек тоқталып кеткен. Иммунопрофилактикадағы сүйенетін негізгі бұйрықтар жайлы мәліметтерді қоса келтіріп отырады.
Болашақтағы ФАП, бала бақша, мектеп фельдшерінің жқмыс бағыттарымен таныстырып, сол мекемелердегі медициналық құжаттар формаларын қолжазбаға енгізген.
Педиатриядағы кейбір өзекті тақырыптар жайлы мәліметтерді ЮНИСКФ жоспарларымен, толықтырып отырған.
Дәрігер жинағын медициналық колледждердің оқушыларына «Педиатрия» пәнінен оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады.
ПЕДИАТРИЯ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
Тарихи деректер
«Педиатрия» деген сөздің мағанасы баланы емдеу дегенді білдіреді, гректің paid – бала, iatrea - емдеу деген сөздерінен алынған. Балаларды емдеуші дәрігер – педиатр. Педиатрия ғылыми даму жолында бірнеше сатыдан өтті:
саты- 19 ғасырдың ортасына дейіңгі кезең:
саты – октябрь ревалюциясына дейнгі кезең:
саты – совет дәуірі кезеңі.
1917 жылға дейінгі патшалық рессейде қарапайым халықтың тұрмысы төмен болуымен байланысты балалардың жағдайы, олардың ден саулығы да төмен еді. Сол кездегі патшалық Рессейдің калониясы- Қазақстандағы балалармен олардың аналарының қал – жағдайы мүлде мүшкіл болған
1- кезең Педиатрия өз алдына ғылым ретінде 19- ғасырдың 30 -40 шы жылдары дами бастады. Ол мамандығы окушер бола тұрып, 1- рет балалардың ағзаларының, ауруларының ерекшеліктеріне көңіл аударып, оларды емдеу әдістерін енгізе бастады. "тердің кішірейтілген көшірмесі емес» деген ұғымды алғаш енгізген де осы ғалым. Ол сонымен қатар, «Педриятрика» деп аталатын деп аталатын бірінші оқулықты шығарды.
2- кезең Педиатрияның «Әкесі» деп Н.Ф.Филатопты санаймыз, өйткені бұл ғалымның педиатрияға сінірген еңбегі зор. 1834 жылы Петербурда, 1842 жылы Мәскеуде алғашқы балалар ауруханаларын ашты. Ол ауруғаналар осы күнге дейін бар, Филатоптың атымен аталады. Бұл ғалым балалардың жұқпала ауруларын зерттеуге үлкен еңбек сіңірген. 1898 жылы Петербурда Н.П. Гундовин бала организімін АФЕ-лері жайында көптеген зерттеулер жүргізіп, еңбектер жазды, бірінші болып «Бала өмірімен күрес» одағын ұйымдастырды
3 кезең. 1917 жылы революциядан кейін балалармен аналарға медициналың көмек көрсету туралы алғашқы күндері ақ декретке қол қойылып арнайы ауруханалар, балалар үйлері, сүт кухнялары ашылған, 1932 жылы педиатриялық факультеттер ашылып, арнайы балалар дәргенрлері дайындау жұмысы басталды.
Қазақстанда 20-ғасырдың басына дейін ғылыми тұрғыда дәріс беретін бір де бір арнаулы жоғарғы оқу орны болмаған. 1919 жылы РКФСР Халық комиссарлары Кеңесінің Қырғыз (Қазақ) аймағын басқару жөніндегі ұйымдастырылған Революциялық коммитет арнаулы қаулымен денсаулық сақтау бөлімін құрады. 1920 жылы алғашқы болып Орынборда Шешек институты ашылды. 1922 жылдан бастап республикада ауыл халқына медициналық жәрдем көрсету үшін дәргерлік учаскелер, ана мен баланы қорғау жөніндегі мекемелер құрыла бастады.
Сол кездерде халқымызға медициналық көмек көрсеткен ұлттық дәрігерлеріміз бен фельдшерлеріміз Қазан, Томск, Саратов, Петербор, Мәскеу университеттерінің медициналық фаультеттерінде, академияларында оқып білім алды. Алғашқы қазақ дірігерлері, фельдщерлері қатарында Хамза аржасов, Мәжит Шомбалов, Гүлсім Асфендиярова, Санжар Асфендияров, Халел Досмұхаммедұлы 1920-1926 жылдары Орта Азия университетінің медицина факультетінде істей жүріп, « Оқушылардың денсаулығын сақтау , « денемідің құрлысы мен жұмысы туралы », т.б. көптеген еңбектер жазып, жастарға білім берген ұстаз-дәрігер. Қазақ қыздарының ішінен шыққан ең алғашқы дәарігерлердің бірі, Гүлсім Асфендиярова 1908 жылы Шымкент уезінде дәрігер, 1913 жылы Ташкент қаласында перзентхананың бас дәрігері жұмысын атқарған. Осы қалада алғашқы рет акушер мамандарын дайындайтың курс ұйымдастырып, дәріс берген. Орал қаласының түлегі Ниязова Мубина 1917 жылы Саратов медучилищесін бітіріп, алғашқыда тіс дәрігері болып жұмыс істейді. 1934-1936 жылдары Қазақ КСР денсаулық сақтау халық комиссариатының аналарды қорғау басқармасының бастығы болады , ал 1936 жылы Алматыда алғашқы фельдшерлік-акушерлік мектеп ұйымдастырады және оның алғашқы директоры қызметің атқарды.
Кейінгі жылдарда балалардың денсаулығын қорғау жұмысына үлкен үлестерін қосқан профессорлар, Қазақстандық ғалымдар: А.И.Авенирова, Т.Н.Никонова, Н.А.Барлыбаева, К.С.Ормантаев т.б. көптеген ғалымдарды мақтанышпен атай аламыз. Нина Ақметқызы Барлыбаева балалардың жүрек ауруларын,ревматизм ауруын зерттеп, ұлттық медицина ғылымына үлкен үлесін қосқан ғалым-дәрігер. Камал Саруар ұлы Ормантаев – балалар хирургы, профессор,ғалым, осы күнге дейін Алматы Мемлекеттік Медицина Академиясында ғылыми-оқытушылық еңбегін жалғастыруда. Никонова Татьяна Николаевна балалардың жұқпалы ауруларын зерттеумен айналысқан ғалым, көп жыылдар бойы медицина институтында оқытушылық қызмет атқарған, көптеген шәкірттер баулыған ұстаз.
Осындай атақты ғалымдармен қатар, жер-жерлерде балалардың денсаулығын қорғау жұмысында қарапайым, қатардағы педиатор дәрігерлеріміз де еңбек етуде. Дәрігер мамандары жоқ, ауылдық елді мекендерді ересектерге болсын, балаларға болсын, алңашқы болып қабылдап, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсететін болашақ фельдшерлер- сіздер боласыздар. Сондықтан, «Педиатрия» пәнін жақсы оқып, меңгерудің маңызы үлкен.
Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Балаларға медициналық көмек көрсету 3 түрлі бағытта жүргізіледі:
профилактикалық (аурулардың алдын алу);
емдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.
Жалпы, медициналық көмек көрсетудің өз принциптері, әдістері бар. Алтайлықтардыі әдәсәне сәйкес медициналық көмек көрсету сатылап өтеді:
сатысы – дәрігерге дейінгі көмекті ФАП – та, фельдшер немесе акушерка, мейірбике жүргізеді.
Сатысы – бөлімшелік ауруханада дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Сатысы – аудандық ауруханада мамандандырылған дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Сатысы – облыстық, астаналық ауруханаларда, зерттеу иниституттарында тереңдетілген зерттеулер мен көмек алады.
Кейінгә жылдардағы қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкес медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда да жаңарулар бар. Көптеген бөлімшелік ауруханалар жабылып, аудандық ауруханалардағы төсек саны қысқартылған. Оның орнына балаларға амбулаториялық және үй жағдайында көмек көрсету жұмыстары кеңейтіліп, отбасылық мамандар дайындау, көмек көрсету қолға алынған. Болашақ фельдшер мамандарының балаларға медициналық көмек көрсету жұмысында өз үлестері бар, олар осы жұмыстарын алдыңғы қатарында, алдыңғы шепте жүреді. ФАП- та жұмыс істейтін немесе жедел жәрдем бөлімінде істейтін фельдшердің жұмысынан, білімінен кей жағдайда баланың өмірі тәуелді болады. Сондықтан фельдшер арқалайтын жауапкершілікте өте үлкен.
Өз жұмысында, балалрға кқмек көрсету барыс нда фельдшер олардың ата-аналарымен тікелей қарым – қатынаста болуына тура келеді. Сол үшін медицина қызметкері этика, деонтологияға көп көңіл бөлгені жөн, балалармен, олардың ата-аналарымен тіл табыса білу керек. Балаларға медициналық көмек көрсететін мекемелер таблицада көрсетілген.
Болашақ медицина қызметкерлерінің жұмысының ең маңызда деп айтуға болатын бөлігі – бұл ауруларды болдырмай, алдын алу жұмысы. Бұл жұмысты жүргізудің де бірнеше әдістері бар – негізгі әдәстері:
балалардың жұқпалы ауруларының алдын алу үшін профилактикалық екпелер (вакцинация) жасау;
баланың денсаулығын кішкентайынан нығайту, шынықтыру;
санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Біздің халқымызда: «Аурудың емін іздегенше,оны болдырмаудын жолын ізде» - деген қанатты сөз бар. Яғни, баланың сау кезінде, бала ауырмай тұрып, ауырмай жолдарын табу керек. Бұл жұмыспен арнайы ілім – валеология айналысқан. Алғашқы курстың бағдарламасында ол туралы түсінік берілген. Валеология деген терминнің өзі латынның «валео» - дені сау болу, «логос» - ғылым деген сөздерден тұрады. Соннда валеология деп – дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым аталады. Валеологияның міндеттері: халыққа гигиенаны, салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздерін, денсаулықты сақтау мен нығайтудың тәсілдерін үйрету адам тәнінің табиғи өміршендік заңдылықтарымен таныстыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызын Республика Призденті Н.ӘНазарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтеді. Егеменді еліміздің болашағы - қазіргі балалар олардың денсаулығы мықты болса болашағымыз сенімді болмақ.
Баланың өсіп дамуы
Балалық шақтың кезеңдері
Балалық шақ бала туылғаннан бастап 14 жас 11ай 29 күнге созылады. Бала организімінің ересектерден ерекщелігі – ол ірдайым өсіп, жетіліп отырады. Бұл өсіп – даму құрсақтағы кезеңнен басталып, бала есейгенше күрделеніп отырады және бала жасының кезеңдерінің әрбірінде әртүрлі дәрежеде өтеді. Балалық шақ келесі кезеңдерге өтеді:
А. Құрсақтағы кезең – ұрық пайда болғаннан туылғанға дейін
- эмбриондық кезең - жүктіліктің 8 аптасы
- плаценталықкезең – жүктіліктің 8 – 38 аптасы
Б. Жаңа туылған бал- кезеңі – 0 – 29 күн
В. Емізулі кезең - 29күн – 1 жас
Г. Сүт тістері кезеңі:
- сәбилік кезең – 1-3 жас
- мектеп алдыңдағы кезең – 3-6 жас
Д. Мектеп жасындағы кезең:
- төмеңгі класс кезеңі – 7 – 12 жасбп
- жоғарғы клксс кезеңі – 12 – 15 жас
Баланың өсіп - дамуына әсер ететің факторлар
Баланың құрсақтағы кезеңдегі және туылғаннан кейінгі өсіп-дамуына бірнеше сыртқы және ішкі ортаның факторлары әсер етеді.
а) құрсақтағы кезеңде – анасының жүктілік кезіңдегі аурулары, экологиялық жағдайлар, жүкті әйелдің тамақтануындағыкемшіліктер, жүйкенің күйзелістері т.б.
б) бала туылғанан кейін - оның тамақтандырылуындағы кемшіліктер, сыртқы қоршаған ортаның кері әсерлері ( нашар үй, тұрмыстық жағдайлар, күтімінің нашар болуы), баланың әр түрлі аурулары ( әсіресе жұқпалы іш аурулары ), әшкі секреция бездерінің әсерлері.
Баланың өсіп – дамуын бағалау
Баланың қсіп – дамуын бағалау үшін оған арнайы өлшеулер жүргізіледі, оны антропометрия деп атайды. Бұл қлшеулерге баланың салмағын, бойын, кеуде және бас айналымдарын, аяқ-қолдарының айналымдарын қлшеу жатады. Баланың өсіп дамуы жасына сәйкес, сәйкес емес екенің білу үшін, алдымен жасына қарай нормада болу керек кқрсеткіштерін анықтап алып, содан кейін өлшеулер арқылы табылған көрсеткіштермен салыстырамыз.
А. Балаға қлшеулер жүргізу.
Баланың салмағын2 жасқа дейін көлденең таразы, ересек балалардың салмағын тіке таразы арқылы өлшейміз. Бойын 1 жасқа дейін көлденең, 1 жастан асқасын тіке бой өлшегішпен анықтаймыз. Баланың бас, кеуде, қол-аяқтарының айналымдарынөлшеу үшін сантиметрлік лентаны қолданамыз.
Б. Баланың өсіп дамуының нормадағы көрсеткіштерін аныөтау.
Бұл үшін арнайы центильдік таблицалар, формулалар қолданылады. Бала жасының әр кезеңінде оның өсу жылдамдығы да әр түрлі болады: ең жедел өсіп-жетілетін кезеңдер – емізулі жіне жас өспірім кезеңдерінде.
Мерзімі жетіп туылған баланың салмағының орташа көрсеткіщі – 3300-3500 г , бойы 51 – 53 см, бас айналымы – 34-35 см, кеуде айналымы одан 1-2 см төмен болады. Бала 1 жасқа толғанда осы туылғандағы көрсеткіштеріне: салмағына 7150 г бойына 25 см, бас айналымына -10-11см ,кеуде айналымы -13-15 см қосады. Бала бір жасқа толғанша кез-келген айдағы нормада болу керек көрсеткіштерін анықтау үшін арнайы таблицаны қолдана аламыз. Бұл таблицада әр ай сайын және барлық ай ішінде баланың қалыпты жағдайда қосатын сандары көрсетілген, сол сандарды туылғандағы өсу көрсеткіштеріне қосу арқылы нормада болу керек. Салмағымен бойының көрсеткіштері анықталады. Мысалы: баланың туылғандағы көрсеткіштері – салмағы 3400гр, бойы 52 см. Осы баланың 5 айлық кезіндегі нормада болу керек салмағы мен бойын табу үшін 3400 + 3650 = 7050 гр, 52 см + 13см = 62 см екенін анықтай аламыз.
Баланың қазіргі нақты көрсеткіштерін таразы және бой өлшегіш арқылы анықтап , нормада болу керек сандармен салыстыру арқылы баланың өсіп дамуына баға береміз. Мысалы, өлшеулер арқылы осы 5 айлық баланың салмағы 6500 г, бойы 65 см екні анықталса, баланың салмағы төмен, ал бойы өз айына сәйкес екен деген баға беруге болады.
1 кесте
1 Жасқа дейінгі баланың өсіп дамуы
Айы |
Салмағы (см) |
Бойы (см) |
Бас айналымы |
|||
|
1 айда |
барлығы |
1 айда |
барлғы |
1 айда |
барлғы |
1 ай |
600 |
600 |
3 |
3 |
2 |
2 |
2 ай |
800 |
1400 |
3 |
6 |
2 |
4 |
3 ай |
800 |
2200 |
2,5 |
8,5 |
2 |
6 |
4 ай |
750 |
2950 |
2,5 |
11 |
1 |
7 |
5ай |
700 |
2650 |
2 |
13 |
1 |
8 |
6 ай |
650 |
4300 |
2 |
15 |
1 |
9 |
7 ай |
600 |
4900 |
2 |
17 |
|
|
8 ай |
550 |
5450 |
2 |
19 |
|
|
9 ай |
500 |
5950 |
1,5 |
20,5 |
|
|
10 ай |
450 |
6400 |
1,5 |
22 |
2,5 |
|
11 ай |
400 |
6800 |
1,5 |
23,5 |
|
|
12 ай |
350 |
7150 |
1,5 |
25 |
|
11,5 |
Бала 1 жастан асқаннан кейін өсу қарқыны баяулайды: 1- 2 жас аралығында салмағы 3 кг, бойы 7-8 см артады, одан әрі жыл сайын салмағына 2 кг, бойына 5 см қосып отырады. Бұл берілген сандар орташа көрсеткіштер, одан ауытқулар нормада да байқалады, бұл жерде баланың жынысы, жеке басының даралығы ескеріледі. Кез-келген жастағы баланығ нормада болк керек өсу көрсеткіштерін аңықтау үшін, оның бір жасындағы көрсеткіштеріне жыл сайын қосатың салмаұпен бойының көрсеткіштерін қосамыз. Мысалы, баланың 1 жасында салмағы 11 кг, бойы 74 см болса, оның 7 жасында салмағы 11+3+2+2+2+2+2 =24 кг, бойы 74++7+5+5+5+5+5+5+5=106 см болу керек екенін таба аламыз.
2-кесте 1 жастан асқан баланың өсіп дамуы
Жасы |
Салмағы(кг) |
Бойы (см) |
кеуде айналымы(см) |
|||
ұлдар |
қыздар |
ұлдар |
қыздар |
ұлдар |
қыздар |
|
2 жас |
12,7 |
12,1 |
83 |
83 |
52 |
50 |
3 жас |
1408 |
14,4 |
92,5 |
92,5 |
53 |
52,5 |
4 жас |
16,5 |
16,3 |
97,5 |
97,5 |
54 |
53 |
5 жас |
18,4 |
18,2 |
102 |
102 |
5 |
55 |
6 жас |
20,6 |
20,6 |
109 |
109 |
57,5 |
56,5 |
7 жас |
22,9 |
22,9 |
113 |
113 |
59 |
57,5 |
Баланығ нормадағы салмағы, бойының көрсткіштерін жынысына байланысты арнайы центильді таблицалар арқылы да анықтауға болады.
Кейінгі 70-80 жылдың көлемінде балалардың өсіп дамуында жеделдеу байқалады, бұл құбылыс акселерация деп аталады. Баланың туылғанан бастап салмағы, бойы артығырақ, тіс жару, еңбек жабылу мерзімдері ертерек өтеді. Бұл құбылысты халықтың тұрмыс – жағдайының өзгеруімен, тамақтану ерекшеліктерімен, ғылыми техниканың дамуымен байланыстырады. Бірақ бала өсуінің жеделдеуі оның ағзаларының қызметімен, мүмкіншіліктерімен сәйкес келе бермейді. Соның салдарынан кейбір аурулар да туындайтыны дәлелденген.
Баланың өсіп дамуындағы өзгерістер
Баланың саллмағы мен бойының нормадағы көрсеткіштерденжалпы ауытқуын – дистрофия деп атайды. Баланың бойы нормаға сәйкес, ал салмағы төмен болса, ол гипотрофия деп аталады. Кейде баланың салмағы да, бойы да нормадағы көрсеткіштерден төмен болады – гипостптура, ал баланың салмағы мен бойы нормадағы көрсеткіштерден артық болса – паратрофия деп аталады.
Баланың өсіп дамуы кезінде оның денесінің әр бөлігі әр түрлі қарқынмен өседі, осыған байланысты әр жастағы баланың дене мүшелерінің пропорциясы әртүрлі болады. Мысалы, жана туылған баланың басы денесінің 1 \ 4 ,ал ересектерде 1 \ 8 құрайды. Жаңа туылған баланың денесі бойының 45 % құраса , ересек балалара 38% құрайды., яғни бала неғұрлым кішкентай , жас болса , соғұрлым оның басы үлкенірек , денесі аяқтарына қарағанда ұзынрақ келеді.
Дене құрлысының ерекшелігіне байланысты (концтитуциясына) 3 түрге бөлеміз:
н о р м о с т е н и к а л ы қ- салмағы бойына сәйкес
а с т е н и к а л ы қ- бойы ұзын , самағы аз
г и п ер а с т е н и к а л ы қ – бойы нормада , салмағы жоғары.