- •4. Материалды моделдеуге жатқызады://
- •7. Артериялық гиперемия, тромбоз, инфаркт – бұл мысалдары://
- •8. Жарақаттың салдарынан тісті алып тастағанда жақтың альвеолалық өсіндісінің атрофиясы осының мысалы://
- •Тақырыбы: «Жалпы этиология. Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторларының адам организміне әсері»
- •Тақырыбы: «Алкоголизм, наркомания, токсикоманиялардың пато-физиологиялық аспектілері»
- •2. Алкоголизм кезіндегі өзгерген реактивтілік синдромының көрінісі://
- •Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігінің патологиядағы рөлі»
- •Тақырыбы: «Тұқымқуалаушылықтың патологиядағы рөлі»
- •Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Зақымдануларға организмнің жалпы реакциясы»
- •11. Жасушаның ишемиялық зақымдануы кезіндегі жасуша ішілік метаболизмнің компенсаторлық өзгерістеріне жатады://
- •21. Жедел фаза жауабы нәруыздарының функцияларының біріне жатады://
- •22. Стресс-реакцияларға тән://
- •Тақырыбы: «Апоптоз патофизиологиясы»
- •2. Апоптоздың некроздан айырмашылығы://
- •3. Апоптозға тән://
- •4. Апоптоздың көрінісіне жатады://
- •Тақырыбы: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
- •5. Нейротониялық механизм бойынша артериялық гиперемия дамиды://
- •19. Қысқа уақытты ишемиядан кейінгі миокард тінінің реперфузиясының ерте салдары://
- •23. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі эритроциттердің агрегациялануына ықпал етеді://
- •26. Ауалық эмболия осы зақымданғанда дамуы мүмкін://
- •Тақырыбы: «Қабыну патофизиологиясы»
- •9. Қабынудың жасушалық медиаторы://
- •13. Қабыну ошағындағы гиперонкия осылардың мөлшері жоғарылауымен байланысты://
- •22. Дифтерия, дизентерия, өкпе туберкулезіне осының пайда болуы тән://
- •Тақырыбы: «Қызбаның патофизиологиясы
- •7. Қызбаның stadium fastigii байқалады://
- •Тақырыбы: «Инфекциялық процестің патофизиологиясы»
- •3. Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің 1-ші кезеңінде байқалады://
- •4. Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің 2-ші кезеңінде (интернализациясының) байқалады://
- •Тақырыбы «Сепсис патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Өспелердің патофизиологиясы»
- •16. Өспе дамуының негізінде жатыр://
- •Тақырыбы: «Аллергиялардың патофизиологиясы»
- •6. Екіншілікті иммунды тапшылықты жағдайға жатады://
- •7. Аив жұқтыру үшін жасушалардың беткейінде болуға тиісті://
- •Тақырыбы: «Гипоксия»
- •12. Гемоглобиннің патологиялық түрлері түзілгенде байқалады://
- •14. Тиреоидты гормондардың тапшылығынан дамиды://
- •Тақырыбы: «Тақырыбы: «Су-электролит алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қышқыл-сілтілі үйлесімнің бұзылыстары»
- •11. Газдық алкалоз дамиды://
- •12. Теңгерілмеген газды алкалозға тән://
- •14. Газдық алкалоз кезінде иондық алмасу есебінен жасушаларда иондалған кальцийдің азаюы осыған әкелуі мүмкін://
- •16. Бүйрек түтікшелеріндегі ацидо- және аммониогенездің күшеюі осының дамуына әкеледі://
- •21. Газдық емес ацидоздың ұзақ уақытты теңгеру механизміне жатады://
- •22. Газдық емес алкалозда организмдегі бұзылыстар осымен байланысты://
- •Тақырыбы: «Көмірсулар алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Май алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Нәруыз алмасуының бұзылыстары. Ашығу»
- •Тақырыбы: «Дәнекер тінінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жалпы этиология. Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторларының адам организміне әсері»
1. Этиология осыны зерттейтін ілім://
ауру ағымының түрлерін//
ауру дамуының сатылары мен кезеңдерін//
ауру дамуының механизмдерін//
аурудың жіктелуі мен номенклатурасын //
ауру пайда болуының себебі мен жағдайларын
***
2. Тоқтаусыз құйып жауған жаңбырдың астында қалғаннан кейін науқаста 3 күн өткен соң, оң жақ төменгі бөлігінің пневмониясы дамыды. Бұл жағдайда аурудың себебі болып саналады://
суық өтіп кету//
инфекциялық фактор//
өкпеде газ алмасуының бұзылыстары//
организм реактивтілігінің төмендеуі//
қабынулық ауруларға тұқым қуалайтын бейімділігі
***
3. Сәулеленуге ұшыраған егеуқұйрықтың құрсақ қуысына E.coli. енгізілгеннен кейін перитонит дамыған. Бұл кездегі ауру дамуына ықпал ететін маңызды жағдайды атаңыз://
стресс//
E. coli//
иондаушы радиация//
инфекцияларға тұқымқуалаушылықты бейімділік//
организмнің иммунитеттік факторларының тежелуі
***
4. Аурудың спецификалық белгілері осыған байланысты://
аурудың себептеріне//
организм конституциясына//
организм реактивтілігіне//
организм тұқым қуалайтына//
аурудың дамуын туындататын жағдайларға
***
5. Аурудың механикалық себептеріне жатады://
жоғары барометрлік қысым//
ауру туындататын микроорганизмдер//
иондаушы сәулелену//
төменгі температура//
жаншылу
***
6. Аурудың физикалық себептеріне жатады://
соғылу//
вирустар//
үдемелі жылдамдық//
жануарлардың уы//
ауыр металдар
***
7. Ятрогенді ауруларды шақырады://
экстремальді факторлардың әсері//
науқастың теріс тәртібі//
медицина қызметкерлерінің қызметін дұрыс атқармау//
өндірістегі қолайсыз факторлар//
экологиялық факторлар
***
8. Этиотропты ем – бұл емдік шаралар, осыған бағытталған://
организм реактивтілігін күшейту//
зақымдану механизмдерін тоқтату//
организмдегі адаптивті процесстерді белсендіру//
организмге себептік факторлардың әсерін тоқтату//
организмге ауру себептерінің әсер етуін болдырмау
***
9. Өндірісте техника қауіпсіздігін сақтау шаралары, емнің келесі түріне жатады://
этиотропты емге//
патогенездік емге//
симптоматикалық емге//
этиотропты алдын алуға//
патогенездік алдын алуға
***
10. Жүрек бұлшықеті арқылы электр тогінің өтуі кезінде, ең алдымен дамиды://
тыныстың тоқтауы//
қарыншалардың фибрилляциясы//
тыныс бұлшықеттерінің тарылуы//
коронарлық қанағыстың күшеюі//
кезбе нервтің тонусының төмендеуі
***
11. Токтың электрохимиялық әсері осы түрінде көрінеді://
жасуша мембраналарының поляризациясы//
нерв рецепторлары және өткізгіштіктерінің қозуы//
қаңқалық бұлшықеттер құрысуының пайда болуы//
катехоламиндердің шығарылуы//
ток белгілерінің болуы
***
12. Гипотермияның орын толтыру сатысында жылу шығарудың азаюы байланысты://
тер бөлудің азаюымен//
тыныс жиілігінің жоғарылауымен//
шеткі тамырлардың босаңсуымен//
жылуды реттегіш бұлшықет дірілімен//
тотығу мен фосфорилдену үдерістерінің күшеюімен
***
13. Жиырылусыз өтетін термогенездің мәнінде жылу пайда болуының жоғарылауы жатыр – ол байланысты://
тер бөлудің азаюымен//
тері тамырларының босаңсуына//
перспирация үдерістерінің жоғарылауы//
бұлшықеттердің жиырылуы мен тонусының күшеюіне//
тотығу – тотықсыздану үдерістерінің белсендірілуіне
***
14. Гипотермияның декомпенсациялық сатысында болатын жағдайды көрсетіңіз://
тері тамырлары жиырылады//
бұлшықет дірілі пайда болады//
дене температурасы төмендеуді//
алмасу үрдерістері күшейеді//
оттегіні пайдалану артады
***
15. Суық тигізіп ауырғанда іске қосылатын бастапқы тетікті көрсетіңіз://
тамыр қимылдатқыш рефлекстер//
физикалық термореттеу тетіктерінің бұзылыстары//
жоғары тыныс жолдарына микроорганизмдердің енуі//
гуморальды иммунитет белсенділігінің төмендеуі//
иммундық жетіспеушілік
***
16. Гипертермияның декомпенсациялық сатысы сипатталады://
қалтырау//
бұлшықет дірілі//
жылудың шығарылуының азаюы//
қан тұтқырлығының төмендеу//
дене температурасының жоғарылауы
***
17. Науқас ұзақ уақыт бас киімсіз жағалауда жүргеннен кейін, жалпы әлсіздік, бас айналуы, бас ауруы, қалтырау, құсу пайда болған. Дене температурасы 39,8 °C. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер және бас ауруын қойдыратын дәрілер нәтиже бермеген. 2 сағаттан соң жағдайы нашарлап, науқас естен танып қалған. Науқаста дамыған патологияны атаңыз://
қызба//
гипертермия//
жылулық соққы//
күн соққысы//
күйіктік ауру
***
18. Күйіктік шоктың дамуында негізгі патогенездік фактор болып табылады://
гипергидратация//
иммунды серпілістер//
инфекционды фактор//
ақуыз алмасуының бұзылыстары//
ОЖЖ-гі шектен тыс ауырсынулық афферентті импульсация
***
19. Тау және биіктік ауруларындағы декомпрессиялық симптомдарды атаңыз://
ішектердегі ауаның сығылуынан іш ауруы пайда болады//
маңдай қуыстары ауадан ұлғайып ауру сезімін тудырады//
құлақ ішіндегі дабыл жарғағы қысылғандықтан құлақ ауруы//
газдардың сатурациясынан ойлау қабілетінің нашарлауы және депрессия дамуы //
тері тамырларында эмболия дамуының салдарынан терінің мәрмәр түсті болуы
***
20. Альпинист тауға шығу барысында 6500 м биіктікте естен танып қалған. Маска арқылы оттегі бергенде жағдайы жақсарды. Осы жағдай дамуының себебін атаңыз://
гипобария//
гипотремия
гипобариялық гипоксия//
нормобариялық гипоксия//
ультракүлгіндік сәулелену
***
21. Гипербарияның негізгі симптомдарының себебін атаңыз://
гипоксия//
сатурация//
десатурация//
гиперкапния//
организм сұйықтарының қайнау нүктесінің төмендеуі
***
22. Иондайтын сәулелердің әсеріне өте тұрақты ағзаны атаңыз://
тимус//
жүйке жүйесі//
тамырлардың эндотелиі//
қан түзуші тіндер//
терінің эпителиі
***
23. Жедел сәуле ауруының сүйек-кеміктік түріне тән://
ішек эпителиінің жойылуы//
тамыр тонусының бұзылыстары//
қан түзу жүйесінің зақымдануы//
паринхиматозды ағзалардың зақымдануы//
ауыр гемодинамикалық бұзылыстар дамуы
***
24. Сәуле ауруының нағыз қызған кезеңіне тән://
лейкоцитоз, эритроцитоз, тромбоцитоз//
лейкоцитоз, анемия, тромбоцитоз//
лейкопения, анемия, тромбоцитоз//
лейкопения, анемия, тромбоцитопения//
лейкопения, қанда бласты жасушалардың пайда болуы
***
25. Сәуле ауруындағы геморрагиялық синдромның дамуы байланысты://
лейкоциттер санының жоғарылауына//
эритроцититер санының жоғарылауына//
тромбоциттердің азаюына//
антикоагуляндтардың азаюына//
плазминнің азаюына
***
26. Аурудың ішкі себептеріне жатады://
климат//
дұрыс тамақтану//
иондаушы сәуле//
дерттік тұқымқуалаушылық//
барометрлік қысымның жоғарлауы
***
27. Аурудың пайда болуын туындататын сыртқы жағдайларға жатады://
конституция//
тұқымқуалаушылық//
салауатты өмір салты//
организмнің резистенттілігі//
жұмыс пен демалыс тәртібін сақтамауы
***
28. Аурудың дамуына ықпал ететін ішкі жағдайларды атаңыз://
ерте балалық шақ//
дұрыс тамақтанбау//
тұрмыс жағдайының нашар болуы//
кәсіби зияндықтар//
ортаның қолайсыз ықпалдарының әсері
***
29. Этиотропты емге жатады:
қызуды басатын дәрілер//
вирусқа қарсы дәрілер//
һспелерге қарсы дәрілер //
тырысуға қарсы дәрілер//
қабынуға қарсы дәрілер
***
30. Полиэтиологияны ұғым ретінде нені сипаттау үшін пайдаланады// туберкулезді// қабынуды// сәулелік ауруды// термиялық күйікті// қол аяқтың сынуын
***
