
№1 ситуациялық есеп.
Тәждік артерияларының стеноздаушы атеросклерозымен сырқаттанған 60 жастағы науқаста жүрек қысылып тұрғандай ауыру сезімі кенеттен дамыған. Ауыру сезімін басу ұшін қабылданған нитроглицерин көмек бермеді. ЭКГ-да жыбырлағыш аритмия белгілері анықталған. Емдеу әрекеттері нәтиже бермей науқас қайтыс болды. Мәйітті ашып қарағанда сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының, жұрек ұшы мен қарыншаларалықтың кесіндісінде жүректің барлық қабаттарын қамтитын, өлшемі 6х5 см дұрыс емес пішінді, сұр қызыл сарғыштау түстес ошақ анықталған.
Науқаста қандай ауру дамыған
Миокардта қандай патологиялық процесс пайда болған
Бұл патологиялық процесс қалай жіктеледі
Бұл патологияның жергілікті себептерін атаңыз
Жауап:
Жүректің жедел ишемиялық ауруы
Жүрек бұлшық етінде трансмуральды(барлық қабаттарын қамтитын: эндокард,миокард,инфаркт) ишемиялық инфаркт(некроз) дамыған. Қызыл кемерлі ақ инфаркт.
Жіктелуі:
1) қалыптасықан мерзіміне: біріншілік(8апта), қайталанған(8аптадан сон басқа жерде дамыған), қайталамалы(рецидив) – сол 8аптаның ішінде басқа жерде дамыса
2) даму орнына байланысты: сол жақ қарынша алдында, жүрек ұшында, қарыншааралық перде, бүйірінде дамыған, оте сирек оң жақ қарынша мен жүрекшелерде
- субэндокардылық – эндокард астында
- субэпикардылық – эпикард астында
- интрамуральды – бұлшықетті қабығында дамыса
- трансмуральды – жүректің түгел 3 қабатына жайылған
3) қамтыған көлеміне: ұсақ ошақты, ірі ошақты(субтотальды), трансмуральды(тотальды)
4) даму барысына қарай 3 кезеңі: ишемиялық, некротикалық, организация кезеңі
4. Тәждік артериялардың стеноздаушы атеросклерозы.
№2 ситуациялық есеп.
Тәждік артерияларының стеноздаушы атеросклерозымен сырқаттанған 50 жастағы науқаста жүрек қысылып тұрғандай ауыру сезімі кенеттен дамыған. Ауыру сезімін басу ұшін қабылданған нитроглицерин көмек бермеді. ЭКГ-да жыбырлағыш аритмия белгілері анықталған. Емдеу әрекеттері нәтиже бермей науқас қайтыс болды. Мәйітті ашып қарағанда сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының, жұрек ұшы мен қарыншаларалықтың кесіндісінде жүректің барлық қабаттарын қамтитын, өлшемі 6х5 см дұрыс емес пішінді, сұр қызыл сарғыштау түстес ошақ анықталған.
Диагнозды анықтаңыз
Миокардта дамыған патологиялық процестің себебі қандай?
Миокардта орналасуы бойынша патологиялық процестің түрін анықтаңыз
Осы аурудың өлім себебі болатын асқынуларды атаңыз
Жауап:
Жүректің жедел ишемиялық ауруы.
Тәждік артериялардың стеноздаушы атеросклерозы.
Үш қабатын да қамтыған соң трансмуральды инфаркт
Өлімге әкелетін асқынулар: кардиогендік шок, жедел жүрек жеткіліксіздігі, миомаляция, жүрек қарыншасының аневризмасы, фибрилляциясы, асистолия, жүректің жыртылуы, перикардит, қабырғалық тромбоз, окпе ісінуі;
№3 ситуациялық есеп.
75 ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТА ЖҮРЕКТІҢ ҮДЕМЕЛІ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БЕЛГІЛЕРІ ДАМЫП, НАУҚАС КЛИНИКАҒА ЖЕТКІЗІЛГЕН. АНАМНЕЗІНДЕ – МИОКАРДДЫҢ ТРАНСМУРАЛЬДЫ ИНФАРКТІСІ. КЛИНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕ ЖҮРЕК КӨЛЕМІНІҢ ҮЛКЕЮІ, ЕНТІГУ, «ТОТЫҚ» ТӘРІЗДІ ҚАҚЫРЫҚ БӨЛІНУІМЕН ЖӨТЕЛ ДАМУЫ, БАУЫРДЫҢ ҮЛКЕЮІ, ІСІНУЛЕР АНЫҚТАЛҒАН.
Диагноз анықта
Өкпеде дамыған патология
Жүректің қызметтік жағдайын сипатта\
Науқаста мүмкін болатын өлім себебі
Жауап:
Жедел жүрек жетіспеушілігі нәтижесінде дамыған Жүректік астма
Өкпеде ісіну болған, өйткені кіші қан айналым шеңберінде іркілу дамыған.
Жедел жүрек жеткіліксіздігі
Трансмуральды инфаркт асқынуыларынан:
№4 ситуациялық есеп.
75 ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТА ЖҮРЕКТІҢ ҮДЕМЕЛІ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БЕЛГІЛЕРІ ДАМЫП, НАУҚАС КЛИНИКАҒА ЖЕТКІЗІЛГЕН. АНАМНЕЗІНДЕ – МИОКАРДДЫҢ ТРАНСМУРАЛЬДЫ ИНФАРКТІСІ. КЛИНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕ ЖҮРЕК КӨЛЕМІНІҢ ҮЛКЕЮІ,ЖҮРЕК ҰШЫ АЙМАҒЫНДА ПУЛЬСАЦИЯ, ЕНТІГУ, «ТОТЫҚ» ТӘРІЗДІ ҚАҚЫРЫҚ БӨЛІНУІМЕН ЖӨТЕЛ ДАМУЫ, БАУЫРДЫҢ ҮЛКЕЮІ, ІСІНУЛЕР АНЫҚТАЛҒАН.
Диагноз анықта
«тотық» тәрізді қақырық бөліну немен байланысты
Бауыр үлкеюі, ісінулер болу мезанимін ата
Гемиплегия даму себебі
Жауап:
Жедел жүрек жетіспеушілігі нәтижесінде дамыған сол қарыншаның аневризмасы
Тотық тәрізді қақырық қіші қан айналым шеңберінде іркілу пайда болып, тыныс алу жолдарында гемоглобин ыдырау өнімі гематиннің түзілуі нәтижесінде пайда болады. (өкпе ісінуі)
Бауыр үлкеюі, ісінулерінің пайда болу себебі оң қарыншалық қан айналымның бұзылысы нәтижесінде, яғни төменгі қуыс венада қан іркіліп, аяқтардан, бауырдан ісінулер байқаймыз.
Мидың ишемиялық инфаркті нәтижесінде гемиплегия дамыған.
№5 ситуациялық есеп.
Жүрек қызметінің кенеттен тоқтауынан қайтыс болған науқастың мәйітңн ашып тексергенде қолқа интимасында әртүрлә пішініді және әртүрлі өлшемді, ойықжараланған, беткейінде тромб қалыптасқан көптеген фиброзды табақшалар анықталған.
Аурудың кезеңін анықтаңыз
Осы ауруда қолқаның қай бөлігі жиі зақымданады
Аурудың клинико-морфологиялық түрін анықтаңыз
Жауап:
Қолқа атеросклерозы
Аурудың 3-ші кезеңі: ойық жаралар, қанды ошақтар, тромбылы қатпарлар сияқты асқынған зақымды фиброзды түймешелер байқалады
Көбіне қолқаның құрсақтық бөлімі зақымдалады
Атеросклероздың клинико-морфологиялық түрлері:
Қолқа атеросклерозы
Жүрек артерияларының атеросклерозы
Ми артериясының
Бүйрек артерияларының
Ішек артерияларының
Аяқ артерияларының атеросклерозы
6-есеп
Жүрек қызметінің кенеттен тоқтауынан қайтыс болған. Науқастың мәйітін ашып тексергенде қолқа интимасында әртүрлі пішінді және өлшемді ойық жараланған, беткейінде тромб қалыптасқан көптеген фиброзды табақша анықталған.
Қолқа атеросклерозы
1-майлы дақтар мен жолақтар
2-фиброзды түймешелер
3-ойық жаралар, қанды ошақтар, тромбылы қатпарлар сияқты асқынған зақымды фиброзды түймешелер
4-атерокальциноз
Микроскопиялық кезеңдері: 1. Липидтенуге дейінгі кезең
2. Липоидоз кезеңі
3. Липосклероз кезеңі
4. Атероматоз, фиброзды табақша
5. Жаралану кезеңі
4. Асқынулары: тромбтың түзілуі, қолқа аневризмасы, тромбоэмболия. Аневризма жарылып кеткенде қан перикард немесе плевра қуысына, айналасындағы жұмсақ тіндерге құйылып, науқас тез арада қансырап өледі.
7-есеп
75 жастағы науқас әйел 20 жыл бойы гипертония ауруымен сырқаттанып, уақытылы емделмей, артериялық қысым күрт жоғарылағанда ғана ем қабылдаған, уремияның салдарынан қайтыс болған.
Бүйректің біріншілікті бүрісуі (сыртқы беті ұсақ дәнді,салмағы 40-50г )
Шумақшалары склерозданып, гиалиноздалып қалғаны көрінеді
Анурия, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
Адам денесінен зәрдің исі шығады, уремиялық пудра- терісінің пудра секілді, тырнақ іздері бар қышыну, фибринді гастроэнтерит, фибринді ларингобронхит, фибринды плеврит перикардит, перитонит, крупозды пневмония
8-есеп
Гипертония ауруымен сырқаттанған науқас миокард инфарктісінен қайтыс болған. Микроскопиялық зерттегенде көптеген ағзаларда артериолалардың келесі өзгерістері анықталған: қабырғалары гомогенді, қызғылт түстес, қалыңдаған, қуыстары тарылған, көлемі кішірейген, беткейі ұсақ дәнді.
Артериолосклероз дамыған
Артериолалардың гиалинозы
Қан тапшылығы мен гипоксияның салдарынан нефронның өзекшелері семіп, олардың орнын және шумақтардың төңірегін дәнекер ткань жайлайды, бұл бүйректің беткейінде ұсақ-ұсақ ойыстар пайда болады. Ал онша зақымдалмаған нефрондар ұлғайып, бүйректің кей жерлерін ұсақ түйіршікті етеді.
Артериосклероз бен атеросклероз
9-есеп
Науқаста денеге түсетін ауырлық кезінде ентігу, жүректің қатты соғуы, жүрек аймағының ауру сезімі пайда болды. Соңғы бірнеше жылдар бойы мезгіл-мезгіл жоғарылауы байқалған, гипертония ауруы диагнозы қойылған.
І.Жүрек-тамыр жүйесінде әлі белгілі бір өзгеріс туғызбаған гипертония
ІІ. Тек жүрек гипертрофиясын туғызған гипертония
ІІІ. Көп ағзаларда өзгеріс туғызған гипертония
Жүрек, ми, бүйрек
Қан қысымы үнемі жоғары болғандықтан негізгі күш сол қарыншасына түсіп, қан қысымы асқан сайын жүрек қызметіне де талап күшейеді, оның массасы 2-3 есе ұлғаяды, салмағы 1 кг дейін өседі. Сол жақ қарынша қалыптыдан тыс гипертрофияланады.
Артериялық гипертонияның декомпенсация кезеңінде оң қарынша да кеңейіп жүректің пішіні домалақтанып, бұқа жүрегіне ұқсап қалады. Жүрек еттерінің арасына дәнекер тін өсіп кетеді.
10-есеп
15 жыл бойы гипертония ауруымен сырқаттанған науқас әлсіздікке, шаршағыштыққа, зәрдің жиі бөлінуіне шағымданады. Зерттегенде протеинурия және қанында креатинин мөлшерінің күрт жоғарылауы анықталған. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі жағдайында үдемелі интоксикация дамып, науқас қайтыс болған.
Бүйректік түрі дамыған
Бүйректің біріншілікті бүрісуі (сыртқы беті ұсақ дәнді,салмағы 40-50г ). Шумақшалары склерозданып, гиалиноздалып қалғаны көрінеді
Қан тапшылығы мен гипоксияның салдарынан нефронның өзекшелері семіп, олардың орнын және шумақтардың төңірегін дәнекер ткань жайлайды, бұл бүйректің беткейінде ұсақ-ұсақ ойыстар пайда болады. Ал онша зақымдалмаған нефрондар ұлғайып, бүйректің кей жерлерін ұсақ түйіршікті етеді.
Қанында креатини н мөлшерінің күрт жоғарылауы
№21
1.Шумақшалық құрылым зақымдалғандықтан, фильтрация бұзылады, нәтижесінде улы заттар организменен шығарылмайды, соның салдарынан азотемиялық уремия орын алатын бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне алып келеді.
2.Созылмалы гломерулонефрит бүйректен басқа ағзаларды зақымдайды, артериялық гипертония әсерінен жүректің сол жақ бөлімі басымырақ ұлғаяды, артерияларда эластофиброз, атеросклероз өрбиді.
3.Фибринді перикардит – түкті жүрек
4.Миға қан құйылу
№22
1.Нефросклероз, гиалиноз,атрофия
2.Екінші реттік немесе екінші ретті нефриттен бүріскен бүйрек. Себебі бірінші реттік бүрісу – қан тамырлар склерозға ұшырағанда, екінші реттік – қабыну аурулары кезінде гломерулонефрит, пиелонефрит, бүйректік инфаркт, бүйрек туберкулезы, амилоидты некроз
3.Склероз
4.Гиалиноз,жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, нефросклероз, мидағы қан айналым бұзылуы нәтижесінде ми ісінген.
№23
1.Бүйректік амилоидоз, протеинуриялы кезеңі
2.Амилоид пирамидаларда ғана түзіліп қоймайды, оның ұсақ тұнбалары шумақтағы мезангийлер мен кейбір капиллярлардың иірімне , сондай-ақ артериолалардың іргесіне шоғырланады.Склероз бен амилоидоз пираидалар мен аралық қабатты қамтиды, тереңдегі нефрондар семігендіктен, осы құрылымдардың жұмысы тоқтап, юкстамедуллялық аймақта қан ағысы, бүйректің милы қабатында лимфа ағысы тежеледі. Өзекшелердің негізгі бөлімдерінің эпителийінде гиалинді –тамшылы дистрофия дамиды, саңылауында цилиндрлер болады.
3. Ұлғайған майлы бүйрек
4.Ревмотоидты артрит,туберкулез, бронхоэктаз анда санда тұқым қуалайды.
№24
1.Гломерулонефрит
2.Жедел, шұбар бүйрек
3.кейбір ауыр әсерлі жағдайларда жедел гломерулонефрит некрозды гломерулонефритке тән морфологиялық өзгерістермен бейнеледі: шумақ капиллярлары мен артериолалардың іргесіндефибриноидты некроз дамып, нейтрофильдер шоғырланады, олардың саңылауында тромбылар түзіледі.
4.,Өлімге алып келмейді, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігіне алып келеді.
№25
1.Бүйректің созылмалы жеткілісіздігі
2.Опа (пудра) жаққандай
3.мезангийлік, мезангий-ролиферациялы, фибропластикалық
4. Шумақша мен өзекшелер семіп, склероз шалады. Шумақттар тыртыққы (гломерулосклреоз) немесе гиалин шарларына (гломерулогиалиноз) – бұл ойыстау жерінде болатын өзгерістер. Дөңестеу жерінде – шумақшалар ұлғаяды, қалыңдайды, капиллялық иірімдерін склероз шалады.
№26
1.Жатырдың кілегей қабықшасының безді гиперплазиясы
2.Гормондардың тепе теңдігі бұзылуы фолликулин немесе прогестеронның көбеюі
3.Қабыну процесі қосарланып, жатыр денесінің карциномасы, ракалды процесс
4.Безді кисталы, атипиялы