
- •4. Материалды моделдеуге жатқызады://
- •7. Артериялық гиперемия, тромбоз, инфаркт – бұл мысалдары://
- •8. Жарақаттың салдарынан тісті алып тастағанда жақтың альвеолалық өсіндісінің атрофиясы осының мысалы://
- •Тақырыбы: «Жалпы этиология. Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторларының адам организміне әсері»
- •Тақырыбы: «Алкоголизм, наркомания, токсикоманиялардың пато-физиологиялық аспектілері»
- •2. Алкоголизм кезіндегі өзгерген реактивтілік синдромының көрінісі://
- •Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігінің патологиядағы рөлі»
- •Тақырыбы: «Тұқымқуалаушылықтың патологиядағы рөлі»
- •Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Зақымдануларға организмнің жалпы реакциясы»
- •11. Жасушаның ишемиялық зақымдануы кезіндегі жасуша ішілік метаболизмнің компенсаторлық өзгерістеріне жатады://
- •21. Жедел фаза жауабы нәруыздарының функцияларының біріне жатады://
- •22. Стресс-реакцияларға тән://
- •Тақырыбы: «Апоптоз патофизиологиясы»
- •2. Апоптоздың некроздан айырмашылығы://
- •3. Апоптозға тән://
- •4. Апоптоздың көрінісіне жатады://
- •Тақырыбы: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
- •5. Нейротониялық механизм бойынша артериялық гиперемия дамиды://
- •19. Қысқа уақытты ишемиядан кейінгі миокард тінінің реперфузиясының ерте салдары://
- •23. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі эритроциттердің агрегациялануына ықпал етеді://
- •26. Ауалық эмболия осы зақымданғанда дамуы мүмкін://
- •Тақырыбы: «Қабыну патофизиологиясы»
- •9. Қабынудың жасушалық медиаторы://
- •13. Қабыну ошағындағы гиперонкия осылардың мөлшері жоғарылауымен байланысты://
- •22. Дифтерия, дизентерия, өкпе туберкулезіне осының пайда болуы тән://
- •Тақырыбы: «Қызбаның патофизиологиясы
- •7. Қызбаның stadium fastigii байқалады://
- •Тақырыбы: «Инфекциялық процестің патофизиологиясы»
- •3. Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің 1-ші кезеңінде байқалады://
- •4. Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің 2-ші кезеңінде (интернализациясының) байқалады://
- •Тақырыбы «Сепсис патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Өспелердің патофизиологиясы»
- •16. Өспе дамуының негізінде жатыр://
- •Тақырыбы: «Аллергиялардың патофизиологиясы»
- •6. Екіншілікті иммунды тапшылықты жағдайға жатады://
- •7. Аив жұқтыру үшін жасушалардың беткейінде болуға тиісті://
- •Тақырыбы: «Гипоксия»
- •12. Гемоглобиннің патологиялық түрлері түзілгенде байқалады://
- •14. Тиреоидты гормондардың тапшылығынан дамиды://
- •Тақырыбы: «Тақырыбы: «Су-электролит алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қышқыл-сілтілі үйлесімнің бұзылыстары»
- •11. Газдық алкалоз дамиды://
- •12. Теңгерілмеген газды алкалозға тән://
- •14. Газдық алкалоз кезінде иондық алмасу есебінен жасушаларда иондалған кальцийдің азаюы осыған әкелуі мүмкін://
- •16. Бүйрек түтікшелеріндегі ацидо- және аммониогенездің күшеюі осының дамуына әкеледі://
- •21. Газдық емес ацидоздың ұзақ уақытты теңгеру механизміне жатады://
- •22. Газдық емес алкалозда организмдегі бұзылыстар осымен байланысты://
- •Тақырыбы: «Көмірсулар алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Май алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Нәруыз алмасуының бұзылыстары. Ашығу»
- •Тақырыбы: «Дәнекер тінінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Тақырыбы: «Су-электролит алмасуының бұзылыстары»
1. Экзикоз - бұл://
организмде судың кідіруі//
организмнің сумен улануы//
оң су балансы//
организмнің шектен тыс сусыздануы//
организм тіндерінде сұйықтықтың жиналуы
***
2. Судың организмге жеткіліксіз түсуінен теріс су балансы осы кезде дамиды://
іш өтулерде//
полиурияда//
қан кетулерде//
өңештің тарылуында//
қатты терлегенде
***
3. Жедел қан кетулерден кейін бірден дамиды://
изоосмоляльды дегидратация//
изоосмолялды гипергидратация//
гипоосмоляльды гипергидратация//
гипоосмоляльды дегидратация//
гиперосмоляльды дегидратация
***
4. Гиперосмоляльды дегидратация осы кезде дамиды://
тұз және судың бірдей жоғалтқанда//
электролиттер жоғалуынан суды жоғалту басым болғанда//
организмнің суды жоғалтуынан тұзды жоғалтуы басым болғанда//
мол терлегенде//
тоқтаусыз іш өткенде
***
5. Гипоосмоляльды дегидратация осы кезде дамиды://
гипервентиляцияда//
тұз және электролиттерді бірдей жоғалтқанда//
тұзға қарағанда судың көп мөлшерін жоғалтқанда//
суға қарағанда тұздың көп мөлшерін жоғалтқанда//
антидурездік гармонның артық өндірілгенде
***
6. Изоосмоляльды гипергидратация кезінде осмостық қысым://
жасушадан тыс аймақта жоғарлайды//
жасушадан тыс аймақта өзгермейді//
жасушадан тыс аймақта төмендейді//
жасуша ішінде төмендейді//
жасуша ішінде жоғарлайды//
***
7. Изоосмоляльды гипергидратация осы кезде дамиды://
тұздарға бай үлкен көлемдегі сұйықтықты құйғанда//
тұзды теңіз суын көп мөлшерде ішкенде//
изотониялық ерітінділерді құйғанда//
тұщы су суқоймаларында батып кеткенде//
тұзды тағам қабылдағанда
***
8. Антидиурездік гармонның артық өндірілуі кезінде көп мөлшерде сұйықтықты қабылдағанда дамиды://
гиперосмоляльды гипергидратация//
гипоосмоляльды гипергидратация//
изоосмоляльды гипергидратация//
гипоосмоляльды дегидратация//
изоосмоляльды дегидратация
***
9. Гиперосмоляльды гипергидратация осы кезде дамиды://
тұзсыз судың көп мөлшері организмге түскенде//
теңіз тұзды суының организмге көп мөлшері түскенде//
изотониялық ерітіндінің организмге көп мөлшері түскенде//
тұщы судың организмге артық мөлшері түскенде//
тұзсыз суды органимнің шамадан тыс жоғалтуында
***
10. Гипоосмоляльды гипергидратация сипатталады://
жасуша ішінде осмостық қысым жоғарлауымен//
жасушадан тыс қуыста осмостық қысым төмендеуімен//
жасушадан тыс қуыста осмостық қысымның жоғарлауы//
екі аймақта да осмостық қысымның өзгермеуімен//
екі секторда осмостық қысымның жоғарлауымен
***
11. Ісінудің патогенездік факторы болып саналады://
қанның онкотикалық қысымының жоғарлауы//
қылтамырлар қабырғасы өткізгіштігінің жоғарлауы//
лимфа түзілу деңгейінің төмендеуі//
тіндер гидрофильділігінің төмендеуі//
АДГ өндірілуінің төмендеуі
***
12. Ісіну дамуының нейро-эндокринді ықпалы болып саналады: //
лимфа түзілісінің төмендеуі//
тамырлар өткізгіштігінің төмендеуі//
қанның онкотикалық қысымының төмендеуі//
қанның гидростатикалық қысымының жоғарылауы//
альдостерон және АДГ екіншілікті түзілуінің жоғарлауы
***
13. 20. Альдостреннның артық өндірілуі ісінулердің дамуын осы арқылы қолдайды://
ренин өндірілуі жоғарлауымен//
волюморецепторлар қоздырылуымен//
бүйректе натрий кері сіңрілуінің жоғарлауымен//
антидиурездік гормон өндірілуінің төмендеуімен//
судың реабсорбциясы төмендеуімен
***
14. Іркілулік ісіну дамуындағы бастаушы ықпал://
қанның осмостық ықпалы//
онкотикалық ықпал//
лимфалық ықпал//
гемодинамикалық ықпал//
нейро-эндокриндік ықпал
***
15. Бала 7 жаста, апельсин шырынын ішкеннен кейін 40 минут өткен соң таңдайы ісіне бастаған, алғашында жұтынуы сосын тыныс алуы қиындаған. Ісінген жерінің сілемейлі қабаты гиперемияланған, ауырмайды. Сұрастырғанда үлкен әпкесінің бронх демікпесімен ауыратыны анықталды. Осы жағдайда ісінудің негізгі патогенездік факторы болып саналады://
онкотикалық фактор//
осмостық фактор//
лимфалық фактор//
мембраналық фактор//
гидродинамикалық фактор
***
16. Науқас жүрек жеткіліксіздігімен ауырады. Объективті: мәжбүрлі жағдайда жартылай отыр, ентігу, акроцианоз, аяқтары ісінген, өкпесінде іркілулік сырылдар естіледі. Құрсақ қуысында сұйықтықтың жиналуы анықталды, бауыры ұлғайған. Диурез азайған. Осы жағдайда ісінудің негізгі патогенездік факторы болып саналады://
онкотикалық фактор //
осмостық фактор //
лимфалық фактор //
мембраналық фактор //
гидродинамикалық фактор
***
17. Әскери қызметін өтеуші Африка елдерінің бірінен іссапардан оралған. Қызбаға, бұлшықеттерінің ауыруына, құсуына, аяғының ісінуіне шағымданады. Объективті: оң аяғының көлемі ұлғайған, терісі қызарған, ісінген, сипағанда тығыз серпінді жіпшелер анықталады. Лимфангита және лимфаденит көріністері айқын. Науқаста қандай ісіну дамыған?
жүректік//
бүйректік//
бауырлық//
кахексиялық//
лимфалық
***
18.Науқас оң қабырғасының астының ауыратынына, терісінің қышитындығына, мұрыннан қанкетуіне, сарғаюына шағымданып ауруханаға жатқызылған. Объективті: іші үлкейген, айқын асцит. Қан анализінде: гипопротеинемия, диспротеинемия. Анамнезінде: науқастың алкогольді ішімдіктерге әуестігі, салынып ішетіні анықталды. Осы жағдайда ісінудің негізгі патогенездік факторы болып саналады://
осмостық фактор//
онкотикалық фактор//
лимфалық фактор//
мембраналық фактор//
нейро-эндокриндік фактор
***
19. Жүрек ісінулердің патогенезінің бастапқы тізбегіне жатады://
жүректің минуттық шығарымының төмендеуі//
лимфалық жүйе қызметінің жеткіліксіздігі//
тіндердің коллоидты-осмостық қысымының жоғарылауы//
қанның онкотикалық қысымының төмендеуі//
тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы
***
20. Нефроздық бүйректік ісінулерде байқалады://
альдесторон өндірілуінің төмендеуі//
қанның онкотикалық қысымының төмендеуі//
микротамырлардағы су сүзілуінің төмендеуі//
лимфатамырлардың дренаждық қызметінің күшеюі//
онкотикалық сору күшінің жоғарлауы
***
21. Бауырлық ісіну дамуында бастапқы рөл атқарады://
гипопротеинемия//
лимфалық ықпал//
жүректің минөттік көлемінің төмендеуі//
тамырлар қабырғасы өткізгішітігінің жоғарлауы//
ақуызға шумақтық сүзілудің жоғарлауы
***
22. Уытты ісіну кезінде байқалады://
коллоидтар ісінуін күшейтетін өнімдердің түзілуі//
тіндік сұйықтықтың осмостық концентрациясының төмендеуі//
қанның онкотикалық қысымының жоғарлауы//
тамырлар өткізгіштігінің төмендеуі//
лимфа ағысының күшеюі
***
23. Динамикалық лимфа жеткіліксіздігі кезінде лимфалық ісінудің дамуы осының нәтижесі саналады://
лимфа түзілуінің қарқындауының//
тамырлар бойымен лимфа ағысына кедергі болуының//
тіндік нәруыздардың гидрофильдігінің төмендеуінің//
интерстициальді сұйықтықтың гипоонкиясының//
тіндерде тұздар диссоциациясы артуының
***
24. Гипонатриемия осы кезде дамиды://
гипервентиляцияда//
көп рет құсқанда//
альдотеронның артық өндірілуінде//
бүйректің натрий шығаруының шектеуі//
организмге көп мөлшерде теңіз суының түсуі
***
25. Гипернатриемияның негізгі көрінісі саналады://
метаболизмдік ацидоз//
жасушаның гипогидратациясы//
қанның гипоосмолярлығы//
нервтік-бұлшықеттік қозымдылықтың азаюы//
артериялық гипотензия
***
26. Калийдің бүйрекпен шығарылуының жоғарылауы осы кезде байқалады://
гиперинсулинизмде//
гиперальдостеронизмде//
гиперкатехоламинемияда//
В12 дәруменін шамадан тыс қолданғанда//
фоль қышқылын шамадан тыс қолданғанда
***
27. Науқас Б., 29 жаста, бүйрекүсті безі қыртысының шумақшалық аймағында аденома анықталған. Шөлдейтініне, бас ауыруына, бұлшықеттердің әлсіздігіне, ұйқышылдыққа, апатияға, іш қатуына шағымданады. Артериялық қысымы жоғарылаған, ЭКГ жасағанда Р-Q және Q-Т жалғамдары ұзарған, Т-тісшесінің амплитудасы төмендеген және кеңейген. Науқаста дамыған симптомдарды электролит алмасуының қандай бұзылыстарымен түсіндіруге болады?//
натрий және хлор//
натрий және калий//
калий және кальций//
кальций және магний//
кальций және фосфор
***
28. Гиперкалиемия осы кезде дамиды://
тоқтаусыз құсқанда//
физиологиялық ерітінділерді енгізгенде//
метаболизмдік алкалозда//
тіндердің ыдырауы күшейгенде//
альдостеронның артық өндірілгенде
***
29. Гипокальциемия осы кезде дамиды://
гипопаратиреозда//
тиреокальцитониннің гипосекрециясында//
қанда магний мөлшерінің азаюында//
тағамда құрамында фосфордың жеткіліксіздігінде//
созылмалы теңгерілмеген ацидозда
***
30. Гиперкальциемияның негізгі көрінісіне жатады://
ісінулер//
остеопороз//
альвеолярлы гиповентиляция//
қан ұюының азаюы//
нервтік-бұлшық еттік қозымдылықтың күшеюі
***