Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOST.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.91 Кб
Скачать

51.Құқықтың типінің түсінігі, түрлері.

Жауабы: 1. Құқықтың тарихи типі – бұл белгілі бір экономикалық базиске тән барлық құқық жүйелерінің жалпы әлеуметтік сипаттарын көрсететін категория. Экономикалық базистің типтеріне қарай құқықтың құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік типтерін бөліп қарастырады.

2. Құқықтың тарихи типтері. Құқықтық құлиеленушілік типі – бұл құлиеленушілердің толыққұқылығын және құлдардың құқықсыздығын бекітетін, құлиеленуші таптың еркін білдіретін, құлиеленуші мемлекет қалыптастырған құқықтық нормалардың жүйесі.

Құқықтың феодалдық типі – бұл бір сословиелердің артықшылығы және келесі бір сословиелердің кемсітілуін бекітетін, феодалдар табының еркін білдіретін сословиелік – құқықтық нормалардың жүйесі.

Құқықтың буржуазиялық типі – бұл капиталистердің еркін білдіретін және олардың мүдделеріне жауап беретін, мемлекетпен қалыптастырылған және қорғалатын жалпыға міндетті нормалардың, жүріс – тұрыс ережелерінің жиынтығы.

Құқықтың социалистік типі – бұл халықтың еркін білдіретін, мемлекетпен қалыптастырған және қамтамасыз етілетін жалпыған міндетті заң нормаларының жиынтығы.

52. Әлеуметтік және техникалық нормалар.

Жауабы:1.Техникалық нормалар – бұл адамдардың еңбек құралдарын және табиғат заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орнату ережелері, шикізатты қолдану ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар.

Әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс – тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, моральдық, діни, саяси, эстетикалық, әдет, корпоративтік нормалары жатады.

Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара тығыз байланыстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нәтижесінде олар белгілі бір заңды салаларды туындататын, жалпыға міндетті техникалық – заңды жүріс – тұрыс ережелеріне айналады.

2.Құқық пен моралъдың арақатынасы. Моралъ – бұл адамдардың жүріс – тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі.

Құқық пен моралъдың ортақ белгілері:

  1. Әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылажды;

  2. Олардың реттеу обьектісі біреу – қоғамдық қатынастар;

  3. Олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.

Құқық пен моралъдың арасындағы айырмашылықтар төмендей:

  1. Пайда болу бойынша:егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, құқық мемлекетпен бірге пайда болады;

  2. Көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрніс тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрніс табады;

  3. Әрекет ету саласы бойынша :мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттей алады, ал құқық аса маңызды және өзі реттей алатын қоғамдық қатынастарды ғана реттейді;

  4. Күшіне ену мерзімі бойынша:моралъдық нормалар олардың түсіну барысында күшіне енсе, құқықтық нормалар нақты анықталған мерзімде күшіне енеді;

  5. Қамтамасыз ету тәсілі бойынша:моральдық нормалар қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалар мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

  6. Бағалау негізі бойынша:моралъдық нормалар қоғамдық қатынастарды жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе, құқықтық нормалар оларды заңдылық пен заңсыздық, құқыққа сәйкестік пен құқыққа қайшылық тұрғысынан реттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]