
- •1. Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы
- •2. Мемлекет және құқық теориясының функциялары
- •3. Мемлекет және құқық теориясының пәні, әдістері
- •4. Мемлекет және құқық теориясының әдістері қандай?
- •3. Жеке ғылыми әдістер – мемлекет мен құқық теориясының техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер.
- •5. Мемлекет құқық теориясының жалпы әдістері қандай?
- •6. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері
- •7. Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің ерекшелігі
- •8. Мемлекеттің пайда болу себептері, теориялары
- •9. Мемлекеттің пайда болуындағы діни теория
- •10. Мемлекеттің пайда болуындағы патриархалды теория
- •11. Мемлекеттің пайда болуындағы күштеу теориясы
- •12. Мемлекеттің пайда болу нысандары
- •13. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі алатын орны
- •14. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
- •15. Мемлекетті түсінудің әртүрлілігі
- •16. Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты
- •17. Мемлекет функцияларының түсінігі, түрлері
- •18. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары
- •19. Әрекет ету ұзақтығына байланысты мемлекет функциясының түрлері
- •20. Таралу аясына байланысты мемлекет функциясының түрлері
- •21. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың құқықтық нысаны
- •22. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық нысаны
- •23. Мемлекет механизмінің түсінігі
- •24. Мемлекет органдарының түсінігі және түрлері
- •29. Мемлекеттің құрылым нысаны
- •30. Жай және біртұтас мемлекет
- •31. Мемлекеттің күрделі құрылымы нысанындары
- •32. Саяси режим нысаны
- •33. Мемлекеттік саяси режим түрлері
- •34. Демократиялық режимнің белгілері
- •35. Антидемократиялық режимнің түрлері
- •36. Мемлекет типінің түсінігі: формациялық және өркениеттік
- •37. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі
- •38. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалар
- •40.Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.
- •41. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама.
- •42.Құқықтың түсінігі және белгілері.
- •43.Құқықтың мақсаты.
- •44.Құқықтың құндылығы.
- •45.Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар.
- •46.Құқықты түсінудегі табиғи – құқықтық теория.
- •47.Құқықты түсінудегі діни теория.
- •48.Құқықты түсінудегі психологиялық бағыт.
- •49. Құқықтың қағидаларының түсінігі және түрлері
- •50. Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері.
- •51.Құқықтың типінің түсінігі, түрлері.
- •52. Әлеуметтік және техникалық нормалар.
- •53.Құқық және діни нормалар.
- •55.Құқық жүйесінің түсінігі, негізгі сипаттары.
- •56.Құқық саласы түсінігі, белгілері.
- •57. Құқық салаларының түрлері.
- •62.Нормативтік актілердің түсінігі және түрлері.
- •63.Заңның түсінігі, белгілері, түрлері.
- •64.Нормативтік актілердің күші.
- •65.Құқық нормаларының түсінігі және белгілері.
- •66.Құқық нормаларының түрлері:
- •67.Құқық нормаларының құрлымы
- •68.Құқықшығармашылықтың түсінігі және түрлері.
- •69.Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері.
- •70.Инкорпорация дегеніміз.
- •71.Консолидация дегеніміз түсінігі.
- •72.Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •73.Құқықтық қатынастардың құрлымы.
- •74.Құқықтық қатынастардың субьектілері.
- •75.Құқық субьектілерінің құқық қабілеттілігі.
- •76. Құқық субьектілерінің әрекетқабілеттілігі.
- •77. Құқық қатынастардың обьектілері.
- •78.Заңды фактірлер және түрлері:
- •80.Заңды қарама – қайшылықтар түсінігі, түрлері.
53.Құқық және діни нормалар.
Жауабы:Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орнықтырылған және осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелері атайды. Олар әртүрлі діни кітаптарда көрніс тапқан: Құранда, Інжілже, Тәуратта, бүддистердің діни кітаптарында және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының және қызмет етуінің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.
Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатвынастарда қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция әрбір адамға ар – ождан бостандығын, кез – келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мәртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына иелік етуге құқылы.
54.Құқық және әдет – ғұрып.
Жауабы: Әдет ретінде күнделікті қалыптасқан әрекеттердің нәтижесінде қалыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нәтижесінде оларды сақтау әдетке айналған нормалар әдет нормалары деп аталады.
Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормвһаларға көпшіліктің әдетті түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау әдеті). Кейбір жағдайларда санкцияланған әдет құқықтың қайнар көзі болып табылады.
55.Құқық жүйесінің түсінігі, негізгі сипаттары.
Жауабы: Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзінің құрлымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі.
Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:
Оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз кезегінде, бірге отырып, ірі құрылымдарды – институттарды, салаларды құрайды;
Оның элементтері бір – біріне қайшы кемейді, ішкі үлескен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;
Ол әлеуметтік – экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;
Ол обьективтік сипатка ие, себебі,обьективтік сипаттағы қатынастарға тәуелді және адамдардың субьективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес.
Құқық нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізгі басшылыққа алады:құқықтық реттеу пәні мен әдісін.
Құқықтық реттеу пәні – бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар обьективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандары талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы неке құқығының реттеу пәні болып табылады.
Құқықтың реттеу әдісі – бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы.
56.Құқық саласы түсінігі, белгілері.
Жауабы: Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы.
Құқық саласының белгілері;
Әрбір саланың өз пәні болады;
Әрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;
Құқық субьектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру тәсілдерін және құқықтық нормаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік – құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.