Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 8 смены 2014 года.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.74 Mб
Скачать

62

«БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

ҒЫЛЫМИ – ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-ҰСТАЗДАРҒА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

2014 жылғы 8 ауысым

«Бабалар тілі – қасиетті мұрам!»

қазақ тілі білгірлерінің Халықаралық сессиясы

Балдәурен - 2014

2014 Жылдың № хаттама «Балдәурен» росо рмқк әдістемелік кеңестің шешімімен басылып шығарылады.

Автор – шығарушы:

Хафиз Ө.М – ҒӘБ әдіскері

2014 жылғы 8 ауысым «Бабалар тілі – қасиетті мұрам!» қазақ тілі білгірлерінің Халықаралық сессиясы.

Ұйымдастырушы-ұстаздарға арналған әдістемелік материалдар жинағы. – Щучинск: «Балдәурен», 52 бет, 2014 ж.

Берілген әдістемелік нұсқаулық балалар демалысын ұйымдастырушылар мен ауысымды жүргізу үшін педагогикалық қызметкерлерге арналады.

Хабарлаусыз.

Хафиз Ө.М 2014 ж.

Мазмұны

  1. Ауысымның тұжырымдамасы..........................................4

  2. Ұлылардан ұлағат...............................................................6

  3. Тәрбие басы – тіл................................................................8

  4. Абай Құнанбаев туралы өмірбаян....................................11

  5. «Кел, ойнайық, бәріміз!»...................................................18

  6. ҚР рәміздері........................................................................25

  7. Қазақ ертегілеріне саяхат...............................................39

  8. Ұйымдастырушы-ұстаз қоржынына............................40

  9. «Балдәурен және Жайдарман» ойындары КВН...........45

  10. Немного о психологии......................................................54

  11. Атаулы күндердің күнтізбесі..........................................58

  12. Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................59

  13. Ескеру.................................................................................60

2014 жылғы

«Бабалар тілі – қасиетті мұрам!»

қазақ тілі білгірлерінің Халықаралық сессиясы

8 ауысымының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы » деген болатын.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да...» деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ардақты туған жерде тұратын қазақтарға ғана емес, сонымен қатар құрлық асып, шетелдерде тұратын қандастарымызға айтылған тілегі деп ұғамыз. Олай болса, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және шетелдерде тұратын отандастарымызға қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Бабалар тілі – қасиетті мұрам!» қазақ тілі білгірлерінің Халықаралық сессиясы ауысымы дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.

Ауысымға жас ақындар, мәнерлеп оқу, суретшілер, қазақ тілі олимпиадасының облыстық, қалалық, аудандық жеңімпаздары қатысады.

Сессияның негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдерді, туған тілін құрметтеуге, өз ұлтын, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сүюге, сақтауға, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Сессияның міндеттері:

  • өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді құрметтеуге шақыру;

- балалар мен жасөспірімдердің бойына елжандылық қасиетті қалыптастыру;

- туған жерге, ана тілге, өз халқының тарихы мен салт – дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

Мұхтар Әуезов

Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі - сондай тіл.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Мен үш нәрседен қорқамын:

  • Бірінші, өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан;

  • Екінші, немересіне ертегі айтып бере алмаған ата мен әжеден;

  • Үшінші, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын.

Б.Момышұлы

... Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей

ұлдары ғана аяққа басады.

Ғ.Мүсірепов

... Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр.

М.Жұмабаев

Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал.

Қазақ мақалы

Тіл - жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл - шатасқан тіл. Ол ел - сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең - ол күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу - бұл сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру - зор қате.

Х.Досмұхамедов

Жалынды сөз - жалынды жүректен шығады...

Ж. Аймауытов

Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды

М.Әуезов

Халықтың мәңгілік ғұмыры - оның тілінде. Әрбір тіл - өзінің халқы үшін ұлы.

Ш.Айтматов

Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек

П.Рязенский