Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOST.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.91 Кб
Скачать

73.Құқықтық қатынастардың құрлымы.

Жауабы:Құқықтық қатынас элементтер құрлымы бойынша күрделі құрлымға ие:құқықтық қатынас субьектісі; құқықтық қатынастың обьектісі;субьективтік құқық және заңды міндет (заңды мазмұн).

74.Құқықтық қатынастардың субьектілері.

Жауабы: Құқықтық қатынастардың субьектілері – бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субьективтік құқықтар мен міндеттерді иеленген қатысушылар. Құқықтық қатынас субьектісі – бұл өзінің құқық әрекет қабілеттілігін пайдаланушы құқық субьектісі.

  1. Жеке субьектілер ( жеке тұлғалар); бұларға азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, қосазаматтығы бар тұлғалар, шетелдіктұлғалар жатады.

  2. Ұжымдық субьектілер; бұларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық – құқықтық қатынастарға түскен жағдайда ); мемлекеттік ұйымдар;мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.)

75.Құқық субьектілерінің құқық қабілеттілігі.

Жауабы: Құқықсубьектілік. Құқықтық қатынастардың субьектілері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттікті иленуі тиіс.

76. Құқық субьектілерінің әрекетқабілеттілігі.

Жауабы:Әрекетқабілеттілік – бұл тұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті.Әрекетқабілеттіктің келесі түрлері болады: толық – 18 жастан басталады; жартылай – 14 пен 18 жас аралығында болады.

Әрекетқабілеттік шектеулі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымы, адамкершілігі, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында қажет болған шамада ғана шектеулі мүмкін.

77. Құқық қатынастардың обьектілері.

Жауабы: Құқық қатынастардың обьектілері – бұл құқықтық қатынастар субьектілерінің құқықтары мен міндеттері бағытталған және осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін категория.

  • Олардың біріншісіне сәйкес,құқықтық қатынастың обьектісі болып тек субьектілердің әрекеттері табылады;

  • Екінші көзқарасы көптеген ғылымдар жақтайды, оған сәйкес, обьектілердің түрлері өте көп, олар;

  1. Материялдық игіліктер ( заттар, құндылықтар, мүлік және т.б.);

  2. Материялдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір – қасиет,абырой және т.б.)

  3. Рухани шығармашылық өнімдері ( әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары және т.б.)

  4. Құқықтық қатынастар қатысушыларының әрекеттерінің нәтижелері ( мысалы, тасымалдау шартының , мердігелік шартының нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар);

  5. Бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом және т.б.)

78.Заңды фактірлер және түрлері:

Жауабы: Заң фактірлер – бұл белгілі бір құқықтық салдардың туындауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары болып табылады.

Заңды фактілерді әр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

  1. Туындайтын салдардың сипаты бойынша:

- құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);

- құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);

- құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау).

2. Құқықтық қатынастар субьектілерінің еркімен байланысына қарай:

- оқиғалар – бұл субьектілердің еркіне тәуелсіз жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б.

- әрекеттер – бұл құқықтық қатынастар субьектілерінің еркімен байланысты жағдайлар. Әрекеттер, өз кезегінде, құқыққа сай және құқыққа қайшы болып бөлінеді.

79.Құқықты жүзеге асырудың түсінігі және нысандары. Жауабы:Құқықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде әсер ете отырып, оларды заңнамаға сәйкес жүріп – тұруға итермелеу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс – тұрыстары арқылы кез – келген заңшығарушы қалайтын нәтижелерге жетуге болады.

Құқықтық нормаларды жүзеге – құқықтық нормалардың ережелері көрніс тапқан адамдардың жүріс – тұрысы, олардың құқықтары жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байланысты тәжірибелік қызметі. Субьектілердің әрекеттердің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарастырады:

  1. Сақтау – қолданыстағы құқықпен тыйым салынған әрекеттерден бас тарту;

  2. Орындау – оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байланысты белсенді әрекеттерді жүзеге асыру;

  3. Пайдалану – олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағаттандырылатын субьективтік құқықтарды жүзеге асыру;

  4. Қолдану – құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нәтижесінде сәйкес жеке акт қабылданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]