
2.1.Пьезометриялық сызықтарды тұрғызу есептері.
Берілген бос қысымның көлеміне байланысты және әрбір құбырдың учаскелері үшін есептелінген жоғалу қысымының мәндерін пайдалана отырып барлық түйінді жерлері мен су құбырының соңғы орналасқан жерлеріне дейін және қысымды су мұнарасының орналасқан жеріне дейін пьезометриялық қысымды анықтаймыз. Есептеулерді су мұнарасынан ең алыс орналасқан және жоғары орналасқан нүктелерден бастаған жөн.
2-4 участкелері су мұнарасынан ең алыс орналасқан және жоғары орналасқан. Ең жоғарғы су көлемі және ең көп гидравликалық кедергілер 2-3 участкесінде болып есептелінеді.
Нүктедегі пьезометриялық қысымды мына теңдікпен анықтаймыз:
Vn3=V3+V2-4+һсв ,
Мұнда Vn3 – нүктедегі пьезометриялық қысым;
V3 – жоғарғы деңгей белгілері;
V2-4–2-4 участкесіндегі қысым;
һсв – нүктедегі бос қысым.
Ең алдымен өткізгіш құбырдың әрбір нүктесі үшін биіктік белгілерін белгілейміз. Ең төменгі нүкте үшін бос қысым 10 м екені белгілі, ал әрбір келесі қабаттары үшін 4м-ден қосып отырамыз.
Пьезометриялық сызық тұрғызу:
Нб=10+4(n-1)=10+4(1-1)=14 м
Нб=14 м өрт сөндіру үшін.
Пьезометриялық биіктік:
а)Пдт=П2=14+114=128м
б)Пдт=П2=10+114=124м
а)П3=128+2,75=130,7м
П4=130,75+6,05=136,8м
П1=136,8+4,51=141,31м
б)П3=124+1,32=125,32м
П4=125,32+6,05=131,37м
П1=131,37+3,338=134,7м
Hсві=Пі– ζ
Hсв1=14,32-142=1,32м
Hсв2=140,231-140=10,231м
Hсв3=140,484-144= 104,84м
Hсв4=14458,3-144=10,583м
Hсв5=148-138=10
5-кесте. Пьезометриялық сызықтарының көрсеткіші.
Магистраль Нүктесі |
Учаскелер |
Жоғарғы деңгей белгілері, м |
Қысымның жоғалу көлемі, м |
Нүктедегі пьезометрия- лық қысым, м |
Нүктедегі бос қысым, м |
1 2 3 4
|
1-2 2-3 3-4 4-5 |
118 114 112 112 |
4,1 2,5 0,3 5,5 |
141,31 128 130,75 136,8 |
1,32 10,231 104,84 10,583 |
Пьезометриялық қысымдарды көрсете отырып мұнарадан ең соңғы төменгі нүктеге дейінгі 2 суретте көрсетілгендей графикалық бойлық профильі салынады.
2.2Қысымды су мұнарасының сыйымдылығын анықтау.
Қысымды мұнараның багының сыйымдылығы тұрғылықты жердің суды тұтынуының, көлеміне суды тұтыну сипатымен насосты станциясының жұмыс жасауына байланысты. Бактың жалпы пайдалы сыйымдылығы насосты станциясының үзіліс және ең жоғарғы суды тұтыну сағаттарындағы суды беруіне сонымен бірге өрт сөндіру қабілеттеріне байланысты анықталады.
Қысымды су багының реттеуші көлемі төмендегідей анықталады:
1)судың шығыны мен сорғылардың су беру кестесі бойынша;
2)суды тұтынуымен сорғылардың сатылы графигі бойынша су беруі арқылы;
3)шығынның интегралды графигі бойынша және мұнараға су берілуі арқылы.
Суды тұтыну сатылы графигін құру үшін 2 суретте көлденең осі бойынша тәулік сағаттарын, содан 24 сағатқа дейін, ал тігінен тәуліктік шығынның сол сағаттардағы суды пайдалану және пайыз өлшемімен және насостармен су берілуін көрсетеді.
Егер сорғылар тәулік сағатына тәуліктік шығынның 100%/24=4,17% пайызын бере отырып бірқалыпты жұмыс істеген жағдайда, су көлемін aa’bb’ тікбұрышы ретінде көрсетуге болады. Сағаттық берілу a’b’ сызығы ретінде бейнеленеді.
(a’b’) сызығынан төмен штрихталған аудандар желіден алынған су көлемінен салыстырғандағы сорғымен берілген артық су мөлшерін көрсетеді, ал a’b’ сызығынан жоғарғы штрихталған аудандары сорғымен берілген су көлеміне қарсы желіден алынған артық су көлемдерін көрсетеді.
Қысымды су мұнарасының көлемін анықтаймыз. Ол үшін 6-кестеде судың сағаттық шығындарының мәндері келтірілген ауыл мекендері үшін берілген тәуліктік шығындарына қарасты пайызбен.
Тәулік сағаттары |
Су шығы- ны, % |
Тәулік сағаттары |
Су шығы- ны, % |
Тәулік сағаттары |
Су шығы- ны, % |
0-1 |
0,75 |
8-9 |
3,50 |
16-17 |
3,50 |
1-2 |
0,75 |
9-10 |
3,50 |
17-18 |
3,50 |
2-3 |
1,00 |
10-11 |
6,00 |
18-19 |
6,00 |
3-4 |
1,00 |
11-12 |
8,50 |
19-20 |
6,00 |
4-5 |
3,00 |
12-13 |
8,50 |
20-21 |
6,00 |
5-6 |
5,50 |
13-14 |
6,00 |
21-22 |
3,00 |
6-7 |
5,50 |
14-15 |
5,00 |
22-23 |
2,00 |
7-8 |
5,500 |
15-16 |
5,00 |
23-24 |
1,00 |
Интегралды қисықты тұрғызу үшін 3 суретте көрсетілгендей көлденең ось бойынша тәулік сағаттарын, ал тігінен тәуліктің басынан бастапқы сағаттан бастап берілген судың қосынды тұтыну мөлшермен көрсетіледі. Суды насостармен беру сол графикте бейнеленеді: тәулік бойы насостың біркелкі жұмыс істеуі кезінде – көлбеу 3 сызықпен, ал біркелкі емес кезінде 2 сызықпен көрсетіледі. Сорғылардың жұмысы мен суды тұтыну сызықтарының ординаттарының айырмасының ең үлкен қосындысы, резервуардың реттеуші көлем мөлшерін береді. Бірқалыпты жұмыс жасау кезінде 13,49+4,18=17,67%, ал сатылы жұмыс істеген кезде – 2+5,5=7,5% құрайды.
Егер қысымды су мұнарасының реттеуші көлемі, 50 м3-тен жоғары болған жағдайда интегралды график тұрғызылады және сорғылардың жұмыс істеу режимі таңдалады.
Интегралды графикте сорғы станциясының су беру сызығының үш түрлі нұсқалары келтіріледі: тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасау, екі ауысыммен жұмыс жасау және автоматтандырылған әдіспен үзіліспен жұмыс жасау нұсқалары. Автоматтандырылған сорғылар үшін күшті жабдық құралдары жұмыс кезінде қосылу жиілігі тәулігіне 50-75 реттен аспауы қажет. Электрлі қозғалтқыштары бар сорғылар үшін бұл көрсеткіш 2-3 есе азайтылуы қажет. Қысымды су мұнарасының толық реттеуші көлемін анықтаған кезде судың ең көп шығынына 10 минуттық ұзақтылыққа арналған өрт сөндіруге пайдаланылатын шығынды қоса есептеу керек. Бактың сыймдылығы мен белгілі типтік биіктігі қысымды су мұнаралары таңдап алынады:8, 10, 12, 14, 16, 20м мұнара багының түбіне дейінгі биіктігі, ал бактың типті сыйымдылықтары 15, 25, 50,80 ,120, 160, 200,250, 300 дейін алуға болады. Мұнара биіктігінің тәуліктік шығынының 5% көлемінде тағайындаймыз
Су мұнарасының биіктігі мына теңдікпен анықталынады:
Нб=hсв+∑h +▼4 -▼1
Мұнда
▼4 – 140 м ∑һ – 6,4 м
▼1 – 142 м hсв – 10 м
Нб=10+6,4+140-142=14.4 м