
Мазмұны
Кіріспе
1.Курстық жұмыстың тақырыбы мен тапсырмалар варианттары.
2.Сумен қамтамасыздандыру есебі.
3.Құбырлардың гидравликалық есептері.
4.Пьезометриялық сызықтарды тұрғызу есептері.
5.Қысымды су мұнарасының сыйымдылығын анықтау.
6.Сорғыларды таңдау.
7.Сумен қамтамасыздандыру жүйесінің техникалық- экономикалық көрсеткіштері.
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Халық шаруашылығының суды пайдаланбайтын саласы жоқ, ал ол суды су көзінен тұтынушыға өз сапасында жеткізу үшін көптеген гидротехникалық құрылымдар мен гидравликалық машиналар жұмыс істейді. Оларды жобалау, құру және пайдалану үлкен инженерлік өнер, ол үшін гидравликалық есептеу әдістерін жете игеру қажет.
Гидравлика- сұйықтың қозғалысы мен тыныштық күйінің заңдылықтарын зерттейтін және оларды инженерлік практикада пайдаланудың төте әдістерін қарастыратын техникалық ғылым.
Гидравлика -қолданбалы ғылым, сондықтан да гидротехникалық құрылымдарды, сумен қамтамасыз ететін қондырғыларды, гидромашиналарды және т.б. су шаруашылығына қажетті жүйелерді қарапайым инженерлік тәсілдермен, эмпирикалық формулалармен жуықтап есептеуге бағышталған. Ал гидромеханика сұйық құбылыстары мен қозғалыстарының жалпы ерекшеліктерін физикалық және математикалық тәсілдермен дәлме -дәл анықтауға арналған.
Болашақ инженер сұйықтың тыныштық күйінің, оның қарапайым қозғалыстарының теңдеулерін құра алуы және оны шеше білу шарт. Сонымен қатар сол алған білімін практикада, іс жүзінде пайдалана білуі тиіс.
I.Сумен қамтамасыздандыру.
Сумен қамтамасыздандырудың есебі ҚМНЕ II-31-94 көрсетілгендей ережелерді қатаң сақтай отырып жүргізіледі.
Сумен қамтамасыздандыру есебі.
Суды тұтыну нормасы- суды тұтынушының бір тәулік ішінде орташа пайдаланылатын су көлемі. Су құбырларын жобалау кезінде қажетті су көлемі суды тұтыну нормалары негізінде анықталады. Коммуналды сектордағы суды тұтыну нормасы негізінен екі факторға байланысты: біріншісі абаттандырылу деңгейі, ал екіншісі аймақтың климаты.
Шаруашылықпен ауыз су қажеттіліктеріне судың орташа тәуліктік шығынын Qтәул.орт. төменгі формула бойынша анықталады:
Qтәул.орт=q .N, л/тәул., Qтәул.орт. =160.2500=400 .103л/тәул.
Мұндағы q–I кесте бойынша қабылданатын тұтыну су нормасы;
N-тұрғындар саны.
Тәулігіне суды ең көп тұтыну көлемін төменгі формула бойынша есептелінеді:
Qтәул.max. =Kтәул.max.. Qтәул.орт. , л/тәул.
Qтәул.max=1,1.400 .103=440.103 л/тәул.
Kтәул.max– суды тәуліктік бірқалыпсыз тұтыну коэффициенті (коммуналды және мал шаруашылық секторлары үшін)
1,1:1,3 тең деп қабылданады.
Судың ең жоғарғы сағаттық есептеу мөлшерін,Qсағ.max. төменгі формула бойынша анықтаймыз:
Qсағ.max.=( Kсағ.max.. Qтәул.max )/24, л/сағ.
Qсағ.max. =(2,08.440.103)/24=915,2.103 л /сағ.
Шаруашылық пен ауыз суының сағаттық ең жоғарғы бір қалыпсыз тұтыну коэффициенті, Kсағ.max. төменгі формула бойынша анықталады:
Kсағ.max.=αmax. .βmax.=1,3. 1,6=2,08
бұндағы, αmax.- жергілікті жағдайлар мен ғимараттардың абаттандырылу деңгейін есептейтін коэффициент, тең деп қабылдаймыз, ал βmax.=1,5. 2 кесте бойынша тұрғылықты жерлердегі тұрғындар санын есепке алып қабылданатын коэффициент.
Секундтық есептеу шығыны:
Qс =Qсағ.max./3600=915,2.103/3600=25,4л/с
2. Шаруашылықты сумен қамтамасыздандыру
Жеке қолдағы малдарға және көкеніс, жидек ағаштарының суарылуына және ішкі алаңдарды ылғалдандыруға жұмсалатын тәуліктік су мөлшерін әр тұрғынға шамамен 50-60 л.- ден алынады, ал тәуліктік бірқалыпсыз коэффициентін , Kтәул.max.=1,1қабылданады , ал сағаттық ең жоғарғы бірқалыпсыз коэффициенті Kсағ.max.=2 тең деп қабылдаймыз.
Судың орташа тәуліктік шығынын Qтәул.орт. төменгі формула бойынша анықталады:
Qтәул.орт =qi.N, л/тәул.,
Qтәул.орт. =50.2500=125.103 л/тәул.
Тәулігіне суды ең көп тұтыну көлемін төменгі формула бойынша есептелінеді:
Qтәул.max. =Kтәул.max.. Qтәул.орт. , л/тәул.
Qтәул.max =1,1.125.103 =137,5.103 л/тәул.
Судың ең жоғарғы сағаттық есептеу мөлшерін,Qсағ.max. төменгі формула бойынша анықтаймыз:
Qсағ.max. =( Kсағ.max.. Qтәул.max )/24, л /сағ.
Qсағ.max. =(2.137,5.103 )/24=11,4.103 л /сағ.
Секундтық есептеу шығыны:
Qс =Qсағ.max./3600=11,4.103/3600=3л/с
3. Малшаруашылықты сумен қамтамасыздандыру.
Қоғамдық малдарға судың мөлшерін 3-кестеде көрсетілген нормалар бойынша қабылдаймыз.
Тәуліктік бірқалыпсыз коэффициентін, Kтәул.max.=1,1 қабылданады, ал сағаттық ең жоғарғы бірқалыпсыз коэффициенті, Kсағ.max.=2,5 тең деп қабылдаймыз.
Сауын сиырлары-350 бас
ІҚМ төлдері жасқа дейінгі-250 бас
Аналық шошқалар-200 бас
Жемдегі шошқалар-650 бас
Ересек қойлар-1300 бас
Малдың әр басына қосымша су шығыны4-тен 10 литрге дейін.
Qтәул.орт =Σ(qi.N), л/тәул.,
Qтәул.орт. =350.110+250.40+200.70+650.25+1300.20=104,75.103 л/тәул.
Судың орташа тәуліктік шығынын Qтәул.орт. төменгі формула бойынша анықталады:
Тәулігіне суды ең көп тұтыну көлемін төменгі формула бойынша есептелінеді:
Qтәул.max. =Kтәул.max.. Qтәул.орт. , л/тәул.
Qтәул.max =1,1 .104,75.103 =115,225.103 л/тәул.
Судың ең жоғарғы сағаттық есептеу мөлшерін,Qсағ.max. төменгі формула бойынша анықтаймыз:
Qсағ.max. =( Kсағ.max.. Qтәул.max )/24, л /сағ.
Qсағ.max. =(2,5.115,225.103 )/24=12,002.103 л /сағ.
Секундтық есептеу шығыны:
Qс =Qсағ.max./3600= 12,002.103/3600=3,33л/с