Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOST.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.91 Кб
Скачать

64.Нормативтік актілердің күші.

Жауабы: Нормативтік актілер әрекет етуінің уақыттық, кеңістіктік және субьектілік шектеріне ие:

1. Нормативтік актілердің уақыттағы күші олардың күшіне енген сәтінен бастап күшін жоғалтқан сәтіне дейін таралады. Актілер не олардың қабылдаған сәттен бастап, не нормативтік актінің өзіне немесе оның күшіне енуі туралы арнайы актіде көрсетілген уақыттан бастап, немесе оларды жариялағын сәттен бастап белгілі бір мерзім өткеннен кейін күшіне енеді. Актілнр оларды қабылдауға көрсетілген әрекет ету уақыты өткеннен кейін, не олардыңи орнына жаңа акт қабылданған жағдайда, не нақты бір органның осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күштерін жояды.

65.Құқық нормаларының түсінігі және белгілері.

Жауабы: Құқық нормасы – бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс – тұрыс ережесі.

Құқық нормасының белгілері:

  1. Жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;

  2. Формальды анықталмағандығы – ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрніс табады;

  3. Мемлекетпен байланысты – оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

  4. Ұсынушылық – міндеттемелік сипат – ол бір субьектілерге құқықтар берсе, келесі субьектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

66.Құқық нормаларының түрлері:

Жауабы:Заң нормаларының түрлері:1) реттеуші және құқық қорғаушы; 2 ) құқық беруші, тыйым салушы және міндеттеуші; 3) императивтік және диспозитвтік.

Реттеуші норма – бұл субьектінің субьективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.

Құқыққорғаушы норма – бұл субьектіге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.

Құқық беруші норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.

Тыйым салушы норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартудың міндеттерін норма.

Міндеттеуші норма – бұл субьектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.

Императивтік норма- бұл қатаң ережелер түрінде көрніс табатын және құқық субьектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде көрніс табатын және құқық субьектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.

Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.

67.Құқық нормаларының құрлымы

. Жауабы:Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция және санкция.

Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету; диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету; санкция – бұл норманны бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.

68.Құқықшығармашылықтың түсінігі және түрлері.

Жауабы: Құқық шығармашылық – бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі.

Құқықшығармашылық мыналармен сипатталады:

- Ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;

- оның негізгі өнімі – нормативтік актілердің көрніс тапқан заң нормалары;

- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның даму бағдарламасы қалыптасады, маңызды жүріс – тұрыс ережелері қабылданады;

- құқықшығармашылықтың деңгейі мен мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің сапасы – бұл қоғамның өркениеттілігі мен демократиялылығының көрсеткіші.

Құқықшығармашылық процестің кезендері.

Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезендер арқылы жүзеге асырылады:

  1. Заң шығару ынтасы – құқықшығарушы органғанормативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсынылады. Заң шығару құқығына ие субьектілер шеңбері заңнамада қатаң түрде анықталған.

  2. Заң жобасын талқылау – бұл кезең құжатты қажетті сапаға жеткізу, қарама – қайшылықтарды, олқылықтарды, түсініксіз мәселелерді және т.б. жою үшін қажет. Ереше маңызды заң жобалары жалыпхалықтың талқылауға ұсынылады.

  3. Заңды қабылдау.

  4. Қабылданған актінің мазмұнын көшілікке жеткізу, яғни заңды жариялау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]