
- •2014 Жылдың № хаттама «Балдәурен» росо рмқк әдістемелік кеңестің шешімімен басылып шығарылады.
- •Мазмұны
- •Тәрбие басы - тіл
- •Абай Құнанбаев туралы өмірбаян
- •« Тізбек сөздер» ойыны.
- •« Ақ сандық, көк сандық» ойыны
- •« Кім жүйрік?» ойыны
- •«Жалмауыз кемпір» ойыны
- •« Аққу-қаздар» ойыны
- •Қазақ ертегілеріне саяхат
- •Ұйымдастырушы – ұстаз қоржынына Решение сложных педагогических ситуаций
- •Младший возраст
- •Средний возраст
- •Необходимыми условиями успешного выхода из кризиса будут:
- •«Балдәурен және Жайдарман» ойындары Қазіргі квн (ктк) ойыны
- •Капустник:
- •Сәлемдесу:
- •Үй тапсырмасы мен әуенді сайыс:
- •Жамбы ату (биатлон) және бес жаңалық:
- •Алтыншы бөлім
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
«Балдәурен және Жайдарман» ойындары Қазіргі квн (ктк) ойыны
«Жайдарман» - көңілді тапқырлардың клубы. Ел бойынша 300 мың әзілкеш жастың басын қосқан бұл ойын тек көтеріңкі көңіл күй сыйлап қоймай, астарлы әзілмен қоғам дамуындағы мәселелерді ашуға ұмтылады.
КІРІСПЕ
КВН… Жай ғана үш әріптің қосындысы қаншама ұғым береді. Осы сөздің астарында қарапайым көрермен бірдей, әдемі киінген жастарды, әзілқой жастарды, олардың қызыққа толы өмірін көз алдына елестетеді. Үнемі болатын гастрольдер, өнеріне тәнті болып қол соққан көрермен, жеңістің тәтті қызықтары, командалық қана емес, жанұялық қарым-қатынас орнаған топтар… Барлығы, барлығы КВН-нің ас үйіне бас сұғып көрмеген шақша бас пенде үшін өте қызық, таңсық нәрсе. Әдетте патша көңіл көрермен тек жеңімпаздарды байқайды. Барлық қошемет пен құрмет тек солар үшін. Барлығы тек солардың әзілдері мен көріністерін ауыздарының суы құрып айтады. Соларды мақтайды, жеңімпаздарға жақын жүргісі келеді. Ал жеңілген команда осы уақытқа дейін болмаған сияқты көлеңкеде қала береді. Ұнжырғасы түскен олар асай-мүсейлерін жылдам жинап алып, сайыс алаңынан тездетіп тайып тұруға тырысады. Тіпті олардың ең көңіл қимас жанкүйерлерінің өзі жеңімпаздардың шашбауын көтеріп кететін кездері аз емес. Қысқасы осы шағын ғана кітапша жеңілістің бір рет болса ащы дәмін татып көрген, бірақ болашақта бағы жанып «әзілдің жұлдызы» атанарына сенімді жасөспірімдерге арналады!
БІРІНШІ БӨЛІМ
КВН деген не? Бұл сұраққа бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Кез-келген көзі ашық адамға осы сұрақты қойсаң «КВН деген ең алдымен әзіл-қалжың!» деп жауап береді. Енді бір жақынырақ жүргендері «Жоқ, КВН деген осы әзілдерді ойлап тауып қана қоймай, оны сахнада көрерменге жеткізе білу!» деген қарсы дау айтады. Осы өнердің бір пұшпағын илеп жүрген жастар болса ойланбастан «КВН деген өмір!» деп кеуделерін қағады. Ең қызығы сол, осы қағидаларды айтқандардың қайсысы болсын қателеспейді. Рас, КВН деген әзіл жазып, оны әртістік қабілетімен көрерменге жеткізуді ұстанған өмір салты. Ол жас таңдамайды. Тілі енді шыққан баладан, үйдегі оразасын ұстап, таяғына сүйеніп жүрген ата-әжеңді де жатырқамайды. Бірақ, құрметті жеңіске деген ынтасы зор жас өнерпаз, есіңде сақтайтын ең бірінші қағида: КВН – ең алдымен ЕҢБЕК! Еңбектің жеңбейтіні жоқ екенін тағы да мыжып саған несіне айтайын, әйтеуір бір рет болған сәтсіздікке ұнжырғаңды түсірмей, қорытынды шығарып, табандылық таныта білсең сенің де жұлдызың жанар күн туар.
КВН деген танымал болу, өнер дәмін сезіну, және қайталап айтайын бұл өмір салты. Бірақ аппақ тастың қап-қара көлеңкесі болатын сияқты бұл салттың да өз жағымсыз жақтары бар. КВН деген мақтаныш пен мәртебемен қатар ұйқының қанбауы мен уақыттың жетпеуі. КВН деген жанұяңнан үнемі жырақта жүру. Сүйген қызыңмен немесе жігітіңмен кездесуден бас тартып, жүрегіңнің қалауын ренжітіп дайындыққа кету. Тапсырылмаған емтихандар, алынбаған сынақтар үшін ата-анаң мен ұстаздарыңның реніші. Басқа қалаға барғанда қаржы жетпей ашқұрсақ жүру, қысылысып тар пәтерде өткен түндер… Міне КВН сен үшін қандай сындар дайындап тұр! Қорқып кеттің бе? Онда ары қарай оқымай-ақ, кімді жек көресің, кім сенің дұшпаның, кімде ала алмай жүрген өшің бар, соған осы кітапшаны ұстат. Жоқ мен дайынмын, еш қиындықтан қорықпай өнердің шыңына жетуге ерік-жігерім жетеді десең ары қарай кеттік!
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Сонымен КВН ойнауға, атақты КВНші болуға бел буған екенбіз, алдыда бізді не күтіп тұр, соған жауап іздейік. Өздерің көріп, біліп жүрсіңдер, КВН бірнеше сайыстардан тұрады. Олар атауларына байланысты өз шарттары бар немесе шарттарына байланысты жеке атау қойылған. Бірақ сол сайыстарда бақ сынап, сахнаға қол жеткізгенше біраз дайындық жүргізуге тура келеді. Әрине еш дайындықсыз шықсаң да алғаш келгенде ешкім қуып жібермес. Бірақ біздің «жұлдыз» болғымыз келеді емес пе? Ендеше дайындықты тыңғылықты жүргізейік. Ең алдымен команданың СТИЛІНанықтап алған жөн. Яғни сен құрып отырған топ қандай бағыттағы әзілдерге иек сүйемек, анықтап алайық. Түсініктірек болу үшін бірнеше мысал: Шымкенттік «АЭСА» және Құлсарылық «Құлсары құрамасы» командаларын білесің. Билегенде көз ілеспейді, ән айтқанда да қара жаяу қалып қоймайды. Басқа топтардан бірден ерекшеленіп тұрады. Енді олардың ойындарын тағы бір қарап шық. Әдемі би мен бізден артық, тамаша қалыпта орындайтын дене қимылдарына сай әзілдер дайындалады. Қарағандылық «Ұлдар емес» командасы үнемі жігіттер тақырыбына әзіл жазады. Олардың көрермендері қыздар. Қызылорданың «Қызықордасы» бір фронтменге, яғни жеке адамның ыңғайына қарай әзілдер дайындайды. Әзілдері парадокс түрінде, күтпеген түйінмен (фишка) аяқталғандықтан әсері өте жоғары. Ал біз, «Көзілдірік», әртістік қабілетіміз аз, ән айтуға дауысымыз келмегендіктен негізгі күшті мәтінмен (текстовка) айтылатын әзілдерге салып, астарлы қалжың айтуға тырысамыз. Енді сен де құрғалы отырған, құрып қойған командаңның қолынан не келетіні жайлы ойланып көр. Ең бастысы басқалардан ерекшелену керек! Көптің ортасында жоғалып кетпей, жарқ ете қалар бір ерекшелігің болса ойын тағдырын сол ғана шешіп кетуі ғажап емес. Команда стилін анықтаған соң БІРЫҢҒАЙ КИІМ (ФОРМА) таңдалады. Ол сенің стиліңе сәйкес, билейтін болсаң бөгет жасамайтын, астарлы әзіл айтсаң жеңілтек қылып көрсетпейтін болуы шарт. Қалтаң мен таңдауың қалай, соған байланысты киінулеріңе болады. Қазір, Құдайға шүкір, базар деген жетеді.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Енді бізді қандай сайыс түрлері күтіп тұр, сол туралы бір ауыз сөз айта кетейік. Сайыс түрлері көп, тіпті кейбір жағдайларда ұйымдастырушылар өз қиялынан туған сайыстарды да қосып жатады. Бірақ жиі қолданатын, телевизиялық лигада ойнайтын болсаң сопаң етіп алдыңнан шығатын сайыстың түрлеріне тоқталайық. Ары қарай түсінікті болуы үшін жеке-жеке: