Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOST.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.91 Кб
Скачать

22. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық нысаны

Жауабы: Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:

а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;

ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;

б) ұйымдастырушылық-идеологиялық – бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.

23. Мемлекет механизмінің түсінігі

Жауабы: Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;

ә) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;

б) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауаркершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.

24. Мемлекет органдарының түсінігі және түрлері

Жауабы: Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме.

Мемлекеттік органдардың түрлері:

1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мемлекет органдары өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық және басқа да бақылаушы-қадағалаушы органдар болып бөлінеді.

2. Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы және сот органдары.

3. Қызметінің құқықтық нысандары бойынша – құқықшығарушы, құқыққолдданушы және құқыққорғаушы орган.

4. Бағыныштылық деңгейіне байланысты – республикалық және жергілікті органдар.

5. Өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты – тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады).

6. Құзіретінің сипатына қарай – жалпы (мысалы, Үкімет) және арнайы (мысалы, министрлік) құзіретті органдар.

25. Мемлекет нысанының түсінігі

Жауабы: Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құрылған құрылымдық ұйымдастырылуы.

26. Мемлекеттің басқару нысаны

Жауабы: Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі түрлері болып монархия мен республика болып табылады.

27. Монархиялық мемлекеттердің түсінігі мен түрлері

Жауабы: Монархия – бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, монархия болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монархия билікті мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді.

Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады.

28. Республикалық басқару нысаны және оның түрлері

Жауабы: Республика – жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.

Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1) парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұл мемлекетте сайланған ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды қызметінен босатады; 3) аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]