Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Жастар және әлемдік бәсеке

1. Әлемдік бәсеке және ұлттық мүдде.

2. Әлемдегі ең үлкен, ең көп, ең мықты ...

3. Әлемдегі ең бай адамар.

Грамматикалық тақырып: Бұйрық рай.

Мақсаты: «Жастар және әлемдік бәсеке» тақырыбы бойынша өтілген сөздерді, сөз тіркестерін меңгерту, тақырып бойынша ауызша, жазбаша әңгімелей алуға, қысқаша мәлімет бере алуға төселдіру.

Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, ойын ауызша жеткізе алу, мәтіннің мазмұнын айта алуға үйрету.

Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.

Оқылым бойынша: тақырып бойынша оқығандарын еркін түсінуге машықтандыру.

Тыңдалым бойынша: тыңдаған сұхбаттарын түсініп, өзіне керекті мәліметті ала білуге үйрету.

1 - сабақ

Әлемдік бәсеке және ұлттық мүдде

1-тапсырма. Тірек сөздер: молайту, бәсекелестер, зиянкестік жасау, әділетті, бағытталады, жоғарылату, тауар, құны, төмендеу, әсер ету.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Бәсеке - латын сөзі қақтығысу. Ол тауар өндірушілер мен оны өткізушілер арасындағы көбірек пайда табу жолындағы сайыс. Бәсеке өнімнің мөлшерін молайтуға, оның сапасын жоғарылатуға, тауар құнының төмендеуіне әсер етеді. Бәсекенің негізгі мақсаты - өз өнімдерін молайту арқылы қор жинау, баю, өз бәсекелестерінен басым тұру. Осы мақсатқа жетуде әділетті, әділетсіз бәсекелер болуы мүмкін. Мысалы, шикізат пен көлікті пайдаланудан тыс қалдыру, бүлдіру, зиянкестік жасау сияқты келеңсіз оқиғалар да болуы мүмкін. Бәсекенің бұл түрі тауарды бір жерге шоғырландырып, монополиялық пайда табу мақсатында жиі кездеседі. Сондықтан мұндай жағдайлар болмауы үшін монополияны тежейтін мемлекеттік органдар арнайы шаралар қарастыруы керек. Олар тиімді бәсекелестікті өрістетуге қолайлы жағдай жасайды. Қоғамдық өндірістегі тепе-теңдік бәсекенің көмегімен реттеліп отырады.Бәсекенің бірнеше түрі бар. Оның ең бастысы бағаны орнықтырып, өнімнің сапасын жақсартуға бағытталады. Бұл нышан нарықтық экономикасына көшкен елдерде кең өріс алып отыр. Қазақстанда да отандық өндірістің дамуы осы факторларға байланысты. Оны жүзеге асыру үшін шетелдік озық технологияны өндіріске енгізіп, еңбекті ұйымдастыру дәрежесін жоғарылату керек. Отандық тауар өнімдерінің сапасын шетелдік тауарлармен бәсекелесе алатындай дәрежеге жеткізу жұмыстары қолға алынуда.

3-тапсырма. Түсініктеме!

қақтығысу – қақысып, керісіп қалу, пікір-таласы;

келеңсіз – орынсыз, жөнсіз, ретсіз;

басым тұру – үстемдеу, күштілеу, күші басым болушылық, мықтылық;

шоғырландыру – топтау, жинау;

тыс қалдыру – тысқары, бөлек қалдыру;

тежеу – кедергі жасау, бөгеу, кешеуілдету;

өріс алу – ілгері басты, дамыды;

қолға алыну – істі орындауға кірісті, айналысты, шұғылданды;

4- тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, бәсекенің анықтамасын беріңіз.

А) Тауар өндірушілер, өткізушілер, арасындағы, пайда табу, мақсаты, сайыс.

Ә) Өнім мөлшері, молайту, сапасы, жоғарылату, тауар, құны, төмендеу, әсер

ету.

Б) Бәсеке, негізгі, мақсат, өз, өнімдер, молайту, арқылы, баю, капитал, жинау.

В) Бәсеке, негізгі , мақсаты, өз бәсекелестері, басым, тұру.

Г) Басым, тұру, мақсаты, жету, жолы, әділ, әділетсіз, бәсеке, болу, мүмкін.

5- тапсырма.Сөйлемдердің мағынасын бұйрық райда беріңіз.

А) Нарық кезінде қоғамдық өндірістегі тепе-теңдік бәсекенің көмегімен

реттеліп отырады.

Ә) Бәсекенің мақсаты бағаны орнықтыру болып табылады.

Б) Бәсекенің мақсаты өнімнің сапасын жақсарту болып табылады.

В) Қазақстанда Отандық өндірістің дамуына назар аударылуда.

6- тапсырма.Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңыз.

Бағаны орнықтыру дамыған елдерде кең өріс алып отыр.

Бәсекеде тауардың бір қолға шоғырлануы болмау керек.

Нарықтық экономикада монополияны тежейтін мемлекеттік органдар құрылады

Бәсекелестікте көлікті пайдаланудан тыс қалдыру, зиянкестік жасау әрекеттері де кездесіп отырады.

7-тапсырма. Пікірталас!

  1. Бәсеке қандай сайыс?

  2. Бәсекенің қандай ерекшеліктері бар?

  3. Бәсекенің негізгі мақсаты қандай?

  4. Нарық жағдайындағы бәсекенің мәні...

  5. Бәсекенің бәсеке неге әсер етеді?

  6. Бәсекеде қандай келеңсіздіктер тууы мүмкін?

2 - сабақ