Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Кейси және Интернет

Кейси интернет желісінде көп отырады, көп елдерден достары да бар. Бір күні Кейси мен Интернет бір бөлмеде болған-ды. Кенет есік ашылды да, сынған әйнектің сыңғыры естілді. Кейси сынған әйнекке қарап еді, Интернет өліп жатыр екен.

Сұрақ: а) Интернет неліктен мерт болды?

ә) Неге интернет?

9-тапсырма. Ассоциограмма жасаңыздар.

Ұяшықтардағы берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

7- Үш байлық дегеніміз не?

11- Үш арсызды атап беріңіз.

9- Үш бәйтерек кімдер?

15- Жеті ғашықты атап беріңіз.

21- Бес жаратылыс дегеніміз нелер?

29- Төрт түлікті білесіз бе?

33- Төрт мұратты атап беріңіз.

37- Жеті жұтты атап бере аласыз ба?

Логикалық есептер

  1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

  2. Ағайынды Арман, Аян, Абзал үшеуі әртүрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

  3. Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Қосқұдықтан, екіншісі – Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден келген. Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты. Бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегені белгілі. Сонда үшеуінің қайсысы қай ауылдан келген?

  4. Мұрат, Жандос, Асхат бір сыныпта оқиды. Олар: Ораз, Ахмет және Үсен деген кісілердің балалары. Егер Мұрат Ораздың, Жандос Ахметтің, Асхат Үсеннің баласы еместігі, Асхат пен Ахметтің бір үйде тұратыны белгілі болса, әр баланың әкесі кім?

  5. Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: «Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсысыңның бағаң әртүрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3» те, «5» те емес», - деді. Сонда әркім қандай баға алған?

  6. Ойын жүргізу үшін қызыл, көк, қара түсті үш тақия дайындалған. Ержан, Ермек, Самат үшеуі ойынға қатысарда тақияларды таңдап киді. Ержан «көк» пен «қараны» кимейтінін, ал Ермек «өзіне көк тақия жарасатынын», Самат таңдамай-ақ кие беретінін айтты. Балалардың әрқайсысы қандай түсті тақия киді?

  7. Ағаш басында 7 шымшық отыр еді. Оған тағы да бесеуі қосылды. Бір кезде ұры мысық бұқпантайлап кеп, біреуін ұстап алды. Ағашта қанша шымшық қалды?

  8. Бір шаруа ақшадан қысылып, өсімқор көршісінен 2 теңге қарыз сұрайды. Көршісі қарыз беруге келісіп, мынадай шарт қояды. «Мен саған екі теңге емес, 200 тиын беремін. Бірақ сен оны маған өзін-өзі көбейткендегі өсіммен қайтарасың» дейді. Қиналып тұрған шаруа бірден келісіп, «2 теңгесі не, 200 тиыны не, бәрібір емес пе?» деп ойлайды. Белгілі мерзімнен кейін шаруа көршісіне 4 теңге әкеп береді. Бірақ ол 4 теңгенің аз екенін айтып дау салады.

Қателескен кім? Көрші шаруадан неше теңге қайтаруын талап етті?

  1. Жағасы оның – жасыл, суы – қызыл, ал балығы – қара, ол не?

  2. Тілі жоқ, төреші. Ол не?

  3. Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Осы екі ортаға бір адам жолаушылап шығады. Оның өзі нағыз қырсықтың қырсығы екен. Ол күніне екі шақырым алға жүріп, бір шақырым кейін қайтыпты. Осы қырсық адам екінші ауылға қанша күнде жетер екен?

  4. Ардақ, Кәрім және Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?

  5. Ақша не 10 кг күрішке, не 30 кг тарыға жетеді. Күріштен 7 кг алса, қалған ақшаға қанша тары тиеді?

  6. Екі санның қосындысы 57, айырмасы 15. Ол қандай сандар?

  7. Қарбыз 4,8 кг, қауын 3 есе жеңіл. 2 қауын мен 1 қарбыз қанша тартады?

  8. Әкесі 28 жаста, ұлы 6-да. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 3 есе артық болады?

  9. Екі баланың 35 асығы бар. Біреуінің 3 асығы артық. Әр балада неше асықтан?

  10. Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?

  11. Шокалад плиткасы 4 жол 8 бағаннан тұратын майда бөліктерден құралған. Оны әр бөлгенде бір бөліктен сындырса, ең аз дегенде неше рет сындыру арқылы майда бөліктерге бөлуге болады?

  12. Өзеннің бір жағасынан екінші жағасына ешкіні, қасқырды және капустаны алып өту керек. Қайықпен бір жануарды ғана немесе капустаны ғана алып өтуге болады. Оларды екінші жағаға қалай өткізу керек?