Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оскэ 519.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.2 Кб
Скачать

Жедел жәрдем курсымен анестезиология, реаниматология кафедрасы

ІС-ӘРЕКЕТ АЛГОРИТМІ

Тамырішілік тамшылатып құю жүйесін жүргізу және жинау

Тапсырма: Тамырішілік тамшылатып құю жүйесін жүргізу және жинау

Кезеңдері

Іс-әрекет кезктілігі

1

Коммуникативті дағдылар

  1. Науқасқа өзін таныстыру, Іс-шара басында науқасқа өз іс-әрекетіңізді түсіндіріп, шыдамдылық, мейірімді кейіп танытып, науқастың сұрақ қоюуына мүмкіндік беру. Сол дәріге аллергиясы жоқ екеніне көз жеткізу.

2

Қолды өңдеу

  1. Науқастың қай қолына еңгізу керектігін анықтау.

  2. шынтақ буынында қолын жазып, қол астына жастықша қою

  3. Қолды жуу, кептіріп және антисептикпен өңдеу. Стерильді қолғап киіу.

3

Тамырішілік тамшылатып құю жүйесін жинау

  1. Құтынын сыртындағы жазуын оқу: атын, мерзімін. Жарамдылығына көз жеткізу(түсі, мөлдірлігі,тұнбасы). Жүйені қолданбас бұрын қаптаманың герметикалығын, инее қақпағының бүтіндігін тексеріп, пакетті ашу

2. Дәрілік ерітіндісі бар флакон тығыншасынан метал немесе пластмассалы дискісін алып тастау, тығынды спиртпен өңдеп, «ауалық фильтрден» иненің қақпағын алып оны тығынға енгіземіз.

3

Жиналған жүйеден ауаны шығару

  1. Сұйықтық ағатын регуляторды жабу (қысқыш). «ауалық фильтрдің» заглушкасын ашу.

  2. Флаконды аударып, штативке бекітеміз.

  3. Флакондағы ерітіндімен капельницаның ауалық фильтірін басу арқылы жүйені ерітіндімен толтырамыз.

  4. Қысқышты ашып , т/і инъекция жасау үшін иненің қақпағын аламыз.

  5. Жүйені ерітіндімен толтырамыз. Қысқышты жауып, жүйеде ауа жоғын тексеру , қақпағын жауып – жүйе ерітіндімен толған, т/і тамшылатып енгізуге дайын.

4

Вена пункциясы

1. Науқастың иығының төменгі үштен бір бөлігіне жгут орналастырамыз. Науқастың саусақтарын бірнеше рет бүгуін сұраймыз (жұдырығын қысу), егер науқас істей алмаса білегінен басып, қанды шынтақ венасына айдаймыз

2. Венаны пальпациялаймыз

3. Бірінші стерильді шарикпенулкен аймақты , екінші стерильді шарикпен кіші аймақты, үшінші стерильді шарикпен инъекция жасайтын орынды өңдейміз.

4. Оң колға инені алып , ақырын қақпағын алып , иненің үшкір бұрышын жоғары қаратып, сол қолдын бас бармағымен көк тамырды бекітеміз. Иненің үшкір бұрышын венаның жолымен енгізіп, терісін тесіп вена қабырғасына түсеміз

5. Вена пункцияның сәтті белгісі инеде қан пайда болуы

6. Жгутты шешу.

5

Құюдың өтуін бақылау

  1. Құю жылдамдығын зажиммен орнатамыз (1минутына тамшы санын)

  2. Инені лейкопластермен бекітеміз

  3. Құю барысында науқастың жағдайын бақылау, жүйенің қалыпты қызметін тексеру. Сұйықтықтың тамшылауының жоқтығын және жүйеде кетпеуін, құю аймағында инфильтрация мен ісік болмауын бақылау. Ине тромбы болса және құю тоқтаса венопункцияны басқа венадан немесе сол венаның басқа жерінен венопункция жасаймыз немесе жүйені қайта жалғаймыз.

6

Құюды аяқтау

  1. Флаконда сұйықтық қалмағанда және тамшылатқышқа түспегенде құюды тоқтату. Инені венадан шығару

  2. Ине орнын спиртке малынған мақта шаригімен сүрту

  3. Науқасқа қолын шынтақ буынында бүгіп, спиртке малынған шарикті 2-3 мин ұстауын өтіну. Егер науқас ессіз жағдайда болса лейкопластырмен бекіту.

7

Процедураның аяқталуы.

  1. Системаны флаконнан ажыратып , системаны Б классына арналған медициналық отходқа арналған құтыға салу.

  2. Қолғапты шешып Б классына арналған медициналық отходқа арналған құтыға салу .

  3. Қолды жақсылап жуып,орамалмен кептіру.

Жедел жәрдем курсымен анестезиология, реаниматология кафедрасы

ІС-ӘРЕКЕТ АЛГОРИТМІ