Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать
  1. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:

1. Күзекова З.С., Әбдіқұлова Р.М. Қазақ тілі. Алматы: Раритет, 2011 ж. *

2. Бағиева ш.М. Іскери қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. *

3. Күзекова З.С. Қазақ тілі. Алматы: «Раритет», 2009.*

4. Иманқұлова С. Егізбаева Н. Иманалиева Ғ. т.б. Қазақ тілі. Оқу құралы. – А., 2008. *

Қосымша әдебиеттер:

1. Ақанова Д.Х., Алдашева А.М., Қадашева Қ.Қ. Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы: «Арман», 2002 ж.*

2. Абдиева Ш.Д., Бағжаева Г.С., Қазақ тілі «Арыс» 2004 ж. ЖОО-ның экономика факультеттеріне арналған /орташа және тереңдетіп оқитын топтар үшін/

3. Байтілеуова Ғ., Жақыбаева Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2007 ж.*

4. Камешова Г., Мұқанова Г. Қазақ тілі. Іскери қарым-қатынас үшін. Астана, 2004 ж.

5. Ж.М.Аяпова, М.Арынов Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. Алматы, «Іңкәр», 2002 ж.

БАҚЫЛАУ-БАҒАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ (АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР)

БЕЛСЕНДІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ

Пікірталас! Бақыт туралы Сіз қалай ойлайсыз?

Бақытты болу шарт па?

Дәл осы сұраққа адамзат баласы қадым заманнан бері жауап іздеген. Содан бері байлық пен бақыттың арақатынасына арналған том-том трактаттар жазды. Соның өзінде көп адам бұл екі түрлі құбылыстың арасын күні бүгінге дейін ажырата алмай келеді.

Әрине, әрбір адам бақытты болуға ұмтылады. Бірақ, бақытқа ұмтылу байлыққа ұмтылу емес, өйткені өзінің ғана дәулетті болуын армандайтын адам ешқашан да бақытты бол алмайды. «Бақытсыз адамды көріп тұрып, бақытты болу мүмкін емес» депті ойлы бір данышпан.

«Қазір біз материалдық байлыққа жетсек, бәріміз бақытты болып шыға келеміз» дейтін «жаңа қазақтар»да аз емес.Бұлар халықтың ғасырлар бойғы сұрыпталып барып жинақталған ең қымбат қазынасын рухани байлығын есепке алмайды. Рухани әлемінен айрылып қалған талай бай елдер мен құдіретті ұлттардың жойылып кеткенін олар білмейді. Мәселен, қазіргі Американың байырғы тұрғындары үндістер – майя, инк, атапаск, ирокез, муског тайпаларының тарихына бір сәт назар аударайықшы. Бұлар есте жоқ ежелгі замандарда-ақ озат өркениетімен әлемді тамсандырған елдер еді. Бірақ Америка отарлап алғаннан кейін әлгі тайпалардың бәрі өздерінің сан ғасырлық әдет-ғұрпынан, салт-санасынан, наным-сенімінен айрылып қалды.

Қазір үндіс тайпалары өте дәулетті, бай тұрады. Алайда өздерінің тілінен, ділінен, дінінен, өнерінен, яғни рухани байлығынан айрылып қалған бір кездегі ұлт ретінде мойындалмайды. Мойындағысы келмейді.

Енді олар бір кезде өздерін отарлап алған халықтардың этникалық құрамына сіңіп, бірте-бірте тарих бетінен өшіп, жоғалып барады. Бүгінгі үндістер қасіретті тағдырын жақсы түсінеді. Олар өздерінің егеменді ел болуын армандай алмайтын дәрежеге жеткен. Үндістердің бір режиссері «Бір күндік тәуелсіздік үшін бар байлығымызды берер едік» деп аталатын фильм шығарған.

Біз дүние-мүлікті ғана ойлап, рухани байлығымызды жоғалтып алсақ, онда сол үндістердің бүгінгі қасіретті кейпіне түсіп қалуымыз мүмкін.

(Н.Келімбетов)

Б ахтияр Артаев туралы не білесіз?

Бахтияр Артаев

Олимпиада чемпионы

Афина - 2004

Александр Винокуров Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Залцбургтегі2006 жылғы Әлем Чемпионатында Қазақстанқұрамасының капитаны болды.2006 жылы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қолынан ІІ Дәрежелі «Барыс» орденін алды.

Сұрақтар:

1.Сіздің сүйікті спортшыңыз бар ма?

2.Ол кім?

3.Ол қандай спорт түрімен айналысады?

4.Ол Олимпиада чемпионы ма?

5.Ол Олимпиадада қандай жүлде алған?

6.Ол Әлем Чемпионатына қатысты ма?

Өзіңіз оқитын оқу орнының тарихы туралы жазыңыз.

Қазақстандағы ең алғашқы жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ). Ол 1928 жылы ашылды. Қазір онда 10 факультет жұмыс істейді. Олар 94 мамандық бойынша мамандар дайындайды. Университетте22 000 студент оқиды.

Қазақстандағы ең беделді университеттердің бірі – Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ). Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1996 жылы ашылды. Қазір онда 8 факультет жұмыс істейді. 2006 жылы университет өзінің 10 жылдығын тойлады.