Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOST.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.91 Кб
Скачать

29. Мемлекеттің құрылым нысаны

Жауабы: Мемлекеттің құрылым нысаны – бұл мемлекеттің умақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.

30. Жай және біртұтас мемлекет

Жауабы: Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл қз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.

31. Мемлекеттің күрделі құрылымы нысанындары

Жауабы: Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.

Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі әртүрлі болған.

Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы.

Федерация – бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады. Федерацияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланылады, оның белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.

Достастық – бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі.

Одақтастық – бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекет-аралық шарт болады.

32. Саяси режим нысаны

Жауабы: Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп атауға болады – демократиялық және антидемократиялық режимдер.

33. Мемлекеттік саяси режим түрлері

Жауабы: Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп атауға болады – демократиялық және антидемократиялық режимдер.

Демократиялық режимнің белгілері:

1) халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқыл жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;

2) шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;

3) мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;

4) сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;

5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;

6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жрияланады және шын мәнәнде қамтамасыз етіледі;

7) саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;

8) биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.

Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер. Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:

1) бір саяси парияның үстемдігі;

2) бір ресми идеологияның болуы;

3) бір меншік түрінің болуы;

4) саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару;

5) қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;

6) халықтың төмен экономикалық деңгейі;

7) мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;

8) сыртқы саясаттағы агрессиялық сипаттағы әрекеттер және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]