Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOST.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.91 Кб
Скачать

1. Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы

Жауабы: Мемлекет және құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.

2. Мемлекет және құқық теориясының функциялары

Жауабы: Мемлекет және құқық теориясының үш негізгі функциясы бар:

1. Теориялық-танымдық функция – мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тек сыртқы, техникалық-заңды жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мәндік белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

2. Тәжірибелік-қолданбалы функция. Мемлекет және құқық теориясы, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің қызметін жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тәжірибесін жақсартуға және дамытуға бағытталған ұсыныстар жасауға қызмет етеді.

3. Тәрбиелік функция. Мемлекет және құқық теориясы құқықтық тәрбиелеу мәселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тәртіп және т.б. күрделі мәселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жәрдемдесуі қажет.

3. Мемлекет және құқық теориясының пәні, әдістері

Жауабы: Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтық емес, жалпы мемлекеттің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тән құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі және т.б. сияқты түсініктерді зерттейді.

1. Жалпы әдістер – ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетандық бағыттар.

2. Жалпы ғылыми әдістер – жалпы әдістер сияқы бүкіл ғылыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеге кезеңдерінде ғана қолданылады.

3. Жеке ғылыми әдістер – мемлекет мен құқық теориясының техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер.

4. Жеке құқықтық әдістер – тек заң ғылымдарына ғана тән болып келеді.

4. Мемлекет және құқық теориясының әдістері қандай?

Жауабы: Ғылым әдісі – бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зеттеу үшін көптеген әдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:

1. Жалпы әдістер – ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетандық бағыттар. Оларға мыналар жатады:

а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мәңгілік және өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;

ә) диалектика. Өз ішінде материалистік және идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъекетивтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.

2. Жалпы ғылыми әдістер – жалпы әдістер сияқы бүкіл ғылыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеге кезеңдерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады:

а) талдау – күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрде жекелеген бөліктерге бөлу;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]