
- •1. Мақсаты
- •1.1 Халықаралық стандарттармен байланысы
- •1.1Зияткерлік мектептердегі оқу бағдарламасымен байланысы
- •1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (кбкм)
- •2. Бағалауға шолу
- •2.1 Бағалаудың міндеттері
- •3. Емтихан жұмысының сипаттамасы
- •3.4 Балдарды бөлу
- •3.5 Бағалау тілі
- •4. Емтихан өткізу процесін басқару
- •6. Бағаларды қою процесі
- •6.1 Деңгейлеу дескрипторлары
- •7. Мысал сұрақтардың үлгісі
«НАЗАРБАЕВ
ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»
ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы
География пәнінің
тест спецификациясы
12 КЛАСС
АСТАНА 2013
Мазмұны
1.1 Халықаралық стандарттармен байланысы 3
1.1 Зияткерлік мектептердегі оқу бағдарламасымен байланысы 3
1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (КБКМ) 3
2. Бағалауға шолу 4
2.1 Бағалаудың міндеттері 5
3. Емтихан жұмысының сипаттамасы 6
3.1 1-емтихан жұмысы 6
3.2 2-емтихан жұмысы 6
3.3 3-емтихан жұмысы (географиялық зерттеулер дағдысы) 7
3.4 Балдарды бөлу 8
3.5 Бағалау тілі 8
4. Емтихан өткізу процесін басқару 8
6.1 Деңгейлеу дескрипторлары 9
7.3 2-емтихан жұмысы : Сұрақтардың үлгісі 13
7.6 3-емтихан жұмысы : Балды қою үлгісі 20
1. Мақсаты
Бағалаудың мақсаты - оқушылардың оқу процесінде алған білімі мен білігін анықтау. Емтихандар оқушылардың жоғарғы деңгейдегі мәселелерді аналитикалық тұрғыдан шешу үшін 21 ғасырдың жаһандану жағдайындағы пәндік дағдыларды қолдану мүмкіндіктерін дәлелдейді.
1.1 Халықаралық стандарттармен байланысы
Бағалау халықаралық стандарттармен салыстырыла отырып дайындалды. 12-сыныптағы география пәнінің бағалауы Cambridge International AS Level халықаралық деңгейіне сәйкес келеді.
1.1Зияткерлік мектептердегі оқу бағдарламасымен байланысы
12-сынып оқушыларының жиынтық бағалауы география пәні бойынша 11-12 сыныптағы оқу бағдарламасының мазмұнын бағалайды және осы бағдарлама төңірегіндегі оқу нәтижелерімен анықталады.
1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (кбкм)
Сыртқы жиынтық бағалау Критериалды Бағалаудың Кіріктірілген моделінің бір бөлігі болып табылады, сонымен бірге оған қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.
Бағалаудың міндеттері география пәнінің Оқу бағдарламасы мен Оқу жоспары мазмұнын және осы құжаттардағы оқу мақсаттарын қамтиды. Қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау оқу мақсаттарына негізделгенімен, оқушылардың білігін біршама басқа формада тексереді.
2. Бағалауға шолу
Барлық оқушылар үш тапсырма орындайды.
1-тапсырма |
90 минут |
Оқушылар өз таңдауымен 6 сұрақтың 4-не жауап береді. Cұрақтардың күрделілігі әртүрлі деңгейде. Кейбір сұрақтар база ресурсынан алынған, оқушылардың әртүрлі формада, мысалы: график, кесте,фотолар, карта және мәтін түрінде берілген жауаптары бағаланады.Спецификацияда көрсетілгендей географиялық тақырыптар бойынша оқушылардың білімі және түсінуі тексеріледі.
|
|
Жалпы балл санынан 40% |
|
2-тапсырма |
90 минут |
Барлық жеті сұраққа міндетті түрде жауап беру керек.Берілген тапсырмада географиядан тақырыптар бойынша білімін көрсеткені үшін балдар қойылады.Берілген сұраққа жазбаша жауаптары толық болу керек.Оқушылардың білімі және түсінуі тексеріледі, сонымен қатар география пәні бойынша сұрақтарға жауап бере алу қабілеті бағаланады.
|
|
Жалпы балл санынан 40% |
|
3-тапсырма |
40 минут |
Оқушылар үш сұрақтың кез келген 2 сұрағына жауап береді. Сұрақтар осы пән бойынша оқу бағдарламасының аясындағы кез келген жеті тақырыпқа негізделген. Берілген сұрақ оқу бағдарламасына қатысты оқушылардан зерттеулер жүргізу үшін географқа қажет дағды және тәсілдерді көрсетуін талап етеді (оқу бағдарламасындағы тақырыптарға сәйкес мәліметтерді жоспарлау, өткізу, ұсыну және оларға талдау жасау).
|
|
Жалпы балл санынан 20% |
2.1 Бағалаудың міндеттері
БМ1 |
Білім мен түсінуі Оқушылар:
. елді мекеннің демографиялық және физикалық ерекшелігінің аясында географиялық құрылымның маңыздылығын практикалық біліммен көрсетеді (географиялық орнын анықтау, теория және үлгі арқылы)
|
БМ 2 |
Дағды мен талдау Оқушылар:
|
БМ 3 |
Пікірлесу және шешім қабылдау Оқушылар:
|