
- •1.Хирургияның негізгі бөлімдері бойынша «Объективті құрастырылған клиникалық емтихан» (оқке).
- •4. Оқке мақсаты:
- •7. Емтиханды қабылдау жоспары мен өткізу реті
- •7.1. Ұйымдастыру бөлімі:
- •7.2. Емтиханды өткізу:
- •Оқке дайындық этапы
- •6.Аудиториялар дайындау.
- •Студенттерге арналған оқке- ң өткізілу ережелері
- •Оқке сатыларының реттілік сызбанұсқасы (жалпы хирургия кафедрасы).
- •Жалпы хирургиядан клиникалық емтихандан тапсырмалар тізімі
- •Студенттерге арналған клиникалық емтихан тапсырмалары
- •Емтиханды бағалау парағы
- •Емтиханды бағалау парағы
- •Емтиханды бағалау парағы
- •Емтиханды бағалау парағы
- •Емтиханды бағалау парағы
- •Емтиханды бағалау парағы
- •Емтихандлы бағалау парағы
- •Емтиханді бағалау парағы
- •Емтиханды бағалау парағы
- •Емтиханды бағалау парағы
- •Емтиханның ведомосы Жалпы хирургия кафедрасы
- •Емтихан нәтижелері Жалпы хирургия кафедрасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ мИНИСТРЛІГІ
«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ КАФЕДРАСЫ
ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА, СТОМАТОЛОГИЯ және МЕЙІРБИКЕ ІСІ МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША 3 – ШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫНА ОБЪЕКТИВТІ ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ
ЕМТИХАНДЫ (ОҚКЕ) ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Актобе, 2013 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ мИНИСТРЛІГІ
«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
М. Оспанов атындағы БҚММУ ОӘЖ жөніндегі
проректоры, м.ғ.к __________Тусупкалиев А.Б.
«____»___________________________20___ ж.
ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА, СТОМАТОЛОГИЯ және МЕЙІРБИКЕ ІСІ МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША 3 – ШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫНА ОБЪЕКТИВТІ ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ
ЕМТИХАНДЫ (ОҚКЕ) ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Актобе, 2013 ж.
Әдістемелік нұсқауды құрастырғандар:
1. Жалпы хирургия кафедрасының жетекшісі, м.ғ.д. М.К. Джаканов және кафедра қызметкерлері.
Әдістемелік нұсқау жалпы хирургия кафедрасының отырысында талқыланды
Хаттама № _____ «____»_________ 20___ ж.
Кафедра жетекшісі: ___________ м.ғ.д., доцент М.К. Джаканов
Әдістемелік нұсқау хирургия пәні дисциплина жөнінен ОӘК отырысында талқыланды
Хаттама № _____ «___»______ 20___ ж.
ОӘК төрайымы: ___________ м.ғ.к., доцент Шиканова С.Ю.
Оқу - әдістемелік орталықпен келісілді
Хаттама № _____ «____»________ 20___ ж.
ОӘО жетекшісі: ___________ м.ғ.к., доцент Ділмағамбетов Д.С.
1.Хирургияның негізгі бөлімдері бойынша «Объективті құрастырылған клиникалық емтихан» (оқке).
2. Өткізілу уақыты «____»_______20____ж. дейін «_____»_______20____ж.
3. Мотивация (себеп): Жалпы медицина және мейірбике ісі студенттеріне хирургиялық аурулардың диагностикасы мен негізгі емдеу принциптерін жоспар бойынша үлгерімін тексеру үшін алдын-ала дайындалған сұрақтар мен ахуалдық есептерді ойын ретінде шешу, және дағдылама сабақ үстінде студенттердің негізгі кәсіби тәжірибелерін меңгергеннің қорытынды көрсеткіші, сондықтан оқытушыларға артылған үлкен жауапкершілік болып табылады.
4. Оқке мақсаты:
4.1. Оқыту:
- студенттерге қойылған тапсырмаларды орындауға жағдай туғызу;
- студенттердің клиникалық білімдеріне объективтік баға қою
4.2. Тәрбиелік:
Практикалық дағдыларды меңгеруге студенттердің жауапкершілік сезімін арттыру.
5. Өткізу орны: хирургиялық орталық, оқу-клиникалық аудиториясы,
6. Емтиханның дайындық кезеңі (қосымша 1).
7. Емтиханды қабылдау жоспары мен өткізу реті
7.1. Ұйымдастыру бөлімі:
7.1.1 Емтихан басталар алдында кафедра жетекшісі оқытушылар арасынан хатшыны тағайындайды. Хатшы емтихан басталардан 3 – 5 минут бұрын студенттерге бейдждарды таратады, жалпы тізімдегі студенттердің фамилияларының тұсына шрифтінің номерін қояды, содан кейін тізімді кафедра жетекшісіне тапсырады.
7.1.2. Хатшы студенттердің 1-ші тобын шақырады. Әр студент емтиханның өткізілуіне қойылған ережелерге сай өздерінің белгілі бір аялдамасына ағымды 2 минут орналасады (қосымша – 2).
7.1.3. Емтихан қабылдаушысы әр аялдаманың студенттеріне тапсырма парақ қағаз беріп, оның бейджінің номерін бағалау қағазына тіркеп қояды.
7.2. Емтиханды өткізу:
7.2.1. Студенттер белгі бойынша аялдамаға сай тапсырмасын орындауға кіріседі (қосымша – 3).
7.2.2. Студенттер тапсырманы орындау кезінде емтихан қабылдаушы адымдық тапсырма критериясына сай дағдылық тәжірибені алгоритм бойынша әр бекетте орындалуына байланысты емтихан бағалау парақ қағазына балл қойылады (қосымша – 4).
7.2.3. Аялдамаларда тапсырманы орындау үшін 6 мин. беріледі. Осы уақыт өткеннен кейін хатшы белгі береді, соған қарап студенттер өз тапсырма орындауды тоқтата сала басқа аялдамаға көшеді.
7.2.4. Осылайша студенттер барлық белгіленген аялдамалардағы тапсырмаларды орындайды, содан кейін бір мезгілде емтихандарын бітіріп, олар аудиториядан шығып кетеді.
7.2.5. Бір-бірінен мағлұматтар ала алмауы үшін, 1-ші топ шығысымен аудиторияға келесі топ шақырылады.
7.2.6. Соңғы студенттер тобы аудиториядан шығысымен, әр аялдаманың емтихан қабылдаушысы әр студенттердің бағалау парағындағы баллды санайды, бағасын қойғаннан кейін баға қойылған парақ қағазды емтихан хатшысына тапсырады.
7.3. Емтиханды қорытындылау.
7.3.1. Хатшы әр бекеттен өткен студенттердің мәліметтерін арнайы құжаттарына енгізеді (қосымша – 6).
7.3.2. Студенттердің мәліметтері толық толтырылғаннан кейін, кафедра меңгерушісі арнайы құжаттарға тізімге байланысты шешім жасайды.
7.3.3. Емтихан қабылдаушылармен кафедра жетекшісі құжаттарға қолдарын қояды.
7.3.4. Хатшы «Емтихан қорытындылары» арнайы дайындалған бланкілерге жалпы орташа қорытынды балл мен бағаны қояды, студенттің өзіне жеке беруді қамтамасыз ету үшін конвертке «Емтихан қорытындысы» салып береді (қосымша – 7).
7.3.5. 1,2,3 орындарды иеленген студенттер жиналған баллдар бойынша марапатталады.
Ұсынылған әдебиеттер:
Каримов Х.Я., Рахат Атун, Джон Фуллер, Глинянова Л.М. Опыт организации и проведения объективного струетированного клинического экзамена при подготовке врачебных кадров (Центрально-Азиатский Научно-практический журнал. 2001 Vol. № 1, с.39-45).
Нагаева Т.К. OSKE-инновационный метод оценки знаний и умений (Учебное пособие- Бишкек, 2002-107 с.).
Муминов Т.А., Даулетбанова М.И. Инновационные технологии в образовательном процессе медицинских ВУЗов (Учебно-методическое пособие, Алматы 2003-144 стр.).
Қосымша 1