Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

«Болашақ» бағдарламасы

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіз шетелде оқыдыңыз ба?

  2. Сіз шетелде оқығыңыз келе ме?

  3. Сізге «Болашақ» бағдарламасы ұнай ма?

  4. Елбасы «Болашақ» бағдарламасын қай жылы тағайындады?

  1. «Болашақ» бағдарламасымен қай мемлекеттерге оқуға баруға болады?

  2. Мемлекет «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқуға неше адам жібереді?

«Болашақ» бағдарламасы

Мақал сайысы

Топпен жұмыс. Әр топ тақырып бойынша сайысады.

1-тақырып: Оқу-білім

2-тақырып: Еңбек

3-тақырып: Ата-ана

4-тақырып: Тәрбие

Басшы келбеті

Б асшы келбеті Сіздің ойыңызша қандай болу керек?

Елбасы туралы сіз не айтар едің?

Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар:

  1. міндетті әлеуметтік сақтандыру;

  2. ерікті әлеуметтік сақтандыру.

  1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі. Бұл қорларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетіледі.

  2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыруды қолдауы жоқ болғанда ұжымдық ынтымақ және өзара көмек қағидаты негізінде құрылады.

Сіз қайсынын таңдар едіңіз? Пікірталас!

Мәтін мазмұны мен шешендік сөз арасындағы байланысты анықтаңыз.

Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы

Қалмақтың ханы Қоңтажы қазақ елін үш рет шауып алғанда, бірталай ұл-мен қызды алып кетіпті. Соларды алып келуге Тайкелтір би мен бірнеше елшілер барады. Қалмақ еліне барған Қазыбек: «Қазақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз»,- деп ханға хабар жеткізеді. Сонда хан: «Сойыс жасап, шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар деп уәзірлеріне табыс қылады. Сонда Қазыбек: «Менің үш атым бар, жүз кісі атым жоқ, аттарды тарата алмаймын, бір жерден орын берсің»,- дейді. Ертеңіне хан данышпан сыншысын шақыртып алып:

«Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, осылардың сөзіне есе берсек сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып сынап келші»,-дейді. Сыншы аттардың ішіне барса, Қазыбек шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, аузынан жалын атқылап жатыр екен. Ханға келіп:

«Жылқының ішінде бір бала жатыр. Аузым жеткенде сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халықты қара шыбындай үймелетемін дегендей», - дейді сыншы. Хан елшілерді өзінің сарайына шақырып:

  • Иә, қазақтар, неменеге келдіңдер? Айтатыңдарын бар болса, айтыңдар!

Сонда Тайкелтір би: «Берсең алдық, бермесең қалдық, сөзді өзіне салдық», - дейді. Сонда хан кешке дейін бір жауап қайтарармын. Жауап қатпасам, ат-тонының амандығында елінді тап дейді. Сонда Қазыбек ханның алдына жетіп барып: «Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! Біз қазақ мал баққан елміз, бірақ ешкімге сұқтықпай жай жатқан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз. Атадан ұл туса құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Берсең жөндеп бітімінді айт, не тұрысатын жеріңді айт!»,-дейді.

Пікірлесейік!

Қ азіргі заман жастарының ғылымға көзқарасы қандай?

Білімді жастар өздерінің білгендерін үйретуге әзір ме? Кітап оқуға деген көзқарасыңыз...

Дананың өмірінен үлгі:

Жиырма жасар Әбу Насыр сауда керуеніне еріп, Бағдаттағы «Даналық үйіне» оқуға аттанбақшы болады. Ол жолға шығар алдында:

  • Адамзат, саған саналы өмір сыйлау үшін жарық саңылау (білім, ілім) іздеп барамын, - деді. Содан соң:

  • Сырыңды аш, дүние! – деп жүріп кетіпті.

Мәтіндегі даналық сөздердің мағынасын ашып, талдаңыз.

«Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті»,

«Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде сол білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен – текке өледі»,

«Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын»,

«Ақылдыға қадір – құрмет лайық та, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…

«Ақылды кісіден кісілік келер, Білікті – кісілер кісісі болар».

«Талап» туралы ақыл-кеңеске мән беріп, адам мен хайуанның арасындағы айырмашылыққа зер салыңыз.

Талапты ер жалықпас,

Талапсыз өмір жарытпас.

Ақылымен ғана адам хайуаннан ажырар, Ақылымен ғана ер — әділет үшін құрбандыққа шалынар…

ъ

А байдың 44-қара сөзін оқи отырып, жоғарыдағы ақыл-кеңеспен салыстырыңыз.

Адам баласының ең жаманы – талапсыз, талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен-бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді.

Адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтыны болмайды. Талаптың ішінде адам баласы басына қадір іздеп, сол талапта болады.

Сөзжұмбақ