Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
География 12 кл ----- экзамен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

6.1 Деңгейлеу дескрипторлары

Негізгі деңгей дескрипторлары оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі.

Практика жүзінде оқушыға берілген деңгей оның бағалау тапсырмаларын қалай

орындалғанына байланысты болады.Оқушылардың емтихан жұмысының кейбір бөлімінде көрсеткен төмен нәтижесі басқа бөлімінде жоғары нәтиже көрсетуімен теңесуі мүмкін.

Деңгейлер

Деңгейлеу дескрипторлары

A деңгейі

Пән бойынша терең білімін көрсетті. Пән шеңберінде байланыстар туралы нақты ұсыныстары бар. Жеке тұлғаның әртүрлі қарым-қатынасын терең түсінеді, ол әлеуметті – экономикалық және физикалық ортаның байланысынан пайда болатынын түсінеді.

C деңгейі

Пән бойынша жақсы білімін және түсінігін көрсетті. Жеке тұлғаның әлеуметті-экономикалық және физикалық ортамен байланысынан туындайтын әртүрлі қарым-қатынасын зерделейді.

E деңгейі

Пән бойынша базалық білімін көрсетті, пән шеңберінде өзара байланыстар туралы қарапайым түсінігі бар. Әлеуметті – экономикалық және физикалық ортаның жеке тұлғамен өзара байланысын жеңіл түсінеді

7. Мысал сұрақтардың үлгісі

Әрбір сұрақтың соңында сол сұраққа қойылатын балл саны көрсетілген, мысалы [2].

Балды қоюдың кестесі бойынша әрбір сұрақтың жанына сол сұрақтың балы қойылады.

7.1 1-емтихан жұмысы : Сұрақтардың үлгісі

Өзен геоморфологиясы

1-суретте өзен аңғарының бойындағы жер бедерінің әртүрлі формалары көрсетілген

1-сурет

1. 1-суретте көрсетілген жергілікті жердің жер бедерін сипаттаңыз. [2]

2. 1-суретте өзен арнасының қандай бөлігі көрсетілгенін анықтаңыз. [1]

Өзіңіз атаған өзен бөлігін дәлелдейтін жауапта екі себебін жазыңыз. [4]

3 1-суретте көрсетілгендей А және В жер бедерін анықтаңыз. [2]

В орнында уақыт өтуіне байланысты жер бедерінің қандай түрі дамитынын атаңыз. [2]

4.Неліктен адамдар көбіне өзен алқабында тұрғанды ұнатады. Екі себебін көрсетіңіз. [4]

5. Өзеннің көлденең қимасын елестете отырып, қай жағалауда эрозияның қандай түрі болатынын атаңыз және толық сипаттаңыз. [5]

Метеорология

2-суретте Қазақстандағы жауын-шашын және ауа температурасының салыстырма

шамасы көрсетілген.Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып, климатограмма сызыңыздар:

ай

І

ІІ

ІІІ

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

температура

-20

-18

-8

2

10

18

25

22

15

6

-5

-12

Жауын-шашын

30

20

25

25

15

10

20

10

15

10

5

15

2-cурет

1. Қазақстанда орташа жауын-шашын мөлшерінің ең көп жауған айын көрсетіңіз. [1]

2. Қазақстанның жылдық ауа температурасының орташа мөлшерін анықтаңыз. [1]

Амплитуданы анықтап, орташа айлық температураның ең төмен айын көрсетіңіз. [1]

Жауын-шашынның жыл мезгілдеріне қарай құрылымын сипаттаңыз. [3]

3. Бұл климатограмманың Қазақстан климаты жайында толық

мағлұмат бермейтін себептерін көрсетіңіз және түсіндіріңіз. [4]

4. Осы екі элемент жергілікті аймақтың климатына қандай әсерін тигізетінін

көрсетіңіз. [4]

5. Екі элементтің көмегімен климаттың адам денсаулығына әсер ететінін түсіндіріңіз. [6]

Нақты түсіндіру үшін әрбір сұрақтың жанына балды қою схемасы жазылған, балл әрбір сұраққа жеке қойылады. Төменде өзеннің геоморфологиясы бойынша әрбір сұраққа жеке қойылған мысал көрсетілген.

7.2 1-емтихан жұмысы : Балды қою үлгісі

Өзен геоморфологиясы: балды қою үлгісі

1-cұрақ

1-суретте көрсетілген жер бедері туралы кез келген мағлұмат берілсе, 2 балл беріледі

(1 балл дұрыс пікірге және тағы 1 балл нақтылығына (аты, тұрған орны,биіктігі т.б.)

Дұрыс екі пікірдің әрбіреуіне 1 балдан беруге болады.

2-cұрақ

а) Өзен арнасының бөлігін дұрыс анықтады.

б) Бір балл әрбір негізгі себепке, екінші балл себепті дәлелдегені үшін беріледі.

3-cұрақ

а) 1 балл жер бедерін дұрыс анықтағаны үшін.

 б) 1 балл жер бедерін анықтағаны үшін, ал екінші балл жер бедерінің көрсетілген жермен байланысының дамуын дәлелдегені үшін.

4-cұрақ

Бір балл әрбір дұрыс себепке, егер сипаттама толық болса, онда тағы 1 балл беріледі.

5-cұрақ

Балл

Сипаттама

1-3

Жер бедерін атады. Осы процестің негізгі сипаттамасы бар. Осы процеспен және жер бедерінің даму процесінің арасындағы байланыс бар.

4-5

Жер бедерін атады. Процестің толық сипаттамасы бар. Рельефтің дамуымен процестердің нақты байланысы бар.

7.3 2-емтихан жұмысы : Сұрақтардың үлгісі

1-бөлім : 10 балдың сұрақтары

1-сұрақ

а. Қазақстан Республикасы халықаралық туризмнің даму орталығы бола алатынын көрсететін негізгі 3 себебін (дәлелін) көрсетіңіз. [6]

б. Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуына байланысты ішкі өнімнің жоғары

болуы мүмкін, оны дәлеледейтін 2 факторды көрсетіңіз. [4]

2-сұрақ

а. Қазақстандағы сыртқы көші-қонның негізгі 2 себебін көрсетіңіз. [4]

б. Қазақстанда халықаралық еңбек ресурстары көші-қонын қандай әдіспен реттейтіндігін түсіндіріңіз. [6]

2-бөлім : 15 балдың сұрақтары

1-сұрақ

"Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру салдарының жағымсыз жақтары "

Жаһандануда болуы мүмкін негізгі зардаптарды көрсету және бір немесе бірнеше шешу жолдарының жетістігін көрсету. [15]

2-сұрақ

"Жаһандану мәселелерінің бірі – демография, халық санының өсуі не төмендеуі, өмір сүру ұзақтығы жаһандану деңгейінде ғана шешіледі"

Жеке Жапония мемлекетін мысалға ала отырып осы мәселелердің қандай дәрежеде шешілетінін айтыңыз. Қосымша сұрақтарға жауап бере отырып, ойыңызды тұжырымдаңыз. [15]

Жапониядағы белгілі кезеңдердегі халық саны өзгеруінің мүмкін себептерін көрсететін сөйлемдерді оқыңдар. Сөйлемдерді рет санымен алып, графиктегі дұрыс жеріне орналастырыңдар.

  1. Әлем машиналары, кемелер мен үй шаруашылық электр бұйымдарының жартысынан көбі Жапонияда жасалған

  1. Өсіп келе жатқан жұмыссыздық адамдарды болашағына сенімсіз сезіндіреді

  1. Туу көрсеткіші өлім мен Жапониядан кеткен миграция көрсеткішіне тең

  1. Өлім көрсеткіші туу көрсеткіші мен Жапонияға келген миграция көрсеткішінен үлкен

  1. Қытаймен соғыс туу көрсеткішінде уақытша төмендеуді тудырады

  1. Мықты экономика жоғары туу көрсеткіші мен тұрақты өсімнің бірнеше онжылдығын ынталандырады

  1. Қазір әр жұмысшы үшін Жапонияда бір «тәуелді» (зейнеткер немесе нәресте)

  1. Кәсіпорындар үшін жас жапондық жұмыскерлерді жұмысқа алу мүмкін еместің қасы

  1. Үйлер мен пәтерлер бағасы барлық уақыт бойынан қымбат

  1. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң ‘бейби-бум’ болады

  1. Жапония халқының 37% 14 жастан төмен

  1. Көптеген әйелдер мансап қуу мен аз нәресте дүниеге әкелуді таңдауда

Төмендегі сөйлемдерді оқыңдар және барлық халық мәселелерін қызылмен және мүмкін шешімдерін жасылмен белгілеңдер.

Туу көрсеткішін көтеру

Жұмыс күшінің азаюы

Қарттарды салық арқылы қолдайтын жұмыс жасайтын адамдар жетіспеушілігі

Шетелдерден жұмысшыларды алу арқылы иммиграцияны өсіру

Әйелдерді көбірек сәби дүниеге әкелуге ынталандыру

Қарт адамдар саны артуы медициналық қызметтерге қажетті ақша өсуін білдіреді

Халықтың ауылдардан қалаға көшуі өсуде

Жұмыстың көпшілігі машиналар мен роботтармен жасалады

Әр аптада жұмыс уақытын азайту

Балаларға бала орындарының көбеюі

Қарттар үйіне көп ақшаның жұмсалуы

Әкелерге ұзағырақ әкелік демалыс алуға мүмкіндік беру

Бала өсіретін жанұяларға әлеуметтік жеңілдіктерді жақсарту

Туу көрсеткішінің төмендеуі

Компьютер инженерлігінде жұмыс жасайтын адамдар тапшылығы

Білікті жұмыс жасайтын оқыған жас адамдардың аздығы

Ел үшін көбірек нәресте

Жапониядағы іскерлік көшбасшылары мен кейбір саясаткерлер әйелдерді көбірек нәресте дүниеге әкелуге шақырады. Жақындағы баяндама Жапониядағы туу көрсеткіші барлық уақыт кезіндегі ең төменгі көрсеткішке жеткендігін көрсетеді – әйел басына шаққанды тек 1.25 сәби, ал халық санын тұрақты сақтау үшін 2.1 керек.

Ондай болса Жапониядағы үлкен компаниялар иелері неге сонша қобалжуда? Олар қарапайым математика дейді. Әр жыл сайын өлетін адамдардың орнын толықтыратын сәби саны жеткіліксіз болып туған соң, Жапония халқы келесі қырық жыл ішінде 25 миллионға азаяды деп болжануда. 2050-жылға қарай Жапония халқының тек 15% ғана 19 жастан төмен болады, ал сол уақыттағы зейнеттегі адамдар 37% құрайды. Нәтижесі ретінде, Жапон өндірісі иелері – Ұлыбританиядағы аттары Sony, Toyota және Canon, жуырда Жапон өндірісін сақтап тұратын жас жұмысшылардың жеткіліксіз болу қауіпінен қорқады.

Бұл АҚШ-тан кейінгі әлемнің екінші үлкен экономикасы болған және әр жыл сайын онда өндірілген өнімдер (кемелер, машиналар, камералар мен компьютерлер сияқты) миллиондаған адамдарға сатылатындығымен мақтанатын елге өте қиын мәселе тудыра алады. Зейнеткерлікке шығатын қарт жұмысшыларды алмастыратын жас білікті жұмыс күшінің жеткіліксіздігі Жапония индустриалды құрылымын мәңгіге өзгерте алады.

Үкімет әйелдер көп нәресте дүниеге әкелуге ынталандырылса мұның алдын алуға болатындығына сенімді. Алайда үлкен сұрақ әлі де бар – Бұған қол жеткізудің ең тиімді жолы қандай?

Жапон үкіметі әйелдерді көп нәресте дүниеге әкелуге қалай ынталандыра алады?

____________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________

7.4 2-емтихан жұмысы : Балды қою үлгісі

Барлық сұрақтар үшін балды қою кестесі жанында жазылады және әрбір сұрақ үшін балл қоюдың нақты нұсқауы көрсетілген. Төменде 1-бөлімнің 1-сұрағы мысал ретінде берілген.

Бөлім

a

Әрбір пікірді жеткізгені үшін 2 балға дейін беріледі; 3 пікірге дейін есептеледі

(1 балл – жалпы тұжырымдамаға және 2 балл - берілген тұжырымдаманы дұрыс қолдануына)

b

Әрбір мәселе үшін 2 балға дейін беріледі (1 балл – жалпы сипаттағаны үшін және 2 балл – мәселені толық сипаттағаны үшін)

2-бөлім бойынша барлық сұраққа толық жауап болуы керек . Оқушының нәтижесі балды қою кестесінде баға қою үшін бес деңгейге бөліп үлестіріледі. Осы деңгейдегі тапсырмалардың түрлері мен бағалаудың міндеттері өзара тәуелді, сондықтан оларды жекелеп қарастыру мүмкін емес. 3.2 тарауында көрсетілгендей барлық жауаптарды бағалау біртұтас болады және осы сұрақтарға балды бөлу ескеріледі.

Балды қою кестесіндегі жауаптар мен дескрипторға қарап, қойылатын бағаны шешеді. Эксперттер – емтихан алушылар қандай топ жауаптарды жақсы жазғанын анықтайды.Барлық дескрипторлар үшін, осы топтағы жауаптардың барлығының орындалуы міндетті емес. Осыдан кейін, жауап топтың ортасында тұрады және топтың орта бағасын береді немесе ол топтың жоғарғы не төменгі бөлігінде болу керек пе деп эксперттер шешім қабылдайды.Топ пен бағаны осындай әдіспен берген «ең дұрысы» болып есептеледі.

2-бөлімнің 1-сұрағына келтірілген мысал.

13 – 15 балл

Жаһанданудың зардаптарына жан-жақты сипаттама және нақты мысалдар мен орнына сілтемелер берілген.

Бұл қауіпсіздікті нығайту және мәселелердің шешімдерін үйлестіруге, сонымен қатар мүмкіндігінше нақты басымдылықтар кіргізілген.

Жауабы анық және нақты, мұқият ақпараттандырылған, жан-жақты білімі себептерін анықтап, дәлеледеп, шешім қабылдауға мүмкіндік берген.

Келтірілген қорытындылары айқын және түсінікті.

10 – 12 балл

Сілтемелер жаһанданудың әсерінен болған зардаптарға жасалған және сілтемелер нақты мысалдар мен орнындары берілуі мүмкін.

Бұл мәселелердің шешімдерін үйлестіруге, сонымен қатар өзіне басымдылыққа ие болуға әкеледі.

Жауабы анық, жақсы ақпараттандырылған және мағлұматтар бар, зардаптарына және шешу жолдары мен себептері біршама нақтыланған және біршама дәлелденген.

Жалпы жауаптары түсінікті, бірақ кейбір сұрақтары басқа сұрақтармен салыстырғанда айқындалмаған.

7 – 9 балл

Кейбір сілтемелер жаһанданудың әсеріне ғана берілген. Мәселелер туралы кейбір деректерді дәлелдеген, сонымен қатар өзіне бірнеше болатын басымдылықты кіргізген, бірақ ол айқын анықталмаған.

Жауаптары әрқашан түсінікті емес, мәліметті және оның әсері туралы мағлұматты, сонымен қатар шешімнің сәтті болуын толық көрсете алмаған.

Жалпы жауабы түсінікті.

4 – 6 балл

Шектеулі сілтемелер жаһанданудың әсеріне ғана берілген.

Бұл - әсері үшін толық дәлелдеме болуы мүмкін емес және өзіне белгісіз басымдылықты кіргізген.

Жауабы анық емес, мәліметті және оның әсері туралы мағлұматты, сонымен қатар шешімнің сәтті болуын толық көрсете алмаған. Дәлеледер жетіспейді.

Жауапта жалпы жүйелік және келісімдік жетіспейді.

1 – 3 балл

Жаһанданудың әсеріне сілтемелер өте аз немесе мүлдем берілмеген.Дәлелдер өте аз немесе мүлдем жоқ, сұрақтың мазмұны қаралмаған.

Жауап өте түсініксіз, салдары мен шешу жолдары туралы түсінігін немесе білімін көрсете алмады.

Жауабының құрылымы немесе келісімділігі болмады, сұраққа кейбір сілтемелер шамалы болды.

7.5 3-емтихан жұмысы : Сұрақтардың үлгісі

1-сұрақ

Биіктік жоғарылаған сайын температураның өзгеруін көру үшін оқушылар бірнеше практикалық жұмыс жасады

Жерден жоғарылаған сайынғы биіктік (м)

Ауа температурасы

(°C)

Ауа қысымы

(мм)

0

+30

760

50

100

300

350

400

1000

2000

  1. (a) Биіктік бойынша ауа температурасы мен қысымның мәндерін тауып, диаграмма түрінде көрсетіңіз [3]

(b) Алынған диаграмма бойынша сипаттама жазыңыз [6]

(c) Байқаудың қорытындысымен сол жердегі нақты ауа-райына нақты талдау жасай алмаймыз, сондықтан тағы да ауа-райы үшін басқа шаманы көрсетіп дәлелдеңіз. [4]

(d) Ауа-райына нақты тіркеулер жасау үшін метеорологтар қандай екі әдісті

орындағанын сипаттаңыз. [4]

(e) Ауа- райы туралы нақты деректерді қабылдаудың маңыздылығы неде [3]

екенін түсіндіріңіз.

2-сұрақ

Графикте берілген деректерге қарап, сұрақтарға жауап беріңіз

Казақстан-2015

Ерлер

Әйелдер

Халық (мың адам)

Халық (мың адам)

Жас ерекшелігі

2-cурет

(a) 2-суреттегі графиктің түрін атаңыз [1]

(b) Келесі мәліметтерді пайдаланып графикті толтырыңыз [2]

Жасы

Ерлер (мың адам)

Әйелдер (мың адам)

10-14

639

610

70-74

106

179

(c) Халықтың жас ерекшеліктеріне қарап, әйелдердің ең көбі қай жастағылар екенін көрсетіңіз [1]

(d) 10-14 жастағы ерлер мен әйелдердің саны жағынан айырмашылығын есептеңіз. [1]

(e) 2015 жылы график қлай өзгеретініне болжам жасаңыз. [3]

(f) Алдағы уақытта графиктің формасының өзгеруіне әсер ететін 2 факторды атаңыз және графикте көрсеткен зардаптың түрлерін түсіндіріңіз. [6]

(g) Осындай мәліметтер, халық туралы нақты мәлімет бола алмайтынының

екі себебін көрсетіңіз. [6]

7.6 3-емтихан жұмысы : Балды қою үлгісі

Әрбір сұраққа балдың қойылуы туралы нақты нұсқаулығы берілді. 2-cұрақ мысал ретінде келтірілді.

2a Халық пирамидасы [1 балл]

2b 1 балл жас ерекшелігіне қарай әрбір жұп барын дұрыс қойғаны үшін. Егер бір бар жұп бойынша дұрыс қойылмаса, онда балл берілмейді.

2c 0-4 жас [1 балл]

2d 29 мыңнан астам ерлер [1 балл]

2e 1 балл әрбір пункті сипаттап жазғаны үшін қосымша балмен қоса беріледі , пункті толық сипаттап жазған жағдайда ғана ( максимум 3 балл).

2f Әрбір аталған мүмкін болатын ықпалға 1 балл, түсіндіргені үшін қосымша 2 балл қоса беріледі. Ықпалдың графиктің формасына әсерін түсіндіруі керек.

2g 1 балл әрбір себепке, себептің нақты мәлімет емес себебін түсіндіргені үшін қосымша

2 балл қоса беріледі.

2