
- •1. Мақсаты
- •1.1 Халықаралық стандарттармен байланысы
- •1.1Зияткерлік мектептердегі оқу бағдарламасымен байланысы
- •1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (кбкм)
- •2. Бағалауға шолу
- •2.1 Бағалаудың міндеттері
- •3. Емтихан жұмысының сипаттамасы
- •3.4 Балдарды бөлу
- •3.5 Бағалау тілі
- •4. Емтихан өткізу процесін басқару
- •6. Бағаларды қою процесі
- •6.1 Деңгейлеу дескрипторлары
- •7. Мысал сұрақтардың үлгісі
3.4 Балдарды бөлу
Әрбір тапсырманың және жалпы бағалау балдарының бөлінуі төменгі кестеде көрсетілген:
|
1-тапсырма |
2-тапсырма |
3-тапсырма |
НӘТИЖЕ |
||
Бөлім 1 |
Бөлім 2 |
Балдың жалпы саны |
||||
БМ1
|
16 |
35 |
6 |
41 |
6 |
63 |
БМ2
|
56 |
15 |
9 |
24 |
20 |
100 |
БМ3
|
8 |
0 |
15 |
15 |
14 |
37 |
Балдың жалпы саны |
80 |
50 |
30 |
80 |
40 |
200 |
12-сынып оқушылары үшін БМ2 дағдылар ең маңызды болып есептеледі, себебі географияны оқытуда осы деңгей Зияткерлік мектептерінің мақсатына сай келеді. БМ2 талдау дағдысы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына, контекстің бағалауына мүмкіндік береді.
3.5 Бағалау тілі
Бағалау тілі - қазақ тілі.
4. Емтихан өткізу процесін басқару
Бағалау материалдардың қауіпсіздік шаралары мен емтихан өткізу тәртібін қатаң түрде сақтай отырып және бағалаудың әділдігін көрсете отырып жүргізілу керек. Зияткерлік мектептерде емтихан өткізуге арналған Нұсқаулық жазылып шығарылады. Ол төмендегілерді қамтиды:
емтихан материалдары және олардың қауіпсіздігі
әкімшіліктің және кезекшілер мен мұғалімдердің міндеттері
емтихан өткізуге арналған материалдар мен аудиторияларды дайындау
жазбаша, ауызша және практикалық емтихандарды өткізу үшін сәйкес келетін кабинеттерді дайындау
курстық жұмыстарды тіркеуге арналған шаралардың сипаттамасы
курстық жұмыстарды модерациялау және реттеу шараларының сипаттамасы
емтихан тапсырушыларға бақылау жасау шараларының сипаттамасы
балл қоюға арналған материалдармен қоса емтиханнан кейінгі шаралардың сипаттамасы.
Берілген Нұсқаулық барлық оқушылар, кезекшілер және менеджерлер емтиханның әділ, ұйымшыл өтуіне көз жеткізе алатындай болып, барлық мектептерде емтихандардың бір қалыпта, стандартталған тәртіпте өтуіне кепілдік береді.
5. Балдарды қою
Балл қою кестесі сұрақ кітапшаларымен қатар құрастырылады.
Барлық емтихан алушылар стандарттау процесінде белгіленген балдарды қою схемасының бірдей нұсқасын пайдаланады.
Бағалаудың объективтілігі мен балл қою кестесінің дұрыс қолданылғанын қамтамасыз ету мақсатында емтихан алушының тексерген жұмыстарын Кембридж халықаралық емтихан кеңесінің экспертімен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының бас емтихан алушысының үйлестіруімен қайта тексеріледі
6. Бағаларды қою процесі
Әрбір оқытылған пәннің бағалау қорытындысы баға түрінде ұсынылады. Мынадай бағалар қойылады: A*, A, B, C, D және E, мұндағы A* ең жоғарғы баға, ал Е-ең төменгі оқу жетістігі.
Баға U (‘қанағаттанарлықсыз’) сынақ тапсырылған жоқ дегенді білдіреді.
Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі әр емтихан жұмыстары үшін емес, емтихан жұмыстарының санына қарай бөлінген барлық жұмыстардың (белгіленген спецификацияға сәйкес қойылған) жалпы балынан есептеп шығарылады.
Тест спецификациясында белгіленген негізгі деңгейлер А, С және Е болып табылады, оларға дескриптор қоса беріледі.
Деңгейлік бағалаудың шегін белгілеу процесі күрделі әрі көп жұмысты қажет етеді, сондықтан өтпелі балды Біліктілік ұйымы анықтайды. В және D деңгейлері үшін өтпелі балл нәтижелерді статистикалық өңдеу процесінде белгіленеді.
A*, A, B, C, D және E деңгейлері қорытынды бағаны қою үшін балға айналдырылады.