
16 Билет
ПИРАМИДАЛЫҚ ЖҮЙЕ – ми қыртысының алдыңғы орталық ирелеңінде орналасқан қозғалыс орталығының жиынтығы, олар қозғалыс клетка ядролары арқылы бас ми нервтерімен және жұлынның алдыңғы мүйізімен байланысады. Олардың байланысы алдыңғы орталық ирелеңнің ми қыртысы V қабатында орналасқан пирамида тәрізді Бец клеткаларынан басталып пирамидалық жол деп аталады.Сопақша ми мен жұлынның арасында ми қыртысы - жұлын шоғыры талшықтарының көп бөлігі қиылысады, сондықтан әрбір ми жарты шарының проекциялық зонасы дененің қарама қарсы жағындағы бұлшықеттерге жауап береді. Алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы үштен бірінде орналасқан клеткалар ерікті қимылдарды және аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын, ортаңғы үштен бірі – қол, төменгі – бет бұлшықеттерін реттейді. Пирамидалық жол ми жарты шары қыртысынан басталып, ішкі капсула, ми бағанынан өтіп өз жолында бас ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларына, экстрапирамидалық жүйеге талшықтарын береді. Пирамидалық жүйе ОЖЖ әртүрлі бөліктерімен тікелей және қайтымды байланыс жасайды: бұлшықетте, сіңірде, байламда, орналасқан рецепторлармен қозғалыс анализаторы сезімтал өткізгіш арқылы ақпараттарды қабылдап кеңістіктегі дене қалпын өзгертеді. Сонымен қатар ми жарты шарындағы қыртыстық проекциялық қозғалыс зонасына сигналдар мишықтан, ми бағанынан, қыртыс асты түйіндерден;өз кезегінде пирамидалық жол талшықтарының бір бөлігі ыдырап негізгі шоғырда және ми түзілістерінде аяқталады.
Мишық қозғалыс координациясын және бұлшықет тонусын реттеп отырады. Архицеребеллум ақпаратты вестибулярлы жүйе және жартылай иірім өзек рецепторлары арқылы кинетикалық импульспен алады. Бұл мишықтың тепе теңдік сақтауына көмектеседі. Атаксия – қозғалыс координациясының бұзылысы. Қалыптыда қозғалыс координациясы жүйке жүйесімен үйлесімді автоматы қимыл жасайды: мишық, терең сезімталдық, вестибулярлық аппарат. Қыртыстық, мишықтық, сенситивті, лабиринтті атаксияны бөледі. Айқын атаксия мишық зақымдалған кезде болады. Бұл кезде мақсатты бағытталған қозғалыс - жүріс бұзылысы (атаксиялық жүріс) болады. Науқас аяғын кең адымдап, мас адамның жүрісіндей, аяғымен бір орында түзу тұра алмайды. Көзін жұмғанда моторикасы нашарламайды. Бір уақытта бастапқыда ұсақ бір затты ұстауға қолын жақындатқанда ірі діріл (интенционды діріл) анықталады. Сөзін буын буынға бөліп мәнерлеп сөйлейді (скандирленген сөз). Сенситивті атаксия терең сезімталдық бұзылысынан болады. Көзін жұмғанда сенситивті атаксия күшейеді.Лабиринтті атаксия кезінде координация вестибулярлы симптомдармен бірге жүреді - бас айналу, көлденең нистагм. Қыртыстық атаксия маңдай бөлімінің жоғарғы бөлігі және шүйденің төменгі бөлігі, самай бөлігі, қыртысты мишықтық жол зақымдалған кезде анықталады.Атаксия аурудың басты симптомы болуы мүмкін. Фридрейхтің отбасылық атаксиясы балалық кезде дамиды; негізгі симптомдары қозғалыс координациясының бұзылылсы - мишықтық атаксия сенситивтік атаксиямен, сіңірлік рефлекстердің жойылуымен көрінеді. Емдеу: ширатқыш және спазмолиттік препараттар қолданылады: В1, В12, С, Е витамин, фитин, фосфан, кан кую керек. Гимнастикамен шұғыл қажет.
2 Орталық нерв жүйесінің пре және перинатальдық аурулары. Қазіргі кезде балалар ауруларының 60-80 % құрайды. Ұрықтың дамуы барысында әйелдің өзінің аурулары, сыртқы факторлар әсер етеді. Этилогиясы; физикалық , химиялық, биологиялық факторлар. Осы фактордың әсер ету мерзіміне байланысты зақымдалу 4 кезеңге бөлінеді. Гемопатия – ұрықтану алдында ата ана жыныс клеткаларының зақымдалуы. Бластопатия – бластогенез кезеңінде , яғни ұрықтанаған анлық клетканың жетілу кезеңінде зақымдалу. Ұрықтанғаннан кейінгі 3 апта. Эмбриопатия- органогенез кезінде зақымдану. Фетопатия – ұрықтың даму кезеңінде ағзаларының жетілу фазасында зақымдалуы. Клиникалық жіктемесі: 2 кезеңге бөледі: Пренатальдық - эмбриональдық /ерте фетальдық 28 дейін/. Перинатальдық – антенатальдық /28 аптадан кейін/, интранатальдық және постнатальдық. Ауыртпалық дәрежесі: Жеңіл – гемоликвородинамикалық бұзылыстар. Орташа- ісіну, көлемді қан құйылу, глиоздар. Ауыр- мидың ісінуі, атрофия. Ауру кезеңі: Жедел – 1 ай, алгашкы калыптасу – 3-4 ай, Кеш калыптасу- 4 – 12 айға дейін. Зақымдану деңгейі: ми қабықтары мен ликвор өтетін жолдар, ми қыртыстары, қыртыс асты құрылымдары, ми бағаны, мишық, жұлын, шеткі нервтер. Клиникалық синдромдары: Жедел кезең синдромдары: нерв рефлекстік қозғыштық, жалпы көңілсіздік, солғындық, адинамия, гипертензивтік, құрыспа, кома. Қалыптасу кезеңінің синдромдары: астеноневроздық, церебрастениялық, сіреспелі және босаң парездер, салдану, эпилепсия синдромдары, гидроцефальдық синдромдар , сөйлеу кідірісі , гиперкинездер болады.Перинатальдық зақымданулар.Перинатальдық энцефалопатия - бірнеше факторлармен қатар, гипоксия және туу кезіндегі жарақаттар әсерінен пайда болады. 3 негізгі клиникалық кезеңі бар. Жеңіл дәрежесінде асфиксия мерзімі қысқа. Орташа кезеңінде ұзағырақ асфиксия болады. Ауыр түрінде прекомалық және комалық жағдайлар басым болады. Дигностикасы: отбасылық анамнез және клиникалық қарау барысында қойылады. Перинатальды зақымдалулары бар балаларда аслғашқы 1 айында шарттыз рефлекстер болмайды не әлсіз. Мезэнцефальді позатонусты шартты рефлекстер, бұлшықет тонусының ассиметриясы, қалыптыдан ауытқуы, қозғалыстың шектелуі, саусақ треморы, атетоидты гиперкинез бола ды. Қорытынды диагноз: бала 1 жасқа толғаннан соң қойылады. Емі: Аурудың кезеңі мен ми жақымдануының дәрежесіне қарай ем жүргізіледі. Асфиксиямен туылған нәрестелерге комплексті – реанимациялық көмек, шала туылған балаларға этапты көмек көрсетіледі. Комплексті ем: медикаментозды және физиотерапиямен қатар, ортопедиялық шаралар және логапед қарамағында болады. Керек жағда хирургиялық ем қолданылады.
5 Каннабиоидтардың негізгі 3 түрін бөледі. Олар конопля өсімдігінен: марихуана, гашиш, гашиш майы алынады. Айқын жедел интоксикация мен тәуелділік осы гашишизмде байқалады. Каннабиоидтық интоксикацияның диагностикалық критериі МКБ 10,F 12.0x. Келесі психологиялық бұзылыстармен жүреді: эйфория, тежелу, тревога немесе ажитация, күмандану-параноидты көңіл күй ,уақыттың өтпеу сезімі, тез ойлай бастағанына мазасыздану, талқылаудың бұзылысы, назардың бұзылысы, реакцияғажылдамдықтың өзгерісі, тыңдау, көру, тактильді иллюзиялар, ориентировканың сақталуымен жүретін галлюцинациялар, деперсонализация, дереализация болады. Сонымен қатар: тәбет жоғарылауы, ауыздағы құрғау сезімі, тахикардия, склера өзгерісі болады.
Гашиштен болатын интоксикацияның фазалары:1.2-5 мин соң басталады. Қорқыныш сезімі, қозғыш, күмандану тән. Ұзақтығы 5-10 мин. 2.Босаңсу, жеңілдік, жаны тыныш сезінеді. Қабылдаудың бұзылысы болады. Эмоция: жаны тыныш немесе қорқыныш сезімімен жүреді. Шешім шығару оңай, ойлау темпі қысқарған. Есі кіресілі шығасылы болады. Инъекция склер болады. 3.Эмоциональды спутанность . Ойлары байланыспаған. Эмоцинальдық бұзылыстар күшейген имитациялық аффект түрінде көрініс береді. АҚ жоғары, тахикардия, маторлы функциясы әлсіз. 4.Бозару, әлсіздік, гипотензия. Тәбети жоғары, есі анық. 10-12 сағ созылатын беткей ұйқы болады. Оянғанда шөлдеу, жоғары тәбет. Каннабиоид және метоболиттері зәрде 3-4 аптаға дейін бөлінеді Гашиштік тәуелділіктің ағымы.Алғашқы 1 жыл бойы нда көндігу болмайды. Белскенді түрде наркотик іздемейді. I.Ст. 1,5-3 жыл бойы қолданғаннан бастап дамиды. Наркотиктерді белсенді іздей бастайды. Жүйелі түрде қабылдайды. Толеранттылық жоғарылайды.Психикалық тәуелділік басталады. Обсессивті құмарту пайда болады. Стадия ұзақтығы 2-5 жыл. II.Ст. жылдан соң жүйелі түрде қабылдай бастағаннан басталады. Физикалық тәуелділік пайда болады. Жедел интоксикацияның 4 фазасы жойылады. 2-3 фазасы интоксикацияның –бір фазаға бірігеді. Абстиненциялық синдроммен жүреді. Диагностические критерии синдрома отмены каннабиноидов (МКБ-10, F12.3х). III.Ст. 9-10 жылдан соң басталады. Жүйелі түрде қабылдағаннан болады. Толеранттылық төмендейді. Наркотик тек тонизирлендіруші әсер етеді. Энергетикалық потенциал төмендейді, деменция болады.
4. Реактивті психоздар:
Реактивті психоз – стрестің және қоршаған ортаның күшті қысымның салдарынан пайда болатын психоз. Көбіне әлсіз, астенизациялық инфекциямен ауырған, ауыр соматикалық аурулармен ауырған адамдарда, психопаттарда, интоксикациядан соң, бас жарақатынан соң, ұзақ уақытты ұйқысыздықтан соң пайда болады. Клиникасы: Көріністеріне қарай, жедел /шоктық/және жедел асты және созылыңқы ағымдарын ажыратады. Жедел реактивті психоздар: Жерсілкінісі, өрт, су басу, үлкен апатты жағдайлардан соң дамиды. Осындай жагдайлардан соң, аффективті-шокты реакциялар көрініс береді. Аффективті-шокты реакциялардын екі формасын: гипокинетикалық және гиперкинетикалық ажыратады.Гипокинетикалық формасында, жоғарыда айтылған факторлардын әсерінен реактивті ступор, қимылдын шектелуі болады. Эмоциональді паралич дамиды. Бұл жағдайдан шыққан соң амнезия болады. Кейін реактивті паранойд не депрессия дамиды. Гиперкинетикалық формасында: Психоматорлы қозғыштық тән. Қауіпке қарай жүгіруге дайын тұрады. Соымен қатар қорқыныш сезимі, тревога мазалайды. Бұл жағдайларға қосарлана, құсу, панос, еріксіз зәр шығару қосылады. Жедел асты реактивті психоздарға: реактивті депрессия, реактивті паранойд, галлюциноз, реактивті-истерикалық психоздар жатады. Бұл психиккалық бұзылыстардың ұзақтығы 2-4 аптадан, 2-3 айға дейін созылады.
Созылыңқы реактивті психоздар: Психоздың даму барысындағы клиникалық симптомдар, толық кері қайта дамымайды. Ұзаққа /6 айдан артық, жыл не оданда көп мерзімге/ созылады. Бұл ағымы ауыр соматикалық аурулары бар, сонымен қатар созылмалы интоксикациясы бар науқастарда кездеседі. Яғни, наркомания, алкоголизм, токсикомания және психопаттарда кездеседі. Диф диагноз: шизофрения, маниакальді депрессивті психоздардан ажырату керек. Емі: науқасты госпитализациялаймыз. Комплексті ем жүргіземіз. Нейролиптиктер, транквилизаторлар, антидеприсанттар және психотерапия жүргіземіз. Алғашында жалпы және арнайы бөлімдер / паспорттық бөлім, өмір анамнезі, жалпы қарау/ жазылады және сұралады.