Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Әлемдегі ең үлкен, ең көп, ең мықты ...

1-тапсырма. Мұны да біле жүріңіз.

X XIғасырда әлем елдеріөзара бәсекеге түскен сияқты. Небір заңғар ғимараттар, елдің экономикасын паш ететін небір кереметтер алдағы уақытта да бола бермек. Ендеше жер шарын аралап, ғалам ғажайыптарын көзбен көрмесек те, дүниені шырмап алған интернет тереңіне сүңгіп, шолу жасай жүріңіз.

2-тапсырма. Берілген тілдік тұлғалардың синонимдерін табыңыз.

Бәсеке -

Паш ету -

Жер шары -

Шолу жасау -

Шырмап алу -

Ғалам ғажайыптары -

3-тапсырма. Шағын мәтіндерді оқып, сөйлемдерден жалқы есімдерді табыңыз.

Жан басына шаққанда табысы ең көп ел

Ол - Швейцария. Бұл елдің табысын жан басына шаққандаәр адамға жылына 22,510 доллардан келеді екен. Ал Мозамбикте 70 доллар. Швейцариядан кейінгі орында Люксембург, Жапония, Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания, Исландия. АҚШ - оныншы орында.

Мадридтік Реал - әлемдегі ең бай клуб

Оның бір жылдық табысы 20 пайызға өсіп, осы жылы 351 миллион еуроға жеткен. Екінші орында ағылшындық клуб Манчестер Юнайтед болса, үшінші сатыда испандық Барселона.

Ең көп жалақы

Әлемдегі ең көп жалақы алатын шенеунік - Сингапурдын Премьер-министрі. Оның бір жылдағы кірісі 810 мың доллардықұрайды. АҚШ президентінің айлығы сингапурлықпен салыстырғанда екі есеге жуық аз. 400 мың доллар шамасында.

Әлемдегі ең қымбат әрі ерекше турлар

Антарктида жағалауы бойынша Аргентинадан басталып пингвиндер аралына дейінгі саяхат. Бағасы: 12 мың еуро(авиабилет бағасын санамағанда)

Екі апталық саяхат Перу мен Боливиядан басталып туристер инктердің Мачу-Пикчу атты жұмбақ қаласына барып тоқтайды. Бағасы: 3680 доллар (авиабилетті санамағанда)

Енді бірі- ұшақпен сафари, Оңтүстік Африканы айналып өтіп, ең қымбат қонақ үйлерге тоқтап, жарты жолды әуе шарымен ұшып өтеді. Бағасы: 20 мың еуро (авиабилетті санамағанда)

Тағы бір ең қымбат сафари - ОАР мен Мозамбиктегі арыстандар мен қолтырауыңдарды аулау. Бағасы: 40 мың доллар.

Ең қымбат қалалар

МЕRСЕR HUМАN RESOURCE CONSULTING элемдегі ең қымбат 10 қаланың тізімін жариялады (17.07.2008).

І.МӘСКЕУ

РЕСЕЙ

2. ЛОНДОН

УЛЫБРИТАНИЯ

3. СЕУЛ

КОРЕЯ

4. ТОКИО

ЖАПОНИЯ

5. ГОНКОНГ

ГОНКОНГ

6. КОПЕНГАГЕН

ДАНИЯ

7. ЖЕНЕВА

ШВЕЙЦАРИЯ

8. ОСАКА

ЖАПОНИЯ

9. ЦЮРИХ

ШВЕЙЦАРИЯ

10. ОСЛО

НОРВЕГИЯ

Ең биік мұнара

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында әлемдегі ең биік ғимарат салынуда. 160 қабаттан тұратын зәулім мұнараның биіктігі 800 метрге жетеді. Бүл ғимараттың іргетасының өзі жер астына 50 метр кіріп тұрған көрінеді. «Дубай мұнарасын» жүзеге асырушылар оны әлемдегі биік ғимарат қана емес, «бұл -мақсатқа жетудегі теңдессіз талпыныс!» немесе «шабыттан туған туынды» деп есептейді.

4-тапсырма. Берілген күшейткіш үстеулермен бұйрық райда сөйлем құраңыз.

Ең, аса, тым, кілең, орасан, тіпті, нағыз, нақ.

5-тапсырма. Берілген сұрақтар көмегімен сұхбат құрыңыздар.

  1. Әлемдік бәсеке деген не?

  2. Табысы ең көп ел қай ел?

  3. Әлемдегі ең бай клубты атаңыз?

  4. Әлемдегі ең биік мұнараны білесіз бе?

  5. Әлемдегі ең қымбат турларды атаңыз?

  6. Әлемдегі ең қымбат қалаларды атаңыз?

6-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, сын есімнің шырайларын табыңыз.

Чикагода АҚШ бойынша ең биік 115 қабатты зәулім ғимарат бой көтереді. Биіктігі 610 метр, жоба құны 500 млн. доллар, құрайтын ғимаратқа «Фордхем шыңы» деген атау беріліпті.

Мәскеу қаласында 87 қабаттан тұратын биік ғимарат бой көтермек. «Федерация» деп аталатын бұл ғимарат Еуропадағы ең биік үй болмақ.

Жапон сәулетшілері бір шақырымдық «Sку Сіtу»аттынысанның жобасын жасады. Аспанмен таласып, бұлтпен араласқан бұл ғимараттың әр қабаты блоктардан тұрады. Онда «тірі» ағаштар мен гүлдер өсіп тұратын шағын бақтар болмақ «Sку Сіtу» ғимаратының көлемі 800 гектарды құрайды. Мұнда күнсайын 100 мың қызметкер мен қызметшілер келіп, жұмыc істемек. Оның сыртында туристер бар. Яғни, бұл сәні мен салтанаты келіскен шағын қала болып есептеледі.

3 - сабақ